Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай тарих және көркемдік шындық туралы ақпарат



1.Бұқар толғауларындағы Абылай бейнесі
2.Бұқар жырларындағы Абылай ерлігі
Бұқар толғауларынан Абылай бейнесі ерекше орын алған. Бұқардың «Ай, Абылай, Абылай», «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Құбылып тұрған бәйшешек», «Қалданменен ұрысып», «Қазақтың ханы Абылай», «Ал, тілімді алмасаң» сияқты көптеген толғаулары Абылайға арналған. «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» толғауында:
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің, – деп Абылайдың азаттық жолындағы қолбасшылық ерлігін дәріптеген. Тиісті жерінде Абылайдың кемшіліктерін де батыл айтып отырған. «Сен қамалды бұзған Қанжығалы Бөгенбайдан асқан батыр ма едің? Қабанбайдан бұрын жауға найза сілтеп пе едің?» деп ханның жауды жеңуі батырлардың арқасында екенін, ханның олармен әрдайым санасуы керектігін айтқан.
Абылайға әрқашан ақыл-кеңес беріп жүрген Бұқар жырау. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау халқымен бірге халқының басына туған қиыншылықтарды кешірді. Олөзінің Отанын басқыншылардан қорғауға, елін, жерін жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың шығуын армандаған. Осындай арманы орындалып, ол сол кезеңдегі барлық жандардың ішіндегі ең мықтысы болған Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісілерінің бірі болды. Ол Абылай хан жорыққа аттанарда оған ақыл-кеңесін беріп, ақ батасымен жолға шығарған.
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Әбілмімбет төренің
Қызыметінде тұр едің,- деп оған толғау арнайды. Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ руларымен, көршілес елдермен қарым – қатынасына еркін араласа білді. Абылай хан ешқандай жорыққа Бұқар жыраудың батасын алмай шықпайтын. Бұқардың Абылай хан туралы тралы толғауларында ең алдымен оның жауларға қарсыкүрестегі ерлік істерін дәріптейді. Ол Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына көмектескен. Бурабай қазақ жеріндегі, сол кезеңдегі-ақ көркіне көз жетпейтін, аса сұлу табиғатты жер. Ол жер Абылай ханның ата қонысы.
1.Ж.Тілепов. Тарих және әдебиет.А., 2001, 124-б.
2.XVІІІ–XІXғ.ғ. қазақ ақындарының шығармалары. Құрастырған. Т.Дүйсенбаев. А., 1982, 7-б.
3.Сабыр Қозыбайұлы XV–XІXғ қазақ әдебиеті. Ақтөбе.2004,67-68-б.
4.Бұқар жырау Қалмақанұлы.Шығармалары. А.,1992, 39-б.
5. Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том. Құрастырған.Ш.Қ.Сәтбаев.А.,2000,358-б.
6.М.Жолдасбекұлы.Қ.Салғарұлы.А.Сейдімбек. Ел тұтқа. Астана, 2001,137-б.
7.Құрбанғали Халид.Тауарих Хамса.А., 1992,105-б.
8.Аманжолов К. Тасболатов А. Қазақтың әскери тарихы. А., 1999, 320-б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат
Пәні: Қазақ хандық дәуірі
Тақырыбы: Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай тарих және көркемдік шындық

Тексерген:Тоқсамбаева А.О.
Орындаған:Мусабекова А.С.
Тобы:КЯ-409(с)

Семей,2015 жыл

Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай тарих және көркемдік шындық

Жоспар:
1.Бұқар толғауларындағы Абылай бейнесі
2.Бұқар жырларындағы Абылай ерлігі
Бұқар толғауларынан Абылай бейнесі ерекше орын алған. Бұқардың Ай, Абылай, Абылай, Абылай ханның қасында, Ай, Абылай, сен он бір жасыңда, Құбылып тұрған бәйшешек, Қалданменен ұрысып, Қазақтың ханы Абылай, Ал, тілімді алмасаң сияқты көптеген толғаулары Абылайға арналған. Ай, Абылай, сен он бір жасыңда толғауында:
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің, - деп Абылайдың азаттық жолындағы қолбасшылық ерлігін дәріптеген. Тиісті жерінде Абылайдың кемшіліктерін де батыл айтып отырған. Сен қамалды бұзған Қанжығалы Бөгенбайдан асқан батыр ма едің? Қабанбайдан бұрын жауға найза сілтеп пе едің? деп ханның жауды жеңуі батырлардың арқасында екенін, ханның олармен әрдайым санасуы керектігін айтқан.
Абылайға әрқашан ақыл-кеңес беріп жүрген Бұқар жырау. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау халқымен бірге халқының басына туған қиыншылықтарды кешірді. Олөзінің Отанын басқыншылардан қорғауға, елін, жерін жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың шығуын армандаған. Осындай арманы орындалып, ол сол кезеңдегі барлық жандардың ішіндегі ең мықтысы болған Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісілерінің бірі болды. Ол Абылай хан жорыққа аттанарда оған ақыл-кеңесін беріп, ақ батасымен жолға шығарған.
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Әбілмімбет төренің
Қызыметінде тұр едің,- деп оған толғау арнайды. Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ руларымен, көршілес елдермен қарым - қатынасына еркін араласа білді. Абылай хан ешқандай жорыққа Бұқар жыраудың батасын алмай шықпайтын. Бұқардың Абылай хан туралы тралы толғауларында ең алдымен оның жауларға қарсыкүрестегі ерлік істерін дәріптейді. Ол Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына көмектескен. Бурабай қазақ жеріндегі, сол кезеңдегі-ақ көркіне көз жетпейтін, аса сұлу табиғатты жер. Ол жер Абылай ханның ата қонысы. XVIII ғасырда бұл аймақты Абылай хан басқарған Орта жүздің қазақтары мекендеген. Осында оның хан ордасы орналасқан. Абылайды осы сұлу аймаққа Бұқар жыраудың өзі әкелді.
Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді,
Абылай қоныстанған жерді
Көрмесең, көкірегіңнен шер кетпейді.
Абылай хан өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзенінің жағасында қайтыс болады.
Бұқар жыраудың Абылайға айтқан өсиет сөздерінің ең үлкені ел бірлігі. Қазақтардың жер бетінен жоғалып кетпей іргелі ел болуы үшін, дұшпандары ығатындай айбарлы күш болуы үшін де мемлекеттік саясаттың ең бастысы, маңыздысы елдің алтыбақан алауыз болмай, іштей ірімей тұтаса ұйысуы үшін де ел бірлігінің қажет екенін үнемі жырлаудан әсте тынбаған.
Кіші қара қалмақ бүлерде
Бозылардың билігі,
Бұлт бұрқан болысты,
Уағыдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті
Бірін-бірі күндесті.
Жаулаған ханын қара оңбас,
Хан қисайса бәрі оңбас,
Ханын қалмақ жаулаған
Сүйткен қалмақ оңбаған.
Жырау ойрат жұртының бүлінер, бұлғақ басталар тұсында олардың билігіне бұлт бұрқанның келгенін айтады. Бұл жоңғар билігіне Лама-Доржыны өлтіріп таққа отырған Даваци (Дабашы) мен Әмірсана екеуінің арасындағы билік үшін қырқыстың басталған кезі. Дабашы мен Әмірсана Сыбан Раптанның Тибет билеушісіне ұзатылған қызынан туған жиендері, Тибет ханзадалары еді. Жоңғар дәстүрі бойынша жиендер де ұлдан туған хан тұқымдарымен бірдей таққа мұрагер бола беретін. Қалдан Сереннің бұл жиендері Тибет далай ламасының тәрбиесін кӛрген діни білім мен тәрбие алған, діни атақ, лауазымдарға ие болатын. Бұқардың айтып отырған бұлт бұрқаны осындай діни лауазым болар деп топшылаймыз. Себебі бұрқан сөзі ежелгі түркі, қазақ тілдерінде будда ұғымын береді. Әр нәрседен білімі мол, көпті көрген Бұқар сөзі осыны меңзесе керек.Даваци мен Әмірсананың билік үшін қырқысуы қалмақ жұртын тоз-тоз қылады. Бұл орайда жырау ойрат билеушілері Даваци мен Әмірсананың тақ үшін таласып, қарақан бастарының қамы үшін ел қамын, оның бірлігінің қажет екенін ұқпай ақыр соңында Цинь, манжур езушілерінің жеміне айналған жан шошырлық
трагедиясын ханның да, халықтың да үнемі есіне салып отырады.
Орта Азия хандарының ішінде өзінің дипломатиялық шеберлігімен, ақылды терең саясатымен Абылай хан өз тұстастарынан, ерекшелене көзге түседі. Ресей мен Қытай секілді екі алыптың арасында жұтылып кетпей, екеуінің де көңілін табатын ақылды саясат жүргізіп, халқының болашағын ойлау өте қиын іс еді. Орыстың зерттеуші ғалымы Левшин Абылай туралы: Абылай тәжірибелі, ақыл-айласы жағынан болсын, сондай-ақ, өзінің Ресей
патшалығымен, Қытайдың Боғдыханымен жүргізген тапқыр да, шебер қарым-қатынастары жағынан болсын өз тұстарындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына қайырымды, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді, - деп мінездеме береді. Бұқар жырау да Абылайдың кемеңгер ел билеушісі ретіндегі қасиет -болмысын:
Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай мініңіз.
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге,
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз
Әдепті іске кірдіңіз - деп, жоғары бағалайды.XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары өз шығармаларында, толғау-жырларында алаш жұртының қамы үшін ер Едігедей арпалысып өткен қазақтың әулие ханы Абылайдың кейінгі ұрпақтың жадынан шықпас өшпес тұлғасын, жарқын бейнесін мәңгі сомдап кетті.Бұкар шығармаларының бір алуанының такырыбы Абылай есіміне байланысты. Абылайды жырлауда да сыртқы жауға қарсы күрес, ел ынтымағы, ел бірлігі Бұкар өлеңдерінің негізгі өзегі болып отырады. "Ей, Абылай, Абылай!" деген өлеңінің бір жерінде жырау:
Қырық беске келгенде,
Жаксы мен жаман демедің.
Елу жаска келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезенге тіредің, -дейді. Енді бірде "Үш жүздің басын қүрадың", -- деп, Абылайды Жоңғар қалмақтарына карсы күресте елге басшылық еттің, оның азаттык жолындағы күресінің ұйымдастырушысы, қолбасшысы болдың деп мадақтайды.
Жоңғар калмактарының Абылай түсындагы күшті ханы -- Қалдан Серен. Бұл -тарихта аты мәлім, әдебиеттен көп орын алған адам. "Қалмақта хан өтіпті Қалдан Серен" деп келетін өлең соның атымен байланысты. 1723 жылғы қазақ елін қара түнек "Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұламаға" ұшыратушы да сол Қалдан. Бұқар жыраудың айтуынша, Абылай бастаған қазақтар сол Қалданды бірде ойсырата жеңеді. Сол жеңісті дәріптеп шығарған өлеңінде жырау қазақтың басқа батырларының да ерлігіне айрықша тоқталады.
Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар -
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шакшақұлы Жөнібек...
Абылай салды жарлыкты,
Қалдан ханды кашырып,
Шеп салған жерін бүздырып
Ұрысты катты кыздырып, -деп суреттейді.Ғасырлар бойы қазақ еліне шабуыл жасап келген қалмақтың сол кездегі ең күшті ханын казақтың жеңгендігіне карт жырау қатты куанады, ел үшін ерлік көрсеткен батырларды ұрпакка үлгі ете тереңнен толғап, шабыттана жырлайды.Абылайды Абылай еткен, оған бак-абырой әперген, бір жағынан, "қарашаның елдігі болса", екіншіден "бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп", ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан.Абылай туралы өлеңдерінде Бұқар оның жақсылық жақтарын көріп қана қоймайды, кемшіліктерін де айтады. Ол "Ей, Абылай, Абылай!" деп, азуы алты қарыс ханға өктем сөйлейді. Айтарын бүкпейді, батыл айтады. Өйткені жырауға ел бірлігі, ел тағдыры кымбат. Өмірді кеңінен шолған, өз дөуірінің ойлы ақыны Бүкар жырау ханның ісі халык тілегіне кайшы келіп, елдің батырлары мен ханның арасы алшақтап бара жатса, Абылайдың қателіктерін ашық көрсетіп, ел бірлігі үшін олардың арасына дөнекер болып, ханға дүрыс бағыт сілтейді.Көп мөселелерді Бүқар терең түсінген. Қазақ елі айнала қамауда тұрғанын, түбі өзінің тәуелсіздігін корғап калу мүмкіндігі екіталай екенін сезе бастаған жырау, кіммен одақ, кімді сүйеніш ету керек дегенде, орыс елін мақүл көреді.Бұл туралы мынадай бір дерек бар. Бір жылы Абылай орыс патшалығына соғыс ашпақ болады. Қабанбай, Бөгенбай, Бұқар жырау ханның онысын дүрыс көрмейді.Абылай кол жиып аттанбақшы болғанда, жырау Абылайдың эр алуан өмірін айта келіп: "Абылай, сен қамалды бұзып қақ жарған Қанжығалы Бөгенбайдан аскан батыр ма едің? Қабанбайдан бұрын жауға найза сілтеп пе едің?" деп, бір жағынан, ханның жауды жеңуі халық батырларының арқасында екендігін, олармен ханның әрдайым санасуы керектігін айтса, екіншіден, орыспен соғысуды жалпы теріс деп табады. Тереңнен ойлайтын жырау астамшы ханға "орыспенен соғыспа" деп өктем үн қатады.Ойшыл жырау орыспен соғысу- еліне жаулық жасаумен бірдей деп білген. Қайта ол еліне жан-жақтан анталаған шүршіт, жоңғар қалмақтарынан гөрі іргелі, күшті, өнерлі орыс елімен ынтымақта болуды ұсынған. Сонсын жырау:
Шүршіт келем деген сөз бар-ды...
Егер шүршіт келмесін,
Егер шүршіт қаптаса,
Алып бір кетер актарып,
Көмулі көрден дененді, -деп шүршіт баскыншыларының ракымсыз жауыздьщ-тарынан Абылайды сақтандырған. Ойлы жырау сондыктан да елін Ресеймен татулыққа, ынтымаққа шақырады. Елінің тағдырына терең көз жіберген жырау өз толғауында осындай көрегендік байлам жасаған. Оның жырларындағы кұнды прогресшіл идея да осындай пікірлермен байланысты. Абылай өз кезінде кытаймен де, қалмакпен де, патша өкіметімен де әр түрлі дипломатиялық қарым-катынаста болған. Мұнда Бұкар жыраудың үлесі бары сөзсіз. Жырау көршілес елдермен ынтымақта, татулықта болуды калады.Ол ханға "жаулык жолын сүймеңіз" деп, тыныштык, бейбітшілік жолын ұсынады. Соғыспауға үндейді, "соғыссаң кетер сөніңіз" деп ұрыстың, жанжалдың, ерегістің неге апарып үрындырарын айтады. Жырау ханға, бір жағынан, ақыл-өсиет айта сөйлесе, екінші жағынан, "бұл қылықты қоймасаң... көрерсің сонан теперіш" деп қорқыта сөйлеп, тоқтау
айтады.Бұкардың тарихи мөні елді азаттык жолындағы күреске шакыруында, халықтың күшін дүрыс бағалай білуінде, ел бірлігін сактауға, өз елінің тыныштығы,бақыты үшін көрші халықтармен тату болуға үндеуінде. Күш ханда емес, халыкта екенін білуінде.Сөйтіп, Бұкар Абылайдың ұнамды жағьш да, саясатын-дағы кемістік жактарын да көрсете келіп, оны өзінше образ етіп шығаруға тырысады. Екіншіден, Абылай образын жасаудың айналасында халык батырларының ел үшін істеген істерін дәріптеп, басқаға үлгі етеді. Ел басқарушылардың халыкпен қарым-қатынасы, байланысы қандай болу керектігі туралы құнды пікірлер ұсынады.Бұкар жыраудың көп өлеңдерінің Абылайға арналуының негізгі себебі -- қазак елін сол замандағы беделді Абылай ханның айналасына топтастыру еді. Абылайға айтқан бір мақтау сөзінде жырау:
Үш жүздің басын кұрадың,
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың,
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз,
Арманын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы мәлімет
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық)
Қазақтың ханы Абылай
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Фольклор - сөз өнері
Пәндер