Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Орындаған: Тәтіғали А. Д
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Семей 2015
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
а) Үссік терминіне түсінік
б) Үсіктің дәрежелері
в) Үсік шалған кездегі алғашқы көмек
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Үсу - суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, жануарлардың жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе мұрын, құлақ, желіні, жылқыда тұяқ құндыздығы, тұяқ терісі шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген жануарды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, қораға қамайды. Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 - 40°C) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. 3-4 дәрежелі үсікке шалдыққан жануарды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ветеринарды шақырту қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.
Ғылыми әдебиеттерде үсіктің 4 дәрежесі болатындығы белгілі. Үсіктің дәрежелеріне сай белгілері малды жылы жерге әкелгеннен кейін біліне бастайды. Бірінші дәрежесінде ісіну жақсы байқалады, іші қызарған сұйықтыққа толған күлдіреу пайда болады. Үшінші дәрежеде жан-жаққа жайылған сұйық ісіну қызара көгері, сезімталдығының, жайылуы мен дымқыл өліеттену байқалады.
- I дәрежелі үсіну зақымдалған жер бозарып, малдың жалпы күйінде өзгеріс байқалмай, терісі аздап тығыздала түседі де, бірнеше күннен кейін үсіген аумақ түлейді немесе терінің эпидермисі әр түрлі көлемде тілінеді.
- II дәрежелі үсіну тері едәуір тығыздалып, күңгірттеніп аздаған қанды сарысуды күлдіреу пайда болып, кейде тоңазытқан етке ұқсайды, күлдіреуіктер жарылады немесе ондағы қанды сарысу сіңіп кетеді. Оған қоздырғыштар түссе ластанып іріңді жараға айналады. Асқынған жағдайда малдың жалпы қызуы көтеріледі.
- III дәрежелі үсіну тері бозарып, жансызданып салқын тартып қатаяды, жылытқаннан соң қара қошқыл, кейде қарайып кетеді. Үсіген аумақта қоңыр күңгірт сұйығы бар үлкен көлемді үлкен күлдіреу байқалады. Аталған жердің және айналасындағы ұлпалар ісініп, жансызданып тілінеді.
- IV дәрежелі үсіну зақымдалған аумақтың ұлпалары жарылған аған сияқты сынып кете береді, қолмен ұстасақ бұл жерлер мұздаған жылыған соң, домбығу ұлғаяды, дымқылданып өліеттену тереңгі ұлпаларға (бұлшық ет, сүйекке дейін) жайлайды.
Жануарларға сыртқы температураның әсері және оған бейімі:
Физиологиялық адаптация деп сыртқы ортаның нақтылы жағдайына организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін морфо-физиологиялық процестер жиынтығын айтады. Адаптация нәтижесінде организнің тіршілік ортасының экологиялық жағдайына (температура ауытқуларына, оттегі, жарық тапшылығына, азық түріне т. б. ) төзімділігі қалыптасады.
Қоршаған орта жағдайларының өзгерістері міндетті түрде организмде функциялар ауытқуларын тудырып, шектен артып кеткен жағдайда өлімге әкеп соғады.
Термобейтарап аймақта организм сыртқы ортамен жылу теңдестігі жағдайында болады.
Эвритермиялы жануарлар - сыртқы орта температурасының ауытқуына төзімді, стенотермиялы жануарлар - төзімсіз жануарлар болып табылады.
Гомойотермиялы жануарларда жылу алмасуды реттейтін механизмдердің бір тобы организмнің маусымдық ауытқуларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Мәселен, жыл маусымымен байланысты тері түгінің қалыңдығы, шелдің қалыңдығы, зат алмасу қарқыны және термибейтараптық аймақ шегі өзгереді. Ал реакциялардың басқа тобы организмнің орта температурасының қысқа мерзімдік, қалыпты жағдайда кездесе бермейтін ауытқуларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл процесс химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері арқылы атқарылады. Организмнің тұрақты реакцияларымен бірлесе отырып, аталған бейімделі реакцияларының өзгермелі (лабильді) түрлері организм күйін орта жағдайымен толық үйлестіріп отырады.
Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші - малды жақын маңайдағы жылы жерге апару керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез малдәрігерді шақыру қажет.
Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы - май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.
Үсіктің жалпы еміне тоқталсақ, реакцияға дейінгі кезеңде жылы ванна қолданып Соллюкс шамымен қыздырып уқалайды . Реакция кезінде, яғни үсіктің бірінші дәрежесінде, үсіген малды жылы қораға әкеліп, үсіген жерді сабынды сумен жуып, камфорлы спиртпен, 0, 5-1 % пиоктаниннің спирт ерітіндісімен сүртіп, уқалап Соллюкс шамымен қыздырып , қымтап жылытады. Екінші дәрежесінде камфорлы спиртпен үсіктің бетін өңдеп, күлдіреген терінің бетін жарып, пиоктаниннің 2% ерітіндісімен , ультра күлгін сәулемен сәулеттіріп, Вишневский эмульсиясының, стрептомицин, биомицин май дәрілерін қолданып дәкемен орайды. Көлемді өліеттенулерде некроэктомия операциясын, кей жағдайда мүшелерге ампутация жасап емдейді. Операцияны асептика және антисептика ережелерін сақтап жалпы немесе жергілікті жансыздандыруды қолданып жасайды.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz