Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы ақпарат



Кіріспе
1.Зат алмасудың биологиялық мәні.
2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.
3. Май алмасуының бұзылыстары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зат алмасу процесстері дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіпкеліп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі клеткада зат алмасу үздіксіз жүріп жатады. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге оттек, су және қоректік заттардың түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі асқорыту жолында едәуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы – қанмен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаға түседі. Мұнда олар химиялық өзгеріске түседі. Яғни организмге тән белок, май, көмірсу түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылыстардың ыдырау процесстері жүреді.Заттардың өзгеруі ферменттердің әсерімен жүреді де гумаральдық жолмен реттелінеді. Зат алмасу процесінің қалдықтары несеп, нәжіс, тер арқылы және дем шығарғандағы ауамен бірге сыртқа шығарылады.
Жануарлар көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид – гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар(пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, ақуыздар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады.
Зат алмасуының типтік алмасуының паталогиясы деп – организмнің белгілен органындағы зат алмасу процесінің дұрыс істемеуінен сол органда пайда болған өзгерістер айтамыз. Осыған орай мен өз реферат жұмысымда зерттеу бөлімінде бауырдың зат алмасуының бұзылуының патологиясына тоқталып өттім. Бауыр патологиясы яғни зат алмасу бұзылысының нәтижесінен пайда болған бауыр ауруының әсерінен сол жердегі өзгерістерді зерттеп (теориялық тұрғыда) анықтадым.
1. Х.С. Жұмабеков « жануарлардың паталогиялық анатомиясы», Алматы 2011 жыл.
2. Ө. Ығылманұлы «ветеринариялық паталогиялық анатомия», Алматы 2010 жыл.
3. Т.Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы», Алматы 2012 жыл.
4. Н.Р. Абылаев «биохимия в схемах и ресунках» , Алматы «ғылым» 2001 жыл.
5. А.С. Ибадильдмн «гепатология және клиникалық биохимия», Алматы «қарасай» 2008 ж.
6. Қайырханов « жануарлар биохимиясы», Семей 2014 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы:Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.

Тексерген: Нуркенова М.К.
Орындаған: Қуаныш С.Қ.
Топ:ВС-203

Семей 2015 ж.

Жоспар

Кіріспе
1.Зат алмасудың биологиялық мәні.
2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.
3. Май алмасуының бұзылыстары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зат алмасу процесстері дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіпкеліп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі клеткада зат алмасу үздіксіз жүріп жатады. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге оттек, су және қоректік заттардың түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі асқорыту жолында едәуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы - қанмен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаға түседі. Мұнда олар химиялық өзгеріске түседі. Яғни организмге тән белок, май, көмірсу түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылыстардың ыдырау процесстері жүреді.Заттардың өзгеруі ферменттердің әсерімен жүреді де гумаральдық жолмен реттелінеді. Зат алмасу процесінің қалдықтары несеп, нәжіс, тер арқылы және дем шығарғандағы ауамен бірге сыртқа шығарылады.
Жануарлар көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид - гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар(пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, ақуыздар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады.
Зат алмасуының типтік алмасуының паталогиясы деп - организмнің белгілен органындағы зат алмасу процесінің дұрыс істемеуінен сол органда пайда болған өзгерістер айтамыз. Осыған орай мен өз реферат жұмысымда зерттеу бөлімінде бауырдың зат алмасуының бұзылуының патологиясына тоқталып өттім. Бауыр патологиясы яғни зат алмасу бұзылысының нәтижесінен пайда болған бауыр ауруының әсерінен сол жердегі өзгерістерді зерттеп (теориялық тұрғыда) анықтадым.

І. Зат алмасудың биологиялық мәні

Зат алмасу (метоболизм) бір-бірімен тығыз байланысты екі процесстің жиынтығы. Олар :
Ассимиляция
Қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіліп, торшалардың құрылымы күрделінеді. Процессте химиялық бос энергиялар пайдаланылады. Ассимиляция эндоэргиялық құбылыс.
Диссимиляция
Торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл экзоэргиялық құбылыс.

Зат алмасу - тіршілік процесстерінің химиялық қозғалысы.
Зат алмасу кезеңдері:
Алғашқы кезеңі
Болып асқорыту процесі айтылады. Сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өндеуден өтуінен және қорытылуынан басталады.
Екінші кезеңі
Асқорыту жолынан ыдырау өнімдері қан мен лимфаға сіңуімен екінші кезең басталады. Органикалық заттар ыдырап синтезделіп, қоректік заттар энергия көзі, құрылымдық материал ретінде пайдаланылады.
Үшінші кезеңі
Ол организмде пайда болған ыдырау өнімдерін бөліп шығару.

ІІ. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама
Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш шартты сақтау керек.
Олар:
1. Салыстырмалы тыныштық
2. Қоршаған ортаның бейтарап температурасы
3. Ашқарын жағдайы.
Организмдегі зат алмасу процесінің қарқынына көптеген факторлар әсер етеді. Оған әсер етпейтін бірде- бір не сыртқы, не ішкі факторлар болмайды. Осыған байланысты зат алмасу процесі малдың жасына, жынысына, салмағына, тұқымына, азықтандыру деңгейіне, физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады.
Зат алмасуының типтік алмасуының паталогиясы деп - организмнің белгілен органындағы зат алмасу процесінің дұрыс істемеуінен сол органда пайда болған өзгерістер айтамыз.
Мысал, су алмасуының бұзылуы болғанда қандай патологиялық өзгерістер болады екен?! Соған тоқталып өтсем.
Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай жүректік, бүйректің, бауырлар, ашылулық, қабынулық, уыттық, неирогендік, аллергиялық, лимфогендік ж.б. ісінулер ажыратылады. Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1.гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.Осы көрсетілгенденр организмде судың ұсталып қалуына, олигоцитемиялық гиперволемияға, сулануға және ісінуге әкеледі.

ІІІ. Май алмасуының бұзылыстары
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы.
Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus -- сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді.
Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2 -- 3 сағаттан соң дамиды да, 4 -- 6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.
Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымалдануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.
Бөгелулік (ретенциондық) гиперлипемия -- қаннан майлардың тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп байланысып (альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6 -- 7 молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады. Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары) кездерінде майдың қанда ұсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж. б.).

Қорытынды
Қорытындылай келе, зат алмасу процесстері дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіпкеліп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы - анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Зат алмасудың бұзылуы көптеген ауруларға ұшыратады органдарды, организмді. Сондықтан да зат алмасу дұрыс жүруі үшін ең біріншіден дұрыс тамақтану, зиянды азықтарды қабылдамау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Орын толтыру,бейімделу процесі, морфологиялық көрінісі.

Тексерген: Нуркенова М.К.
Орындаған: ҚуанышС.Қ

Семей 2015 ж.
Кіріспе
Француз ғалым К. Бернер өзінің көптеген зерттеулерінің нәтижиесінде организмнің ішкі ортасың тұрақтылығының маңызы жөнінде бірінші пікір айтқан. Ол организмнің ішкі ортасымен өзін қоршаған құбылмалы сыртқы ортаға үздіксіз бейімделіп тұруы, тіршіліктің бірден бір шарты деп есептеген.
В. Кеннон осы ішкі орта тұрақтылығын гемостоз деп атаған. Осы тұрақтылықты сақтап тұратын физиологиялық механизмдер, организмнің қоршаған төзімділігі екендігін айқындады.
Сонымен гомеастаз деп, организмнің қоршаған орта жағдайларына, эволюция нәтижиесінде қалыптасқан, бейімделу реакциясын айтады. Гомеостаз тұрақтылығына, қуалаудың, жұйке және эндокрин жүйесін, иммундық реактивтіліктің, тоқымаларды қалпына келтіру процестерде маңызы зор. Аурудың пайда болуы осы тұрақтылық қалпының бұзылып, организммен қоршаған орта арасында жаңа қарым-қатынастар пайда болуына байланысты. Организм осы өзгерістерге қарсы күресумен қатар, оған бейімделе алады, ауру нәтижиесінде әлсіреген не істен шыққан ағзалар функциясының орнын толтыру әреке жасайды. Оы процестерді еселеу бейімдеу дейді. Ауру барысында пайда болған осы бейіделу және орнын толтыру реакциялары аурудан сауығып кету маханизмдерінің негізін қалайды. Осы реакциялар нәтижиесінде кейбір аурулар ұзақ уақыт сырттай байқалмайды.
А. И. Струков осы реакцияларды бірнеше кезеңдері бөледі:
1) еселеудің қалыптасу кезеңі
2) Еселеудің орнықты кезеңі
3) еселеудің әлсіреу кезеңі
Компенсацияның қалыптасу кезеңі зақымдаушы әсерлермен алғаншы кезедкенде пайда болады. Ол әсер те күшті болса реакция жеткілікті түрде өрістей алмай, организм мерт болады. Егер организм осы әсерлерге қарсы орнын толтыру және бейімделу реакцияларын өрісте алса, өз тіршілігін сақтап қалады. Сондықтан организм өз қызметін бүтіндей қайта қалпына келтіреді - бұл еселеудің орнықты кезеңі. Бірақ еселеуді сауығып кету деп қарауға болмайды. Ол белгілі бір мерзімге дейін ғана созылатын ахуал. Ерте ме, кешпе еслеу процестері әліреп, декомпенсация кезеңімен аяқталады. Кеселге ұшыраған ағзалардың әбден титықтап, істен шығуы созылмалы аурулар тудыратын өлімнің негізгі себебі. Орын толтыру процестерінің морфологиялық көріністері әртүрлі оларға: регенерация, гипертрофия және гиперплозия процестері жатады. Ал бейімделу процестеріне: Атрофия, митоплазия және орнын толтыру жатады.
Регенерация (лат regeneration - қайта туу) дегеніміз организмнің құрылымдық элементтерді жаңартып, бүлінгенен кейін қалпына келтіріп, функциялық белсенділікті қажетті деңгейде сақтауға бағытталған процесс. Регенерация тірі атаулыға тән құбылыс. Тіршілік негізі зат алмасу процесімен (ассемилация және дессимиляция) регенерация тікелей байланысты. Турасын айтсақ диссимиляция барысында жойылған тірі заттың орнына сырттан келіп түскен материалдан осы организмге тән жаңа зат қайта түзу, яғни ассимиляция, молекулалық деңгейде өтетін регенерация болып табылады.Белгілі бір құрылым регенерация арқылы қайтадан бұрынғы қалпына келу әр деңгейде, айталық: молекулалық, ультрақұрылымдық, торшалық өрмелік және мүшелік деңгейлерде жүретін процесс. Оның мәні - әр уақытта арнайы қызмет атқаратын құрылымды әдеттегі қалпында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы
Жануарлар организмдерінің бейімделу процесі
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет
Жүйке жүйесінің жалпы патологиясы
Зат алмасудың тиіптік бұзылуының патологиясы
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Клиникалық биохимия пәні
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Пәндер