Ел әскерімен айбынды



“Қазақстан-2030” бағдарламасында бірінші басымдық болып ұлттық қауіпсіздік мәселесі қаралған. Бұған Елбасы Стратегияның 10 жылдығына арналған конференцияда тағы да ерекше мән берді. Өйткені қауіпсіздікке бекемдік көрсетпеген елдің болашағы елес-сағым ғана. Ал оны жүзеге асыру бұл салаға реформаларды дендеп енгізуден басталады. Екі кезеңге бөлінген реформаның алғашқысы – әскери құрамалар штатына өзгерістер енгізу болатын. Қазақстанда бұрын әскер құрамасында болмаған әуе қорғанысының өмірге келуі сол жұмыстың жемісі. Екінші кезең — ел қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ететін, жақсы жабдықталып, оқып-үйренген жұмылғыш қарулы күштерді құру.
Күнмен де түнмен де санаспайтын әскери өмірдегі ерен жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Қарулы Күштері – Құрлықтағы жаяу әскер, Әскери-теңіз және Әуе қорғаныс күштері болып айтулы үш бөліктен тұратын айбынды күшке айналды. Олардың құрамында жаңадан құрылған – Ракета және артиллерия, Аэроұтқыр әскер, Қарулы Күштердің тылы сынды әскер түрлері әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындап, ұлттық қауіпсіздіктің мызғымауына лайықты үлестерін қосып жатыр.
2000 жылдың 10 ақпанында Елбасы Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті. Қорғанысқа негізделіп, елдің әскери қауіпсіздігін нысана еткен бұл доктрина Қарулы Күштер алдына нақты міндеттер қойды.
Елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру мақсатында аумақтық қорғаныс жүйесі құрылды. Жаңа технологияларды әскери басқарумен қатар, жарақтану барысында қолдану да өз жемісін беруде. Қарулы Күштердің әскери бабында болуы тұрғысында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар жөніндегі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан арасындағы ынтымақтастық байланыстардың өз дәрежесінде болуы да үнемі назарда ұсталынады. Ал әскери құрамалардың даярлығы ұдайы жоспарлы немесе тосыннан жүргізілетін тексерулермен және әскери күштер мен құралдарды жаттығудан өткізу кезінде бағаланады. Әрбір осындай сын әскери командирлер мен жеке құрамның өсу үстінде екендігін көрсетіп жүр. Жаттығулардың жиілігі де артып, оған бөлінетін қаржы көлемі де өсті. Биылғы жылдың өзінде оған қаражатты қайта бөлуде бұрынғыдан екі есеге артық қомақты сома – 10,6

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЕЛ ӘСКЕРІМЕН АЙБЫНДЫ
 
“Қазақстан-2030” бағдарламасында бірінші басымдық болып ұлттық
қауіпсіздік мәселесі қаралған. Бұған Елбасы Стратегияның 10 жылдығына
арналған конференцияда тағы да ерекше мән берді. Өйткені қауіпсіздікке
бекемдік көрсетпеген елдің болашағы елес-сағым ғана. Ал оны жүзеге асыру
бұл салаға реформаларды дендеп енгізуден басталады. Екі кезеңге бөлінген
реформаның алғашқысы – әскери құрамалар штатына өзгерістер енгізу болатын.
Қазақстанда бұрын әскер құрамасында болмаған әуе қорғанысының өмірге келуі
сол жұмыстың жемісі. Екінші кезең — ел қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз
ететін, жақсы жабдықталып, оқып-үйренген жұмылғыш қарулы күштерді құру.
Күнмен де түнмен де санаспайтын әскери өмірдегі ерен жұмыстардың
нәтижесінде Қазақстан Қарулы Күштері – Құрлықтағы жаяу әскер, Әскери-теңіз
және Әуе қорғаныс күштері болып айтулы үш бөліктен тұратын айбынды күшке
айналды. Олардың құрамында жаңадан құрылған – Ракета және артиллерия,
Аэроұтқыр әскер, Қарулы Күштердің тылы сынды әскер түрлері әрқайсысы өзіне
жүктелген міндеттерді орындап, ұлттық қауіпсіздіктің мызғымауына лайықты
үлестерін қосып жатыр.
2000 жылдың 10 ақпанында Елбасы Қазақстанның Әскери доктринасын
бекітті. Қорғанысқа негізделіп, елдің әскери қауіпсіздігін нысана еткен бұл
доктрина Қарулы Күштер алдына нақты міндеттер қойды.
Елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру мақсатында аумақтық қорғаныс
жүйесі құрылды. Жаңа технологияларды әскери басқарумен қатар, жарақтану
барысында қолдану да өз жемісін беруде. Қарулы Күштердің әскери бабында
болуы тұрғысында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар жөніндегі, Ұлттық
қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан арасындағы ынтымақтастық
байланыстардың өз дәрежесінде болуы да үнемі назарда ұсталынады. Ал әскери
құрамалардың даярлығы ұдайы жоспарлы немесе тосыннан жүргізілетін
тексерулермен және әскери күштер мен құралдарды жаттығудан өткізу кезінде
бағаланады. Әрбір осындай сын әскери командирлер мен жеке құрамның өсу
үстінде екендігін көрсетіп жүр. Жаттығулардың жиілігі де артып, оған
бөлінетін қаржы көлемі де өсті. Биылғы жылдың өзінде оған қаражатты қайта
бөлуде бұрынғыдан екі есеге артық қомақты сома – 10,6 млрд. теңге осы іске
жұмсалмақ.
Қарулы Күштерді әскери техникамен жабдықтаудың қаншалықты маңызды
екендігі басы ашық мәселе. Бұл тұрғыда да еліміздің Қарулы Күштері үнемі
жаңғыру үстінде. Енді аздаған жылдардың өзінде заманауи техникамен
жарақталып, білікті кадрлармен қатарлары жыл өткен сайын толығып жатқан
Қарулы Күштер бейнесінің барынша өзгерері анық.
Отанымыздың әрбір бейбіт күнінің сақшысы – Қорғаныс министрлігі
“Қазақстан инжиниринг” ҰК-мен бірлесе отырып елдің қорғаныс қабілетін
арттыратын бағдарламалар мен қорғаныс өндірісін конверсиялайтын жобаларды
жасау жұмысына қатысуда.
Еліміздің экономикалық жағдайының жылдан-жылға артуы қорғаныс жүйесіне
деп бөлінетін қаржының да қомақты бола түсуіне оң әсерін тигізіп келеді.
2006 жылы ішкі жалпы өнімінің 1 пайызы бөлінсе, 2007 жылы ол 1,2 пайызды
құрап отыр, ал бұл 142,5 млрд. теңге. 2006 жылмен салыстырғанда бюджеттің
өсуі 60,6 млрд.теңгені құраған.
Еліміздің Қарулы Күштерін жарақтаудың маңызды мәселе екендігіне дау
жоқ, алайда жоғары деңгейде даярланған маман-кадрлары жоқ әскердің де
болашағы бұлыңғыр. Осы ретте отандық әскери мамандарды даярлайтын бірнеше
сатыдағы әскери оқу орындары ашылды. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов
атындағы “Жас ұлан” республикалық әскери орта білім беретін мектеп оның
алғашқы сатысы десек, кәсіби сержанттарды даярлайтын Ш.Уәлиханов атындағы
Кадет корпусы екінші сатысы. Ал Жоғары әскери-теңіз училищесі мен
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Құрлықтағы
жаяу әскер, Әскери-теңіз институттары заман талабына жауап беретін жоғары
білімді офицерлерді ұядан түлетіп ұшырған білім ордалары. Оған қоса Шет
тілдері әскери институтының ашылуы мамандарды даярлауға қаншалықты мұқият
көңіл бөлініп отырғандықтың айғағы. Магистратура және адъюнктура бойынша 5
жылға аттестациядан өткен Ұлттық қорғаныс университетінің жанынан
офицерлерді жоғары шен алардан бұрын қайта даярлаудан өткізетін арнайы
курстың ашылуы да әскерді маман-кадрлармен қамтамасыз етудің жолға
қойылғандығының белгісі.
Қай салада да томаға тұйықтықтан гөрі интеграция үдерісінен тыс
қалмауды көздейтін мемлекетіміздің саясаты қорғаныс мәселелері аясында да
өрби түсуде.
Мамандар даярлауда да біздің офицерлер АҚШ-тың бірқатар жоғары оқу
орындарында білім алуда. Олардың саны бұл күнде 200-ге жетті. Сонымен
бірге, мамандар даярлауда Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия
сияқты елдермен де жақсы ынтымақтастық орнаған. Бұл үрдістен көршіміз Ресей
де тыс қалып жатқан жоқ.
Әскери ынтымақтастық көршілес Ресеймен, Қытаймен, алыстағы АҚШ-пен
және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және НАТО
бағдарламалары аясында да өрістей түсуде. Бұған қоса екі жақты әскери
ынтымақтастық әлемнің алдыңғы қатарлы 20-дан астам елімен жүргізіліп отыр.
Қазақстанның Қарулы Күштері ел іргесінің бекемдігін, Отанымыздың
қауіпсіздігін сақтауда стратегиялық бағдарлама айқындап берген бағыттарда
жұмыстар атқарып келеді және оны орындауды өздеріне көрсетілген ең бір
абыройлы міндет санайды.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.
 
ТАСЫМАЛ ӘЛЕУЕТІ – ТЕМІР ЖОЛДА
 
Өткен жұмада Астанада “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығына
арналған халықаралық конференция болғаны мәлім. Сонда сөйлген сөзінде
Мемлекет басшысы республиканың транзиттік әлеуетін дамытуға, қоғамның
көліктік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді алға
қойды. Соған байланысты біз Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс
Қасымовпен әңгімелескен едік.
– Жеңіс Махмұдұлы, Стратегия шеңберінде нендей ірі жобалар жүзеге
асырылады деп күтілуде?
– Стратегия бойынша әр түрлі қаржы көздерінен құны 30 миллиард АҚШ
доллары болатын 80 инвестициялық жоба қаржыландырылмақ. Шамамен 1600
шақырым жаңа темір жол желісі тартылып, 2700 шақырым жол
электрлендіріледі. Стратегияны жүзеге асыру барысында жүк тасу көлемі 2,8
есе, жолаушы тасымалы 3,6 есе артты.
– Соңғы кезде темір жол саласында айтылып жүрген әңгімелер көп.
Сондықтан да сөзімізді осы бағытта жалғастырсақ. Темір жолдағы реформалар
қалай жүзеге асуда?
– Темір жол саласын реформалау 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасындағы темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасына орай
жүзеге асырылды. Оның негізгі мақсаты барлық қосалқы қамтамасыз етуші
қызметтерді бәсекелестік ортаға өткізуді аяқтау және жүк пен жолаушылар
тасымалы рыногында толыққанды бәсекелестікті орнату. Бағдарламаны жүзеге
асыру нәтижесінде вагон жөндеу және локомотив жөндеу саласында 57 кәсіпорын
құрылып, 13 жылу беру мен 76 сумен қамту нысаны, сондай-ақ 1-5 кластағы 77
вокзал коммуналдық меншікке берілді.
– Темір жол тасымалы дегенде алдымен вагондар ойға оралады. Осы
вагондар айналасында кімдер жұмыс істеп жүр?
– Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағындағы вагондардың жалпы санының
37 пайызын (35 мың данасы) жеке парктер құрап, олар өзгелермен қатар
тасымалдаумен айналысуда. Ал жолаушылар тасымалы саласында “Қазақстан темір
жолы”ҰК” АҚ-қа қатысы жоқ алты тасымалдаушы жұмыс істеуде. Осы жерде ерекше
айта кетерлік бір жәйт, жолаушылар тасымалындағы шығындарды жүк тасымалы
есебінен жауып келу дағдысы мемлекеттік субсидия беруге ауыстырылған. 2005
жылдан бастап жолаушылар тасымалындағы шығындар республикалық бюджет
қаржысы есебінен жабылып келеді. Осы мақсат үшін жыл сайын республикалық
бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінеді.
– Темір жол құрылысы саласында қандай жетістіктер бар?
– 2004 жылы Хромтау – Алтынсарин темір жол желісінің құрылысы
аяқталғаны белгілі. Ал 2006 жылы өзіндегі бар инфрақұрылымды жаңарту
шеңберінде Екібастұз – Павлодар темір жол желісін электрлендіру аяқталды.
Сол жылдан бастап Шар –Өскемен жаңа темір жол желісінің құрылысы
концессиялық негізде жүргізіліп келеді. Үкіметтің Ақтоғай – Достық учаскесі
және Достық стансасының тасымал мүмкіндігін кеңейтуді қарастыратын “2006-
2011 жылдары Ақтоғай – Достық темір жол учаскесін және Достық стансасын
одан әрі дамыту шаралары туралы” қаулысына сәйкес Достық кентінде
әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың құрылысын жүргізу, технологиялық
процестерді дамыту, жаңа техникалық құралдарды сатып алу, инфрақұрылымды
қайта құру және кеңейту жұмыстары жүзеге асуда. Халықаралық көлік
магистралінің Достық – Ақтоғай учаскесін күшейту үшін 2011 жылы өткізу
мүмкіндігін жылына 25 миллион тоннаға жеткізіп, темір жол транспортының
сенімділігі мен тиімділігін арттыру міндеті тұр.
Көлік стратегиясын жүзеге асыру барысында Қорғас – Жетіген, Жезқазған
– Бейнеу, Маңғышлақ – Баутино, Ералиев – Құрық және Өзен – Қазанджик
(Түркіменстан) темір жол желісі құрылысының жобалары жүзеге асырылмақ.
Темір жолдарды әрі қарай жетілдіре түсу үшін Мақат – Қандыағаш, Достық –
Ақтоғай, Ақтоғай – Мойынты, Алматы – Ақтоғай, Қостанай – Железорудная және
Хромтау – Алтынсарин учаскелерін электрлендіру шаралары жүргізіледі.
– Біз көбіне темір жол саласына керек-жарақтарды сырттан
тасымалдаймыз. Солардың кейбірін өзіміз де жасауымызға болмай ма?
– Жақын уақыттары америкалық “Дженерал Электрик” компаниясымен
бірлесіп Астана қаласында локомотив құрастыратын, Павлодарда темір жол
доңғалақтары мен кіндіктерін дайындайтын, сондай-ақ, Ақтөбе облысы Құмсай
ауылындағы “Мәртөк механикалық зауыты” ЖШС базасында темір жол вагондарын
шығару зауыттарының құрылысы басталады деп күтілуде.
Әңгімелескен Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

ТУРИЗМ – ТАБЫС КӨЗІ
 
Экономика тегершігінің үнемі үздіксіз қозғалыста тұруына көп жағдайда
сыртқы күштердің, оның ішінде шетелдік капиталдың ықпал-әсері орасан екені
анық. Бұл мәселеде туризм саласы бірден ауызға іліге кетеді. Себебі,
мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі –
осы туризм. Ел болашағының дамуын айқындайтын “Қазақстан 2030”
Стратегиясында да бұл сала экономиканың өсуіне және оның әртараптануына
ықпал ететін фактор ретінде танылған. Осы тұрғыдан алғанда, саланы
дамытудағы көзделген басты мақсат – туристік кешенді құру арқылы мемлекет
қоржынын толықтыру ғана емес, сол арқылы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын көтеру болып отыр. Бұл ретте, бірінші кезекте аталған саланың
заңдық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге айрықша мән берілетіні
анық. Аз мерзім ішінде туризмді жандандыруға сеп болатын бас-аяғы он шақты
заң жобалары мен бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асырылып жатқаны соған
дәлел.
Бір атап өтерлігі, аталған сала төңірегінде Қазақстан мен шетелдер
арасындағы халықаралық байланыстың нормативтік-құқықтық негізін берік
бекіту жағы да дұрыс жолға қойыла бастаған. Мәселен, бүгінгі күнге дейін,
өзге елдермен сала бойынша әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында 28
келісімге қол жеткізіліпті. Жапония, Сауд Арабиясы, Словения, Малайзия,
Грекия, Франция, Катар, Испания, Чехия, Румыния, Швейцария сынды елдермен
келісімге келудің заңдық жобаларын жүзеге асыру көзделуде. Шетелдік
туристердің еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызу жағы да мемлекет
назарында тұрған маңызды мәселелердің бірі. Бұл тұрғыда дүниежүзінің 56
мемлекетімен салааралық байланысты тұрақтандыру мақсатында арнайы нұсқау да
қабылданған болатын. Яғни, бұл нұсқау бойынша 56 елден келетін азаматтарға
кедергі келтіретін түрлі әкімшілік тосқауылдарды азайту мақсатында виза
жағынан жеңілдіктер қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда
Қазақстанның өзге мемлекеттермен әріптестік байланысы бір ізге түсіп
келеді.
Елдегі туристік саланы бір қадам болса да алға жылжытуда түрлі
халықаралық ұйымдардың үлес салмағы орасан екені сөзсіз. Қазақстанның
Дүниежүзілік туристік ұйыммен және осы ұйымға мүше елдердің туристік
әкімшіліктерімен арадағы байланысының жарастық табуының сырын осыдан
іздесек те болады. Қазақстанның бұл ұйымды соншалықты “бауыр тартудағы”
негізгі мақсаты – туризм саласының имиджін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөгенбай батыр (1690 - i778)
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Абылай және оның заманы
Ақшаұлы Бөгенбай
Абылай және оның заманы туралы
XVI-XVIII ғ. ғ. басындағы қазақ хандығы
Абылайдың шайқастары
Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күресі
Қазақ хандығының құрылуы, экономикасы
XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Пәндер