Экономикалық өсудің үлгілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық өсудің үлгілері

Өндіріс қарқынын өсіруге қол жеткізу үшін экономикалық өсудің әр түрлі үлгілері құрылды. Экономикалық үлгі - бұл басты факторларды есепке алатын және екінші реттіктерден босатылатын оңайтылған теориялық схема.

Экономикалық өсудің алғашқы үлгісін 1758 жылы француз ғалымы Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» деген енбегінде көрсетіп берді. Ол экономикалық ілімде алғашқы ретте қоғамдық өнімге заттай және құн формасында баланс жасады. Мұнда ол жай қоғамдық ұдайы өндірістің жиынтық өнімі белгілі құнмен қоғамда қалай бөлінетіндігін көрсетті. Ф. Кенэ қоғамдағы ұдайы өндіріс байланысының түп тұлғасын жасады және ұдайы өндіріс ұғымын алғашқы болып енгізді.

Экономикалық өсудің екінші үлгісін жасап, барынша терең әрі жан-жақты талдаған адам К. Маркс болып табылады. Ол қоғамдық құрылысты екі топқа бөледі: біріншісіне - материалдық игіліктер өндіретін сала, (оған жататындар-өнеркәсіп ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласы), екіншісіне-денсаулық сақтау, мәдениет және адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін басқа да маңызды салаларын жатқызады. Сонымен қатар, К Маркс қоғамдық өндірісті екіге бөледі. Бірі өндіріс құрал- жабдықтарын өндіретін сала, екіншісі-тұтынатын тауарлар өндіретін сала, сөйтіп, екі бөлімшенің арасындағы байланысты көрсетіп, пропорцианалдықты қамтамасыз ететін жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс мәселесін шешетін механизмді ашты және олардың экономикалық өсуге әсерін дәлелдеді.

  1. ғасырда экономикалық өсудің жаңа модельдері пайда болды, олар неокейнсианстволық, неоклассикалық, көп факторлы және әмбебап үлгілері, Домар- Харрод үлгілерін де жатқызуға болады.

Көп факторлы үлгі барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы фактордың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Бұдан көретініміз осы барлық фактордың ықпал етуі өндірілген мүмкіндік қисық сызығын көрсетеді. әр тұрлі фактордың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Ұсыныстың кез-келген факторының күшеюі (ресурс санын көбеюі, сапасының жоғарылауы және техникалық прогресс) өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын оңға жылжытады.

Екі факторлы үлгіге еңбек және капитал жатады. Бұл үлгіні екі вариантпен құруға болады: біріншісінде ҒТП есептемейді, еқіншісінде есептеледі. Егер ҒТП болмаса, капитал қорлануы баяулап, ақтық өнімнің төмендеуінеәкеледі және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-ның орындалуы шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, инвестиция өседі. Инвестиция экономикалық өсуге әр түрлі әсер етуі мүмкін. Соның бірі еңбек шығының үнемделуі және капитал шығыны өсуіне алып келеді. Оларды еңбек жинақтаушы дейді. Еңбекке қатысты капиталды көбейтуге кеткен инвестициялар еңбекті жоғары дәрежеде қысқаттады. Оларды капитал сақтаушы дейді. Еңбек пен капиталдың үнемділігі үйлестіретін инвестициялық теңесуін нейтралды деп атайды.

Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін дамыған елдердің әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің үлгілері мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжам құрады.

Өсу формуласының негізінде Дж. М. Кейнстің «Мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек акселератор теориясымен толтырылады.

Мультипликатор -көбейткіш, ал акселеатор -үдеткіш. Бұл дайын өнім сұранысының артуына деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Р. Кан 1931 жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыс пен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» кітабында дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және т. б. өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.

Акселератордың іс-әрекеті мультипликатор инвестицияның көбеюі мен ұлттық табыстың өсуін қарастырады. Акселератор -дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэфициенті. Ұлттық тадыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді, өз кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді, өз кезегінде бұл барлықжүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет 1913 жылы француз экономисі А. Афтальон және 1919жылы американдық Дж. Б. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрод, Е. Домар, Э. Хансен т. б. еңбектерінде одан ары дами түсті. Олар мультипликатор мен акселераторға сүйене отырып, экономиканың үздіксіз өсу үлгісін жасап, қорытындысында мемлекеттік қаржыландырудың керектігін айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бименгиева Экономикалық теория
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық өсу концепциялары
Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz