Қиын оқушыларды болдырмаудың қазіргі жолдары



«Қиын бала» мәселесі – бұл қоғамдық мәселе. Бала «қиын бала» болып дүниеге келмейді, ол жүре пайда болады. Баланың өмірге бейімделу барысында біріншіден ата-ана мен қатар баланың қалыптасып, жетілуіне қатысы бар тұлғалардың бала дамуына көңіл бөлмей, тәрбиесіне мән бермегендігінен пайда болады. Яғни, баланың бұзықтық немесе дұрыс емес іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгерісін, өтірік айту, алдау, үйішінде кішігірім ұрлық жасау және тағы басқа жағымсыз жағдайларға дер кезінде тақтауыл жасап, тәрбие жұмысының болмауынан, бала бұл жағымсыз әрекеттерге бейімделу арқылы қиын балаға айналады. Бұл жағдай жас ерекшелігіне қарай күрделеніп, оқушы болған кезеңінде, сабақтан қашу, өзінен кіші балаларға зорлық- зомбылық көрсету, төбелеске дайын тұруы және т.б. қылықтары арқы көрініп мектептегі қиын балалар қатарына ілінеді. Бұндай балалар көбіне мектепте, сынып ішілік лидерлерге айналады да сынып оқушыларының тәртібі мен сабақ үлгірімінің нашарлауына да септігін тигізеді. Бұндай балалардың санын көбейтпеу үшін не істеу керек, қиын балалармен ата-ана, мектеп басшылары, пән оқытушылары, сынып жетекшісі және ең бірінші болып педагог-психолог маман жұмыс істеуі керек.
«Қиын балаларды» сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұндай жағдай оларды одан ары есіртіп жібереді: «Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» - деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп, бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.
Олай болса, қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңде мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық жұмыс жасай отырып, «қиын балалармен» әртүрлі іс-шаралар жүргізу жолдарын жетілдіру, оқушыларға құқықтық білім беру, жоғарғы әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу және жүргізу қажет. Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстың алғашқысы әрбір оқушыға күнделік арнау, оны бақылап, зерттеу жұмыстар жүргізу және оның нәтижесін жазып отыру қажет. Күнделік ыңғайлы, тиімді, ұзақ уақыт пайдалануға лайықты болуы тиіс. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған балалардың жат әрекетіне баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.
1. Немов Р.С. «Психология» Алматы 2003 (198-201 бет).
2. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны. Тараз 2002
3. Шевандрин Н. И. «Психодиагностика, коррекция и развитие личности» М.,1998 г.
4. Жұмабаев Ә. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны.// Тараз ж-лы.- 2002, 8 – 11 б.
5. Керимов Л.К. Трудный подросток и его перевоспитание. -
Алма-Ата: КазГПУ имени Абая, 1991. 7.5 п.л.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қиын оқушыларды болдырмаудың қазіргі жолдары.

Орындаған:Рахимбаева А.
Тексерген: Тезекбаева М.Ж.

Семей 2015
Қиын бала мәселесі - бұл қоғамдық мәселе. Бала қиын бала болып дүниеге келмейді, ол жүре пайда болады. Баланың өмірге бейімделу барысында біріншіден ата-ана мен қатар баланың қалыптасып, жетілуіне қатысы бар тұлғалардың бала дамуына көңіл бөлмей, тәрбиесіне мән бермегендігінен пайда болады. Яғни, баланың бұзықтық немесе дұрыс емес іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгерісін, өтірік айту, алдау, үйішінде кішігірім ұрлық жасау және тағы басқа жағымсыз жағдайларға дер кезінде тақтауыл жасап, тәрбие жұмысының болмауынан, бала бұл жағымсыз әрекеттерге бейімделу арқылы қиын балаға айналады. Бұл жағдай жас ерекшелігіне қарай күрделеніп, оқушы болған кезеңінде, сабақтан қашу, өзінен кіші балаларға зорлық- зомбылық көрсету, төбелеске дайын тұруы және т.б. қылықтары арқы көрініп мектептегі қиын балалар қатарына ілінеді. Бұндай балалар көбіне мектепте, сынып ішілік лидерлерге айналады да сынып оқушыларының тәртібі мен сабақ үлгірімінің нашарлауына да септігін тигізеді. Бұндай балалардың санын көбейтпеу үшін не істеу керек, қиын балалармен ата-ана, мектеп басшылары, пән оқытушылары, сынып жетекшісі және ең бірінші болып педагог-психолог маман жұмыс істеуі керек.
Қиын балаларды сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұндай жағдай оларды одан ары есіртіп жібереді: Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады - деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп, бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.
Олай болса, қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңде мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық жұмыс жасай отырып, қиын балалармен әртүрлі іс-шаралар жүргізу жолдарын жетілдіру, оқушыларға құқықтық білім беру, жоғарғы әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу және жүргізу қажет. Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстың алғашқысы әрбір оқушыға күнделік арнау, оны бақылап, зерттеу жұмыстар жүргізу және оның нәтижесін жазып отыру қажет. Күнделік ыңғайлы, тиімді, ұзақ уақыт пайдалануға лайықты болуы тиіс. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған балалардың жат әрекетіне баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.
Қазіргі қоғам жастардан үміт күтуде. Оларға мектеп те тәрбиеге шақырып, білім алуына жағдайлар жасауға заман талабына байланысты жастарға білім беру мемлекетіміздің басты міндеті, болашақ ұрпақтарымыз білімді, саналы азамат болып шығу, озық мемлекеттердің қатарына қосылу керек. Олай болса, тәрбиені күшейтуіміз қажет.
Оқушылардың есейе келе, өздерiнiң жасаған құқық бузушылықтары үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Олай дейтініміз - кей ата-ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? - не болмаса апарып бер деген сұрақ - бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін мақұлдағандығын танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады. Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталанылуы бала бойында қызығушылық туындатып, менменшілдікке, көрсеқызарлыққа, жат қылықтың бой көтеріп, досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-әрекетін қалыптастырады. Бұл кішкене бала бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың белгілері деуге болады. Оқушы жастағы балалардың құқық бұзуының өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Балалар құқық бұзуының көбінесе қалада болуы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептерінен түсіндіреді. Баланың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезу, кері қадамға алғы шарт бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақ істейтін құқық бұзушылыққа, жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе бала бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын балалар айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.
Қазіргі таңда тәрбие нормасынан алшақ, бұзақылық қасиеттерімен ерекшеленетін балаларды қиын бала, девианттық мінез-құлықты бала, ауытқушылығы бар бала және тағы басқа топтапға жатқызамыз. Белгілі ғалым И.А.Невский еңбектерінде ауытқушылық (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез-құлықты-деп анықтама берген.
Ал, белгілі әлеуметтанушы И.С.Кон девиантты мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың концепциясына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, қоғамдық). Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден: ол анық немесе жасырын психопотолгиялық барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден: бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассиоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса-қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді:
1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып сату, алаяқтық, және т.б) жасаған теріс әрекеттері.
2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау)
3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі кемеуге ұмтылу жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау).
Қазіргі таңда мектеп қабырғаларында жүргізіліп жатқан өнегелік тәлім-тәрбие деңгейі төмен деуге болмайды. Бірақ қадағалаудың аздығы тәрбиенің тиісті деңгейде болмауы оқушылардың тәртіпсіздікке, жат қылық жасауына, тіпті қылмыстық жолға түсуіне себепші болады.
Сондықтан, бұл тұста, оқушылар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу үшін халыққа білім беру бөлімдері мен мектеп ұжымдары біріге отырып, мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
Біріншіден, мектеп қабырғасында құқықтық және өнегелік тәрбиенің тиісті деңгейде жүруін және бұл мәселемен арнаулы мамандардың айналысуын қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, оқушылардың бойында жоғары сезімдерді, өнегелік, эстетикалық, құқықтық және саяси білімдерді ұялату және нығайту үшін әрбір мектепте педагогикалық - психологиялық қызметтер құрып, олардың типтік ережелерін жасау керек.
Үшіншіден, әрбір мектеп қабырғасында оқушылар үшін әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық заңдық көмек беру қызметін, балалардың сабақтан кейінгі бос уақытын ұйымдастыру мақсатында демалыс орталықтарын ақысыз негізде құру қажет.
Педагогикалық және құқықтық әдебиеттерде, бос уақытты дұрыс қолдана білмеу және оның тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы кәмелетке толмағандарды қылмысқа жетелейтін басты себептердің бірі, деп ерекше атап көрсетіледі. Осыған орай жастарды өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында үкімет арнайы бағдарлама қабылдап, онда жастар тәрбиесіне қатысты барлық мәселелер қарастырылуы қажет.
Оқушы жастағы балалардың бос уақытын мазмұнды етіп, өткізуін ұйымдасттырудың маңызды бағыттарының бірі ретінде ұлдар мен қыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту және оларға қоғамдық жетекші тағайындау.
Сонымен, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын-алу барысындағы құқық бұзушылық мiнез-құлықтың алдын-алу шарасы мектептегi педагогикалық iс-әрекеттiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Бүгінгі таңда оқушы жастағы балалардың арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыздық жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері деформациялана бастайды.
Оның үстіне педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған оқушылар арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады:
1) тентек немесе ерке деп анықтайды;
2) отбасы тарапынан шеттету, көзтүрткі көрген жасөспірімдер;
3) қараусыз қалған балалар;
4) жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы талаптарға әсеріндегі жасөспірімдер.
Тентек жасөспірімдер олар жасалған ерекше жағдай қалыптастырады. Мұндай жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал, кейбіреулерi ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына сенімсіздікпен қарайды.
Тәрбиеленуі қиын жасөспірімдердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қылмыстылығының алдын алуға байланысты кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция қызметкерлері және оларға тағайындалған жетекшілер немесе қоғамдық тәрбиешілер мынадай жұмыстар жүргізуі қажет:
- жасөспірімнің отбасында немесе мектеп ұжымында жатырқауын жою;
- отбасы және мектепте жасөспірім бойында қалыптасқан сенімсіздікпен қарау сезімін жоюға жағдай жасау;
- жасөспірім үшін маңызды болып танылатын жағдайлардың бәрінде оған моралдық, ал қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсету;
- өзіне, өз қабілеттігіне сенуге, өзінің жақын және алыс болашағын жоспарлауға, сондай-ақ ол жоспарларды жүзеге асыруға көмектесу;
- ұжымда мұндай жасөспірімдердің жағымды қасиеттерін көрсетуге, сонымен бірге, басқаларға өзін танытуға мүмкіндік беретін жағдайларды қалыптастыру.
Сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде мұғалімнің оқушылармен гумандық қарым-қатынасын көрсету
Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері
Құлық тәрбиесі
Пәндер