Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
«Киім және аяқ киім гигиенасы» пәнінен
БАӨЖ
Тақырыбы: Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Орындаған: Мұратбек Гүлайна
Тобы: ТК-321
Тексерген: Нұрымхан Г. Н.
Семей, 2015 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1. Киімді құрастыру және пішудегі қасиеттері
2. 2. Киімнің жылу беру қасиеті
2. 3 Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде калифорниялық ғалымдар киім тігуге болатын жеңіл әрі дем алу мүмкіндігі бар материал дайындау үстінде. Нанометрлі диаметрге ие сымдардың көмегімен тігілген киімдерді дайындау қарапайым үлгідегі киімдерді тігуден әлдеқайда арзан болмақ.
Жаңа құрылымға ие болатын киім қоршаған ортаның жылуын сіңіріп, оны ұзақ уақытқа дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Зерттеушілердің айтуынша, әрбір тұтынушы термоматадан тігілген киімнің арқасында жылына 1000 киловат жылуды үнемдей алады. Орташа есеппен алғанда, бұл бір жанұяның бір айдағы жұмсайтын энергиясына тең. Сонымен қатар, ғалымдар жылу саласында пайдаланылатын энергияның жартысынан көп бөлігі үйлер мен ғимараттарды жылытуға жұмсалатынын анықтаған. Енді осы шығынды 3 есе үнемдеуге болады.
Маталардың ж ылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне: саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта) қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай, келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек, шыт маталарының бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты салыстырмалы түрдегі жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады. Керісінше, жүннен жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан, қоршаған едәуір жылу берілуінің алдын алады.
2. 1 Киімді құрастыру және пішудегі қасиеттері
Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс дамуының соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем модельдеу, сосын киімді тігу - ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені мен түрі - түсі, мата бетінің бедеріне мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып келеді. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Киімнің пішілуі ең негізгі бөліктерден тұрады. Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің формасына байланысты. Сонымен бірге жеңнің тігілуіне, орналасуына, түріне қарай бірнеше топтары бар. Мысалы:тұтас пішілетін жеңдер реглан және жартылай реглан болып бөлінеді. Мұндай жеңнің жең түптері кең келеді. Сонымен қатар қондырмалы жеңдердің де бірнеше түрлері бар. Жең аузы жеңнің таңдалуына байланысты: көмкермелі, бүрмелі, әдіпті, қаттамалы болып тігіледі. Негізінде адам дене бітімі 3 бөлімнен тұрады, бой биіктігі, кеуде айналымы, мықын айналымы. Бұл өлшем адамның жалпы өлшемі болып есептелінеді. Еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап етеді. Тігін өндірісінің алдында тұрған салмақты мәселелер де тек білікті мандар арқылы шешімін таппақ. Киім ассортименті оның пішінімен селуеті жең және жағасына пішімін айқындайтын үлгі құрылымына байланысты.
2. 2 Киімнің жылу беру қасиеті
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0, 006-0, 097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор. Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.
Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м 2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т. с. с. ), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
2. 3 Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты - көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.
Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz