Пастереллез кезіндег ібиопрепараттар


Семей
СӨЖ
Тақырыбы:
Орындаған : Канатова Б
Тобы: ВМ-201
Тексерген : Муратбаев Д. М.
Семей 2015 ж
Жоспар
I. Кіпіспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Пастереллез туралы түсінік
2. 2. Емі
2. 3. Алдын алу шаралары
2. 4. Пастереллезге қарсы вакцина
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Пастереллез - геморрагиялық септицемия, сүт қоректілер мен құстың көпшілігінде кездесетін зілді жұқпалы ауру. Бұл ауру жіті түрде өткенде септицемия белгілері айқын білінеді, жітілеу және созылмалы түрінде көбінесе өкпені зақымдайды.
Қоздырғышы - пастерелля мултосида деп аталатын Грам әдісі бойынше теріс боялатын, қозғалмайтын, спора түзбейтін бактериялар. Олар бір-бірінен бөлек орналасатын, қос-қостан және бірен-саран жағдайда тізбектеліп тұратын микроорганизмдер. Пастереллалар барлық анилин, метилен бояуларымен жақсы боялатын майда, сопақша келген, мөлшері 0, 3-1, 25х0, 5 мкм бактериялар. Олар факультативті аэробтар, лабораторияларда пайдаланатын ет, пептон, агардан (МПА) жасалған қоректік ортаның температурасы 37С болса жақсы өседі.
Қоздырғыштары онша төзімді емес. Малдың жапасында, қанда, салқын суда 2-3 апта, өлекседе 4 ай тіршілігін сақтайды.
Тік түсетін кун сәулелері пастереллаларды бірнеше минут ішінде, ал 70-90С ыстық оларды 2-10 минутта өлтіреді. Барлық белгілі дизинфекциялық препараттар мен әдеттегі қолданылатын ерітінділер де бірнеше минутта қырып тастайды.
Пастереллезбен төрт түлік және жабайы сүт қоректі жануарлар мен құстың барлық түрі ауырады, ауруға сондай-ақ жылқы да шалдыққыш келеді.
Қоздырғыштын негізгі көзі - ауру және ауырып, жазылған мал. Оларда ауру қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастереллезге тән нәрсе - сау малдың да, ауру малдың да ауру қоздырғышын тасуы.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша аурудың таралуының негізгі жолдарының бірі - пастереллезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу деп санайды. Шаруашылықтардағы сау малдың патереллалар тасуы аурудың тез таралуына себеп болады. Әдетте ауру малды күтіп-бағудың нашарлығына және қолайсыз жағдайларға байланысты тарауы мүмкін.
Эпизоотологиясы. Ірі қара пастереллезге қай жастада шалдыққыш келеді. Бірақ жас мал сақа малға қарағанда ауруға өте тез шалдығады. Сондай-ақ пастереллезбен ірі қараға қарағанда буйвол жиірек ауырады, соған орай шығын да көп болады.
Ауру мал маңқасымен, сілекейімен және нәжісімен бірге сыртқы ортаға қоздырғыштар шығарады. Пастереллез қоздырғыштары әр түрлі жолдармен тарайды. Ең көп тарайтын жолдары - ауа, жемшөп, құрал-сайман және қоздырғыштар түскен қора-жай.
Пастереллез, сондай-ақ, малының арасында осындай ауру байқалған шаруашылықтарда қоздырғыш көзк бар екенін ескермей табынды бір-біріне қосу, топтастыру, өндірістік технологияның бұзылуы, мал дәрігерлік ережелердің сақталмауы салдарынан да шығады.
Аурудың өршуі және оның белгілері. Табиғи жағдайда ауру қоздырғышы мал организміне ауа, ас қорыту жолдары жарақаттанған тері арқылы енеді. Пастереллалар денеге енген соң өсіп-жетіледі, содан соң қанға және лимфаға араласып септицемия тудырады. Соның әсерінен көпшілік жағдайда 12-36 сағат ішінде өлім-жітімге ұшырайды. Бұл процестердің ұлғаюы пастереллалардың мал фагоцитозының төмендеуіне, уытты заттар түзіп, жаппай жіңішке қан тамырларының зақымдауына әкеп соқтырады. Осының салдарынан тері астында, ет аралығында ісік пайда болып, геморрагиялық диатезге айналады.
Ауруға төзімді мал мен организмге уыты аз қоздыргыштар енгенде септицемия болмайды. Бұл жағдайда ауру жетілуі және созылмалы түрде өтіп қоздырғыштар өкпеге жиналған жағдайларда оны қабындырады.
Пастереллез өте жіті және жіті түрде өткен жағдайда өкпені қабындырып үлгере алмайды. Сондықтан да ол шамалы ғана қызарып, ісінеді де қояды.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін жетеді. Пастереллез өте жіті түрінде малдың жалпы күйін төмендейді, дене қызуы бірден 41-42С дейін көтеріліп, жалпы септикалық белгілер байқалады. Пастереллездің жіті түрінде малдың жалпы күйі төмендейді, дене қызуы 40С және одан астам көтерілуі мүмкін. Бірақ сыртқы ортаға айтарлықтай реакция бермейді.
Ірі қара малдың танауы құрғап, салқындайды, күйіс қайтарудан қалады, сүт шықпайды, аурудың басында ішек қимылы бәсеңдеп, сирек жапалайды. Жапасына сұйық қан араласады. Көзінің кілегей қабықтары қабынап, жасаурайды. Зәріне қан араласады. Септицемия белгілері айқын білінеді, жүрек қызметі нашарлап, 1-2 тәулік ішінде өледі.
Мал ұзақ ауырған жағдайда дене қызуы оқтын-оқтын көтеріледі, денесінің әр жері зақымдалады. Бұл аурудың ісікті пастереллез, ішек пастереллезі, көкірек пастереллезі деп аталатын түрлері болады.
Емі. Ауру малды құрғақ, жылы жерге ауыстырады да, құнарлы азықтандырып, антибиотиктермен, сульфаниламид және симптоматикалық препараттармен емдейді. Бірақ оларды қолдану тәртібі қатаң сақталуға тиіс.
Пастереллез ауруына қарсы ірі қараға 200-250мл, саулыққа - 50мл, шошқаға 50-100мл мөлшерде арнайы қан сарысуын пайдаланады. Сонымен қатар антибиотиктер пайдаланылады.
Аурудан сақтандыру шаралары. Пастереллездің алдын алу үшін аурудан таза шаруашылықтарда қоздырғыштың жемшөп, ауру мал арқылы тарауынан сақтау жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін жалпы мал дәрігерлік-снитарлық ережелер сақталады, мал күтімі жақсартылады. Ал егер шаруашылықта бұл ауру ертеректе тіркелген болса, ондай шаруашылық малын пастереллезге қарсы вакциналайды.
Ауыл шаруашылық жануарларының, бағалы терілі аңдардың және құстардың пастереллез ауруына қарсы вакцина пастерелланың сегіз сероварының микроб клеткаларынан: Pasteurella multocida (P. bovis, P. suis, P. ovis, P. avis, P. equi, P. canicoli, P. cuniculi, P. haemolitica) тұрады.
Бойында жануарлардың пастереллезінің барлық негізгі қоздырғыштарының антигендік қасиеттері бар, иммуногендігі жоғары вакцина дайындалып, ірі қара малдарға, шошқаларға, қойларға, жылқыларға, иттерге, қымбат терілі аңдарға және құстарға пастереллездің алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында қолданылады.
Штамдардың әрқайсысын жеке өсіріп алу үшін, Хоттингер сорпасына себінді жасайды.
Тазалыққа тексерілген және өсірілген пастерелла өндірістік штамдарының өсінділерінің стерильді жағдайларын сақтай отырып, бір бутылға құйылады және әбден араласытырылып реактор түтікшесіне жалғанады және 5℅-ті өсінділері қоректік орталардың көлемінің қатынасына қарай себіледі.
Пастерелла штамдарын 37 ○ С температурада, 0, 1℅ глюкозаны 20-40℅ зарарсыздандырылған ерітінді түрінде қосып, 18-20 сағатқа ылғи алмасып тұратын және зарарсыздандырылған ауамен қаматамасыз ету (аэрация) жағдайында өсіреді.
Реакторда өсірілген пастерелла өсінділерін тазалыққа және өсінді жағындыларын микроскоп арқылы тексереміз. Жиналған микроб торшалары 1 мл-де 10-15 млрд-қа сәйкес келуі керек.
Өсірілген өсінділер салқындай бастаған кезде, біртіндеп реактор сыртына (жейдесіне) суық суды жібереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz