Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы мәлімет



1. Кіріспе
2. Экономикалық жүйе
3. Экономикалық жүйенің дамуы үшін алғы шарттар
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі — суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.
Экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
меншік құрылымы;
ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
1) Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2004ж.
2) К. Р. Макконнелл, С.Л. Брю, 14-издание, «Экономикс», Москва – 2003.
3) Шеденов Қ. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 1999
4) Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев «Экономикалық теория», оқу құралы
5) С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар

Орындаған: Имиров Арман
Тексерген: Қуантқан Биболат

Семей 2015

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Экономикалық жүйе
3. Экономикалық жүйенің дамуы үшін алғы шарттар
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі -- суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.
Экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.Экономикалық жүйе -- бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
* елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
* меншік құрылымы;
* ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
* мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы -- бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым -- лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.
Формациялық көзқарас -- Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс -- алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген шығыстық қауым.
Экономикалық жүйе
Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда "әлеуметтік-экономикалық жүйе" және "әлеуметтік-экономикалық саясат" деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгейтүрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
+ табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
+ технологиялық аяның жай-күйі;
+ ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
+ қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады.

Экономикалық жүйенің дамуы үшін алғы шарттар
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
б) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық стандарт халықар
Менеджменттің Классикалық мектебі
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы мәлімет
Қазақстан банкілерінің тұрғын үй несиелеу саласындағы тәжірибесі
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Комерциялық кәсіпкерлік, оның атқаратын қызметтері
К. маркстің капиталистік қоғамда жұмысшы табын зерттеу
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Пәндер