Шабындықтар мен жайылымдарда суару тәсілдерін пайдалану


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы

Мемлекеттік Университеті

ОСӨЖ

Тақырыбы: Шабындықтар мен жайылымдарда суару тәсілдерін пайдалану.

Тексерген: Сағындықов С. Н

Орындаған: Қасен Б. М

Топ: АГ-313 IIIкурс

Семей 2015жыл

Жоспар:

  1. Көлтабандап суландыру.
  2. Суару.
  3. Суару шаралары.
  4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Топырақта ылғалдың жетіспеуінің жайылым шөптердің өсуіне, жетілуіне және өніміне мейлінше кері әсер етеді. Топырақта ылғал қорын жинау үшін, әдетте қар тоқтатады. Әсіресе, оны далалық және шөлейт аймақтардағы жазық, ашық жайылымдарда жүргізудің маңызы зор. Қар тоқтатуды, бірінші кезекте құнды жайылымдық алқаптарда жүргізу қажет.

Жүргізілген тәжірбиелердің көптеген мәліметтері екпе жайлымдарда жүргізілген қар тоқтатудың шөптердің өнімі 33-100% ға дейн арттыратынын көрсетіп отыр. Ақтөбе облысының бұрынғы Темір тәжірбие станциясы ғалымдарының мәліметтері бойынша қар тоқтату нәтижесінде, бозды бетегелі шөптер өнім қар тоқтатылмаған телімдегі өнімге қарағанда 15-31%ға артқан.

Қар тоқтатудың негізгі әдістері мынадай: қар жалшаларын немесе үйінділерін жасау, әр жерге бауланған сабан немесе күнбағыс сабақтарын орналастыру, жылжымалы тоспа қалқандар т. б қою.

Су кез келген тірі ағзаның тіршілік етуіне қажетті жағдай болып табылады. Гүлдеу кезеңінде шөптердің құрамында 50-85% су болады. Минералдық қоректік заттар өсімдікке топырақтан суда еріген күйінде келіп түседі.

Сондай ақ өсімдіктер жерасты суларының топырақтың бетінен қаншалықты тереңде жатқанына да әр түрлі әсерленеді. Мәселен тамыр түйнек жемістілерді, дәнді және техникалық дақылдарды өсіргенде вегетативтік кезең бойына жерасты сулары орта есеппен 80-100см тереңдікте жатуы мүмкін.

Топырақты су ұстайтын құрылғылырдың көмегі арқылы тасқын сулармен ылғалдандыру көлтабандап суландыру деп аталады. Көлтабандап суландыру негізінен, шабындықтардан жинап алынатын мал азығы көлемін арттыру үшін қолданылатын топырақты ылғалдандырудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі. Профессор К. Ә Әубәкіров Қазақстандағы көлтабандап суландырудың дамуы мен жағдайын олық сипаттап берген. Қазақстанда көлтабандап суару сонау 1925 жылы басталған. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында көлтабандап шалғындықтар 900мың гектардан астам жерді алып жатыр. Бұл тәсіл малазықтық табиғи алқаптардың өнімділігін арттырудың мейлінше арзан және тиімді тәсілі болып шықты.

Қазақстанда көлтабандық алқаптары бастырылатын су көздеріне қарай;

Суайрықтық (тұйықтарын, далалықтарын, беткейліктерін қоса есептегенде) немесе тікелей тасқын сулармен бастырылатын көлтабандар.

Далалық өзендердің көктемдегі тасыған суымен бастырылатын жайылмалық (жайылмамаңындық) көлтабандар.

Су қоймаларынан, суландыру каналдарынан немесе көлдерден, өзендерден арнайы каналдардың көмегімен суға бастырылатын көлтабандар сияқты түрлерге бөлінеді.

Жайылымдарды суландыру жайылымдық мал шаруашылығының тіршілік қызметін қамтамасыз етудің шешуші шарттарының бірі болып табылады. Малды суару дұрыс ұйымдастырылмаса мынадай жағдайлар болатыны анықталған;

  • Қойдан қырқылатын жун өнімі 9-11% ға төмендейді
  • Қойдың тірілей салмағының төмендеуі 20-25% ға дейн жетеді.
  • Су көзіне жақын жайылым тозады т. б

М. Р. Қасеновтың мәліметтері бойынша жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында жерүсті суларының қорлары өте шектеулі. өйткені бұл арада жер үсті ағын суларының қорлары өте шектеулі, өйткені бұл арада жер үсті ағын суларының түзілуіне қолайлы жағдайлар болмайды. Сырдария, Іле, Шу, Талас, Сарысу сияқты өзендер егін шаруашылығын суландыруға кеңінен пайдаланып, өздеріне жақын аймақтарды сумен жабдықтау көзі мал суаты болып табылады.

Жерасты сулары бағзы замандардан бері қарай республиканың жайылымдық аумақтарының, әсіресе, шөлдер мен шөлейттердің негізгі су көздері қызметін атқарып келеді.

Суару -топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс. Дақылдардың вегетациясы кезіндегі суару саны және суармалау нормалары белгіленіп жүргізіледі.

Суару әдістеріне топыраққа суды жайып жіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіп суармалау әдістері қолданылады; суармалы жерге су жеткізу, болу, судың белгілі бір сандық таза көлемін пайдалану арқылы егістің өсіп-өнуі мен өнімділігін арттыруға жағдай жасау. Суару тәсілі негізгі және арнаулы болып бөлінеді.

Суару кезеңі - әрбір дақыл үшін олардың өсіп-өну жағдайына сәйкес топырақ ылғалдылығының қолайлы режімі. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістікгерге арналған гидромодульдің үйлестірілген жалпы графигі құрылады. Осылай құрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдарды суару режімін айқындайды.

Суару нормасы - бір гектар жерді бір рет суаруға қажетті судың көлемдік мөлшері. Әдетте, суару нормасы бір гектар жерге бір текше метр мөлшерімен өлшенеді. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістіктерге арналған гидромодульдің үйлестірілген (жинақталған) жалпы графигі (суарылу) уақыт және әр дақылға қажетті су көлемі аркылы құрылады. Бүл жағдайда шаруашылықтардағы суарылатын барлық егістік көлемі бірге тең деп есептесек, әрбір жеке ауыспалы егістік көлемі соның үлесі болып саналады. Үйлестірілген жалпы графикте ауыспалы егістің гидромодульдері кезекпен ауысып келіп түрады. Ол үшін ординаталары алдын ала, жалпы шамасының тиісті мөлшеріне көбейтіледі. Осылай қүрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдардың суару режімін сипаттайды. бір гектар егістікке бір рет суарғанда берілетін судың мөлшері (м3/га) . Суару нормасының өлшемді саны топырақтың сулы-физикалық қасиетіне, жер бедеріне, дақылға, суару тәсілі мен технологиясына байланысты болады. Суару нормасын анықтау кезінде топырақтың есепті қабатындағы ең төменгі ылғал сыйымдылығы негізге алынады.

Суару саны - дақылдарды маусым ішінде неше рет суаратынын көрсететін анықтаушы сан. Дақылдың өсіп-өну, даму кезеңіндегі суару санын суармалау және суландыру нормасының өлшемімен анықтайды: n= М/m, мүндағы n - өсіп-өну, даму кезеңіндегі суару саны; М - суармалау нормасы; m - орташа суару нормасы.

Суару техникасы - суару жұмысын іске асыратын техникалық әдістер. Оларға: жүйекпен, тақтамен, мөлтекпен, жаңбырлатқышпен, тамшылатқышпен, құбырлармен суарғанда пайдаланылатын қондырғылардың суару элементтері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайылымдық шөп дақылдарының түрлері және олардың сипаттамалары
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Мәдени жайылымға күтім жасау
Мал жаю әдістері
Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы принциптері
Мал азығын өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz