Шағын бизнес субъектілері қызметіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Семей қаласы
«Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар» факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
«Шағын бизнес ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп» пәні
СӨЖ
Тақырыбы: Шағын бизнес субъектілері қызметіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері.
Орындаған: Уразбекова Сания. УА-205 тобы.
Тексерген: Серекбаева Б. С.
Семей қаласы
2015 жыл
Мазмұны:
1. Нарықтық экономикадағы шағын бизнестің маңызы мен функциялары.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен принциптері.
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау формалары.
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген мемлекеттік тіркеудің тәртібі.
1. Нарықтық экономикадағы шағын бизнестің маңызы мен функциялары.
Шағын бизнестегі бухгалтерлік есепке қатысты қаржы министрлігінің құжаттарын және әдіскерлердің жарияландырымдарын қорытындылап, талдайтын болсақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің келесідей міндеттерін атауға болады, олар:
- заң және нормативтік базаны жетілдіру;
- есептік регистрлерді жеңілдету және үйлестіру;
- құжат айналымын жетілдіру және бухгалтерлік құжаттардың санын азайту;
- есептілік формаларын қысқарту;
- мемлекеттік органдар үшін ақпарат көзі болмайтын баптарды алып тастау және баптарды ауқымды ету есебінен балансты жеңілдету;
- салық салуды жеңілдету, бұл өз кезегінде бухгалтерлерде салықтарды есептеу және қайта есептеу бойынша жұмыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандар қазіргі кезде негізгі міндеттер болып табылады. Әрине міндеттер анағұрлым көп әрі терең, мұнда ең алдымен біздің еліміздегі бухгалтерлік есепті реформалау міндетін ескерген жөн. Қазіргі кезде есеп және салық салу саласында мұндай реформалау жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, 1998 жылдан бастап бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу тәжірибесі қаржы есептілігінің халықаралық стандарттағы принциптеріне көшағын кәсіпкерлікеніне байланысты ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепті нормативті реттеу жүйесінің құжаттарын дайындаған. Бұл құжаттар 2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізіледі, ол 3 деңгейден тұрады.
Құжаттардың 1-ші деңгейі - бұл заң құжаттары. Оған мыналар жатады: Президент үкімі, Үкімет үкімдері, ҚР Азаматтық кодексі. Ең негізгісі 26. 12. 1995 жылғы №2732 ҚР «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңы бойынша.
Құжаттардың 2- ші деңгейі - нормативті стандарттар болып табылатын ҚР Қаржы министрлігінің ережелері (БЕС) .
Құжаттардың 3-ші деңгейі - бұл бухгалтерлік есеп сұрақтарымен айналысатын атқарушы билік органдарының және Қаржы министрлігінің хаттары, бұйрықтары, әдістемелік нұсқаулары.
Құжаттардың 4-і деңгейі ерекше болып табылады - бұл кәсіпорынның әдістемелік, ұйымдастыру және техникалық бағыттағы есептік саясатын анықтайтын жұмыс құжаттары. Шағын кәсіптік субъектілері қызметіндегі бухгалтерлік есептің міндеттерді қалыптастыру жалғыз проблема емес, оны шешу мен міндеттерді жүзеге асыру ең басты проблемалардың қатарына жатады.
2. Шағын кәсіптік субъектілер.
Шағын кәсіптік субъектілері ретінде мыналар танылады:
• Заңды тұлға ретінде құрылмаған жеке тұлғалар, яғни жеке кәсіпкерлер;
• Заңды тұлғалар (тек төменде көрсетілгендер ғана:
- толық серіктестік,
- коммандитті серіктестік,
- жауапкершілігі жектеулі серіктестік,
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік,
- өндірістік кооперативтік.
1. Мұнда жұмысшылардың орта жылдық саны 50 адамнан аспауы тиіс, ал мердігерлік келісім-шарт бойынша, қосымша жұмыс атқарушылар, сондай-ақ бұл субъектілердің филиалдары және өкілдіктері мен басқа да бөлімшелерінің жұмысшылары де есепке алынады.
2. Активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 000 ТЕК-дан аспауы тиіс. Мұнда бухгалтерлік құжаттарға сәйкес 1 жылдағы активтердің жалпы құны айтылып отыр, онда осы кәсіпкердің не заңды тұлғаның балансында тіркелген барлық құжаттары көрсетілуі тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектінің құқықтық мәртебесі ескерілуі тиіс келесідей ережелерді қамтиды:
• шағын кәсіпкерлік субъектілері ҚР заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүргізе алады (ойын және шоу бизнес саласындағы қызметті есептемегенде) ;
• егер 1 не бірнеше заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектінің белгісіне сай шаруашылық серіктестік (толық, командитті серіктестік, ЖШС) құратын болса, онда құрылтайшы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы үлесі 25%-дан аспауы тиіс.
• егер шағын кәсіпкерлік субъектілері бекітілген шарттарды бұзатын болса, онда шағын кәсіпкерлік субъектілері ҚР заңдарында қарастырылған жеңілдіктерден айырылады.
Толық серіктестік (ТС) :
• Кем дегенде екі адам құратын серіктестік, олардың максималды саны заңда анықталмаған,
• құрылтайшылықты рәсімдеу үшін екі құжатты әзірлеу қажет, олар: жоғарғы жәнеқұрылтайшылық келісім-шарт.
• серіктестікті құрған барлық қатысушылар өздерінің иелігіндегі мүлікке толықтай жауапкершілікте болады.
• кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін 25 ТЕК (төменгі есептік көрсеткіш) шамасында төменгі жарғылық капиталды қамтамасыз ету керек. Егер жұмысшылар жқұмылдыратын болса, онда олардың әрқайсысының жеке еңбек келісім-шарт жасалу керек.
Коммандитті серіктестік (КС) :
• Құрылтайшылар саны, яғни командитті серіктестікті кем дегенде екі адам аша алады, олардың максималды санын өздері анықтайды;
- толық серіктестіктер - бұл кәсіптік қызметке өз үлесін қосқан және серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікте болатын тұлғалар;
- салымшылар, бұл КС-тің мүліктерін үлесін қосқан, кәсіпкерлік салымының сомасын ғана шектелетін қатысушылар;
• Құрылтайшылықты рәсімдеу үшін екі құжатты әзірлеу қажет, олар: жоғарғы және құрылтайшылық келісім-шарт;
• Толық серіктестіктер барлық мүлікке қосымша жауапкершілікте болады;
• Салымшылар серіктестіктің мүлкіне қосқан үлесімен ғана жауапты болады.
• Кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін 100 ТЕК шамасында минималды жарғылық капиталды қамтамасыз ету керек;
• Жоғарғы басқару органы - толық серіктестіктердің жалпы жиналысы
• Жолдамалы жұмысшыларды жолдау кезінде, олардың әрқайсысымен міндетті түрде жеке еңбек келісім-шарт жасалады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) :
• ЖШС-ті бір немесе одан да көп құрылтайшылар құра алады, олардың саны заңмен шектелмеген.
• ЖШС-те жалғыз бір ғана қатысушы болмайды.
• Қатысушылар өздерінің салған салым сомасының шеңберінде ғана серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
• Жарғылық қордың минималды мөлшері 100 ТЕК, мұнда егер мүліктің құны 20 000 ТЕК-дан асып кетпесе онда серіктестік қатысушылары арасындағы келісім бойынша бағалауға болады;
• Жоғарғы басқару органы - серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы, олар басқа органдардың құзырына қатысты емес бірқатар сұрақтарды шешеді;
• Егер серіктестік қатысушысының мүлкі оның жеке қарыздарын жабуға жетіспесе, онда кредиторлар оның үлесін талап етуге құқылы.
Шағын бизнесті жүргізудің формалары ҚР азаматтық заңдарында белгіленген, ал болашақ кәсіпкер тек өзіне қолайлы түрін ғана таңдауы тиіс.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері-рін мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен принциптері.
Шағын кәсіптік мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері мыналар:
• ҚР-ғы шағын кәсіптік дамыту басымдылықтары;
• Шағын кәсіпті кмемлекеттік қолдаудың кешендері;
• Барлық шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі дамыту саласында халықаралық серіктесу.
Шағын кәсіптік мемлекеттік қолдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі үшін кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілері-рін мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген тәртібін орнату;
• шағын кәсіпкерлік субъектілері-рін қолдау және дамыту үшін инвестицияларды тарту және қолданудың жүйесін құру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілері-рін несиелендіру бойынша арнайы бағдарлама қабылдау;
• шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өнімдер мен қызметтер өндірісіне мемлекеттік сатып алу кезінде преферция ұсыну.
Шағын кәсіптік мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған бағыттары мен принциптері Қазақстанның барлық облыстарында шағын кәсіптік қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау арқылы жүзеге асады.
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерірін мемлекеттік қолдаудың формалары.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерірін мемлекеттік қолдаудың формалары ретінде оларға ұсынылатын жеңілдіктерді қарастырамыз. Мәселен, шағын мемлекеттік қаржылай қолдау шеңберінде мемлекеттік бюджетте қарастырылған жеңілдетілген түрде статистикалық, ақпараттық және ғылыми-техникалық қызмет көрсету.
Шағын кәсіпкерлік үшін кадрларды дайындау, қайта дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату жаңа оқу және зерттеу орталықтарын дамыту жолымен жүргізіледі. Бұл мақсатқа шағын кәсіптік дамытуға бағытталған барлық қаржының кем дегенде екі пайызы қарастырылады.
Кадрларды дайындаумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерірі қозғалмайтын мүлікке құқықты тіркеуде және олармен мәміле жасауда мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап үш жыл ішінде төленетін төлемнен босатылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері-рін мемлекеттік тіркеу жеңілдетілген тәртіпте жүргізіледі. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің қызметін лицензиялау тәртібі де жеңілдетілген (лицензиялар 10 күнде беріледі, ал әдетте лицензия жалпы тәртіп бойынша 30 күнде беріледі) .
шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі болып табылатн жеке заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру олардың жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруі бойынша жүргізіледі (олар жерді сатып алғаны үшін төлем төлейді немесе үш жыл мерзімге жалға алады) .
Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерірі канализация, сумен жабдықтау және электр энергиясы бойынша қосылатын қуатына төленетін төлемнен босатылады (мұнда табиғи монополист - кәсіпкердің қызметін монополияға қарсы реттеу әдістері қолданылады) .
шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі үшін 2-ші деңгейді банктерде (мемлекеттік қатысуы бар) шот алу ешбір төлем алынбай жүргізіледі.
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ерекше салық тәртібі қолданылады.
Осылайша, шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі үшін заңмен ұсынылған жеңлдіктер шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жеңілдіктерді шағын кәсіпкерлік субъектілерісі ретінде танылған кез-келген кәсіпкер қолдана алады.
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерірін мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген тәртібі.
Кез-келген заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен соң ғана құрылған болыа есептеледі. Мұндай тіркеу ҚР Әділет министрлігінде не жергілікті орган-облыстық әділет басқармасында жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz