Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат



Кіріспе.
1.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2.Негізгі абиотикалық факторлардың . жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.
3.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды Фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайыратынкез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экалогиялық фактор дейді. Экалогиялық факторларорганизмдегі және экожүйелердегіпрцестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады
Қуатбаев.А.Т «Жалпы экология» Алматы 2012 26-27 бет
Оспанова Г.С , Бозшатаева Г.Т « Экология» Алматы 2014 2-ші басылым
20-33 бет А.Нұрғызарынов,Ж.Шілдебаев «Экология және тұрақты даму» Астана-2014 8-13 бетОспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. - Экология оқулығы.Экономика баспасы, Алматы 2011.Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы 2003.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні

Орындаған: Құмарбеков.Б.М
Тексерген: Мурзалимова.А.К
Тобы: ВМ-401.

2015 жыл

Жоспар
Кіріспе.
1.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2.Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.
3.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды Фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайыратынкез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экалогиялық фактор дейді. Экалогиялық факторларорганизмдегі және экожүйелердегіпрцестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады

Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді.
Эврибионттар (грекше eurus - кең) - факторлардың кең диапозонында ( әртүрлі айырмашылығы бар орталарда) тіршілік ете алатын организмдер.Мысалы, эвритермді түрлер - температураның үлкен ауытқуына төзімді организмдер.Эвригалинді түрлер - су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді организмдер, эврибатты түрлер - қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер, эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әртүрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер және т.б.
Стенобионтар - ( грекше stenos - тар) - тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын ( ортаның шамалы ғана ауытқуыларына төзе алатын) организмдер.Мысалы, стенотермді түрлер тек температуранның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер ( теңіз маржандары, патшабалық, стеногалинді түрлер - су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер
( ұлу), стенобатты түрлер - қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер ( риф түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен төмен тіршілік ете алмайды, Vitjazaster djaronovi теңіз жұлдызы тек 4500-5100 тереңдікте ғана тіршілік ете алатын, стенофагтар - азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді ( жұмыртқа жегіш жыландар, тек личинкамен қоректенетін құстар), стенотоптар - тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алатын ( мысалы, құмды шөлдегі ақ сексеуіл, құм жыланы не тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл) же т.б Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген.Егер судағы судағы тұздардың мөлшері аз ғана төмендейтін болса, ол организмдер үшін қауіпті жағдай туады.Ал эврибионттар тұщы суда да, суы ащы теңіздерде де тіршілік ете алады.Тундрада тіршілік ететін қасқыр тұқымдасына жататын ақ түлкі температураның 80С0 + 35С - тан -55 С-қа дейін ) ауытқуына төзе алатын болса, жылы суларда тіршілік ететін Corilla mirabilis шаяны температура өзгеруінің 6 С-қа ғана (+23 С-тан +29 С-қа дейін) төзе алады.Сондықтан эфрибионттар стенабионттарға қарағанда жер бетінде кең таралған.1840 жылы Либих )1809-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатын дәлелдеді.Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қорек тік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет ) СО2, НО2, және т.б жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын ( мысалы бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары.Оларға климаттық(температура,ауа қысымы,жел,ылғал,жарық және т.б.,атмосфералық(атмосфераның химиялық құрамы),топырақ(эдафикалық),геоморф ологиялық,гидрологиялық,және басқалары жатады.
Негізгі абиотикалық факторларға - жарық,температура және ылғалдылық жатады.
Жарық-ағзалардың тіршілік ету мүмкіндігін анықтайтын негізгі климаттық әсердің бірі.Барлық ағзалар тіршілігіне қажетті энергияны күн сәулелерінен алады.Күн сәулесінің әсерінен жасыл өсімдіктерде фотосинтез құбылысы жүреді.Жер бетіндегі ағзалар үшін күн сәулесі негізгі энергия көзі болып табылады.Күн сәулесі өзінің спектрінде биологиялық әсері жөнінен 3 топқа бөлінеді:көзге көрінетін және инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер.Жер бетіне ультракүлгін сәулелердің тек ұзын толқынды сәулелері ғана келіп жетеді,ал тірі ағзалар тіршілігі үшін өте қауіпті қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерді атмосфера қабатының 20-25 км биіктігіндегі жұқа озон қабаты тұтып қалады.Озон қабаты тіршілік үшін қорғаныштық қызмет атқарады.Орасан зор энергия көзі болып саналатын ұзын толқынды ультракүлгін сәулелердің химиялық маңызы зор.
Ал олардың көп болуы ағзалар үшін өте зиянды.Жер бетіндегі ағзалар тіршілігі үшін олардың аздаған мөлшерінің өзі жеткілікті.Жер бетіне жететін күн сәулесінің көзге көрінетін сәулелері ағзалар үшін маңызды болып табылады.Белгілі француз астрономы К.Фламмарион(1842-1945):
( Біздің планетамызда жүрген,қозғалған өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған) -деді.
Жарықтың мөлшері- радиация жиынтығы мен анықталады.Полюстерден экваторға қарай жарықтың мөлшері артады.Жарық режимін анықтау үшін шағылыстқан жарық мөлшерінде ,яғни альбедо(латынт тілінен аударғанда albus-ақ) есепке алу қажет.Альбедо- дегеніміз- әртүрлі денелердің бетінің шағылыстыруға қабілеті.Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.Альбедо жарық сәулесінің түсу бұрышына және беттің шағылыстыру қасиетіне байланысты болады.Мысалы,таза қардың альбедосы -85% ,лас қар 40-50% т.б.
Жарыққа қатысты өсімдіктердің төменгі топтарын бөліп көрсетуге болады:гелиофиттер(грек тілінен аударғанда helios-күн ,phyton-өсімдік),сциофиттер(грек тілінен аударғанда skia - көлеңке)және көлеңкеге төзімді өсімдіктер(факультативті өсімдіктер).
Жарық сүйгіш түрлер(гелиофиттер)-жарық жақсы түсетін ашық жерде өседі.Жарық сүйгіш өсімдіктер-оның ішінде күнбағыс,итшоған,қойжелкен тәрізділер күннің бағытымен бұрылып отырады.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер(сциофиттер)-күшті жарықты көтере алмайды,үнемі көлеңкеде өседі.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер(факультативті гелиофиттер)-жақсы жарық жағдайында өседі ,бірақ көлеңкеге төзімді болып келеді.
Биолюминесценция дегеніміз- тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі болып табылады.Бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендіруге жауап ретінде катализатордың әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде болады.
Температура-күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және ағзалар үшін өте қажетті ,тіршілік иелері үшін аса маңызды экологиялық фактар болып табылады.Кез келген ағзаның тіршілігі үшін сыртқы ортаның және ағзаның өзінің ішкі температурасының маңызы ерекше.Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі төменгі температурада белсенді тіршілігінен айырылып,оларға қауіп төнеді.Тірі организмдер 0 градуспен 50 градус аралығын тіршілік ете алады.Өсу және тіршілік үшін қолайлы температура оптималды деп аталады.Салқын жерде тіршілік ететіндерді криофилдер тобына жатқызады,ал жоғары температура да тіршілік термофилдер деп атайды. Әрбір түр эволюциялық даму барысында сыртқы ортаның белгілі бір температуралық жағдайына бейімделеді.
Бергманережесі(1847ж.)-бойынша түрдің немесе бір текті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі,жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.Термидинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес,бетінің ауданына тура пропорционал болады.Неғұрлым ірі жануар соғұрлым температураны тұрақты ұстап тұра алады,ал кішкентай жануарларға тұрақты температураны ұстап тұру қиынға соғады.
Алленережесі(1877ж.)-бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.Мысалы,экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құлаұтарының мөлшерін салыстырсақ,тундрада поляр түлкісінің құлағы ең кіші,ал қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа,Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен болып келеді.Жылу алмасу тұріне байланысты жануарлардың екі типін бөліп көрсетуге болады:пойкилотермді(салқын қанды) және гомойотермді(жылы қанды).
Пойкилотермді ағзалардың( грек тілінен аударғанда poikilos-алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз,жылу реттеу механизмдері жоқ.Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді
болады.Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар,балықтар ,қосмекенділер жатады.
Гомойотермді ағзалардың(грек тілінен аударғанда - homoios-бірдей)-зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты,зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететінэвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді.
Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қауырсындар , жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді.Салқынқанды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Пәндер