Түйе жүнінің өнімділігі және жүнді өндіру технологиясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті БАӨЖ

Тақырыбы : Түйенің жүн өнімділігі. Жүнді өндіру технологиясы

Орындаған: Мырзабекова Т. М. Тексерген: Қорабеав Ж. З.

Семей

2015

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Түйенің жүн өнімділігі

2. 2. Жүнді өндіру технологиясы

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Түйелер (лат. Camelus ) - сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері:Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), -Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осымезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85% -ы таза, өте бағалы түбіт.

Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Түйе азығы . Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жей­ді, ал қыста оларды пішенмен қорек­тендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәу­лігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.

Түйені көбейту - мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.

Екі өркешті түйенің буаздығы, ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай, көбею кезеңінің басталуы 3-5 жас. Бір өркешті түйенің буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы - 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі - 4-6 жас, ұрғашыларынікі - 3 жас.

Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға бо­лады. Түйе өсуді 7 жаста тоқ­тата­ды. Салқын күндері боталар­ды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6-7 рет жібереді.

http://tonykok.kz/uploads/posts/2013-03/1362647608_434_a9afdc4771c2a3f6c9f345c63407be35.jpg

Түйенің жүн өнімділігі

Түрлі табиғи жүндердің ішінде түйе жүні өзінің технологиялық қасиеті жағынан ерекше орын алады. Ол құрамы жағынан төрт класқа бөлінеді: биязы, қылшықты, шуда, жабағы жүн. Қатқыл қой жүніне қарағанда түбіт көп болады және өлі шаш пен шуаш болмайды. Жүн талшығының беріктігі жөнінен асып түседі, талшықтың нәзіктігі 15, 5-17, 4 мкм, талшықтың мұндай нәзіктігі қойдың тек кейбір түрлерінде бар.

Жүн қырқымы . Түйенің жүндестігі оның қай түрге жататындығына, тұқымына, жасына селекциялық жұмыс деңгейіне, будандастыру типіне,

организмнің физиологиялық жағдайына және бағып-күту мен азықтандыру жағдайына байланысты.

Айыр түйе аналықтарының жүндестігі. И. Н. Чашкиннің мәліметтері бойынша №88 Орда түйе заводында аналық қазақ айыр түйелерінің қырыққандағы орта жүн мөлшері 3, 5-тен 9, 25 кг дейін ауытқып 5, 89 кг құраған.

Аруана інгендерінің жүндестігі. Аруана түйелердің жүн өнімділігі айыр түйелерге қарағанда анағұрлым төмен.

Будандардың жүн өнімділігі. Биология ғылымдарының докторы И. Қ. Жұмағұлов №125 түйе заводында будандардың түрлі ұрпақтарының және белгілі будандстыру түрлерінің жүн қырқымын зерттеді.

Інгендер организмінің физиологиялық жағдайының оның жүн қырқымы көлеміне тигізетін әсері. Түйенің жүн өнімділігі оның физиологиялық жағдайына да байланысты. Буаз кезіне қарағанда емізілетін түйелердің физиологиялық жағдайының ауыр болатыны белгілі.

Жүнді өндіру технологиясы

Өндірістік өңдеу кезінде жүн талшығының нәзіктігі және беріктігі өте маңызды. Түбіті көп өте нәзік жүн бір жасар тайлақтардан алынады, олардың жүн тадшығының нәзіктігі 14, 53-тен 17, 02 мкм аралығында ауытқиды.

Аруана жүн өнімділігі. И. Қ. Жұмағұловтың мәліметтері бойынша Қазақстанға Түрікменстаннан әкелінген аруана 5 жастан 13 жасқа дейінгілерінің жүн қырқымы 3 кг-нан 7, 1 кг-ға дейін ауытқи отырып, орташа 5 кг құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе сүтінің өнімділігі және өндіру технологиясы
Түйе етінің өнімділігі мен ет өндіру технологиясы
Қазақ бактрианы мен қазақ дромедар түйе төлдерінің 1-3 жасқа дейінгі жүнінің тауарлық-морфологиялық құрамы және өнімділігі
Қой жүнінің өнімділігі мен морфо-техникалық қасиеттері
ЖШС Байсерке-Агро шаруашылығындағы қазақтың биязы жүнді қойларының өнімділігі мен қоздыру технологиясы
Қой жүнінің өнімділігі мен сапасын бағалау: жүн түрлері, қырқу технологиясы және таза жүн түсімін есептеу
Түйе етін өндіру технологиясы және оның химиялық құрамы мен сапасын сараптау
Меринос жүнінің және полиэфир талшығының қоспасынан тарақты иірімжіп өндіру технологиясы және математикалық модель құрастыру
Цигай етті-жүнді қойдың кроссбредтік жүнінің физика-техникалық және технологиялық қасиеттері мен өндірісте пайдалану бағыттары
Жылқының сүт өнімділігі және қымыз өндіру технологиясы: методикалық нұсқаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz