Бизнес аңыздары жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ № 1
Тақырыбы: Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары)
Тексерген : Есенбекова З. Ж.
Орындаған: Мухаметкалиева Ж. Е.
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар:
1. Негізгі бөлім
1. 1 Әлемдегі ең бай адамдар
1. 2 Қазақстандағы ең бай адамдар
2. Қорытынды
3. Әдебиеттер тізімі
1. Негізгі бөлім
1. 1 Әлемдегі ең бай адамдар
Билл Гейтс - Форбс журналы бойынша әлемдегі бірінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 75 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.
Баффет Уоррен (1931 жылы туған) - американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания немесе сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30, 5 миллиард доллар есебінде - Forbes тізіміндегі екінші адам.
Ло́уренс Джо́зеф Э́ллисон (17 тамыз 1944) - Американдық кәсіпкер, Oracle компаниясының негізін қалаушыларының бірі және басқарушысы. NetSuite Inc компаниясының негізгі акционері.
Алғаш рет Ларри Эллисон есімі Forbes-та 1986 жылы капиталы $185 млн жеткен кезде пайда болды. 2012 $44 млрд - АҚШ-та үшінші орын алды.
Лакшми Миттал 61 жаста ARCELORMITTAL
1950ж 15 маусымда туған бизнесмен. Әлемдегі ірі металлургия империясының қожайыны. Жұмысын Индонезиядан бастаған. Қарағанды металлургия комбинаты оның Қазақстандағы басты активі. Одан басқа, мұнай өндірісі бар. ҚазМұнайГазбен және ресейлік Лукойл Оверсизбен бірігіп құрған бірнеше мұнай кеніштерін игеруде. 2011ж Telegraph журналы оның КазСтройСервис компаниясының 35 пайызының жартысын сатып алатынын айтқан. Байлығы 31, 1 млрд деп бағаланған. Әлемдік миллиардерлер арасынан 6 орында Украиналаық Криврожсталь комбинаты және Ресейлік Северсталь компаниялары Кузбасстағы активтерін сатып алған. Үйленген. 1 ұл, 1 қызы бар, Ұлы Адитья, Қызы Ваниша.
1. 2 Қазақстандағы ең бай адамдар
АҚШ-тың танымал Forbes іскерлік журналы 2015 жылы наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасаған болатын.
Рейтингке қазақстандықтардың ішінде бес азамат - Болат Өтемұратов, Әлижан Ибрагимов, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким кіріп отыр.
Ең бай қазақстандық деп ҚР Теннис федерациясының президенті, кәсіпкер Болат Өтемұратов танылды. 57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2, 6 млрд. долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2, 2 млрд. долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов 714-орында тұр. Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы - «АТФ Банк» компаниясы болды. Оны кәсіпкер Италияның UniCredit компаниясына сатып, мол табыс тапты. Кейін микронесиелер беретін Kassa Nova мен кәсіпкерлерге қызмет істейтін ForteBank банктерін ашты. Былтыр миллиардер «Самұрық-Қазына» қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын. Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелігінде Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі бар.
Қазақстандық миллиардерлердің екінші орнын әлемнің ең ірі өндірушілердің бірі ENRC компаниясының акционері және «Еуразиялық банк» АҚ Әлижан Ибрагимов иеленді. Кен өндіру арқылы байыған кәсіпкердің бар байлығы 2, 2 млрд. долларға бағаланған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1, 7 млрд. доллар шамасында болды. Forbes тізімінің жалпы рейтингісінде ол 847-орында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz