ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей атындағы Шәкәрім мемлекеттік университеті.

Педагогика факультеті.

СРО№1

Тақырыбы: ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама

Орындаған : Жексембаева Ә.

Тобы :П-305

Тексерген :Серикова Н. У

Семей 2015 жыл

Шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан бірден пайда болған жоқ . Бұл мектептердің негізі бастауыш білім беру жөніндегі белгілі педагогтар К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой жасаған оқыту әдістерінде жатыр

Қазақстан топырағына шағын жинақы мектеп педагог Ыбырай Алтынсариннің басшылығымен келген. Ы. Алтынсариннің бастауымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер) . Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда - ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық - оқу мерзімі - 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада - старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.

ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.

ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.

Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар) . Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.

Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі - Ғ. Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р. Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р. Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.

Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50, 9 %) қазақ тіліндегі мектептер. Оқыту құралдары - оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты) .

2. Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В. Е. Гмурман, Ф. Ф. Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П. Р. Атутов, И. С. Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г. С. Костюк, А. Р. Лурия, М. Н. Скаткин) сөз деп түсінеміз . Оқыту құралдары - бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.

Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді. Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т. б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады. Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т. б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т. б. жатқызуға болады.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер - Ы. Құсайынов пен Б. Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы. Құсайынов алтын медальмен, Б. Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек - мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:

  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар) ;
  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар) ;
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)
  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар) ;
  5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар) ;
  6. №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып) ;
  7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)
  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар) ;

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В. П. Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г. Ф. Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны - стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұл құралдармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:

  1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
  2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.
  3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу кезінде оларға арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес, нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік мен басқа оқыту құралдарына сипаттама
Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Шағын комплектті мектептерде математиканы оқыту әдістері
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz