Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау жайлы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ : Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау
ОРЫНДАҒАН: Мұхамедьярова Дария.
ТЕКСЕРГЕН:ЖҰМАШБЕКОВА С. Қ.
СЕМЕЙ 2015
ЖОСПАР:
І КІРІСПЕ
1. 1 Оқу жетістіктерін бағалау түрлері
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Ағымдағы бақылау
2. 2. Аралық бақылау
2. 3. Кейінге қалдыру
2. 4. Қорытынды бақылау
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау үшін келесі бақылаудың түрлері қолданылады:
- Ағымдық бақылау;
- Аралық бақылау;
- Қорытынды бақылау.
Оқу үлгерімінің ағымдық, аралық бақылау және қорытынды бақылау академиялық күнтізбеде бекітілген уақыттарда жүргізіледі.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл - пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламаларына байланысты барлық тақырыптарды және аудиториялық (семинарлар, практикалық тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар), аудиториядан тыс (үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары) тапсырмаларды қамтиды.
Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау (аудиториядағы) мен аралық бақылау (аудиториядан тыс) бағалардан жинақталады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауда әр орындалған тапсырма (аудиториялық сабақтардағы оқу жұмысы, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100-баллдық шкаламен бағаланады. Үлгерімді ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық период ағымында алған бағаларымен орташа арифметикалық көрсеткіш жолымен есептеледі.
Аралық және қорытынды аттестация барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де осы тәсіл қолданылады.
Білім алушының ағымдық бақылау нәтижелері және білім бағаларының жазбалары тұрақты тіркеу арқылы жүргізіледі.
Нәтижелерді жоғарылату мақсатында ағымдық бақылаудың бағаларын өзгертуге жол берілмейді.
Аралық бақылау - пән бойынша бір бөлімді (модульді) аяқтағаннан кейін жүргізілетін оқу жетістіктерін бақылау түрі болып табылады. Академиялық кезеңнің бір пән шегінде 2 реттен кем өткізілмейді (теориялық оқытудың 8-ші және 15-аптасында) .
Ағымдық және аралық бақылаудың формасын пәннің бағытына қарай оқытушы бекітеді. Ағымдық және аралық бақылау коллоквиум, компьютерлік және бланктік тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстары, диспуттар, дөңгелек столдар, іскерлік ойындар, мәселелі есептерді шығару түрінде жүргізілуі мүмкін.
Рұқсат алу рейтингілік бағасын есептеуде міндетті түрде оқу бағдарламасына сәйкес есептік-графикалық, курстық жұмыстардың бағасы есепке алынады. Курстық жұмыстың(жобалардың) кредит сыйымдылығы пәннің кредит сыйымдылығына кіреді.
Рұқсат алу рейтингілік баға жинақтық балл ретінде көрініс алады, Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау мен аралық бақылау бағалардан жинақталады (ереже бойынша екі аралық бақылау) . Суммалық семестрлік рейтинг балын 50%-дан төмен жинаған білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Ағымдық, аралық және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) өткізеді. Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30% -нан кем болмауы тиіс. Ағымдық, аралық және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды өткізуге жауапты пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) болады.
Қорытынды бақылау оқу бағдарламасын меңгеру сапасын анықтау мақсатында аралық аттестациясы кезеңінің нұсқаулығына сәйкес өткізіледі. Нұсқаулық бойынша егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқытылып жатқан болса, онда қорытындық бақылау әр академиялық периодтағы пән бөліктері бойынша өткізіледі.
Қорытынды бақылау формалары:
Тестілеу;
Ауызша емтихан;
Жазбаша емтихан;
Дифференциалдық сынақ.
Емтиханды өткізу формасы мен тәртібі әр пән бойынша академиялық кезеңнің басталуына 1 ай уақыт қалғанда бекітіледі.
Білім алушы оқу бағдарламасы бойынша бекітілген жеке оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.
Білім алушының оқу жетістігін қорытынды бақылау үшін емтихан қабылдаушыға тіркеу бөлімінен академиялық кезеңде студенттің жинаған рұқсат алу рейтингілік бағасы енгізілген емтихан тізбесі беріледі. Емтиханда алынған жағымды немесе қанағаттанарлықсыз бағаларды емтихан қабылдаушы емтихан тізбесіне енгізеді. Емтихан қорытындылары емтихан тізбелеріне сәйкес емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде әдіскер-тіркеуші Интернетке енгізеді.
Пән бойынша аралық аттестация өкізу кезінде академиялық кезең ағымында емтиханнан алған бағасы, үлгерімді ағымдық бақылаудың орташа балы есепке алынады. Әр пәннен емтихан аяқталғаннан соң студентке оның оқу жетістігінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады. Қорытынды баға рұқсат алу рейтингілік бағасынан және емтихан бағасынан жинақталады.
Жағымды қорытынды баға пән бойынша тіркелген кредиттерді меңгергенін көрсетіп, транскриптке енгізіледі.
Егер емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған студенттің емтихан бойынша қорытынды бағсы саналмайды.
Ағымдағы аралық аттестация кезінде жағымды қорытынды баға қойылған емтихан оқу жетістігін жоғарылату үшін қайта тапсырылуға рұқсат етілмейді. Жағымды баға алу үшін студент келесі академиялық кезеңде немесе қосымша семестрде қайтадан пән бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу сабақтарына қатысып, рұқсат алу рейтингілік бағасын алып, қорытынды бақылауға қатысады. Бұл жағдайда студент оқу пәніне қайтадан тіркеледі.
Егер студент пән бағдарламасын толық меңгерсе, бірақ емтиханға келмесе, емтихан тізбесінде студенттің фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген белгі қояды. Дәлелді себептері болған жағдайда білім алушыға емтихан тапсыруға жеке график құрылады. Студенттің емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда бағасы «қанағаттанарлықсыз» болып саналады.
Аралық аттестацияның жинақ тізбесін шығару үшін және меңгерілген кредит сандарын есептеу үшін емтихан тізбесі тіркеу бөліміне өткізіледі.
Емтиханға жіберу екі этаптан тұрады:
1) Бірінші этапта факультет деканының (институт директоры) жалпы үкімімен білім алушыларды төлемақысынан қарызы болмаған жағдайда, пререквизит бойынша академиялық қарызы болмағанда, академиялық демалыс және ұзақ емделу уақытында емес студенттерге емтиханға қатысу рұқсаты беріледі.
2) Екінші этапта рұқсат алу рейтингілік бағасын (ағымдық және аралық бақылау қорытындысы) алған студенттерге сол пәннен емтиханға қатысуға автоматты түрде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда рұқсат беру тіркеу бөлімінде емтихан тізбесіндегі студент фамиялиясының тұсына белгі қою арқылы жүзеге асырылады.
Жағымды рұқсат алу рейтингілік бағасы н алмаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жұмыстарды (жобалар) тапсырмаған студенттер пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
Ал басқа да жағдайларда (ауырып қалса, отбысылық және қызметтік жағдайларда) студентке жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.
Бақылау - оқыту үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның мәні келесідей: оқытудың міндетті түрдегі минимумына сәйкес келетін, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау.
Бақылаудың функциялары:
-тәрбиелік;
-дамытушылық;
-білім берушілік;
-тексерушілік.
Бақылау түрлері:
1) Ағымдық бақылау - бұл оқушылар білімін әр сабақта жүйелі түрде тексеру, бұл сабақтың құраушы бөлігі ретінде оқытудың нақты сабақта бағалануы болып табылады.
2) Периодты түрдегі бақылау - бағдарламаның үлкен тарауларынан кейін немесе оқыту ұзақ уақыт жалғасқаннан соң іске асырылады.
3) Қорытынды бақылау немесе нәтижелік бақылау - келесі сыныпқа ауысу кезінде жүреді. Оның міндеті: ары карайғы оқуын қамтамасыз ететін, дайындықтың сол қажетті минимумын белгілеу.
Жалпы бақылау функциясының мақсаты білім алудың барлық сатысында білім меңгеру деңгейін белгілеу, оқыту үрдісі мен үлгерімнің әзірлігін тексеру.
Бақылау әдістері:
1) Ауызша бақылау - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын фронтальды немесе комбинирленген жекеше түрде жүріледі. Емтихан - тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.
2) Жазбаша бақылау - бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың терең және жан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.
3) Практикалық жұмыстар - тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет.
Практикалық жұмыстың мазмұнына келесілер кіруі керек:
1) Жұмыстың мақсаты;
2) Тапсырмалар;
3) Қондырғыларды қолдану (сипаттамалары бар ЭЕМ сияқты) ;
4) Тапсырманын физикалық, математикалық немесе ақпараттық үлгілерінің мазмұны;
5) Есепті шығару алгоритмі;
6) Бағдарлама;
7) Шығарылатын немесе бастапқы мәліметтер;
8) Кесте түріндегі алынатын нәтижелер;
9) Қорытындыларды тұжырымдау;
10) Тесттер (компьютерлік, бланктік) .
Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижелерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасы мен деңгейін салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай-ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтатын болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптардың әр элементтік талдауын қолдануында жатыр.
Бақылаудың барлық түрлеріндегі сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән. Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу үрдісінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынандай міндеттері бөлініп алынған: Бейімділік, диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық және басқалар. Кез-келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір-екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді. Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері - оның оқу үрдісіндегі рөлін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер оның маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
1) Бақылаудың есептеу міндеті: ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін, оқыту жұмыстарындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
2) Бақылау - түзетушілік және диагностикалык міндеттері: бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың білім деңгейіндегі кемшіліктерден туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу, оқыту әдістемесіне өзгертулер енгізу үшін "мұғалім-оқушы" орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайларын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктері мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ. Дәл қазіргі кезде информатиканы оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге осы пән мен оны оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz