Бейінді оқытудың әдістемелік негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. 1 Бейінді оқытудың әдістемелік негізі

1. 2Қазақстан Республикасында бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы.

1. 3 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАЯРЛАУ

1. 4Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды

қадам болып табылады. Осы сияқты көлемдегі барлық басқа жаңа

енгізілімдер сияқты, бұл қадам да барынша ойлануды, тындырымды

нақтылауды керек етеді. Ең алдымен, «бейіндік оқыту» және «бейіндік

мектеп» ұғымдарын ажырату қажет.

Бейіндік оқыту - саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру

үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе

отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен

бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік

қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына

сәйкес оқыту жағдайларын жасау.

Бейінді оқытудың әдістемелік негізі

Бейінді оқыту - білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұнында және

ұйымдастырылуындаға өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары,

бейімдіктері және қабілеттері толық есепке алынғанда, оқуды жалғастыруға

байланысты жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары мен

ниеттеріне сәйкес білім алулары үшін жағдай жасалған кездегі білімді

дифференциациялау және даралау құралы. Бұл ретте оқушының жеке білім траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.

Бейіндік мектеп осы мақсатты іске асырудың институциналды түрі, әрине

бірегей емес негізгі түрі болып табылады. Жекелеген жағдайда, бейінді

оқытудың басқа түрлері де перспективті болуы мүмкін, мысалы, жеке бір

мектеп қабырғасында, ы сәйкес білім бағдарламаларын іске асыратын түрлер.

Экспериментке қатыастын жалпы білім беретін мектептер «сынақ алаңы»

ретінде ғана емес, бейінді оқытудағы жаңа құрылымды ашудағы серіктес

ретінде танылады.

Профиль базистік оқу жоспарымен (ТОЖ) бекітілетін оқу уақытының

минимальды көлемі, санитарлық жүктеменің максималды лимиті сияқты оқу

жүктемесінің нормасына қатысты жалпы шекті талаптарға жауап беретін

негізгі, бейіндік және элективті курстардың бірігуі болып табылады. Демек,

негізгі, бейіндік және элективті курстарды біріктіру арқылы оқушыларға

әртүрлі дайындық деңгейімен (оқушымен таңдалған) оқу орнын бітіріп шығуға

мүмкіндік беретін толық орта білімді алып шығудың жеке бағдарламасын

немесе жеке бағытын құруға мүмкіндік .

Бейінді оқыту - бұл оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және

қабілеттері есепке алынатын, оқушылардың кәсіптік таңдауларына сәйкес

олардың дамуына жағдай жасалатын, оқу қызметін ұйымдастыру түрі, оқуды

дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.

Бейінді оқытудың әдістемелік тәсілдері, стратегиясы, мақсаты мен

міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет.

Жалпы орта білім - оқушылардың функцоналдық сауаттылығы мен

әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге, оларды қоғамдық және азамттық

өзін-өзі анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы. Бұл

функциялар өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тани алатын, өзінің

әлеуетті мүмкіндіктері, таңдаған өмірлік жолын іске асыру ресурстары мен

тәсілдерін анық тани білетін, әлеуметтік сауатты және әлеуметтік мобильді

тұлғаны қалыптастыруға мақсаттардың бағытталғанын көрсетеді. Аталған

мақсаттарды тиімді іске асыру оқытуды даралар және оқушыларды

әлеуметтендіруге бағдарланған, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары

кәсіптік білім ұйымдарымен мектептердің жоағыр сатылары профилі мен

кооперациясының икемді жүйесін жасау сияқты еңбек нарығының шынайы

қажеттілігі есебімен, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарда8

«мамандандырылған дайындау жүйесі» болып табылатын, бейінді оқытуды

енгізген кезде ғана мүмкін. Оқушылардың бейінді оқытуы ұйымдастыруын

құру және эксперименттік тексеру білім беруді жаңалау стратегиясына

негізделеді (білімді оның тұлғалық дамушы бағытталуын даралау және

дифференциациялау, қызметтік және құзыреттік тәсілдерді іске асыру,

коммуникативтік дамыту, аймақтың еңбек нарығы қажеттілігі мен

геоэкономикалық кеңістігін есепке алу) .

Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі

болып табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі

болып табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан

метептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге

және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге

бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек,

себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер

етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы

негізінде ғана емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының

мүмкіндіктерін, аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтікмәдени орта

дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі «таяу даму

аймағын» құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен

дамыту үдерістерінің динамикалық қатынасы туралы Л. С. Высотскийдің

гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В. В. Давыдовтың

дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы

оқыту мазмұнының әдісі - оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу

қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі - басты психикалық жаңаашылымдар

болатын теориялық білім болып табылады. Кейінірек бұл идеялар

Ш. А. Амонашвили, В. В. Рубцов, И. С. Якиманский және т. б. жұмыстарында

қарқын алды .

Бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзін-өзі

дамыту феноменінің әдістемелік негізін әр оқушының даралығы, өзіндік

ерекшелігі, өзін-өзі бағалауын мойындау негізіне кіретін, білім берудегі жаңа

тәсіл - антропоэкологиялық тәсілді (А. А. Макареня, С. В. Кривых, И. В. Иванов,

Е. В. Бускина, А. Н. Макарчук) ашады. Адамзат табиғатының терең біліміне

(онтогенез дағдарысы, жас физиологиясы мен психологиясы, идентификация

заңдары, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту) негізделген

тәсіл - білім берудің гуманистік тұжырымдамасы талаптары: толеранттық,

педагогикалық қолдау, атсалысу және т. б. талаптарды есепке алатын, субъект-

субъекттік қатынас. Баланың барлық даму сатысын: дене, эмоционалдық,

зияткерлік, рухани-адамгершілік, әлеуметтік және т. б. оның қалауы,

қызығушылығы мен талпысынына сәйкес, оқушы денсаулығын сақтау кезіндегі

оның жеке даму қарқынын дамытуды қамтамасыз ететін когнитивті,

перцевтивті, креативті қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алатын тәсіл.

Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:

- Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңы;

- Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050»

стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;

- «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық

қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы

30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап жалпы білім

беретін мектептердің, интеллектуалдық мектептердің, лицейлердің,

гимназиялардың жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға арналған

«Бейіндік мектеп» бағдарламасы іске қосылады деп атап көрсетілген.

Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік мектепте 10 сыныпты аяқтаған түлектердің 60% оқиды деп

күтіледі. Бұл ретте бейіндік мектептер ашып, олардың жанынан

жатақханалар ашылып, олардың жартысынан көбі - ауылдық жерлерде

болады деп күтілуде. Осымен бір мезгілде, базаларында бейіндік оқыту

бағдарламаларын жүзеге асыратын мектептер ашылатын 40 базалық ЖОО

анықталған (11-12 сынып) .

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАЯРЛАУ

Білім беруде қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болашақ педагог мамандарды бейіндік оқыту бағдарламасының бағыты бойынша дайындау. Жалпы бейіндік оқыту дегеніміз не? Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар. Бейіндік мектеп - бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Қазақстан Республикасында Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасын дайындап ұсынды. Аталған Тұжырымдама Шетел практикасының бейіндік оқыту

тенденциялары, Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі, 12 жылдық білім беру моделіндегі бейіндік оқытудың ұйымдастыру мақсаты мен басшылыққа алу ережесі, Бейіндік оқытудың білім беру мазмұны, Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мүмкіншілік түрлері, Бейіналды даярлығы, Орта білім жүйесіндегі жалпы орта білім беру, Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту Тұжырымдамасын іске асыру процесін басқару тарауларынан тұрады. Яғни осы Тұжырымдаманы негізге ала отырып, жалпы орта мектептердегі жоғары сыныптарды бейіндік оқыту бағдарламасына сәйкес білім беруге болады деп айтуымызға толық негіз бар.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыру үшін алдымен бейіндік оқытуды іске асырудың моделін құру қажеттігі туындайтыны белгілі. Сонымен, Қазақстан Республикасындағы бейіндік оқытуды іске асырудың моделі қандай құрылымдық бөліктерден тұрады? Бұл мәселе бойынша көптеген жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті А. А. Мұқатаев төмендегі моделді ұсынған .

Бейіндік оқытуға көшуде мұғалімге жоғары талап қойылады, яғни, мұғалімдерді жаңа жағдайға сәйкес даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау қажеттігі туады. Аталған мәселені шешу кешенді түрде жүзеге асуы тиіс. Бұл, біріншіден, педагог мамандарды даярлау саласында тиісті бағдарламалар және педагогикалық практика арқылы, екіншіден, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде тиісті деңгейдегі теориялық және практикалық курстар арқылы, сол сияқты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту арқылы жүреді.

Осыған байланысты, қазіргі таңда білім бағыты бойынша дайындалып жатқан мамандар үшін, жоғарыда аталған модельді негізге ала отырып бейіндік оқытуды ұйымдастыру жолдарын түсіндірсе, сонымен қатар, бейіндік оқытуға бағытталған бағдарламалар мен басқа да құжаттарды оқу процесі кезінде үйретсе, келешекте олардың бейіндік оқыту жөнінде толыққанды білімі болатыны белгілі.

Қазіргі таңда біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру сапасын жоғарылату, яғни даму жолын қайтадан қарастыру міндеті тұр. Сонымен қоса, егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты - бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басты мақсаты болып 12 жылдық мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету саналады.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтау, ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескеру, бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізу ұстанымдарын басшылыққа алады.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық деген үш бағытта жүзеге асырылады. Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты бойынша химия, биология, география, физика, информатика пәндері оқытылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды, ал технологиялық бағыты мына пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: химия, биология, физика, технология, графика және жобалау.

11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 9-10 сыныптың оқушыларын даярлау мақсатында бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады.

Бейіналды даярлық жүйесі 9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын өздері таңдауды немесе жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылады.

Бейіналды даярлық 9-10 сынып оқушыларының вариативті компоненттері мен жеке оқытудың оқушы компоненттері оқу бағдарламасының жұмасына 4 сағат көлемінде анықталады. Бұдан басқа, бейіндік оқыту инвариантты компонентті жалпы білім беретін пәндер мазмұны арқылы іске асады.

Оқушының болашақ ЖОО-на түсуіне және жоғарғы кәсіптік білім алуына септігін тигізетін білім алу бағытын таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі міндетіне жатады. Яғни, бейіналды даярлықтың арқасында оқушылар өмірлік маңызды таңдауды да дұрыс жасай алады.

Бейіналды даярлықта білім беру жетістіктерінің жиынтығын көрсететін негізгі құжат портфолио болып табылады. Онда оқушылардың атқарған жұмыстарының сапасын, бейіндік оқуға бағыттығын, оқу және шығармашылық пен қызығушылық белсенділігінің динамикасы жөнінде мәліметтер береді.

11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың қалыптасқан мақсаттары және ұйымдастыру құрылымы ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейіндік оқытуды таңдаудың негізі болып оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы қаралады. Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және желілік бейіндік оқыту жатқызылады.

Бейіндік оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Бейіндік сынып мұғалімдері нәтижеге бағытталған оқу процестерін және білім сапасын тиімді басқарулары керек. Мұғалім жоғары кәсіби құзыретті деңгейде болуы, ал оның білім беру процессіндегі іс-әрекеттері оқушылардың қызығушылықтар мен бейінділіктерін толық ескеруі керек. Сонымен қоса, мұғалімнің рөлі оқушылардың оқу бағдары мен болашақ кәсіп таңдауында өте маңызды. Кез келген мұғалімнің ең басты міндеті өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға баса көңіл бөлу болып табылады. Өйткені білім беруді жаңғырту «білім беру саясатын субъектілері арасында жауапкершіліктерді бөлу мен барлық білім беру процесіне қатысушылардың - оқушы, педагог, ата-ана, білім беру мекемесі рөлдерін арттыру негізіндегі ашық жүйе ретінде» қарастырылатын білім беру процесінің барлық субъектілеріне жоғары талаптар қояды.

Ал Қазақстан Республикасының бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының негізгі идеяларын іске асыру жағдайларына келетін болсақ:

o ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бейіндік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Мектепішілік бейіндік оқыту
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Бейіндік оқу
Дарынды балалармен жұмыс жасағанда мұғалімнің қызметі
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz