Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау

Орындаған: Даулетханов Е. Д.

Топ: ТФ-205

Тексерген: Нуралина К. Т.

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау4

Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу4

Қазақстандағы күнкөріс минимумын талдау8

Қорытынды18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі19

Кіріспе

Мен осы өздік жұмыста Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау тақырыбын қарастыратын боламын, қысқаша мәлімет бере кетсем: еңбек ақы - жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы. Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор) ; жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын) ; акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады. Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді. Еңбек ақы - тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу

Кедейлік шегін анықтау және әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтау үшін мемлекеттің әлеуметтік саясатында пайдаланылатын күнкөрістің ең төменгі деңгейі, әлемдік тәжірибедегі халықтың өмір деңгейі индикаторларының бірі болып саналады. Халықаралық тәжірибеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің маңызы мен мөлшерін анықтауда, адамның ең төменгі қажеттіліктерін-тұтыну себетін қаржыландыруды болжайтын, тауарлар мен қызметтер көрсетудің қандай да бір ең төменгі деңгейін (минимумын) белгілеуге негізделген тәсіл, барынша көбірек таралған. Ол азық-түлік және азық-түлік емес бөліктерге бөлінеді. Бұл ретте басым көпшілік елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азық-түлік шығыстарының үлесіне 25-тен 50 %-ға дейін келеді. Тұтыну себетінің (корзинасының) құны нормативтік, статистикалық немесе аралас әдістерімен айқындалады. Халықтың кірістерін ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау тәжірибесі дамыған елдерде кең таралған. Батыс Еуропа елдерінің басым көпшілігінде оны есептеуде нормативтік әдіс пайланылады. ТМД елдерінде ол басым түрде қолданылады және ең төменгі тұтыну себетінің (корзинасының) құны теңестіріледі. Тәжірибе аралас әдісті пайдаланудың артықшылықтарын растайды, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері тамақ өнімдерін тұтыну нормасына және азық-түлік пен азық-түлік емес шығыстар арасындағы белгіленген арақатынасқа қатысты болады. Қазақстандағы 2005 жылға дейін өмір сүрген азық-түлік пен азық-түлік емес бөлік арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі 70-тің 30 %-ға арақатынасы - халықтың шығыстарының нақты құрылымына жауап бере алмайды. Халықтың түрлі топтары үшін негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың жаңа ең төменгі нормаларын қабылдаудың қажеттілігі пайда болды. Бұл, тамақ өнімдерін тұтынудың, көп жағдайда экономика дамуының дағдарыстық кезеңінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес келетін, қолданылып келген ең төменгі нормаларының, дұрыс тамақтанудың қазіргі заманғы түсінігіне, экономиканың даму қазіргі нақты жағдайларына, демографиялық жағдайдың белгіленген үдерістеріне және елдің азық-түлік нарығының негізгі тамақ өнімдерімен толығу деңгейіне жауап бермейтіндігімен байланысты. Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде өзіндік есептеу нүктесі болып саналады, оны халықтың өмір деңгейін бағалау және кедейлікті өлшеу мен жалақының, зейнетақылардың және өзге базалық әлеуметтік төлемдердің ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады. Сондықтан да мемлекеттік әлеуметтік стандаттар, 2006 жылдан ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып, ал негізгі әлеуметтік төлемдер мөлшерлері - осы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен емес деңгейде белгіленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың жаңа тәсілдерінің қабылдануымен байланысты кедейлік шегі де өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Солардың бірі - халықтың өмір деңгейін бағалау, яғни өмір деңгейін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор - бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер, өздерінің мүмкіндіктеріне қатысты, азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсету шегін белгілейді. Қазақстанда кіріс тұрғысынан кедейліктің бірте-бірте азаюы байқалуда. Бірақта оның деңгейі әлі де жоғары болып қалуда. Кедейлік себебін үнемі бақылау және оны қысқартуға жекелеген факторлардың тигізетін әсерін бағалау осы процесті басқарылатындай қысқарту жөніндегі баптар бойынша мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Нарық жағдайындағы еңбекке ақы төлеуді реттеудегі мемлекеттің рөлі шектелген. Қазіргі уақытта еңбекке ақы төлеуге ықпал ету заң актілерінің көмегімен немесе салық тетігі арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. Еңбекақы деңгейінің төмен болуына жол бермеу және халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жыл сайын қабылданатын «Республикалық бюджет туралы» Заңда еңбекақының ең төменгі мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленеді. Барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жұмыс күшін жалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, жұмыскерлерге ең төменгі белгіленген мөлшерден аз төлеуге құқы жоқ. Ең төменгі көрсеткіштердің нақты мәні инфляциядан үнемі төмен түсіп отырады. Қазақстан Үкіметі ең төменгі еңбекақы төлеуді құнсызданудан қорғауға біршама ұмтыла отырып, оның мөлшерін мерзімді ұлғайтып отырады. Бюджеттік ұйымдар бөлінген бюджеттік қаржыландыруға қатысты, жұмыскердің біліктілігі мен орындалатын еңбек міндеттемелерінің күрделілігі негізінде қосымша ақылардың түрлерін айқындайды. Тұтастай алғанда бюджеттік саладағы еңбекақы мөлшері, қаржы-несие мекемелері туралы айтпағанда, өнеркәсіп саласына қарағанда 1, 5÷2 есе аз. Өңірлік органдар бюджет саласы қызметкерлерінің әлсіз қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, өз бюджетінің мөлшеріне сәйкес оларға қаржылық қолдау көрсетеді. Қазақстандағы ең төменгі күн көріс құны биыл 16 983 теңгеге дейін (113 долларға жуық) өсті. Қарапайым қазақстандықтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі деген нақты өмірге қатысы шамалы термин болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл - саяси өлшем.

Осы өлшемге сәйкес кедейлік шегі белгіленіп, жалақы, зейнетақы және жәрдемақылардың минималдық мөлшері анықталады.

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі азық-түлік, тауар және қызмет түрлерінің мемлекет тағайындаған минималдық жиынтығынан тұратын тұтыну қоржынының құнымен шамалас. Қазақстанда тұтынушы қоржынының параметрлері қайта қаралмағанына алты жылдан асты, ал қоржынның ақшамен өлшегендегі құны ғана инфляцияның беталысына қарай өзгертіліп келді.

Соңғы уақытта қоғамда бұл қоржынның жұтаңдығы мен оны қайта қарау қажеттігі жиі айтылып жүр. Тұтыну қоржыны − азық-түлік және оған жатпайтын тауарлар, ең қажетті ақылы қызмет түрлеріне жұмсалатын шығындардың жиынтығы. Қоржынның азық-түлік бөлігін Қазақ тағамтану академиясы үкімет бекіткен тізім бойынша құраған. 2005 жылы бекітілген бұл тізімге 43 тағам енді.

Былтыр Қазақ тағамтану академиясы тізімге құрамында «шаттық гормоны» - В6 витамині бар азық-түлік түрлерін, яғни бұрынғы тізімдегі жүзімді бананға, қарбызды асқабаққа ауыстырып, сәбилерге арналған тамақты қосуды ұсынған болатын. Академия мамандарының есебінше, жаңа қоржынның калориялық құндылығы 2175-тен 2250 килокалорияға ұлғаюы тиіс.

Парламент депутаттарын жаңа тұтыну қоржыны жобасымен таныстырған Қазақ тағамтану академиясының сарапшысы Мұса Айтжанов «43 тағам түрі кірген қазіргі азық-түлік себеті 10 мың теңге тұрса, жаңасының құны 15 мың 926 теңге болады» деп хабарлады.

Демек, азық-түлікке жатпайтын бөлігімен қоса есептегенде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңгеге жуықтайды.

Былтыр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұтыну қоржынының осы екі бөлігінің арақатынасын қайта қарау туралы өз идеясын ұсынды. Қазір екеуінің үлесі 60 және 40 пайыз шамасында, ал шенеуніктер 55 және 45 пайыздық пропорцияны ұсынады.

Әдетте азық-түлікке жұмсалатын қаражаттың пайызы төмендеген сайын халықтың тұрмыс деңгейі түзеле түседі деп есептеледі. Дамыған елдерде тұтыну қоржынының азық-түлік бөлігі 18÷25 пайыз ғана.

АФРИКАНЫҢ ЕҢ КЕДЕЙ ЕЛДЕРІНЕН ҮЛГІ АЛАМЫЗ БА?

Парламент депутаты Дариға Назарбаева Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стандарттардың қалай жасалғанын айтты. Бір кездері еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақ тағамтану академиясына тамақтану стандарттарын құрастыруды тапсырған. БҰҰ деректеріне сүйенген ғалымдар мысал ретінде Африканың ең кедей елдерінің төменгі күнкөріс деңгейін үлгі ретінде алған.

«Наша газета» басылымы Дариға Назарбаеваның «Бұл елдердегі көрсеткіштер министрлікке мысал ретінде ғана көрсетілген. Ал олар Африка елдерінің стандарттарын алып, «автоматты түрде» заңға енгізіп жіберген. Енді әлеуметтік саланың тарифтері ұзақ жылдар бойы осы өлшемдермен белгіленіп, ол ең төменгі күнкөріс шегі ретінде есептеліп жүр» деген сөзін келтіреді.

Тұтыну қоржынын ұлғайту мен азық-түлік және оған жатпайтын бөліктердің ара салмағын қайта қарау мәселесі әзірше талқыланып жатыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы жылғы жолдауында үкіметке жаңа әлеуметтік стандарттар құрып, тұтыну қоржынына білім алуға жұмсалатын шығынның төменгі мөлшерін енгізуді тапсырған болатын.

АҚШ-та тұтыну себетіне - 300 түрлі, Францияда - 250 түрлі, Англияда 350 түрлі азық-түлік пен қызмет түрі енеді. Қоржын тізімі 475 пункттен тұратын Германия бұл елдерден көш бойы озық тұр.

Ал америкалық қоржында демалыс, білім алу, тұрмыстық техника, бензин мен көлік жөндеу, кітап, жеке бастың күтіміне арналған заттарды сатып алуға жұмсалатын шығындар қарастырылған. Англияда тұтыну қоржынының тізіміне шарап пен шампан сусыны енгізілген. Франция үкіметі тұтынушы қоржынына сұлулық салондарына бару, косметикалық құралдар сатып алу, бала күтушінің еңбекақысы, көлік жалдау, таксимен жүру, тіпті үй жануарларының тамағына дейін енгізген.

Қазақстандағы күнкөріс минимумын талдау

Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды.

Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы - тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70 % құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30 % мөлшерінде белгіленген.

Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39 % күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42, 6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге) . 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Күнкөріс минимунынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1, 6 есе қысқарды және ол 24 %-ды немесе 3, 6 млн. адамды құрайды. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31, 1 АҚШ доллары болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998÷2002 жылдар аралығында кедейшілік тереңдігі 1, 6 есеге, ал кедейшілік өткірлігі 1, 7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне қарай 6, 1 және 2, 2 %-ды құрайды. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары/тұтынуларының тапшылығы 2002 жылы күнкөріс минимумының шамамен 25 % құрағанын білдіреді. Орын алған үрдістерді ескере отырып, «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму Мақсаттары» есебі бойынша,

Жоғарыда көрсетілгендей, тұтыну себеті азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерден тұрады, әрі соңғыларының үлесі себеттің жалпы құнының 30 % мөлшерінде белгіленген. Сонымен, қазіргі кезде негізінен азық-түлік тауарларынан құрастырылған тұтыну себеті, үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түлік емес шығыстарындағы бюджеттердің ара салмағын есептемейді. Алайда, халықтың тұрмыс деңгейінің өсу шамасына қарай үй шаруашылықтарының тұтынуына жұмсалатын жалпы шығыстардағы азық-түлік шығыстары азаяды, өйткені адам организмі тағамның шектеулі мөлшерін тұтынса, ал азық-түлік емес шығыстардың үлесі ұлғая түседі.

2002 жылы Қазақстанда, ресторандарда тамақтануды, ішімдік-сусындар мен темекіні қосқанда, үй шаруашылықтардың тамаққа жұмсайтын шығыстарының үлесі 52, 3 %-ды, ал азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі соған сәйкес 47, 7 %-ды құрайды. Халықтың 2002 жылғы квантилі бойынша үй шаруашылықтарының шығыстарын бөлу мына жәйтті көрсетті, 20 % ең тұрмысты адамдардың жұмсаған шығыстарының жартысынан көбі де сондай-ақ азық-түліктен бөтен тауарларға пайдаланылған. 20 % тұрмыстары жүдеу халықта - керісінше, бірақ халықтың тіпті осы тобындағы азық-түліктен бөтен тауарларға жұмсалған жиынтық шығыстарының үлесі шамамен 40 % -ды құрады. Басқаша айтқанда, қазіргі уақытта ең аз тұтыну себетіндегі азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі біршама кемітілген, сондықтан күнкөріс минимумы, әсіресе халықтың кедей тұрмысты жіктерінің шығыстарын, үй шаруашылықтары шығыстарын есепке алу арқылы нақтылауды талап етеді. Одан әрі, үй шаруашылықтары шығыстарының дәстүрлі танылған үш тобы: тамаққа, киімге және тұрғын үйге жұмсайтын шығыстары болып табылады. Қазақстандағы халықтың кедей тұрмысты жіктерінің тұрғын үйге жұмсаған шығыстарының жоғары үлесі 2002 жылы тіркелді. Мәселен, тұрмыстары жұпыны 20 % қала халқы өздерінің жиынтық шығыстарының 13, 7 % тұрғын үйге жұмсаса, ал 20 % дәулетті халық жұмсаған осындай шығыстар 10 %-ға жетпеген. Осыған байланысты ең төменгі тұтыну себетіне кіретін азық-түліктен бөтен өзге шығыстардың құрамынан тұрғын үйге жұмсалатын шығыстарды бөлу туралы мәселе туындайды, яғни ең аз тұтыну себеті үш компоненттен тұруы мүмкін: азық-түлік себеті, азық-түліктен бөтен тауарлар мен қызмет көрсетулер және тұрғын үйге жұмсалатын шығыстар, олардың арақатынасы 60:40.

Кедей тұрмысты халықтың тамақ өнімдерін тұтыну талдауы, 2002 жылғы деректер бойынша, барша халықпен салыстырғанда кедей тұрмысты адамдар көбіне «тамақтанудың көмірсулы үлгісін» пайдаланатындарын көрсетті.

Табыстары күнкөріс минимумының мөлшеріне жетпейтін кедей тұрмысты адам көбіне нан тағамдары мен жарма тамақтарын тұтынады, ал ет, сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөніс сияқты жоғары сапалы азық-түліктерді сирек пайдаланады. Мәселен, ет және ет өнімдерін 2002 жылы кедей тұрмысты халық республикадағы орташа тұтыну деңгейінен 2 есе кем тұтынды - сәйкестігіне қарай 1, 7 кг және 3, 7 кг. Кедей тұрмысты адамдар сондай-ақ сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөністерді де екі есеге жуық аз тұтынды.

Халықтың табыстары адам тұрмысының деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстандық экономиканың жандану шамасына қарай, халықтың табыстары екі есеге жуық ұлғайды: 1998-2002 жылдар аралығында қазақстандықтардың тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден 5671 теңгеге дейін өсті. Одан әрі, 2001 және 2002 жылдары халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі байқалды . Оның белгілері сәйкестігіне қарай күнкөріс минимумының 1, 24 және 1, 36 жиынтығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының өсу қарқындары 2002 жылы күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының өсу қарқындарынан едәуір алда болды.

Қазақстандықтар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, елдегі барша халықты тұрмыс деңгейі бойынша бірнеше әлеуметтік топқа бөлуге болады. 2002 жылы 71 %-дан астам қазақстандықтар материалдық әл-ауқат деңгейі бойынша не кедей тұрмысты (24, 2 %), немесе төмен табысты (47, 3 %) болған. Халықтың осы жігінің ақшалай табыстары тұтынудың тіпті қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз ете алмаған, сондықтан экономикалық пайымдар тұрғысынан оларды қосымша қосалқы шаруашылық жүргізуге және үй еңбегін кең ауқымдарда пайдалануға мәжбүр еткен. Тұтынудың қалпына келтіруші деңгейіне елдегі халықтың төрттен бір бөлігінен азының ғана (23, 8 %) шамалары келген, және небәрі 4, 7 % қазақстандықтар тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз ететін табыстарды меншіктеген. Басқаша айтқанда, 2002 жылы Қазақстандағы тек 28, 5 % халықтың ғана сапалы білім алуға, денсаулықтарын сақтауға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және бос уақыт пен демалысын ұйымдастыруға, кең ауқымдағы ақылы қызмет көрсетулерге сұраныс жасауға мүмкіндіктері болған.

Экономикалық теңсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД аралық жағдайға ие. Қазақстандағы қорлар коэффициенті 11÷12 есеге тең, ал Джини индексінің мәні 0, 34-ке жуық шаманы құрайды 2002 жылы осы коэффициенттердің кейбір төмендеулері байқалды: қорлар коэффициенті - 9, 8 есеге және Джини коэффициенті 0, 31-ге дейін.

Үй шаруашылықтарының субъективті бығысына сүйенгенде, Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептері төлемнің баламасыз деңгейі мен жұмыссыздық болып табылды. Осы себептерді 2001 және 2002 жылдары 80 %-дан астам үй шаруашылықтары атады. 2001 жылы, адамдардың пікірлері бойынша, тұрмыстың төмен деңгейінің басты себебі түрлі салдарлар бойынша жұмыспен қамтылмау болса, ал 2002 жылы еңбектің аз төлемі басты себепке айналды.

Үй шаруашылықтарының пікірлері бойынша олардың материалдық жағдайларын жақсартуға септігін тигізуі мүмкін өзекті факторлар жалақыны көтеру мен жұмыспен қамту болып табылады. Бұл орайда жұмыспен қамту проблемасы қаламен салыстырғанда ауылда анағұрлым зәру проблема болды: 29, 3 %-ға қарама-қарсы 40, 4 %.

Егде жастағы кедейлік. Егде жастағы адамдар тобына экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істейтін, және соған сәйкес қосымша табыс табатын зейнеткерлер категориясы жатады. Сөйтіп, осы категорияның анағұрлым қолайлы бейінді еншілейтінін күтуге болар еді. Бірақ олар төтенше кедейлік қаупіне азырақ дәрежеде ұшырайтындарына қарамастан (кедей тұрмысты халықтың 20 %), олар халықтың басқа категорияларымен салыстырғанда екінші 20 %-дық топтан жиірек көрінеді, және күнкөріс минимумы деңгейінде тіршілік етуге душар болады. Жұмыспен қамтылу зейнеткерлер үшін кедейліктің қаупін айтарлықтай азайтады. Зейнетақылар түрінде ақшалай төлемдердің нақты төмендеуі тұрмыс деңгейі мен кедейліктің тереңдеуіне келеңсіз ықпалын тигізді. Ең бірінші кезекте бұл өздерінің денсаулықтарына байланысты өз еңбектері мен меншігіндегі жылжымайтын мүлікті пайдалана алмаған өте егде жалғыз басты адамдарды қозғады. Олар дербес күтімге мұқтаж еді, мемлекет орын алған жағдайларға қарай ондай көмекті толық шамада көрсете алмады. Осындай зейнеткерлердің үлесі олардың жалпы санынан 5÷7 %-бен өлшенеді.

Тұрақсыз материалдық жағдай, жұмыссыздық пен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. 2002 жылы жүргізілген кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің білі болып табылатының айғақтайды, он кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының 1, 5 % атап көрсетті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жөнінде
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себеті және күнкөріс минимумы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күн көріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақының талдауы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz