Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым миністірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы . Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

Орындаған: Темешов Д . А

Тексерген: Омарбеков. Е . О

Семей. 2015жыл

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер

2. 2 Зерттеулердің принциптері

2. 3 Зерттеудің әдістері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе.

Санитарлық микробиология - ғылым, қоршаған ортаның микрофлорасын зерттейді (патогенді бактериялар мен вирустар) және олардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттейді. Санитарлық микробиология арқылы біз судың, ауаның, топырақтың және күнделікті қолданатын заттардың, тағам өнімдерінің санитарлық жағдайын қадағалаймыз. Топыраққа түскен адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасы, сонымен қатар, патогенді микроорганизмдер әдетте ұзақ өмір сүрмейді. Дегенмен, адамның қалыпты микрофлорасы өкілдері топырақ биоценозы құрамына қосылуға қабілетті. Ал бөлек түрлері тұрақты мекенетушілері болып қала береді. Осыған байланысты, топырақтан табылған адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасы осы биотоптың ластанғанының белгісі. Мұндай микроорганизмдерді санитарлық - көрсеткіштік микроорганизмдер деп атайды. Санитарлық - көрсеткіштік микроорганизмдер (СКМ) - қоршаған ортаның, СКМ-нің түсу жолымен түсіп отыратын, патогенді микроорганизмдермен жанама ластануын көрсететін өзіндік индикаторлар.

ІІ. Негізгі бөлім

Санитарлық көрсеткіш едәуір ақпараттық тобына ішек таяқшалары бактериялары жатады (ІТТБ) . Оған жұқпалы ауруларды (тиф, дизентерия және т. б. ), тағамнан улануды ( Salmonella туысының кейбір бактериялары) туғызатын микроорганизмдер және адам мен жануарлардың ішегіндегі тұрақты қалыптысы - ішек таяқшасы ( Escherichia ) мен оның түрлері жатады. Ішек таяқшасы - барлық аталған микроорганизмдер ішінде санитарлық көрсеткіш болып есептеледі. Себебі, олардың қоршаған ортада өзгеріссіз сақталу мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік мерзімдерімен сәйкес келеді. Сонымен қатар, ішек таяқшаларын анықтау әдістері де тиімді болып табылады. Ішек таяқшалары тобының бактерияларының бөлек туыстарының санитарлық - көрсеткіштік мәні бірдей болмайды. Escherichia туысы бактерияларының тағам өнімдерінде, суда, топырақта, жабдықтарда табылуы бұл объектілердің жуық арада фекальді ластанудың болуының көрсеткіші. Ол үлкен санитарлық және эпидемиологиялық мәнге ие. Citrobacter мен Enterobacter туысының бактериялары едәуір ескі фекальді ластану көрсеткіші болып табылады. Сондықтан олардың санитарлық - көрсеткіштік мәні Escherichia туысының бактерияларына қарағанда төмен шамаға тең болады.

2. 1 Санитарлы -көрсеткіштік микроорганизмдер

Бірінші топ санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдердің топтасуы (адам және жануарлар ішек микрофлорасы өкілдерінің фекальді ластануы) :

1-ішек таяқшалары тобындағы бактериялар саны (ІТТБ) ; 2-энтерококктар;

3-протей; 4-сульфитредуцирлеуші клостридиялар; 5-термофилдер, 6-ішек бактериофагтары, 7-сальмонеллалар; 8-бактероидтар, бифидо- және лактобактериялар; 9-көкіріңді таяқша; 10- Candida туыстастығының саңырауқұлақтары; 11- ацинетобактер.

Екінші топ (жоғары тыныс алу жолдарының комменсалдары, ауа-тамшылы ластану индикаторлары) :

1-стрептококктар;

2-стафилококктар.

Үшінщі топ (өзін-өзі тазарту индикаторы - сыртқы ортада мекендеушілер) :

1-протеолиттер; 2-аммонификаторлар және нитрификаторлар; 3-аэромоносалар және бделловибриондар; 4-споралы микроорганизмдер; 5- саңырауқұлақтар және актиномицеттер; 6-целлюлозобактериялар.

2. 2Санитарлық микробиологиялык зерттеулердің принцептері

1-сынаманы стерильді күйде алу -. Сынаманы алған кездегі қателік дүрыс емес және қайтымсыз қортынды сараптамаларға әкеліп соғады. Сынаманы тасымалдау кезінде зерттелетін объектідегі бастапқы микрофлораның көбейіп кетпеуін және тіршілігін жоймау үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан да, сынаманы алғаннан кейін 2 сағат ішінде зерттеуді өткізу қажет, бірақ осы уақыт ішінде оны жеткізу мүмкін болмаса, онда сынаманы контейнер тоңазтқышта +4-10ºс сақтау және тасымалдау уақытты 6 сағатқа дейін. Әр сынама құжатпен қоса зертханаға жіберіледі: құжатта зерттелетін материалдың аты, сынаманың номері, алу уақыты, алған жері, объектінің сипаттамасы, сынаманы алған маманның аты-жөні, қолы жазылады.

2 - сараптамаларды әр жерден жекелеп жүргізу. Объектіде әр түрлі микроорганизмдер бар. Сондықтан да зертелетін объектіден сынаманы әр учаскілерден алады, мүмкіншілкке қарай сынаманың санын көп мөлшерде алады және объекті жайлы толық сипат беруге мүмкіндік береді. Зертханаға жеткізілген сынаманы араластырып, керекті материалды дәл өлшеп алады да әрі қарай зерттеу жүргізіледі.

3 - сынаманың алуын қайталау - салыстырмалы нәтижесін алу үшін қажет. зерттелетін материалдар тұрақсыз яғни өзгеріп тұрады (су, ауа және т. б. ), онда уақыт бойынша және кеңістікте микрофлораның ауысуы өте жоғары. Патогенді микроорганизмдер қоршаған ортаға аздаған мөлшерде түседі және таралуы бір келкі емес. Сондықтан да сынаманы қайтадан алу қоршаған орта объектілерінде биологиялық контаминацияны нақты анықтауға көмектеседі.

4- бекітілген тиісті нұсқауларды, стандартты және жүйелі зерттеу әдістерін қолдану. Контаминация бойынша субстратты салыстыруға мүмкіндік береді.

5 -басқа да гигиеналық көрсеткіштер (органолептикалық, химиялық, физикалық және т. б. ) есебімен қоса, санитарлы-микробиологиялық тестілерді қолданып, зерттелген объектілердің сараптамаларының қорытынды жиынтығына бағалауды жүргізу.

6- тест кешендерін қолдану. тура және жанама әдістерді қолдану арқасында бірдей мәлімет мүмкіндігін алу.

7 - зерттелетін объектілердің жағдайы туралы нақты қорытынды жасап және тұжырымын негіздеу санитарлы қызметегі дәрігерлер жауапты. Тағам өнімдерін, су қоймаларындағы суды қолдануға, өндірістің санитарлық талаптарға сай емес себептеріне байланысты жабылуы экономикалық шығынға әкеліп соғады. Осындай шешімдер қабылдау үшін санитарлы дәргігер жауапты. Алынған нәтижелерді әділ бағалау және қортынды жасау үшін дәрігерлер стантарттарды қолданады, қарастырады.

Санитарлы микробиологиялық зерттеулер емдеу профилактикалық мекемесінде бақылау мақсатында бактериялогиялық зерттеулер маманы секілді жүргізеді. Бактериялогиялық бақылау және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тексерулер жүргізу түрлерін ажыратады. Бактериялогиялық бақылауға хирурггиялық бөлім, анестезиялогия және реанимация, иммунтапшылық науқастар үшін асептикалық блоктар, сонымен қатар стерилденген бөлмелер, аптека, қан құю орталығы, қоректік блок, буфеттер және асханалар жатады.

2. 3 Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері

Ауадан сынама алу әдісі

Ауаны зерттеуге арналған негізгі екі әдіс бар: 1) седиментациялық-микроорганизмдердің механикалық жолмен түсуіне арналған; 2) аспирациялық - ауаны активті түрде соруға негізделген (бұл әдіс арқылы бактериялардың сандық және сапалық деңгейін анықтауға болады) .

Седиментациялық әдіс

Петри шынысындағы ЕПА қоректік ортаны еденнен әртүрлі деңгейде горизантальді түрде ашып қоямыз. Әдістің негізі бактерияның қоректік ортаның бетіне механикалық жолмен түсуі негізделген. Ауаның ластану деңгейіне байланысты Петри шынысын 10 - 20 мин қалдырамыз. Патогенді флораны анықтау үшін элективті орталар қолданады. Бұл кезде экспозиция уақыты 2-3 сағатқа созылады. Экспозициядан кейін шыныны жабады да лабораторияға жеткізіп онда 370С 24 сағатқа қояды. Келесі күні өскен колонияларды тексереміз. Бұл әдіс көбіне жабық мекемелерде қолданады.

АСПИРАЦИЯЛЫҚ ӘДІС

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар
Санитарлық микробиологиялық зерттеу
Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Ішек таяқшасы тобының бактериялары
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы жайлы ақпарат
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz