Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық.санитариялық сараптау
2.2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық.санитариялық сарапталуы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қоян шаруашылығы - қоян өсіріп, оның етін, терісін, түбітін өндіретін сала.
Қоян еті - нәрлі, шипалы тағам.
Қоян терісі жеңіл, жылы, әдемі бас, аяқ киім, галантерея бұйымдарын жасауға жұмсалады. Түбітті тұқымынан жіңішке, жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі жағынан биязы жүнінің ең жақсысынан кем түспейді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелері үй қоянын әр түрлі зерттеулер жүргізу үшін пайдаланады.
Қоян өсірумен айналысу өте тиімді. Ет және тері үшін өсірілетін тұқымдары жылына 4 рет көжектейді, әр ретте орта есеппен 5 көжек табады. Көжектері тез жетілгіш 65-70 күнде шағылыстыруға, 100-135 күнде союға жарайды (2-2,5), яғни әр ұрғашы қояннан 20 көжек өсіріп, олардан 40-50 кг ет, 20 тері өндеуге болады. Қоянды 3 жыл шаруашылықта пайдаланады.
Қазақстанда қоян өсірумен айналысу солтүстік облыстарда жолға қойылған. Қоянның негізінен үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, шиншилла тұқымдары өсіріледі.
1. Дюсембаев С.Т. «Ветеринариялық-санитарлық сараптау», Алматы 2013 ж.
2. Боровков М.Ф, Фролов В.П. Серко С.А. «Ветиринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства», Москва 2013 ж.
3. Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. «Ветиринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства», Москва 1991 ж.
4. Жұмабеков Х.С., Дербышев К.Ю. «Жануарлардың патологиялық анатомиясы», Алматы 2011 ж.
5. https://www.google.kz

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы.

Орындаған:Қуаныш С.Қ
Топ: ВС-203
Тексерген: Серикова А.Т

Семей 2015 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
2.2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

* Қоян шаруашылығы - қоян өсіріп, оның етін, терісін, түбітін өндіретін сала.
* Қоян еті - нәрлі, шипалы тағам.
* Қоян терісі жеңіл, жылы, әдемі бас, аяқ киім, галантерея бұйымдарын жасауға жұмсалады. Түбітті тұқымынан жіңішке, жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі жағынан биязы жүнінің ең жақсысынан кем түспейді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелері үй қоянын әр түрлі зерттеулер жүргізу үшін пайдаланады.
* Қоян өсірумен айналысу өте тиімді. Ет және тері үшін өсірілетін тұқымдары жылына 4 рет көжектейді, әр ретте орта есеппен 5 көжек табады. Көжектері тез жетілгіш 65-70 күнде шағылыстыруға, 100-135 күнде союға жарайды (2-2,5), яғни әр ұрғашы қояннан 20 көжек өсіріп, олардан 40-50 кг ет, 20 тері өндеуге болады. Қоянды 3 жыл шаруашылықта пайдаланады.
* Қазақстанда қоян өсірумен айналысу солтүстік облыстарда жолға қойылған. Қоянның негізінен үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, шиншилла тұқымдары өсіріледі.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - ауыл шаруашылығы малдары, кұстары және жабайы жануарлар мен қояндардың жіті түрде өтетін індетті ауруы. Қоздырғышы - Pasteurella multocida.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ерікс із сойылған қоян ұшасын тексеру барысында ішкі сірлі кабықтарда, танау қуысының ішкі сірілі кабығында, көмекей, кеңірдек, жұтқыншақ, асқазан және ішектердің сірілі қабатында нүктелі қан құйылу ошақтары байқалады. Өкпеде фибринозды - крупозды пневмонияға тән өзгерістер байқалады, кейде іріңді ошақтар кездеседі, ал плевраны фибринозды қосындылар басып кетеді. Бауыры ұлғайған, дақтанған, ірінді - канды сұр-қызыл түске боялған, капсулалар астында нүктелі кан құйылулар кездеседі. Бүйрегі қанталаған, ісінген. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды.Пастереллез қояндарда танаудың бітелу түрінде өткенде, бас, мойын, иық белдеуінде іріңді ошақтар кездеседі, танау қуысының кілігейлі қабаты ісінген, қызарған, ақшыл-сары кілегей немесе іріңмен толган. Көмекей, өңеш, кеңірдектің кілегейлі қабығы аса қызыл түсті, жұткыншақтың жоғарғы бөлігі ісінген.
Қабырға және өкпе плеврасы іріңді - фибринозды қабықпен жабылған. Кеуде қуысына сұйық жиналған, өкпеде ұлпа байланыстырушы капсулалармен қоршалған іріңді ошақтар, ал бронхтарда серозды немесе іріңді эксудат жиналған. Бауырда, көкбауырда, бүйректе некрозды ошақтар мен нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер бұлшык етте, ішкі мүшелерде инфильтраттар мен сему өзгерістері табылған жағдайда ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утилдеуге жіберіледі. Ал, егер органолептикалық көрсеткіштері сау қоянға тән болып, пастереллезге тексеру нәтижесі теріс болса, ұша мен ішкі мүшелерді пісірілген шұжық дайындауға жіберіледі. Пастереллалар табылған жағдайда етті қайнату аркылы залалсыздандырады немесе консерві дайындауға жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утилдейді. Терілерін алғашқы өңдеу орындарында 1% тұзды қышкыл ертіндісінде немесе 20% ас тұзы ертіндісінде 48 сағат бойы дезинфекциялайды. Сою - бөлшектеу аландарын және бөлмелерді ыстық 2% күйдіргіш натрий жэне хлорлы әкпен залалсыздандырады. Құрал - жабдықтарды 10 минуттан кем емес 2% калцийденген содада қайнатады.
Псевдотуберкулез - қоян мен кеміргіштерде созылмалы түрде өтетін және адамға қауіпті болып келетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы - Corinebakterium рseudotuberkulosis және Versinia pseudotuberkulosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және ішектерінің қабырғаларында сұрғылт -- сарғыш түсті некрозды ошақтар байкалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры ұлғайган, теңбіл сары түсті кейбір сау бөліктері сұрғылт - сары түсті және тығыз болып келеді. Көкбауыры ұлғайган, кедір - бүдырлы түйіндер ұшырасады. Ұшадағы кейбір лимфа түйіндері ісінген, сарғыш некрозды ошақтар болуы мүмкін.
Псевдотуберкулезды мына аурулардан ажырата білу керек: туберкулез, стрептококкоз, лейкоз, туляремия, листериоз және пастереллездан.
Ветеринариялык - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұша арық болса, лимфа түйіндерінің көбі зақымдалған немесе бүлшық етте псевдотуберкулезді үрдістер жүріп жатса, онда ұша мен ішкі мүшелері утилдеуге жібереді. Ұша қоңдылығы орташа болып, тек ішкі мүшелер мен лимфа түйіндер закымдалған болса, оларды утилдеуге жіберіп, қалған сойыс өнімдерін, терілерін бөгетсіз босатады. Бөлмені және құрал -- жабдықтарды ыстық 2 - 4% күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе 2% хлорлы әк ерітіндісімен залалсыздандырады.
Некробактериоз - қояндардың созылмалы түрде өтетін жұкпалы ауруы. Қоздырғышы - Baсterium neсrophorum.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру үлпалардың ірінді - некрозды ыдыраумен сипатталады, диагнозы бактерологиялық зерттеулер нәтижесі бойьшша қойылады.
Ветеринариялық - санитариялык бағалау және жүргізілегін шаралар. Ұша бөліктерінің белгілі бір ошақта, жекелеме зақымдануы кезіңде зақымданган жерін кесіп алып тастайды, ал дененің толығымен зақымданғанында ұшаларды ішкі мүшелермен қоса утилдеуге жібереді. Терілерін окшауланған бөлмелерде кептіріп, залалсыздандырады.
Туберкулез - коянның, сүтқоректілердің, кұстардың және адамның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы - Mycobacterium tuberculosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Туберкулезбен ауырған қоянның ұшасының қоңдылығы төмен, ауру жеңіл түрде өткен кезде өкпеде ақшыл - сұр түсті көлемі бидай дәнінен бұршақ дәнінің көлеміндей болатын туберкулезді түйіндер байқалады. Туберкулез ішек формасында өткенде ащы ішекте кездеседі, кейде бауыр, көкбауыр және бүйректе кездеседі. Көп жағдайда аумақтағы лимфа түйіндері зақымданады.
Ветеринариялық - санитариялык бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшаны ішкі мүшелерімен, терісімен қоса жойып жібереді.
Миксоматоз - бұл жіті түрде өтетін вирусты, жоғары контагиозды ауру. Миксоматозда серозды - іріңді конъюктивит, бастың, сыртқы жыныс мүшелерінің және дененің басқада бөліктерінде тері асты клечатканың ісікті - қою сұйыкты інфильтрациясы байқалады. Осы инфильтраттарға байланысты гиперемия байқалады және өкпе ұлғаяды, лимфа түйіндері, көкбауыры ісінеді. Ауру жоғары өлім-жітіммен сипатталады. Қоздырғышы - Micsomatosis cuniculorum (ДНК - ұсталатын вирус).
Сойғаннан кейінгі диагностика. Диагнозы сарғыш, қою сұйықты инфильтраттар табылғанда қойылады.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Миксоматозбен ауырған қояндарды союға жібермейді, ауру толығымен зерттелген соң ұшаны ішкі мүшелерімен қоса және терісінде жойып жібереді. Бөлмені, арнайы киімдерді және кұрал - саймандарды залалсыздандырады.
Вирусты геморрагиялық ауру - жіті, контагиозды өтетін қоянның індетті ауруы. Қоздыргьшіы - вирус. Ауру ішкі мүшелерде, әсіресе, өкпе мен бауырда геморрагиялық диатезбен сипатталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу мүшелерінде, бауырда, көкбауырда, бүйректе, жүректе және аскорыту жолында нүктелі немесе сызықты қан құйылулар байқалады.
Өкпе ісінген, қошқыл-қызыл түсті дақтар кездеседі, кесіп қараған кезде қанға толы. Көкбауыры біршама ұлғайған. Бауыры ұлгайған, солу үрдісі байқалады, түсі қою коңыр, көп мөлшерде қанталау кездеседі. Лимфа түйіндері шырышты, ақшыл -- кызыл түске боялган. Асқазан мен ішек жолдарының сірілі қабықтарында геморрагиялық қан құйылулармен қоса, қабынған үрдістер байқалады.
Ветеренариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен және терісін утилдеуге жібереді. Бөлмені, арнайы киімдерді және кұрал - жабдықтарды залалсыздандырады.
Туляремия - жануарлар мен адам ауыратын табиғи ошақты ауру. Ауру дененің ыстығы көтерілуімен (лихорадка), лимфа түйіндерінің үлғаюымен, салданумен, түсік тастау (аборт), іш өту, қатты арықтау, нерв жүйесінің салдануы мен жане геморрагиялық септицемиямен сипатталады.
Қоздырғышы - Francisella tularensis бактериясы.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Лимфа түйіндері 10-15 есе ұлғаяды, сырты бұдырлы, бұдырлары жұмсарып айқын көрінеді және ұсақ акшыл түсті некрозды бөліктер байқалады. Беткі жағын кескен кезде ұсақ сұр түсті, кейде әк немесе ірінді қабынулар көрінеді.
Көк ет (плевра), ұшаның ішкі қабаты қалыңдаған, кедір - бұдырлы, фибринозды - іріңді және сірілі қабықпеп жабылған. Өкпеде, көкбауырда, кейде бауырда кілегейлі созылмалы ошақтар байқалады. Өкпесі қою кызыл түсті қанға толы. Көкбауыры 2-3 есе ұлғайған. Тері астында (клечаткасында) іріңді ошақтар кездеседі.
Ветеринариялық - санитаринлық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауру қояндарды етке союға болмайды. Туляремиямен ауырған жануардың ұшасына, мүшелеріне немесе қанына жанасқан өнімдерді қайнатып залалсыздандырады. Туляремиямен ауырған жануар сойылған алаңды ыстык 2% күйдіргіш натрий немесе калий ертіндісімен заласыздандырады. Жұмысқа пайдаланылған кұралдарды 5% калцинденген содада 20-30 минут қайнатады. Арнайы киімдерді автоклавта 10-20 минут кайнатып залалсыздандырады. Ауру коянмен жұмыс жасаған және союға қатысқан адамдар бір апта бойы дәрігер кармағында қаралады.
Терілерді залалсыздандыру оқшауланған жерде хлорпикринмен 2 ай көлемінде өңдейді, хлорпикрин болмаған жағдайда терілерді өртеп жібереді.
Стафилококкоз - іріңді қабыну ошақтарымен, септицемиямен сипатталатын жұқпалы ауру. 50-70% жағдайында қояндар өлімге ұшырайды. Қоздырғышы - Staphylococcus aureus, St. albus.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Жаңа туған көжектерде бұл ауру пиодермиялар түрінде байқалады, ол алғашқы 2-3 күндері теріде ұсақ бітеу жаралар (абсцестер) пайда болады, ересектерде бітеу жаралар тері астында, сүт безінде, өкпесінде, бауырында, бүйрегінде және баска мүшелерінде пайда болады. Стафилококты пододерматитте аяқ терісінде жаралар пайда болады.
Ветеринариялық - санитариялык бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен және терісін утилдеуге жібереді.
Ауески ауруы (Morbus Aujezkji) - орталық жүйке жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің салдануымен және тіліктермен (сол арқылы қоздырғыш енеді) сипатталатын жіті вирусты ауру.
Қоздырғышы - герпесвирустар тобына жататын, ДНК - ұсталатын, эфирге, өтке, формалдегидке, фенолға, ультракүлгін сәулелерге сезімтал, коршаған ортаның төменгі температурасына төзімсіз вирус. 70 °С - та кыздырғанда вирус 20-30 минутта, 100°С - та тез арада өледі.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Теріде жаралар мен тіліктер көрінеді, тері асты клетчаткасында қанталаулар, бүлшық етте геморрагиялық қабыну болып, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі мүшелері қанталайды. Қан құйылу мида да кездеседі, оның қабықтары ісінген, салданған.
Ветеринариялық - санитариялык бағалау және жүргізілетін шаралар. Бұлшық етте дегенеративті өзгерістер табылса, ұшаны ішкі мүшелермен бірге утилдеуге жібереді. Егер дегенеративті өзгерістер табылмаса, ішкі мүшелерді ғана утилдейді, ал ұшаны қайнатқаннан кейін қолдануға рұқсат етіледі.
Терілерді залалсыздандыру мен сақтау кезінде бір теріге (100 %) қүрамында 5% алюмокалилік квас, 5% хлорлы аммоний жэне 90% ас тұзы құрғақ тұзды қоспамен бір мезгілде жүргізіледі. Бірінің үстіне бірі койылған қоян терілерін 3 тәулік ұстайды.
Листериоз - орталық жүйке жүйесінің салдануымен, септицемиямен, түсік тастаумен және желінсаумен сипатталатын індетті ауру.
Қоздырғіышы - Listeria monocytogenes.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру кояндарда аса жіті және созылмалы түрде өтеді. Аурудың жіті түрінде бауырда, көкбауырда, бүйректе некрозды түйіндер пайда болады. Бауыр ұлғайган, солуы байқалады, түсі ақшыл-қоңыр. Көкбауыр ұлғайған, консистенциясы - былжыраған. Аурудың созылмалы түрінде патологиялык өзгерістер ауру белгілірі көбінде жатырда байқалады (іріңді метрит).
Ветеринариилық - санитаринлық бағалау және жүргізілетін шаралар. Зақымдалған мүшелерді (жүрек, бауыр) және қоян басын утилдеуге жатқызады. Ұшаны қайнатып залалсыздандырады. Терісін бір мезгілде құрамында 0,3% сульфанол, 2% алюмокалилік квас, 0,2% натрий кремнийлі фторлы және 26% ас тұзы 1:5 сұйык арақатынасында 20 сағат залалсыздандырады.
Салмонеллез - жіті түрде өтетін, кызба (лихорадка) және асқорыту жүйесінің бүзылуымен, өкпе қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - S. dublin, S. typhimurium.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Асқазан - ішек жолдарында және ұлпалы (паренхиматозды) мүшелерде зақымдану байқалады. Асқазан мен ішектің кілегей қабығы қабынған. Ащы ішекте көптеген көлемі тарының дәніндей ақшыл-сұр түсті некрозды ошақтар табылады. Шажырқайдың лимфа түйіндері ұлғайған, бауырдың беткі және ішкі бөлігінде ұсақ некрозды ошақтар кездеседі, көкбауыры ұлғайған, кейбір бөліктері некрозға үшыраған.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ішкі мүшелерін жойып жібереді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы
Қоянның сойыс өнімдерінің жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық- санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы емес аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Малдың ұшасын тексеру
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау
Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстар еті ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пәндер