Су, орман мониторингі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
CӨЖ
Тақырыбы: Су, орман мониторингі.
Орындаған: Әсімғазы Ә. Б.
Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Су мониторингі.
2. Орман мониторингі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Су ресурстары жағдайының мониторингі
Су нысандарының мониторингі-су шаруашылығы баланстарын құру және есебі қызметтері, нормативтік-анықтамалық ақпаратты ұсыну қызметтері, сондай-ақ геоақпаратық технологиялар негізінде су шаруашылығы жағдайын талдау қызметтері бойынша ақпаратты енгізу, жинақтау, сақтау және ұсынуды іске асырады. Су нысандарының және су шаруашылық құрылымының санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай болуы үшін, ластануын тоқтату, су құрамының жұтаңдануы мен қоқыстануын болдырмау үшін су қорғау аумақтары мен алабында пайдаланудың ерекше жағдайлары жатады. Республикалық бюджеттің есебінен Есіл өзенінің арналарын қайта қалпына келтіру шаралары, арналарын қамыс пен тұнбалардан тазарту, өзеннің кеңеюі, өзен жағасының бағытының түзелуі мен көріктендіріліуі іске асырылады.
Есіл экология департаменті Солтүстік Қазақстан филиалы Солтүстік Қазақстан облысындағы су нысандарын қорғау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстары Есіл өзенінің тармақтары (Аққанбұрлық өзені, Иманбұрлұқ өзені) Сілеты өзені, Чағлынқа, Қамысақты, Ащысу, Қарасу және уақытша ағымды басқа арналары бар.
Трансшекаралық өзендер мониторингі-трансшекаралық өзендер мен сулардың, сондай-ақ, қоршаған ортаға трансшекарлық әсерді болдырмау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі. Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды құраушысы болып табылады. Тараптар осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.
Су сапасының мониторингі. Суды ластаушы көздер.
Су планетамыздың ең негізгі табиғи қоры. Жер бетінің 29%-ын құрлық, ал қалған бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Мұхиттағы су гидросферасының барлық массасының 97%-ын құрайды. Жер беті ауданының 71%-дан астам су алып жатыр.
Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздеренің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:
- Жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;
- Арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.
Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын ала бақылау және зерттеу жүргізу; алдын ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарын жүйелі түрде бақылау жүргізу; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемлерді жүйелі ақпараттармен және режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тех өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.
Су сапасын бақылаудың мақсаты - алғашқы мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасвн қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Гидроэкожүйлер сапасының мониторингі мақстақа сай басқарудың бұрынғы Жалпы мемлекттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биото үшін қауіп тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау тіректерінде жүргізіледі. Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелелік, гидрологиялық жағдайлардың сипаттарымен келісе отырып, оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды.
Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары 17. 1. 5. 05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4; 1987 стадарттарымен анықталады. Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі. Су нысандарының сапасын бағалауда үнемі қоданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық, гидробиологиялық индексі жатады.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз және мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар -химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық -түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Су ресурстарын ластаушы негізгі көздерге мыналар жатады:
· Өндіріс орындарынан шыққан зиянды қалдықтар;
· Минералды тыңайтқыштар мен химиялық заттар арқылы ауыл шаруашылығы сулары;
· Атмосферадағы ластаушы заттар ;
· Мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіп орындарынан шыққан ағынды сулар
Судың сапасы, соның ішінде, ауыз судың сапасы халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, судың сапасының төмен болуы салдарынан жылына шамамен 5 млн адам өледі, әр түрлі дәрежеде сумен уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді. Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
- Орман мониторингі.
1. Орман мониторингi дегенiмiз ормандарды ұдайы кешендi байқау, бағалау, бақылау және олардың жай-күйiн болжау жүйесi болып табылады. Бұл жұмыс орман қоры жөнiнде ұдайы жаңарып отыратын ақпарат алу үшiн жүргiзiледi, соның негiзiнде орман ресурстарын көп жақты мақсатта пайдалану жөнiнде шешiм қабылданады, табиғи және антропогендiк факторлар әсерiнен орман экологиялық жүйесi жай-күйiнiң өзгеру болжамы берiледi.
2. Орман экологиялық жүйесi мониторингi қызметiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару мемлекеттiк органы құрады, ол Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң орман шаруашылығын жүргiзуге бөлiнген қаражаты шегiнде республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландырылады. Орман экологиялық жүйесiнiң мониторинг қызметi Орман экологиялық жүйесiнiң республикалық мониторинг орталығын және мониторингтiң аймақтық орталықтар жүйесiн қамтиды.
3. Орман экологиялық жүйесiнiң республикалық мониторинг орталығы:
орман қоры туралы статистикалық және картографиялық деректер түзедi және жүргiзедi;
аэроғарыштық және жер бетiндегi ақпаратты өңдеуге, орман қоры картасын жасауға, деректер банкiсiнiң белгiлi бiр бөлiгiнiң маңызын арттыруға, статистикалық есеп берудiң белгiленген нысандарын беруге арналған бағдарламаны әзiрлейдi, иеленедi;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz