Микрогетерогенді жүйелердің практикалық мәндері



1. Микрогетерогенді жүйелер туралы жалпы түсінік
2. Аэрозольдардың практикада қолданылуы
3. Эмульсиялардың практикада қолданылуы
4. Суспензиялардың практикада қолданылуы
5. Көбіктердің практикада қолданылуы
Микрогетерогенді жүйелерге суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер және аэрозольдер жатады.
Суспензиялар – бұл диспрестік фазасы 10-5 см -ден үлкен өлшемді қатты заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы – сұйықтық болып келетін дисперсиялық жүйелер.
Суспеньзияларды шартты түрде бөлшек түрінде белгілейді: бөлімінде ортаның агрегаттық күйі, ал алымында дисперстік фазаның агрегаттық күйі көрсетіледі: Қ/С.
Эмульсиялар деп дисперстік фазасы да, дисперсиялық ортасы да сұйықтық күйінде болып келетін микрогетерогендік жүйелерді айтады. Мұндай жүелер тұрақты болуы үшін екі сұйықтық өзара өте жақсы ерімеуі керек. Эмульсиялар табиғатта және техникада өте көп тараған.
Көбіктер басқа дисперстік жүйелерден қозғалғыштығымен және фазалар бетінің өзгеру қабілеті арқылы ажыратылады. Көбіктер кейбір тамақ өнеркәсібінің технологиялық процесінде, тамақтану азық түлігін қолдану кезінде түзіледі.
Көбіктер Г/С типті дисперстік жүйеге жатады, дисперстік фазасы 0,1% - дан аз.
Аэрозольдер деп дисперстік фазасы сұйықтық ия қатты дене болатын, ал дисперсиялық ортасы газ, әдетте ауа болып келетін дисперстік жүйелерді айтады. Диспестік фазасы сұйықтық болатындарға тұмандар, ал дисперстік фазасы қатты дене болып келетін аэрозольдерге түтіндер, шаң-тозаңдар жатады.
Аэрозольдердің практикалық мәні
Аэрозольдер табиғатта және техникада кең таралуының арқасында адам өмірінде маңызды роль атқарады.
Табиға аэрозольдер – бұлт пен тұман – метеорология және ауыл шаруашылығында үлкен мәнге ие. Себебі, олар тұманның түсуін анықтайды және белгілі бір деңгейде аймақтың ауа-райын анықтауға мүмкіндік береді. Жаңбыр немесе қар, нөсер, кемпірқосақ шығуы сынды табиғи құбылыстар атмосферада аэрозольдардың болуымен анықталады. Аэрозольдардың биологияда да маңызы зор. Өсімдіктер тозаңдары, бактериялар мен зеңдердің споралары, сонымен қатар тұқымдар да табиғатта аэрозольдар түрінде тасымалданады.
Аэрозольдардың зияны
Өндірісте аэрозольдар ұсатқыштар, диірмен, оралма, елеуіш және т.б. әр түрлі машиналарда жұмысы кезінде түзіледі. Бөлінетін шаң машиналардың қозғалатын бөліктерінің ішіне кіре отырып өндірісті ластайды, олардың істен шығуын жылдамдатады, адам жұмысына кері санитарлық жағдай туындатады. Әсіресе, кварцтың өткір қалдықтары бар шаңның зияны мол. Осындай шаңмен ұзақ уақыт демалу аяғы өлімге әкелетін созылмалы ауыру, силикозға әкеп соқтырады. Кварц өкпеге өткір микроскопиялық сынықтар түрінде түссе өкпе ұлпасын бұзады және ағзаға әр түрлі инфекциялар түседі. Сонымен қатар кейбір метал оксидінің асқын тотықтарының аэрозольдары да ағзаға түссе ауру тудырады.
1. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық және коллоидтық химия: оқулық Алматы: Дәуір, 2011.
2. Жайлау С.Ж. Физикалық және коллоидтық химия: оқу құралы Алматы, 2004.
3. интернет ресурстары
4. Утелбаев Б. Химия; І,ІІ,ІІІ том. Алматы, 1998ж.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Химия кафедрасы

БӨЖ №4

Оқу пәні: Физикалық және коллоидтық химия

Тақырыбы: Микрогетерогенді жүйелердің практикалық мәндері .
Шифр, мамандық: 5В072100, Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Орындаған: ХО-303 тобы, Жұмабекова М.

Тексерген: Баяхметова Б. Б.

Семей, 2015

Жоспар:
Микрогетерогенді жүйелер туралы жалпы түсінік
Аэрозольдардың практикада қолданылуы
Эмульсиялардың практикада қолданылуы
Суспензиялардың практикада қолданылуы
Көбіктердің практикада қолданылуы

Микрогетерогенді жүйелерге суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер және
аэрозольдер жатады.
Суспензиялар – бұл диспрестік фазасы 10-5 см -ден үлкен өлшемді қатты
заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы – сұйықтық болып келетін
дисперсиялық жүйелер.
Суспеньзияларды шартты түрде бөлшек түрінде белгілейді: бөлімінде ортаның
агрегаттық күйі, ал алымында дисперстік фазаның агрегаттық күйі
көрсетіледі: ҚС.
Эмульсиялар деп дисперстік фазасы да, дисперсиялық ортасы да сұйықтық
күйінде болып келетін микрогетерогендік жүйелерді айтады. Мұндай жүелер
тұрақты болуы үшін екі сұйықтық өзара өте жақсы ерімеуі керек. Эмульсиялар
табиғатта және техникада өте көп тараған.
Көбіктер басқа дисперстік жүйелерден қозғалғыштығымен және фазалар бетінің
өзгеру қабілеті арқылы ажыратылады. Көбіктер кейбір тамақ өнеркәсібінің
технологиялық процесінде, тамақтану азық түлігін қолдану кезінде түзіледі.
Көбіктер ГС типті дисперстік жүйеге жатады, дисперстік фазасы 0,1% - дан
аз.
Аэрозольдер деп дисперстік фазасы сұйықтық ия қатты дене болатын, ал
дисперсиялық ортасы газ, әдетте ауа болып келетін дисперстік жүйелерді
айтады. Диспестік фазасы сұйықтық болатындарға тұмандар, ал дисперстік
фазасы қатты дене болып келетін аэрозольдерге түтіндер, шаң-тозаңдар
жатады.
Аэрозольдердің практикалық мәні
Аэрозольдер табиғатта және техникада кең таралуының арқасында адам
өмірінде маңызды роль атқарады.
Табиға аэрозольдер – бұлт пен тұман – метеорология және ауыл шаруашылығында
үлкен мәнге ие. Себебі, олар тұманның түсуін анықтайды және белгілі бір
деңгейде аймақтың ауа-райын анықтауға мүмкіндік береді. Жаңбыр немесе қар,
нөсер, кемпірқосақ шығуы сынды табиғи құбылыстар атмосферада аэрозольдардың
болуымен анықталады. Аэрозольдардың биологияда да маңызы зор. Өсімдіктер
тозаңдары, бактериялар мен зеңдердің споралары, сонымен қатар тұқымдар да
табиғатта аэрозольдар түрінде тасымалданады.
Аэрозольдардың зияны
Өндірісте аэрозольдар ұсатқыштар, диірмен, оралма, елеуіш және т.б. әр
түрлі машиналарда жұмысы кезінде түзіледі. Бөлінетін шаң машиналардың
қозғалатын бөліктерінің ішіне кіре отырып өндірісті ластайды, олардың істен
шығуын жылдамдатады, адам жұмысына кері санитарлық жағдай туындатады.
Әсіресе, кварцтың өткір қалдықтары бар шаңның зияны мол. Осындай шаңмен
ұзақ уақыт демалу аяғы өлімге әкелетін созылмалы ауыру, силикозға әкеп
соқтырады. Кварц өкпеге өткір микроскопиялық сынықтар түрінде түссе өкпе
ұлпасын бұзады және ағзаға әр түрлі инфекциялар түседі. Сонымен қатар
кейбір метал оксидінің асқын тотықтарының аэрозольдары да ағзаға түссе ауру
тудырады.
Көмір шахталарында шаң түзілуі күшті жарылыстардың себепшісі болуы мүмкін.
Жарылыс қауіпі, жануға қабілетті матриалдарды ұнтақ тәрізді шығаратын, кез
келген өндіріс орындарында болуы мүмкін. Бұл дисперстік фазаның беттік
ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі, яғни ауамен жанасу беті үлкендігі
және аэрозольдің нашар жылу өткізгіштігі, дисперстік фазаның жануы
кезіндегі тотығу реакциясы өте жоғарғы жылдамдықпен жүреді, нәтижесінде
жарылыс болады. Аэрозольдар жарылысы газ жарылысына қарағанда қауіпті.
Бұл қарастылып өткен жағдайлар өндіріс барысындағы түзілетін аэрозольдардың
кері әсерлері. Алайда, кейбір жағдайларда аэрозольдар маңызды роль атқарады
және оларды ерекше әдістермен алуды қажет етеді. Мысалы, қатты немесе сұйық
отынды оттыққа беру кезінде оларды аэрозоль немесе микрогетерогенді жүйе
түрінде бүркіу қолданылады. Лак немесе бояу аэрозольін, арнайы пулверизатор
көмегімен, пневматикалық бүрку жолымен алу әр түрлі беттерді мен заттарды
бояуда кеңінен қолданылады.
Осындай әдіс беттерді металлизациялауда да кең қолданылады. Ауыл
шаруашылығында зиянды жәндіктермен, саңырауқұлақтармен және арамшөптермен
күресуде инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер бүрку де зор мәнге ие.

Медицинада аэрозольдарды дәрілік заттарды ағзаға ингаляция жолымен еңгізу
үшін қолданады.
Аэрозольдар әскери істе жарықмаскировкалауда ерекше мәнге ие.
Аэрозольдардың практикада қолданылуы.
Аэрозольдардың кеңінен қолданылуы олардың жоғарғы эффективтілігімен
байланысты. Заттың беттік көлемінің ұлғаюы нәтижесінде оның активтілігінің
артатыны белгілі. Аэрозоль түрінде шашылңан заттың кішкентай бөлігінің өзі
үлкен көлемге ие болады және реакциялық қабілеті де жоғарылайды. Бұл
аэрозольдің басқа дисперсті жүйелерге қарағандағы басты артықшылықтарының
бірі.
Аэрозольдар келесі бағыттарда қолданылады:
техниканың әр түрлі салаларында, әсіресе әскери және космос саласында;
ауыл шаруашылығында;
денсаулық сақтау саласында;
метерологияда
күнделікті тұрмыста және т.б.
Соңғы уақыттарда фармацевтикалық практикада дәрілік заттарды аэрозольдар
түрінде дайындау кең қолданыс табуда. Дәрілік заттарды аэрозольдар түрінде
қолдану препаратпен үлкен беттік аудандарға (дем алу жолдарының өткір
аурулары, күйіктер және т.б.) әсер ету жағдайларында өте ыңғайлы.
Құрамында сұйық пленка түзгіш заттары бар дәрілік формалар жақсы әсер
береді. Бұндай препаратты ауырып тұрған жерге шашырату барысында, ол
ауырған жерді мөлдір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисперсті жүйелерді тұрақтандыруды анықтау әдістері
Коллоидты химия. Дисперсті жүйе
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Дисперсті жүйелер.Эмульсиялар
Коллоидтық химиядан дәрістер
Коллоидты ерітінділерді тазалау
Дисперсті жүйелердің табиғаты және жіктелуі
N-винилкапролактам негізіндегі сополимердің синтезі және сипаттамалары
Коллоидты дисперсті жүйелерді алу
Эмульсия жіктемесі
Пәндер