Төрт ноқатты бұршақ қоңызының морфологиясы, биологиясы және күресу шаралары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Төрт ноқатты бұршақ қоңызы

Орындаған:Абзалова Т

Тексерген: Каламов Б. Х

Тобы: АГ-213

Семей 2015

Жоспар

I Кіріспе

Бұршақ қоңызы туралы түсінік

II Негізгі бөлім

1. Төрт ноқатты бұршақ қоңызының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

2. Даму кезеңдері, күресу шаралары

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Бұршақ қоңызы туралы түсінік

Бұршақ қоңызы (Bruchus pіsorum) - қатты қанаттылар отрядының дән қоңыздары тұқымдасына жататын жәндік. Негізінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына таралған. Даму циклі бір жыл. Денесін қоңыр түсті түктер басқан қара қоңыз, ұзындығы 4 - 5 мм, қанаттарының үстінде ақшыл дақтар мен жолақтар, құрсағының ұшында крест тәріздес ақ таңба бар. Бұршақ қоңызы қамбадағы және өнімді жинаған кезде егістікте шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Егістікте қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Олар жұмыртқаларын бұршаққаптың жақтауларына салады. Эмбриондық дамуы 6 - 10 күнге созылады. Дернәсілдері бұршаққапты кеміріп теседі де, дәннің ішіне енеді. Қоректену кезеңінде дернәсіл дәннің ішін үңгіп, қуыс жасайды. Дернәсіл мен қуыршақтың жетілуі түгелімен бір дәннің ішінде өтеді де, 1, 5 - 2 айға созылады. Қуыршақтанар кезінде дернәсіл дәннің керегесін ішкі жағынан кеміріп, беті жұқа қабыршақпен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Одан жас қоңыз шығады. Дернәсілдер зақымдаған бұршақ дәндерінің сапасы кемиді, дәмі нашарлайды, өнімділігі 75%-ға дейін төмендейді. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген жерге оларды кемінде 2 - 3 жылдан кейін ғана қайталап егу; өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту. Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті децис, т. б. инсектицидтермен өңдейді.

Төрт ноқатты бұршақ қоңызының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Төрт ноқатты бұршақ қоңызы - Bruchus pisorum L. Қатты қанаттылар отрядының дәнек қоңыздар тұқымдасына жатады.

Денесін тотық түсті түктер басқан қара қоңыз. Ұзындығы 4-5 мм. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденең ұзындығынан 2 есе артады. Үстінгі қанаттарында ақшыл дақтармен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы(пигидий) қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады. Личинкаларында аяқ болмайды, жуан денелі, ұзындығы 6 мм жетеді.

Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы облыстарында зиян келтіреді. Қазақстаннан басқа далалық және орманды дала аймақтарда, яғни Украинада, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде, Солтүстік кавказда, Батыс Грузияда, Армения мен Азербайжанда, Орта Азия республикаларында және Қиыр Шығыста таралған.

Зиянкес жылына бір генерация беріп көбейеді. Көбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады.

Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жпырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздардың жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалыңқы. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр ұрғашы қоңызға 130-750 жұмыртқадан келеді. Эмбриондық дамуы 6-10 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан личинка жарма үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Бір дәнге бірнеше личинка кіруі мүмкін, бірақ олардың ішінен біреуі ғана дамып, қалғандары өледі. Қоректену процесінде личинка дәннің ішін үңгіп едәуір кең қуыс жасайды.

Личинкамен қуыршақтың дамуы толығымен бір дәннің ішінде өтеді де 1, 5-2 айға созылады. Қуыршақтанар кезде личинка дәннің керегісін іш жағынан кеміріп, беті жұқа қабықшамен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Қуыршақтан шыққан жас қоңыз осы «терезе» арқылы сыртқа шығады. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады.

Даму кезеңдері, күресу шаралары

Бұршақ қоңызының личинкалары зақымдаған бұршақ дәндерінің салмағы кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75 % дейін төмендейді. Ондай дәндердің ішкі қуысы личинканың экскрементімен толы болады.

Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген учаскіде оларды аз дегенде 2-3 жылдан соң ғана қайталап егу керек. Бұршақ дәнді дақылдар егісінкөпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егісінен қашықтау учаскіге орналастыру қажет. Өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, экономикалық зияндылығы және күресу шаралары
Бұршақ және үрмебұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, экономикалық зияндылығы және күресу шаралары
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін карантиндік зиянкестер: биологиясы, морфологиясы және күресу шаралары
Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera): жіктелуі, морфологиясы, биологиясы және өсімдіктерге зияны мен күресу шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері және оларға қарсы күресу шаралары
Картоп пен көкөніс дақылдарының зиянкестері: морфологиясы, биологиясы және күресу шаралары
Жібек көбелектері мен жібек құрттарын өсіру: биологиясы, морфологиясы, анықтау және күресу шаралары
Американдық ақ көбелегі: зияндылығы, морфологиясы мен биологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегі және Комсток сымыры: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау мен күресу шаралары
Қауын шыбыны: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz