Бидай өндіру технологиясы (морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу) туралы ақпарат



IКіріспе
Қазақстан Республикасындағы бидай өндіру технологиясы.
II Негізгі бөлім
1.Бидай туралы жалпы түсінік.
2.Морфологиясы мен ерекшеліктері.
3.Елімізде кездесетін бидай сорттары.
4.Бидайдың өсу фазасы.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған елу елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.
Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған.
Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді.
1.В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.
2.М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
3.И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
4.Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бидай өндіру технологиясы:(морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу).

Тексерген: Татенов А.Б.
Орындаған: Тулеубаева А.

Семей, 2015жыл

Жоспар
I Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы бидай өндіру технологиясы.
II Негізгі бөлім
1.Бидай туралы жалпы түсінік.
2.Морфологиясы мен ерекшеліктері.
3.Елімізде кездесетін бидай сорттары.
4.Бидайдың өсу фазасы.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Бидай өндіру технологиясы:морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу.
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған елу елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.
Бидай -- астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған.
Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, тритикале және булгур жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы - өзімізге белгілі манная крупа. Тритикале - будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.

Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері - алдыңғы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан.
И.С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады. ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай,Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде.
Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн.га. шмасында ,екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді.

Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.
Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.
Сабағы - сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді.
Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.
Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді 3-5 гүлден тұрады. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы.
Жемісі- дән, ол үш бөліктен - қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.
Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30.
Жемісі- дән, ол үш бөліктен - қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.

Бидай сорттары.
1.Жаздық бидай.
Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30.
Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.
ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді.
Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады.
2.Күздік бидай.
Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидай өндіру технологиясы: морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу
Бидай өндіру технологиясы: морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу жайлы
Бидай өндіру технологиясы: морфологиясымен танысу және өсу фазасын зерттеу
Бидай өндіру технологиясы
Ашытқы дақылдарының биомассасында белоктың жинақталу мөлшерін анықтау
Биотехнологияның экологиялық негіздері пәніне арналған зертханалық әдістемелік нұсқау
Жағынды дайындау
Алшақ будандастыру
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Пәндер