Аналитикалық модельдеу. Имитациялық модельдеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Автоматика және электротехника кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : « Аналитикалық модельдеу Имитациялық модельдеу»
Орындаған: Жапар Ботагөз
Тобы: ВТ-305
Қабылдаған:Қожахметова Д. О
Семей 2015 ж
ЖОСПАР
1. Модель түсінігі және мақсаты . . . 3
2. Модель түрлері . . . 6
3. Аналитикалық және имитациялық модель . . . 8
4. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу . . . 9
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Модельдеу түсінігі және мақсаты
Адамзаттың табиғатты тану қабілетінің дамуы барысында көптеген перспективті ғылыми жолдар пайда болды. Солардың негізгілерінің бірі -модельдеу. Модельдеу қазіргі кезде құбылыстарды, процесстерді танудыңадамзат қабылдаған құралы болып табылады. Модельдеу - күрделі процесстер мен құбылыстарды зерттеу үшін нақты жүйелердің өздерін эксперименттеу орнына олардың модельдерін қарастыруға мүмкіншілік береді. ХХ ғасырда модель түсінігі нақты және идеялық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, әлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде жалғасып отырғандағын естен шығармау қажет. Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пәндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель білімнің мәнін нақтылау тәсілі ретінде ретінде қарастырылады. Модель -қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процесстің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процесстер жүйесі. Модельдеу дегеніміз - кез-келген құбылыстардың, процесстердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау Модельдеу жүйесі - зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалық және физикалық аналогтарын құру және талдау.
Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) - бұл:
- Нақты объектінің қарапайымдандырылған нұсқасы;
- Заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;
- Табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- Жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы;
- Анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;
- Модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.
Модельдеу мақсаты . Кез-келген практикалық қолданбалы есептердің шешілуі барлық уақытта зерттеумен, кейбір объектілерді (материалдық/ақпараттық) түрлендірумен, басқарумен байланысты. Демек, модельдеу мақсатының табиғаты екіжақты: бір жағынан зерттеу есебіне байланысты объективтілігі, қызығушылыққа, қызметтік мотивке тәуелді түзетілетініне байланысты субъективтілігі.
Бірнеше субъектілердің бір объектіге түрлі модельдер құру мүмкіндігін көрсететін схема
Модельдеу - қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Адам таным затын оның барлық процесстерінде толық көре алмайды. Сондықтан ол объектінің өзінің алдында тұрған мәселені шешуге қажетті жағын тануға ұмтылады.
2. Аналитикалық модельдеу әдісі
Математикалық модельдеудің аналитикалық әдісі жаппай қызмет көрсету теориясын ықтималдықтар теориясының аппаратын қолданады. Нақты жүйенің көптеген модельдері жаппай қызмет көрсету жүйесінің теориясы негізінде құрылады: ЖҚЖ жаппай қызмет көрсету жүйесінің сипаттамасы ретінде базалық және ЖҚЖ жаппай қызмет көрсету желісінің желілік моделі. яғни модельдің параметризациясын орындау керек. Жүйелік және модельдік параметрлер номенклатурасы және құрамы жалпы жағдайда айырықшалынатынын ескере отырып, модельдің параметризациясы этапында орындалатын жүйелік және модельдік параметрлер мағыналары және сипаттамалары арасында ұқсастықты орнату кажет. Математикалық модельді аналитикалық әдіспен құрған кезде қысқартылған рұқсат ету реттері қолданылады. Компьютерлік желіні модельдеу кезіндегі көптеген көздер жаппай қызмет көрсету моделін келесідей рұқсат етулер мен қысқартулармен қолданады.
Компактілі аналитикалық нәтижелер алу үшін тапсырыстар түсетін аралықтағы интервалдар Марков немесе пуассон таралуы бойынша сипатталады. Жаппай қызмет көрсету теориясы М/М/К моделі үшін коммутаторда орындалатын процестерді қысқаша сипаттайтын кезектің орташа ұзындығын және кірістегі ағыны мен қызмет көрсету уақыты сипаттамаларына байланысты кезекте тапсырыстар күтудің орташа уақытына баға беруге мүмкіндік береді. М/М/К моделі көмегімен қызмет көрсету жүйесін дестелер коммутациясымен жақын түрде модельдеуге болады. Коммутатор магистралінің өткізу қабілеті порттар кірісіне мәліметтер түсу жылдамдығынан N/2 үлкен. Бұл жағдайда шина кадрларды паралельді режимде таратады, және кадр тарату кезіндегі кадрға толығымен кідіріс енгізбейді. Шина барлық порттардан біруақыттағы мәліметтер ағынын таратуды қамтамасыз етеді және коммутатор блокталмаған болғандықтан мәліметтер тарату жолына кідіріс енгізбейді.
Моделдеу кезіндегі қарапайым ағынның басты рөлі анықталады: қарапайым немесе бізге жақын ағындар тәжірибеде жиі кездеседі. Сонымен қатар ЖҚЖ талдауы кезінде қанағаттанарлықтай нәтижелер алуға болады, кез келген құрылымдағы кірістегі ағынды тура сондай интенсивтілігі бар қарапайым ағынмен алмастыру арқылы.
3. Имитациялық модельдеу.
Имитациялық модельдеу деп, әртүрлі объекттер мен жүйелердегі процесстерді, олардың ықтималдылық қасиеттерін ескереотырып, компьютердің көмегімен бейнелейтін және керекті көрсеткіштерін анықтайтын әдісті атайды. Сонымен, имитациялық модельдеу - күрделі және бірімен бірі тығыз байланысты бірнеше объекттерден тұратын жүйелерді зерттеуге бейімделген әдіс.
Қазіргі кезде осы әдіс көп салаларда әртүрлі ғылыми және қолданбалы зерттеулерде пайдаланылып жүр. Солардың ішінде мына салаларды атауға болады:
- кәсіпорындардың жұмыс барысының бағдарламасын жасау;
- автоматты телефон станцияларының қызмет көрсету жүйелерін жобалау;
- көше жүрісін реттеу;
- қойма қорын басқару;
- қару-жарақтың қолдану сапасын бағалау;
- көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін жобалау және тағыбасқалар.
Имитациялық модельдеуге тағы бір анықтама келтірейік - бұл әртүрлі күрделі жүйелердің математикалық модельдері мен компьютерді пайдалану арқылы эксперимент жүргізуге бейімделген сандық әдіс. Бұл әдісті қолданудың негізі ретінде компьютер арқылы іске асырылатын арнайы модельдеуші алгоритм пайдаланылады. Осы алгоритм, қарастырылып отырған күрделі жүйенің элементтерінің күйін, олардың бір-бірімен байланыстарын және әртүрлі кездейсоқ ауытқулардың әсерін ескере отырып, модельдеуге тиіс. Ал осы әртүрлі ауытқу факторларын бейнелеуүшін кездейсоқ сандар қолданылады. Осы кездейсоқ сандардың көмегімен нешетүрлі ықтималдық заңдылықтарына бағынышты кездейсоқ шамалар, кездейсоқ процесстер, немесе кездейсоқ ағындарды компьютермен модельдеуге болады. Осы модельдеуші алгоритм, зерттеліп отырған жүйелерде өтіп жатқан процесстерді сипаттаған кезде, олардың әрбір қарапайым қадамын оның логикалық сұлбасына және уақыт тізбегінесәйкес бейнелеуі қажет. Соныменен, модельдеуші алгоритм, алғашқы берілген деректерді пайдаланып, зерттеліп отырған процесстердің уақыттың әртүрлі мезгілдеріндегі жағдайын болжауға мүмкіншілік береді. Имитациялық модельдеудің негізгі артықшылықтарының бірі, онымен зерттелетін күрделі жүйелер әр тәңді элементтерден тұра алатындығы. Мысалы, олардың бірі үздіксіз әрекетті болса, екіншісі дискретті бола алады. Екіншіден, бұл элементтер көптеген күрделі мәнді ауытқулардың әсеріне ұшырауы, немесе оларда өтіп жатқан процесстер өте күрделі және
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz