Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері, оның мәні, жүргізу әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері, оның мәні, жүргізу әдістері

Тексерген:Қуантқан Б. Қ

Орындаған: Кенжебаева Т. Х

Тобы: ТЖ-405

Семей қаласы 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Жекешелендіру ұғымы, мақсаттары.
  3. Жекешеледіруді әдіс-тәсілдері
  4. Жекешеледірудің Қазақстандағы кезеңдері
  5. Жекешелендірудің Қазақстандағы екінші толқыны
  6. Қорытынды
  7. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық қатынастарды қазір жүзеге асырып жатқалы өтпелі нарықтық кезеңде өндіріс құрал-жабдықтары нарықты экономикаға өту кезеңінде нарықтық қатынастардың барлық әлеуметтік-экономикалық жүйесінің басты негізі экономикадағы меншіктің әр түрлі пішіндері болып табылады. Нарықтық экономика - бұл ең алдымен рыноктық, экономикалық өндірістік қатынастар. Мұндағы басты мәселе - меншіктілік. Меншіктің әрбір қоғам мүшесінің, тауар өндірушінің қолында болуы экономика тұрақтылығының кепілдігі. Өндіріс бұл қоғамдық процесс. Оның факторлары өзімен-өзі, өз бетімен қимыл жасамайды. Олардың әрқайсысын меншіктей адамдар жүзеге асырады. Олар өндіріс факторларын қозғалысқа келтіру арқылы өндіріс процесін жасайды. Өндіріс факторлары ең алдымен меншік иелерінің қолында болады. Берілген объектілерінің кімге тәуелді екендігіне байланысты, меншік " жеке", "топтық" және "мемлекеттік " болып бөлінеді. Өйткені меншік деген ұғым адамның белгілі бір затты жеке меншік ретінде иеленуінен шыққан. Өндіріс меншіксіз болмайды. Меншіктілік өндірістің қажетті шарты болып табылады. Бірақ, өндіріс факторларына "меншік иесі" болу мен өндіріс процесіне "қатысушы" болу бірдей ұғым емес. Бұл - әр түрлі қоғамдық рөлдер. Бұл рөлдер тек бір жағдайда ғана сәйкес келеді - еңбек өндіріс факторына айналғанда. Еңбекке бейімділікті, қабілеттілікті басқа біреуге бере салуға болмайды. Ол меншік қатынастарының құралы бола алмайды. Сондықтан, ол меншік иесі болып табылмайды. Ол тек "жалдамалы жұмысшы" ретінде өндіріске қатысады. Бірақ жұмысшылар басқа өндіріс факторларында меншіктің қандай да бір бөлігін иемденеді.
Капитал меншігі жер меншігі сияқты өндіріске қатыса алады. Оның бұл әрекеті кәсіпкерлік, ал капитал иесі - кәсіпкер деп аталады.
Меншік деген терминнің экономикалық мағынасы адамдар арасындағы барлық мүлікті шаруашылықты пайдалану және иемдену жөніндегі қатынастар. Меншіктің экономикалық мазмұны иемдену-шектетілу қатынастарын көрсетеді. Меншік құқығы - бұл иеліктерге ерекше жеке тұрғыдан бақылау орнату құқығы өзі үшін игіліктердің пайдалы қасиеттерін пайдалану құқығы: пайдаланған игіліктер нәтижесін иелену құқығы. Өндірістік құрал-жабдықтарға қатысты жеке меншіктің күшінде болған кезеңі - бұл капиталистік, феодалдық және құл иеленушілік құрылыстары. Құл иеленушілік қозғалысындағы ерекшелік - өндіріс заттарына және адамдарға қатысты жеке меншіктің болғаны. Классикалық феодалдық құрылымның ерекшелігі: жеке билеушілер өктемдігі, ру-тайпалық қоғам, жерге жеке меншік, басыбайлық шаруалар. Бүгінгі таңда дамыған елдерге экономиканың саналы түрде реттелетін үлгісі тән. Көп типті экономика иеленудің жеке, жалпы бөлінбейтін, бірлескен үлес типтерінен құралады. Бүгінгі таңда дамыған елдердегі өндірістік құрал-жабдықтарға көп түрлі меншіктену тәртібі орнаған.

Жекешелендіру ұғымы, мақсаттары

Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесты дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Жекешелендірудің әдіс-тәсілдері

Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы екі түрлі жолмен жүзеге асады:
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшіккапиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру - экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегенімізжаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауырмашина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты әндірістік қаражат инжрақұрылымдарының әлсіз дамуы т. б. кіреді.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:
1) Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы;
2) Аукцион және тендер.
Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді:
1) Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі;
2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі;
3) Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді.
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні қарастыруға болады.
1) Келісілген шартпен анықталған инвесторға сату; 2) аукцион және конкурс арқылы сату; 3) боқылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы.
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілді 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

  1. Кіші жекешелендіру- еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай жекешелендіру- орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру- ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері

Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығаружөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:

- меншік формаларының көп түрлілігі;

- жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;

- халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;

- нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.

I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.

II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.

Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:

- Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».

- Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі».

- Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.

- «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі»

III кезең 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.

IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

V кезең Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.

1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34, 5 мыңы жекешелендірілді.

Жекешелендірудің Қазақстандағы екінші толқыны

Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау ар­қылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикада­ғы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол мына бағыт бо­йынша жүреді: иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу, шаруашылық жүр­гізудің сан түрлі нысандарын жасау, жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.

Мемлекет иелі­гінен алу және жекешелендіру бір-бірі­мен тығыз байланыс­ты. Жекешелендіру - меншіктік мемлекет иелігінен алу бағыттарының бірі, оның мәні - меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жеке­шелендіру: азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттерден және жергі­лікті билік органдарынан кәсіп­орындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығаратын бөлімшелерін; кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін; акционерлік қо­ғамдардың капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін; жекешеле­нетін кәсіпорын­дардың басқа кәсіпорындар капи­талындағы үлестерін меншік­ке алуын білдіреді.

Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіру және мем­лекеттік меншіктен шығару жөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәти­же­сінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекет­тің ұйымдастырушылық-құ­қықтық формаларында бір­қатар өзгерістер болды. Ел­басы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынының Үкіметі биылғы наурыз айының соңында «2014-2016 жылдарға арналған жекеше­лендіру бойынша кешенді жоспарды» бекіткен болатын. Соған сәйкес жекешелендіру­дің екінші толқыны басталып та кетті.

Жоспарда мемлекеттік актив­терді басқарудың тиім­ді­лі­гін арттыруға бағытталған іс-шаралар қарастырылған. Осы жекешелендірудің екінші толқыны шеңберіндегі атқары­латын іс-шаралардың басты мақсаттары ретінде әлеуметтік саладағы нысандардың қызмет бағыттарын ауыстырмауына баса көңіл бөлінетіндігін, мемлекет пен бизнесті ажырату, яғни нарықтық экономикада мемлекеттік монополияның үлесін азайту көзделетінін айту­ға болады. Жекешелендіру­ бәсекелестікті арттырады, яғни Қазақстан экономикасының дамуына орасан зор әсерін тигізе­ді. Нысандарды жеке­ше­лендіру кезінде сатылған кәсіпорындардың бәсекелес­тік қабілеттілігінің нарқын нақты­ бағалауға мүмкіндік береті­н корпоративтік бас­қару мен кәсіпорынның менедж­ментін жақсартуға ерекше назар­ ­аударылады.

Үкіметтің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жос­пары ең алдымен мемлекеттік секторға тиесілі ұйымдарды бәсекелестік ортаға беруді қарастырады. Осы жоспарға сәйкес қазіргі таңда жекешелендіру жөніндегі тұрақты комис­сия өз жұмысына кірі­сіп, жекешелендіру бағытында саудаға салынып, бизнес-қауымдастықтың қарауына сатыл­атын нысандар тізімі жасақта­лған. Мемлекеттік сектор­дың 789 нысанын жекешелендіру көзделіп отыр. Олардың ішінде республикалық меншіктегі - 29 ұйым және 3 нысан, коммуналдық меншікте - 416 ұйым (шипажай, сауықтыру лагерьлері, ғылыми-зерттеу институттары, спорттық клубтар мен нысандар, жолаушылар тасымал­дары, елді мекендерді абаттандыру мен тазалау мекемелері) жекешеленеді. Ұлттық холдинг пен компаниялар арасында бәсекелестік ортаға 337 актив беріледі. Соның ішінде «Самұ­рық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан - 106, «Бәйтерек» холдингінен - 15, «ҚазАгро» холдингінен - 32, «Парасат» компаниясынан - 8, «Зерде» АҚ-дан - 2 нысан және әлеуметтік кәсіпкерлік корпора­циялардан 174 ұйым өтеді.

Өңірлердегі жекешелен­діруге ұсынылған ұйымдарға келетін болсақ, олар мынадай:

- білім саласында ақпараттық қызмет көрсету;

- қоқыстарды жинау және шығару;

- көгалдандыру және абаттандыру;

- сәулет құрылысы сала­сындағы қызметтер;

- шаруашылық қызметтер;

- коммуналдық нарықты ұйымдастыру;

- қаржылық және қонақ үй қызметтері;

- клубтарда маманданды­рылған спорт салалары бойынша атқарылатын қызмет.

Жекешелендіру жұмыс­тары Үкіметтің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объек­тілерін сату қағидасын бекіту туралы» №920 қаулы­сына сәйкес жүргізіледі. Жекешелендірудің екінші толқыны аясында мемлекеттік нысандар тек электронды сауда-саттық арқылы ғана сатылатын болады. Яғни аталған нысандар интерн­ет желісінде орналас­тырылған www. gosreestr. kz тізілімнің веб-порталы арқылы электронды аукцион және коммерциялы тендер жүргізу жолымен жекешелендіріледі. Бұл сатылатын нысандар туралы­ барлық ақпаратты орталы­қтандыруға мүмкіндік береді және электронды аукцион­дарға қатысам деп ниет бiлдiрушiлердің шеңбе­рін кеңей­тіп, жекешелендiру нысан­ы туралы ақпаратқа ер­кін қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар мемлекет сататын нысандарға бәсекелестік деңгейін жоғарылатады.

Ал сатылатын мемлекеттік мүлікті бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Мемлекеттік меншік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нысанның бастап­қы құны Жекешелендіру жөніндегі комиссия арқылы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз бағалаушылармен анықталатын бағалау құны негізінде анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-да жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz