Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Тарих факультеті
Жалпы тарих кафедрасы
Бітіру жұмысы
Тақырыбы: "Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту"
Ғылыми жетекші:
Қорғауға жіберілді " "" " 20__ж.
Хаттама№
Зав. Кафед. доцент
подпись
Жоспар
Кіріспе
1 бөлім. Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық
аренадағы ролі.
1. 1. Орталық Азия елдерінің саяси- әлеуметтік дамуы……
1. 2. Саяси элитасының қалыптасуы мен бүгінгі жағдайы…
2 бөлім. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық
даму ерекшеліктері.
2. 1. Аймақ елдерінің экономикалық даму бағыттары……
2. 2. Сауда- экономикалық байланыстары
3 бөлім. "Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркменстан, Тәжікстан) саяси жағдайы мен халықаралық қатынастардағы орны" тақырыбын мектептегі тарих курсындағы оқыту
әдістемесі
3. 1. Модульдік ойын технологиясы және тірек конспектісі
қолданылған сабақ үлгісі. …… . . .
Қорытынды. .
Қолданылған әдебиеттер тізімі…
Қосымшалар. .
Кіріспе
Орталық Азия елдерінің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процестері сонау ерте кезеңдерден бір-біріне ықпалдаса отырып ұқсас дамыды. Әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды, әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ, өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сыртқы күштерді қызықтырған. Ал, жергілікті халықтың басты мақсаты аймақ тыныштығы мен ұрпақ амандығы. Оған тарих дәлел.
Бүгінгі таңдағы жағдай өткен тенденциялардың қайталамасы десек артық айтқан болмас. Өйткені жаһандану кезеңінде жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен ОА елдерінің жағдайы алңдаушылық тудыруда, қарулы қақтығыстар аймағына айналуыда әбден мүмкін. Бұдан шығудың жалғыз-ақ жолы аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы, мәдени-рухани құндылықтар мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау.
Өзектілігі. Нарық саласында жаңа пайда болған егеменді ОА мемлекеттері аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңін бастарынан кешіруде. Бұның барлығы көптеген өзекті мәселелерді туындатуда. Олар болса өіндік сыни көз-қарастар мен зерттеуді талап етеді. Осы бір қарастырар бес мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) ғасыр соңында тәуелсіздігін алғаннан кейінгі саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері біршама шиеленісе түсті. Оған себеп, нарықтық экономикаға көшуде ішкі әлеуметтік-этникалық, шекаралық қайшылықтармен қоса діни мәселелердің кері әсері артып отыр.
Әлемдік ынтымақтастық пен жахандану ОА елдерінің даму нышандарын әлемдік даму процестеріне тәуелді қылды. Яғни сыртқы күштердің әсері аймақты Балқан, Таяу Шығыстағыдай ойын алаңына айналу қаупі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.
Геосаяси жағдай мен саяси жүйедегі өзгерістерді қылмыстық топтар пайдаланып кетті. Олардың дұрыс реттелмеуі жалпы аймақта қылмыстық кландардың, қылмыс түрлерінің, яғни наркобизнестің, басқа да заңсыз әрекеттердің белең алуына әкеліп соқтырды.
Кеңес Одағы кезінде әкімшілік басшылықтар мен маңызды жұмыс орындары, маман иелері болып орыстар болғаны белгілі. Әр мемлекет жеке-жеке бөлініп кеткеннен кеиін әлеуметтік-экономикалық дағдарыс нәтижесінде этникалық қайшылықтар басталады, тіпті қақтығыстарға дейін әкеледі. Бұл жағдайдың ретке келтірілмеуі мемлекет аралық кикілжіңдердің бастамасына айналуыда мүмкін. Осындай жағдайды оппозициялық немесе басқадай саяси күштер отқа май тамызып ұлтшылдық пен этникалық қайшылықтар отын тұтатуда, тіпті бір елді екіге бөліп тастау қаупі де жоқ емес. Оған Кореяны мысалға келтіруге болады.
Мақсаты. Тағы бір алңдатушылық тудырып отырған аймақтық проблемалардың бірі әлемдік рынокқа шығу қиыншылықтары, батыстық демократизациялау мәселесі маман кадрлар дайындаудағы проблемалар болып отыр. Яғни шикізатқа бай аймақ сол өнімді өндіру мен өңдеу үшін мамандар даярлауда шет елдерге жүгінулері қажет. Ұлттық тауарларды қалыптастырудағы қажеттіліктер мен еңбек рыногының нашарлығы, технологиялық жүйенің әлсіздігі, осының барлығын реттеуде ішкі экономикалық потенциялдың төмен деңгейлігі мен әлемдік сауда ұйымы тарапынан сенімсіздік білдіруі жағдайды қиындата түсуде.
Міндеті. Сонымен қатар аймақ елдерінің экономикалық даму бағыттары мен сауда байланыстары және олардың ерекшеліктерін, яғни саяси институттар, заңды тұлғалар, азаматтары арасындағы келісім-шарттар, операциялар және тағы басқалардың жүру процесстерін жүйелеу, осы жиған білімімен мәліметтерді ретке келтіре отырып, бұл тақырыпқа байланысты тараудың болмауынан өз ұсыныстарымды ұсынамын. Оқушыларды барынша осы тақырып бойынша білімдерін арттыру, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету және әлемдік деңгейде Орталық Азияға байланысты объективті көзқарас қалыптастыру басты міндетке алынып отыр.
Хронологиялық шеңбері : Тақырыпты зерттеу барысында тәуелсіздігін алғаннан кеінгі яғни, 1991-жылдан бүгінгі күнге дейінг куезеңді қамтиды.
Тарихнамасы: Аталған тақырып бойынша отандық ғалымдар мен басқандай шетел ғалымдары біршама зерттеулер жүргізіп құнды еңбектер жарық көрді. Дегенемен де, әрқайсысы баға беруде әр-түрлі көзқарастар білдіруде. Солардың барлығын негізге ала отырып, өз жұмысымды жазу барысында біршама мәліметтер алдым. Әрине нақты шешім шығару біршама қиындық туғызды. Такрихнамасына тоқталар болсақ, бұнда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Сындарлы он жыл", "Тарих толқынында" деген еңбектерін атамай кетпеу мүмкінсіз. Мысалы: "Тарих толқынында" еңбегінде Орталқ Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағлымдары бөлімінде саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани салалары қамтылған. Өте құнды мәліметтер беріледі.
Тағы бір белгілі саяси қайраткеріміз Қ. Тоқаевтің Дипломатия Республики Казахстан деген еңбегі кез-келген батыс ғалымдарының еңбектерінен кем емес. Маңғыздылығы сонда, Қазақстанның ТМД елдерімен әсіресе, ОА аймағындағы алатын ролі мен екі жақты және көпжақты келісімдер жасалынғаны туралы немесе басақа да қарым қатынастары жайлы көптеген фактілер беріп өтеді. Еңбегінің хронологиялық шеңбері 1991-2001-жылдар аралығы.
ОА елдері бойынша маманданған, арнайы салаға айналдырған отандық ғалымдарымыздың ішінен Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас маманы С. К. Кушкунбаевты ерекше бөліп көрсету артық қажет. 2002-жылы жарық көрген Центральная Азия на путьях интеграции: геополитика,
этничность, безапастность деген еңбегі өте құнды. Себебі, ОА мемлекеттерінің жаһандану проценсіндегі сыртьқы күштердің әсерін, этникалық қарым-қатынастарды, негізгі қақтығыс көздері мен ынтымақтастық негіздеріне ғылыми тұжырымдамалар жасады. Басқа да мерзімді баспалардан еңбектерін ала-аламыз.
Осы тақырыпта тағы бір қомақты зерттеулер жүргізген ғалымыдарымыздың бірі Б. К. Қазбеков. Оның Методологические основы формирования открытой национальной
экономики в условиях глоболизации еңбегі, әсіресе экономикалық даму бағыттары мен байланыстарын қарастырған. Оның іңшінде Қазақстанның экономикалық даму деңгейінің аймақтағы алатын ролінің маңыздылығын көрсеткен. Бұнда да, жаhандану процесстері өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Отандық басқа да, ОА мемлекеттеріне байланысты көптеген ғалымдарымыз М. Лаумулин, М. Н. Намазбеков, Т. М. Рогачева, Д. Намазбаев, С. А. Ашимбеков, М. Сарсекеев сынды атақты ғалымдарымыздың құнды зерттеулері жарық көрген еді.
Ал енді, шетел зерттеушілеріне келер болсақ, ішінен, Ресейлік ғалым С. В. Жуковтың орны ерекше. Оның О. Б. Резниковамен бірлесе отырып шығарған "Центральная Азия в социально-экономических структурах современного мира" еңбегі 2001-жылы баспадан шықты. Ол- әрбір аймақ мемлекеттерінің даму бағыттарын, әлеуметтік жағдайын сыртқы күштердің әсері халықаралық ұйымдармен байланысын, ондағы ерекшеліктерді қарастырған.
Тағы бір ресейлік ғалым М. Малышеваның " Демократизация посоветского вастока : модели и реали" деген еңбегінде ОА елдеріндегі даму модельдері мен демократияландыру процестерінің жүруі, сыртқы күштердің әсерін және демократияландыру процестерінің ролін жаза отырып, оның нәтижесіне болжам жасап өтеді.
Осы ғалымдардың жерлесі В. Хлюпин " Триугольник геополитического взрыва . Казакстан - Китай - Россия . Прошлое и настояшее в пограничной проблемы" атты еңбегі осы аталға елдер арасындағы байланыстардың маңыздылығын, ондағы Қазақстанның ролін, аймақтағы туындап отырған шекаралық проблемаларды көрсетіп өткен. Бұл еңбек 1999 жылы Москвада жарық көреді.
Ресейлік ғалымдар Глущенко Ю., Собянин А. бірлесе отырып жазған "Трананскаспийский проект " еңбектері жарық көреді (2001ж) . Зерттеудің негізгі құндылығы Каспи аймағындағы саяси күштердің тоғысуы мен саяси процестердің жүру ерекшеліктерін айқындап өтеді.
Гарвард уневерситетінің Сыртқы саясат пен сараптау орталығының маманы Борис Румердің "Экономика Центально Азиятских государств : релии, проблемы, перспективы" еңбегі әлемге әйгілі болды. Онда ОА елдерінің даму бағыттарына сараптама жасай отырып, бастан кешіріп отырған нарықтық кезеңдегі проблемаларын, олрға деген сыртқы әлемнің көзқарастарын, әсер етуші факторлардың ерекшеліктерін, идеология мен демократия мәселелеріне тоқталып өткен.
Екінші бір американдық ғалым Ф. Кранстонның "Out of Focus: US Policy toword Central Asia" деген зерттеуі аймақ елдерінің саяси ойын алаңына айналу мүмкіндігі мен ықпал ету күштерінің қауіп қатерін көрсетіп өтеді.
Дегенмен, әр қайсысының объективті көз қарастарының қаншалықты дұрыстығын нақтылауда ғалымдар әртүрлі баға береді . Бізге қаншалықты тиімді немесе кімге ұтымды болатындығына уақыт сыншы . Әрине, біздің өркениет процестерінен қалып қоймауымыз үшін заман талабына сай еңбек етуіміз керек. Нарық заңдары аяушылықты білмейді. Сондықтан теориялық және практикалық процестерінің үйлесімділігін қадағалауымыз тиіс .
.
1 бөлім . Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық аренадағы ролі.
1. 1. Орталық Азия елдерінің саяси - әлеуметтік дамуы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әлемде қарулы қақтығыстардан гөрі саяси ойындар етек алды. Бүгінгі таңда Орталық Азия мемлекеттері саяси ойындар ошағына айналды. Тіпті, әлемдік саясатта көкпар додасына түскен лақ күйге түсті. Жалпы адамзаттың тарихы мен болмысына биігінен қарайтын болсақ, ол бірінші күннен өзара бітпес онтогонизмі бар, бұл жапондағы негізгі 3 әлемнің қарама-қайшылық түйініне айналып отыр.
Бүкіл 90-шы жылдар бойы Орталық Азия мемлекеттерінің негізіг саяси жағдайы.
КСРО-ның құлауы мен Ресейдің Орталық Азиядан өз еркімен шегінуі континент картасында айтарлықтай геосаяси вакуум қалдырды.
Осы аймақта Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Европа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Орталық Азияда өз экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздейде. (1)
XXI ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтуда. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстыруда. Бұл планеталық деңгейде «мобализация» деген атқа ие болды. Бүгін осы жүйенің әсер етуіндегі эпицентрінің бірі - Орталық Азия. Соңғы кезде бұл аймақ әлемге қауіп төндіріп отырған тынымсыз жерге айналып отыр. Бұған әлемдегі бипалярлық жүйенің құлауы да әсер етпей қоймады. (2)
КСРО-ның құлауымен Орталық Азияның биосаяси болашағы бұлыңғыр болып тұр. Осы аймақта «Теңіз күштері» (АҚШ, Батыс Европа, т. б. ) өз саясатын нығайтуда. 1991 жылдан кейін Орта Азия ірі державалардың саяси ойын алаңына айналғаны шындық. Бұл шындық жаңа бір қорқыныш ызғарымен келді.
Осы аймақтың глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдарды ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртшылығын өзіне бет бұрғызды.
Азияның посткеңестік республикалары жүйелі дағдарысты бастарынан кешіруде. Осы бір тұрақсыздықтың негізгі ұғымына - экономика мен идеологияны жатқызуға болады.
Ендігі жерде, осы аймақтағы елдерге тоқталатын болсақ, ең бірінші еліміз Қазақстаннан бастайық. Жерінің табиғи ресурстарға бай, экономикамыз жоғарылауда, бірақ саяси реформалар біршама ақсаңдауда.
Қырғыз елінде демократия жоғары екені белгілі, бірақ экономикалық әлсіздікті пайдаланып отырған радикалды топтар ішкі тұрақсыздықты туындатуда. Оппозицияның күшеюі елде төңкеріс жасады. Бұдан Қырғызстанның айығып кетері екіталай.
Ал, Түркменстанда Нирзовтың жеке билігі қалыптасқан болса, ол сыртқы әлемнен алшақтатылған. Халық наразы болмас үшін арзан энерго көздерімен қамтамасыз етіп отыр, дегенмен бұның барлығы аймақтың тұрақсыздық бұғауына түспеуіне және одан құтқаруына ешкім кепіл бермейді.
Тәжікстан болса азамат соғысын басынан кешіріп отыр, осы аймақтың ең кедей және тұрақсыз еліне жатқызамыз.
Өзбекстан аймақтағы шиеленістің негізгі эпицентріне айналуы әбден мүмкін. Шиеленіс көзі радикалды топтар, оған қоса ірі державалардың елдің ішкі және сыртқы істеріне араласуы жағдайды ушықтырып отыр. Елде фундаментальды идеялар ошағы көбейіп, көршілес елдердің діни экстремистік бағытына айналды.
Қазақстандық саясаткер Сәрсекеевтің айтуынша, аймақтағы туындап отырған проблемелар әлемдік проблема деңгейіне шықты, олар - халықаралық терроризм, наркотрофик, заңсыз миграция. (1)
Батыс елдері Орталық Азияда өз позициясын нығайту үшін, бұрынғы қатаң тоталитарлық жүйемен тәрбиеленген халықты демократиялық және нарықтық жолға түсуге көмектесеміз деген ұранды алға тартты. Бұл үшін ешқандай күшті аямауда. Осы бағытта батыс елдері ішінен АҚШ лидерлікті өз қасынан жібергісі келмейді.
1990 жылдары американдық саясаткер З. Бжезинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы» деген кітабы әлемге әйгілі болды. Автор тақырыбының мағынасы Еуразия континенті мәселесі, оның айтуы бойынша, Кеңестер Одағының құлауымен биполярлық жүйеде құлайды, әлемде «супердержава» деген атқа бір-ақ ел ие болды. Әрине, бұндай экономикалық саяси және әскери күшімен басымдылық Америка Құрама Штатарына ғана тән. Тек, осы мемлекет әлемнің кез-келген нүктесіне өз әсерін тигізетін дәрежеге жетті. Бірақ, осы лидерлік жағдайды ұстап тұру үшін Еуразияны өз бақылауына ұстауы қажет. Еуропалық одақтас мемлекеттері, Орталық Европа, Ресей мен ТМД, Түркия, Иран, Индия, Пәкістан және Қытай осылардың барлығы өздерінше бір саяси - экономикалық күш. АҚШ-тың мақсаты осы елдерді шахмат тақтасы секілді орын-орнына қоя отырып, ішкі кемшіліктері мен әлсіздіктерін айқындау және осы суперконтинетті өз бақылауында ұстау, яғни, бүкіл әлемді қадағалайтын дәрежеге жету. (2)
Француз саясаткері Э. Шапродтың айтуынша «Шығыс Европа мен Орталық Азияда, Вашингтон мен оның жақтастары Ресейге қарсы үлкен ойын жүргізуде, мақсаты - Ресейді территориалды шектеу. Кавказ, Шығыс Европа, Орталық Азия бағытында НАТО-ның жылжуы Ресейдің осы аймақтарға әсер ету күшін жоюға бағытталып отыр. АҚШ-тың бүгінгі таңда Үнді мұхитынан Өзбекстан мен Қырғызстан жеріне дейін еркін әсер ете алады. Түркменстан Москвадан алшақтап Анкарамен жылы қарым-қатынас орнатуда. Ресейдің Орталық Азиядағы негізгі одақтасы Қазақстан ғана. Бүгінгі таңда Ресей мен Құрама Штаттар секілді ірі державалар арасында жүріп жатқан «Үлкен ойын» Орталық Азия мен Каспии аймағына ауысты».
«Қырғи - қабақ соғыстың » аяқталуымен әлемде локальды қақтығыстар белең алды. Қақтығыстардың себебі ретінде территориялық, конфессиялық пен этникалық әртүрлілік, табиғи ресурстарды пайдалану, ұлтшылдық немесе шекаралық дауларды жатқызамыз. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, Африкада-20, Европада-19, Шығыс Азияда-17, Америкада-15, Таяу Шығыста-12 қақтығыс ошақтарын белгілеген. (1, 175)
Бүгінгі таңда шекаралық проблемаларды бұрынғы КСРО-ның көптеген елдері қатты сезініп отыр.
1990 жылдарға дейін КСРО мен Қытай арасында Орталық Азия территориясына (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) байланысты шекара дауы шешілмей келген болатын. Дегенмен, Орталық Азия елдері тәуелсіздігін алғаннан кейін шекара мәселесін қолға алып, толықтай шешілді десе де болады. Даулы территориялардың көбі шешімін табу барысында Қытай пайдасына тиді. Әрине, бұған таңдануға да болмайды, себебі, державалық үлестің әсері болары анық. Бұл шешім болашақтағы болуы мүмкін қақтығыстардың алдын алды деседе болады.
1996 жылы шілде айында Бішкек пен Пекин арасында шекара мәселесі бойынша (900 км. ұзындық) келісімге қол қойылды. Келісім бойынша Қырғызстан Қытайға өз территориясының 87 мың га жерін беруге (даулы жерден) мәжбүр болды. (2, 80)
Осы мәселе бойынша Қырғызстанда үлкен толқу болып, 2002 жылы республика оппозициясы қырғыз елінің экспрезиденті А. Ақаевқа қарсы акциялар өткізіледі. Тіпті, осындай тәртіпсіздіктерден адам шығындары да болады. Сол кездегі үкімет басшысы Құрманбек Бакиев (қазіргі Қырғызстан президенті) және президент әкімшілігінің жетекшісі Аманбек Карыпкуловты отставкаға жіберді. Бастамасы осы кезде басталған Президент пен оппозиция арасындағы дау-дамай 2005 жылы наурыз айындағы революция, яғни Асқар Ақаевтың елден қуылуымен аяқталады.
Шекара мәселесі бойынша Қытай мен Қазақстан арасында 1994 жылы сәуір айында екіжақты келісімге қол қойылды. Келісім бойынша екі ел арасындағы шекара (ұзындығы 1782км) анықталып, 944 км 2 созылған аймақ бойынша (Талдықорған, Семей облыстары территориясында) даулы жерлер талқыға салынды. 1997 жылы 27 қыркүйекте қосымша келісім бойынша даулы ауданның 537 км 2 Қазақстанға, 407 км 2 Қытайға өтті. Қазақтар үшін қасиетті Хан-Тәңірі таулы шыңын Қытай Қазақстанға берді. Солай, екі ел арасында шекара мәселесі өз шешімін тапты. (1, 42)
Қытай мен Тәжікстан арасында да территориялық проблемалар болды. Таулы-Бадохшон автономның облысы (ұзындығы 500 км) бойынша шекаралық бөлу болды. 1993 жылы наурызда Тәжікстан президенті Э. Рахмановтың Қытайға сапары барысында Декларацияға қол қойылып, шешімін тапты десе болады.
1999 ж. Э. Рахмановтың Қытайға келесі сапарында даулы шекара келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша Тәжікстан Қытайға даулы аймақтың 68 % берді.
2002 жылы 17 сәуірде Қытай Тәжікстан арасында қосымша келісім бойынша 28 мың км 2 даулы территорияның 1 мың км 2 Қытайға берілді. (Үлкен Темір ауданында) . (1, 10)
Қытай өзінің батысындағы көршілес Орталық Азия елдерімен шекаралық мәселелерін толықтай шешті деуге болады. Ең бірінші болып Қазақстан заңды түрде территорияларын заңдастырды, ол бес жылға созылатын деморкация жүргізді. Қырғызстан болса енді шекарасын деморкациялауға кірісті, Тәжікстан әлі Қытаймен шекара сызығын толық анықтау келісімін таппай жатыр.
Мұндай қадамдар Қытаймен туындауы мүмкін проблемалардың алдын алары сөзсіз.
Нақтырақ түсіну үшін Орталық Азия аймағының әлемдік саясаттағы рөлін анықтаған жөн. Және, оған сыртқы күштердің әсері де біршама деңгейде. АҚШ пен Батыс Европа елдері Орталық Азияны өздерінің саяси блогына айналдыру арқылы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан Қытай және осы аймақта саяси билігінің нышаны бар . Ресейдің ықпалынан шығару көзделеді.
Оған мына факты дәлел: «1993 жылы АҚШ Конгресінің сенаторы А. Кренстонның мәлімдемесі бойынша Орталық Азияда Ресейдің артықшылықтарын мойындаған АҚШ өкіметінің жасаған қорытындыларының дұрыс еместігін жариялады. Болашақта Құрама Штаттары үшін Орталық Азия маңызды экономикалық аймаққа айналады. Ең бастысы Иран мен Ауғанстаннан тарайтын ислам фундаментализімін шектейтін барьер осы аймақ». Кренстонның мойындауынша АҚШ-тың бағытталған саясаты Түркияның ерекшеліктерін пайдалана отырып осы аймақты өз бақылауына алу еді. (1)
Кавказ бен Орталық Азиядағы Батыстың іс-шараларының басты стратегиялық мақсаты- демократияны қолдау, экономикалық реформалар жүргізу, өзіндік тәуелсіздігі, аймақтық тұрақтылық және қақтығыстарды жою секілді іс-шаралармен Ресейдің ықпалын және бақылауын шектеу, екіншіден- аймақтағы конфликтілерді шектей отырып аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін Москвамен қарым-қатынасты ретке келтірудің маңыздылығы да жойылмауда.
Батыстың нақтырақ айтсақ АҚШ-тың келесі мақсаты саясаттандырылған исламды, немесе Иранның қадамдарын шектеу болып отыр. Осындай жүргізіліп отырған басты саяси мақсат (АҚШ-тың) - аймақтағы энергетикалық ресурстарға бақылау орнату.
Батыс елдерінің Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі процестеріне араласу үшін Ресей, Қытай және кейбір ислам мемлекеттерімен бірігу қажеттілігі туындайды. Бүгінгі таңда Орта Азиядағы исламдық базасында стратегиялық альянс құрылды. Батыс бұнымен санаспай алмайды. Бізге де бұл елдермен байланысты өте сақ болу керек.
Дж. Буштың Орталық Азия елдеріне қарсы жүргізіп отырған саясатының мазмұны, осы аймақ елдеріне қысым көрсету, бірақ бұнымен оларды үркітіп алмау, яғни «епті саясатын» жүргізуде; мақсатының түп негізі Орталық Азия мемлекеттерін тәуелсіз қылып ұстау, яғни оларды «АҚШ қарсыластарының қуыршағына айналдырып алмау».
АҚШ-тың Орталық Азия аймағына қызығушылығын келесі себептермен келтіруге болады :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz