Қабыну және қабынудың себептері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қабыну

Орындаған:Ибрагимова А. Д

Топ:Вс-203

Тексерген:Нуркенова М. К

Семей 2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қабыну және қабынудың себептері, клиникалық белгілері, патогенезі

1. 1. Альтеративті және экссудативті қабынулар

1. 2. Продуктивті (немесе пролиферативті) және фибринозды қабынулар

1. 3. Іріңді және шірікті қабынулар

1. 4. Туберкулезге байланысты қабыну

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қабыну деп- организмнің патогенді әсерлерге қарсы бағытталған өте қомақты, кешенді(комплекстік) жергілікті, қорғаныс және жауап реакциясын айтады. Ол кең тараған патологиялық процесс, көптеген аурулар, әсіресе індетті аурулар, ағза мен тоқымалардың қабынуымен көрінеді.

Сонымен қатар қабыну кезінде көптеген процестер кездеседі. Яғни ағзаның қабынып қызаруы және ыстығының көтерілуі қан ағысының бұзылуынан ісінуден( сұйықтың тамырдан тканьге шығуынан) ауырсынудан зақымдалған учаскедегі сезімтал нервтердің тітіркену салдарынан, ісік сұйығының тканьдерді кернеуінен және оны бұзылған зат алмасу өнімдері тітіркендіргеннен, әрі физикалық, химиялық өзгерістерінен болады.

Негізгі бөлім

1. Қабыну және қабынудың себептері, клиникалық белгілері, патогенезі

pic1.jpg Қабыну-( лат. Inflammatlo-өрт, жалын) - деген мағынаны білдіреді. Қабыну деп организмнің патогенді әсерлерге қарсы бағытталған өте қомақты, кешенді(комплекстік) жергілікті, қорғаныс және жауап реакциясын айтады. Ол кең тараған патологиялық процесс, көптеген аурулар, әсіресе індетті аурулар, ағза мен тоқымалардың қабынуымен көрінеді.

Қабыну себептері . Қабыну себептері алуан түрлі болады. Қабыну көбінесе әртүрлі ауру тудыратын экзогендік және эндогендік факторлардың әрекетінен пайда болады.

Экзогендік
Эндогендік
Экзогендік:
  • Инфекциялық (бактериялар, улар)
  • Механикалық (соғылу, жарақаттану)
  • Физикалық ( сәуле немесе электр энергиясы, термикалық факторлар күйік, үсік)
  • Химиялық (қышқыл, сілті)
Эндогендік: Ткань шірінділерінің өнімдері, тромб, инфаркт, қан құйылу, зат алмасудың бұзылған туындылары. Қабынудың ішкі себептеріне нерв жүйесінің кейбір функциясының бұзылуы, мәселен, орталық симметриялық қабыну әсер етуі ықтимал.

Қабынудың клиникалық белгілері. Қабынудың клиникалық белгілеріне мыналар жатады.

  • Қызару /rubor/
  • Ісіну-/tumor/
  • Учаске температурасының немесе ыстығының көтерілуі /calor/
  • Ауырсыну /dolor/
  • Функциясының бұзылуы /function laesa/

Қабынып қызаруы және ыстығының көтерілуі қан ағысының бұзылуынан ісінуден( сұйықтың тамырдан тканьге шығуынан) ауырсынудан зақымдалған учаскедегі сезімтал нервтердің тітіркену салдарынан, ісік сұйығының тканьдерді кернеуінен және оны бұзылған зат алмасу өнімдері тітіркендіргеннен, әрі физикалық, химиялық өзгерістерінен болады.

Қабынудың патогенезі .

Қабыну ошағындағы өзгерістер негізінен 3 морфологиялық компоненттен тұрады.

  • Альтерация-ұлпалардың, торшалардың зақымдалуы
  • Экссудация-қанның сұйық затының, қан элементтерінің тамырлардан сыртқа шығуы.
  • Пролиферациялық-торшалардың көбеюі нәтижесінде зақымдалған ұлпаларды бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған. Мұның барлығы гистион деп аталатын дәнекер тоқыманың құрлымды-функционалды өлшемінің аймағында өтеді.

Альтерация- ұлпалардың зақымдануы, оған дистрофиядан бастап некрозға дейінгі барлық процестер жатады. Ол зақымдаушы факторлардың тікелей әсерінен(жарақаттану, күйік және т. б) немесе қан айналымының, зат алмасуының бұзылуынан болады. Қабыну альтерацияға ұшыраған жерден биологиялық әрекетшіл заттар-қабыну медиаторлары бөлініп шыға бастайды. Олар қабынуды іске қосушы механизмдер болып есептеледі.

Тура әсер етуші медиаторларға:серотонин, гистамин, анафилаксияның әрекеттеуші субстанциясы, простогландиндер, брадикинин, глобулиндер және т. б. жатады.

35_original.jpg Жанама әсер етуші, қосалқы әсер етуші медиаторларға:комплемент жүйесінің компонентері, лизосома ферметтеріжатады. Қабыну медиаторлардың қайнар көзі болып лаброциттер, тромбоциттер, базофильді, полинуклеарлы лейкоциттер, макрофагтар және лимфоциттер есептеледі.

Экссудация фазасы альтерация кезінде бөлініп шыққан медиаторларға жауап ретінде пайда болады. Экссудация фазасы өте күрделі сатылардан тұрады.

  • Микроциркуляция арнасының реакциясы және оған байланысты қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуы
  • Майда қан тамырларының өткізгіштігінің артуы
  • Қан тамырларынан қанның плазмасының бөлініп шығуы
  • Қан элементтерінің эмиграциясы

Қан тамырларынан шыққан торшалар қабыну ошағына қарай әрекет жасап, сол жерге шоғырланып, қабыну инфльтратын құрайды. Бұл құбылысты И. И. Мечников пайдалы хемостаксис(латынша. taxis-тартамын) деп атаған.

14323.jpg Пролиферация- торшалардың өрбіп өсіп, көбеюі-бұл қабынудың үшінші компоненті болып табылады. Қабыну ошағының шекаралануы кейінірек қайта құрылуы осы процеске байланысты. Пролиферация процесі жергілікті мазенхима торшаларына, қан тамырының ішкі, сыртқы кемерлерінің және де гематогенді элементтер:моноциттердің, лимфоциттердің көбеюі арқылы жүзеге асады. Қабыну ошағындағы зат алмасу процесінің күшеюі; жергілікті катаболитик анаболитик процестерде бөлініп шыққан қабыну медиаторлары, торшалардың ыдырау өнімдері осы торшалардың көбеюіне себеп болады.

1. 1. Альтеративті және экссудативті қабынулар

Альтеративті қабыну кезінде тоқымаларда зақымдалу процестері (дистофия және некроз) үстем болады. Негізінен альтеративті қабыну ұлпасы жақсы жетілген ағзаларда байқалады:жүректе, бауырда, бүйректерде және нерв жүйесінде.

Альтеративті қабынудың туындауы көбінесе күшті химиялық заттардың; қышқыл, сілті, улы заттарды әсеріне байланысты. Организмнің реактивтігі өте төмен болған жағдайда мысалы; туберкулез ауруында лимфа бездерінде некроз процестері басым болады. Альтеративті қабынудың ақыры-процестің қаншалықты терең жатқанына байланысты.

Экссудация (лат. exsudare - терлеу) - деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.

Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.

Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында олардың мөлшері өседі. Бұл онкотикалық қысымның көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз байланысты және ол үш сатыдан тұрады:

  • Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинация)
  • Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы тамырдың сыртына шығуы
  • Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы;

Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.

Image1022.jpg Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз) есептеледі. Фагоцитоз төрт сатыда өтеді.

  • Жақындасу
  • Жабысу
  • Жұту
  • Қорыту.

1. 2. Продуктивті (немесе пролиферативті) және фибринозды қабынулар

Продуктивті (немесе пролиферативті) қабыну деп торшалардың көбеюі процесінің (пролиферациясының) үсткмділігін айтады. Ал альтерация және экссудация процестері әлсіз болады. Торшалар саны жергілікті (гистиогенді) және гаматогненді(қан арқылы келуші) торшалардың бір жерге топталуы, не жайылмалы күйде жиналып қалса, оны торшалы инфильтрат дейді. Продуктивті қабыну 3-ке бөлінеді.

  • Аралық (интерстийиалды) қабыну
  • Гранулемді қабыну
  • Полиптер мен өткір ұшты кандиломалар

Аралық (интерстийиалды) қабыну ағзалардың қаңқасында әртүрлі торшалардың жиналып қалуынан болады. Аралық қабыну жіті және созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрде қабыну ошағында гистиоцит, моноцит, макрофаг, фибробласт, лимфоцит, плазмоцит тошаларын көруге болады. Аралық қабыну талшықты дәнекер тоқыманың өсуімен аяқталады, бұл процесті склероз дейді. Мысалы; пневмосклероз, нефросклероз.

Грануломатозды (лат. Granula- түйір дән) қабыну көбейген торшалардың ошақта жиналуынан пайда болады. Сол топталып қалған торшалар жиынтығын гранулема дейді. Ол 3сатығы бөлінеді.

  • Қабыну ошағында жас моноциттердің қаннаң шығып топталуы
  • Олардың жетіліп, макрофагтерге айналуы
  • Осы торшалардың әрі қарай жетілуінен эпителоидты және алып торшалары гранулемалардың пайда болуы

Гранулемаларды қазіргі уақытта этиологиясы, морфологиясы және патогензі бойынша иммуынды және иммунитетке байланыссыз деп 2- ге бөледі. Гранулематозды нәтижесінде граулеманың ортасында көбінесе некроз ошақтары кездеседі. Оның пайда болуы жалқақтық реакцияның үстемдігіне байланысты. Гранулеманы түзуші торша элементтері осы некрозды жағалай жайғасады. Гранулема ошақтары кейде іріңді абсцеске айналып кетеді.

Гранулематоздың соңында осы ошақтарды орнын дәнекер тоқыма басады. Оған мысал ретінде гельминтоздардан кейін пайда болатын халикоздарды, өкпеде туберкулезден кейін Гон ошақтарын келтіруге болады.

Гранулематоздың клиникалық маңызы осы айтылған склероз процесінің мөошерімен және оның қай жерде жайғасқанымен анықталады. Гранулематоз поцесі өте созылмалы процесс, оның әрбір кезеңі тыртықтану арқылы бітеді.

Полиптер мен өткір ұшты кандиломалар . Продуктивті қабынудың полиптер құраушы түрі шырышты қабықтарды және онымен шекаралас жалпақ эпителиде байқалады. Бұл кезде эпителимен қатар оның қаңқасында да өсіп кетеді.

Фибринозды қабыну . Фибринозды қабыну фибриногенге бай жалқақтық жиналуымен сипатталады. Фибриноген белогі жергілікті тромбопластин факторларының әсерінен фибринге айналады. Фибрин жіпшелері сірі қабықтардың үстінде түк сияқтанып, айталық жүрек эпикардың басып қалады. Мұндай жүректі «түкті» жүрек дейді. Фибрин жіпшелерінің басып қалу тереңдігіне байланысты фибринозды қабынудың; крупозды және дифтеритті түрлерін ажыратады.

Дифтеритті қабыну
Крупозды қабыну
Дифтеритті қабыну: Дифтеритті қабынудың түрінде пайда болған фибрин ағза қабырғасына бойлай сіңеді- оның ақыры фибриноидты некрозбен аяқталады. Төлдердің індетті қылауында өліеттенген қабыршақтар ішек қабырғаларында табылады. Сонымен қатар қабынудың бұл түрі көп қабатты эпителиймен қапталған ағзаларда; жұтқыншақта, бадамша бездерінде, қызыл өңеште, қынапта байқалады.
Крупозды қабыну: Крупозды қабыну көбінесе сірі қабықтарда кездеседі. Пайда болған фибринді қабыршақ оңай сыпырылады, некроз оның тек үстіңгі қабатында ғана байқалады. Өкпенің крупозды қабынуы жануарлар да жиі болады. Мысалы; ірі қраның пастереллезінде, ала өкпесінде т. б. Крупозды өкпе қабынуынан кейін жалқақтың коллагенизациясы болуы мүмкін, яғни бұл процесс( дәнекер ұлпамен алмасуына) пневмосклерозбен аяқталады.

1. 3. Іріңді және шірікті қабынулар

Іріңді қабыну. Жалқақтың құрамында лейкоциттер көп мөлшерде шоғырланып қалуына байланысты. Сол жердегі тірі және өлі лейкоциттер, макрофагтар, белокқа бай жалқақ, ыдыраған жергілікті ұлпа барлығы қосылып ірің құрайды. Ыдырау процесінде лейкоциттер майлы дистрофияға ұшырағандықтан, ірің сары түске енеді. Іріңді қабыну негізгі 2 түрге бөлінеді.

  • Абсцесс
  • Флегмона

Абцесс ( лат. Absceccus -бөлектену, оңашалау) деп сол жердегі ұлпаның некрозы әсерінен пайда болған шектеулі іріңді қабынуды айтады. Некрозға ұшыраған тоқымада көп мөлшерде лейкоциттер жиналады, олардың белокты ертіуші(протеолиттик) ферменттері өлі ұлпаны ыдыратып, іріңге толы қуыс пайда болады. Оның айналасы іріңді қабықпен (пиогенді мембрана) қоршалады. Егер абсцесс ағзаның сыртқы қабатына жақын жайғасқан болса, ірің айналадағы тоқымаларға жайылып кетуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыну түсінігі
Қабынудың себептері
Сойып ашу хаттамасы. Хаттаманың кіріспе бөлімі
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Серозды қабыну
Қабыну процесі
Қабыну жайлы мәлімет
Қабынуды емдеу
Жедел және созылмалы қабынудың патогенезі
Серозды домбығып қабыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz