Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай».

Орындаған: Иманбаева М. Е.

Тобы :Қ-317с

Тексерген: Жундибаева А. Қ .

Семей 2015

Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»

  1. Ақжан Машанидің өмір жолы
  2. Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеген ғалым
  3. Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеуде ғалымның рөлі
  4. Пайдаланған әдебиеттер

1. Ақжан Машанидің өмір жолы

Машанов Ақжан Жақсыбекұлы - тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, жазушы. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінде, Геология ғылымдары институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ политехникалық институтында ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясын жаңғыртатын жаңалық жасады.

Ақжан Машани Қарқаралыдан шыққан Машан бидің немересі. Машан Тұрсын төренің биі болған. Машан мен Құнанбай қажы үзеңгілес жүріпті. Машаннан Ақжанның әкесі Жақсыбек туған. Жақсыбек Қарқаралыда Әлімхан Ермеков ашқан техникумды бітірген. Жаңаша да, ескіше де хат таныған адам болған. Керемет домбырашылығы бар. Елде старшина боп қызмет еткен. Жақсыбектің інісі Нөгербек те өнерге жақын, ақындығы да бар адам болыпты. Шәкәрім екеуі жақсы дос болған деседі. Ақжанды әкесі мен ағасы үйінде оқытып, әріп танытқан. Міне, Ақжан Машани осындай текті ортадан шыққан», - дейді Машанидың шәкірті Шәмшидин Әбдіраман.

Шәмшидин Әбдіраман Машанидың кім екенін, азаматтық ісін он екі тараптан тарқатып таныстырды:
• Ол - ХХ ғасырдың ортасында Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің Отырарда туған Қыпшақ перзенті екенін алғаш дәлелдеп, ұлы бабасын ұрпағымен қауыштырып, мұрасын зерттеуші;
• Ол - Дамаскідегі Баб ас-Сағир зиратынан әл-Фараби қабірін тауып, құлпытас орнатуға мұрындық болған азамат;
• Ол - ҚР ҰҒА-ның құрылтайшысының бірі;
• Ол - Жер ғылымының жаңа саласы - геомеханиканың негізін салушы және Қазақстанда оның мектебін құрушы;
• Ол - Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тұңғыш түлегі, алғашқы аспиранты және 50 жылдай үзіліссіз мыңдаған инженер тәрбиелеген ұстаз;
• Ол - Жаңа кен орындарын ашушы инженер-геолог (Ақбастау, Құсмұрын, тағы да басқа кен орындарын ашқан) ;
• Ол - қазақ әдебиетінде ғылыми-көпшілік және фантастика жанры негізінде алғаш көркем шығарма жазушы;
• Ол - «әл-Фараби» (1970) тарихи деректі романында ұлы бабаның көркем бейнесін тұңғыш сомдаған қаламгер;
• Ол - Қазақтың екі ұлы данасы арасындағы рухани байланысын алғаш зерттеп, халқымыздың 1000 жылдық мәдени тарихын көрсетуде ренессанстық «әл-Фараби және Абай» (1994) монографиясын жазған абайтанушы;
• Ол - әл-Фараби мұрасын ғылыми-ислами және бүгінгі ғылым жетістіктері негізінде қазақтың ұлттық дүниетанымымен сабақтастыру нәтижесінде фарабитанудың жаңа бағытын ашқан теолог-зерттеуші;
• Ол - ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында-ақ техникалық сөздік түзіп, оқулықтар жазу арқылы техникалық әдебиетте қазақ тілінің зор мүмкіндігін алғаш дәлелдеуші;
• Ол - жаратылыстану ғылымдарын гуманитарлық мазмұн-сипатында ұлттық құндылықтармен сабақтастыра дамытудағы бірегей тұлға.

А. Машанов шығармалары:

  • әл-Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : жер құрылысы, қазақстанның тас -қола дәуірі мирастары. Т. 3 : Жер сыры, 2006. - 286 б.
  • әл-Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] . Т. 7 : Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, 2007. - 266 б.
  • Машанов А. Ғажайып от құшағында [Мәтін] / Машанов А., Машанова Ж. - Алматы : Қазақстан, 1978. - 144 б.
  • Машанов А. Әл-Фараби және Абай [Мәтін] / Машанов А. - Алматы : Қазақстан, 1994. - 192 б.
  • Машанов А. Жер астына саяхат [Мәтін] : ғылыми- фантастикалық әңгімелер / Машанов А. - Алматы : , 1957. - 230 б.

2. Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеген ғалым

А. Машани әл-Фараби еңбектерін түп нұсқасында оқу үшін 60 жасқа таяған шағында араб тілін меңгеріп, ғұлама ғалым еңбектерін тереңінен зерделеуге мүмкіндік алады. Иоганн Кеплердің «Аспан музыкасы» деген кітабындағы көп деректердің әл-Фарабидің «Астрологиялық трактаттарынан» алынғандығына көз жеткізеді. Осы жөніндегі өз ғылыми тұжырымдамасын «Орта Азияның мәдениет шамшырақтары» мақаласында түйіндеп, оны 1972 жылы Кувейтте жарық көретін «әл-Фараби» журналында жариялайды. Артынша Кувейттің белгілі ғалымдары «жұлдыздар туралы алғашқы ғылыми пікір білдірген Әбу Насыр әл-Фараби екенін қазақстандық Ақжан әл-Машани мырза толық дәлелдеді» деп жазды. Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар еңбегі - ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеп, оның Отырар өлкесінің перзенті, қазақ екендігін дүниежүзі ғалымдарына мойындатқаны еді. Бұл жолда ол Батыс Еуропа, Азия елдерінің, Лиссабон, Лондон, Париж, Берлин, Қазан қалаларындағы кітапханалардан әл-Фараби еңбектерін жинады. 1968 жылы Дамаск қаласындағы зираттан әл-Фараби жерленген қабірді тауып, 1978 жылы Алматыда бабамыздың 1100 жылдығына арналған халықаралық конференцияны өткізудің көшбасшысы болды. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. «Әл-Фараби» тарихи романында оның көркем бейнесін сомдаса, «әл-Фараби және Абай» еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғылыми және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төкті. 1984 жылы Кувейтте шығатын «әл-Ғараб» мерзімдік басылымында «әл-Машани» бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. Машанов 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық, және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жаратылыстану институтына әл-Машани аты беріліп, әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық пен Машани аудиториясы ұйымдастырылды.

Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар келетін, еңбегі - ұлы бабамыз Әл-Фарабидің қазақ топырағында туып қана қоймай, қаны түркі екендігін дәлелдеудегі, оның еңбектерімен ұрпағын сусындату және насихат­таудағы теңдессіз қызметі. Ақанның арқасында Әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайта оралды. Бұл жолда жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан Әл-Фараби еңбектерін жинап, 1969 жылы бабамыздың Дамаск қаласынан бейітін тапқан да Ақаң еді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені - Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін біздерге жырдай қылып айтушы еді және оны өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты кітабында жазып та кетті. “Қабір басында көз жасымды тыя алмадым, қабіріне бас иіп тұрып, бір шөкім топырағын орамалымның шетіне түйіп алдым да, құранның өзім білетін сүрелерінің бірін ағытып қоя бердім” дейтін. Ақаңның бабамыздың басында тұрып шығарған өлеңі де бар:
Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз
Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария данамыз.
Араб, парсы, түрікте Сізді білмес жан бар ма?
Басқалар да таниды тарихқа көзін салғанда.
Зират - айлап басыңды
Елден іздеп келген ем.
Тәбәрік етіп бір уыс
Топырақ алдым мен сенен.
Мағауия мешіті,
Сан ғасыр бастан кешірген.
Қасыңда әлі тұр екен.
Дар ас-Салам ол мекен.
Торқалы мекен тоғысқан
Тоқсан тарау жол екен.
Сізге де мекен болыпты
Ел басын қосқан сол мекен.
(23 қыркүйек 1968 ж. Дамаск.
“Әл-Фараби және Абай” кітабынан, 40-бет)

Қорыта келгенде, Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған “Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы”, “Шығыстың Аристотелі”, “Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы”, “Әл-Фараби”, “Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары”, “Әл-Фараби және Абай” сияқты көптеген кітаптары жарық көрді.

3. Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеуде ғалымның рөлі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби және Ақжан Машани (Қасым Аманжолов порталынан)
Ақжан Машанов ғибраты
Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Ақжан Әл – Машани және Геомеханика
Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары. Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани туралы
Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмір асулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz