Оқыту психолгиясының негіздері



Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бәріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.
Оқу- оқушы педагогикалық жағдайда қандай қызмет атқаратынына тәуелді белгілі-бір әрекеттерден құралады. Олар мыналар болуы мүмкін: сырттан келетін ақпараттарды пассивті қабылдау және меңгеру; ақпараттарды белсенді өз бетінше іздестіру және пайдалану.
Бірінші жағдайда студентті педагогтың қалыптастыру әсерлерінің объектсі ретінде қарастырады. Онда үйренудің негізінде оған белгілі-бір әдістердің негізінде дайын ақпараттарды, дайын білімдер мен икемділіктерді беру жатады.
Оқыту (грек тілінен аударғанда “адамға жол” – мақсатқа қол жеткізу тәсілі, білім алу жолы) әдісі – ақпараттарды қайта өңдеу арқылы белгілі-бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған педагог пен оқушылардың өзара әрекеттестік тәсілдерінің біртіндеп алмасуы.
Оқытудың формасы – бұл оқушылардың білім алуы барысындағы оқушылар мен оқытушының ұйымдасқан өзара әрекеті:
- фронтальды, индивидуалды, топтық, сыныптық-сабақтық, кешкі және т.б.;
- сабақ, экскурсия, семинар, дәріс, практикалық сабақтар, өндірістік практика, емтихандар, сынақтар, кеңес берулер.
Әдістің формадан айырмашылығы: әдісте білім алу тәсілі және оқушының өзінің қатысу деңгейі берілген.
Жоғарғы мектепте дәріс, семинар, практикалық сабақтар сияқты оқыту формалары біршама дәстүрлік болып табылады.
Дәріс – негізінде оқытудың түсіндіру-иллюстративті әдісі жатыр (оқытушы түсіндіреді, материалды иллюстрациялайды). Студенттің іс-әрекеті ақпаратты алуға және тануға бағытталған (“таныс-білімдер” қалыптасады).
Семинар мен практикалық сабақтар – негізінде репродуктивті әдіс жатыр (оқытушы тапсырмалар құрастырады, тапсырмалар, сұрақтар береді, ал студент алынған білімдерін, тапсырмаларды шешу тәсілдерін қайта жаңғыртуы тиіс). Бұның нәтижесінде “көшірме-білімдер” қалыптасады.
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.
4. Бержанов Қ., Мусин С., Педагогика тарихы. –А., 1984ж.
5. Бұлақбаева М.К. Педагог мамандығына кіріспе. – Алматы, 2005ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Оқыту психолгиясының негіздері

Тексерген: Адильжанова К.С
Орындаған: Мухамедияроваа А.

Семей 2015ж

Оқыту психолгиясының негіздері
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бәріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.
Оқу- оқушы педагогикалық жағдайда қандай қызмет атқаратынына тәуелді белгілі-бір әрекеттерден құралады. Олар мыналар болуы мүмкін: сырттан келетін ақпараттарды пассивті қабылдау және меңгеру; ақпараттарды белсенді өз бетінше іздестіру және пайдалану.
Бірінші жағдайда студентті педагогтың қалыптастыру әсерлерінің объектсі ретінде қарастырады. Онда үйренудің негізінде оған белгілі-бір әдістердің негізінде дайын ақпараттарды, дайын білімдер мен икемділіктерді беру жатады.
Оқыту (грек тілінен аударғанда "адамға жол" - мақсатқа қол жеткізу тәсілі, білім алу жолы) әдісі - ақпараттарды қайта өңдеу арқылы белгілі-бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған педагог пен оқушылардың өзара әрекеттестік тәсілдерінің біртіндеп алмасуы.
Оқытудың формасы - бұл оқушылардың білім алуы барысындағы оқушылар мен оқытушының ұйымдасқан өзара әрекеті:
oo фронтальды, индивидуалды, топтық, сыныптық-сабақтық, кешкі және т.б.;
oo сабақ, экскурсия, семинар, дәріс, практикалық сабақтар, өндірістік практика, емтихандар, сынақтар, кеңес берулер.
Әдістің формадан айырмашылығы: әдісте білім алу тәсілі және оқушының өзінің қатысу деңгейі берілген.
Жоғарғы мектепте дәріс, семинар, практикалық сабақтар сияқты оқыту формалары біршама дәстүрлік болып табылады.
Дәріс - негізінде оқытудың түсіндіру-иллюстративті әдісі жатыр (оқытушы түсіндіреді, материалды иллюстрациялайды). Студенттің іс-әрекеті ақпаратты алуға және тануға бағытталған ("таныс-білімдер" қалыптасады).
Семинар мен практикалық сабақтар - негізінде репродуктивті әдіс жатыр (оқытушы тапсырмалар құрастырады, тапсырмалар, сұрақтар береді, ал студент алынған білімдерін, тапсырмаларды шешу тәсілдерін қайта жаңғыртуы тиіс). Бұның нәтижесінде "көшірме-білімдер" қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандай тұтас педагогикалық процестің компоненттері оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Екеуі өзара байланыста, тұтастықта жүргізіледі. Дегенмен бұл компоненттердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Педагогикалық процесте оқыту процесі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және жеке қасиеттер қалыптастырылады. Оқыту процесінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т.б. мәселелерін педагогиканың өзекті саласы- дидактика атқарады. Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактика гректің didaktikos- оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
* Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің );
* Кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);
* Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);
* Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны );
* Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);
* Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);
* Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер);
* Оқыту нәтижелерін қалай бақылау мен бағалауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері.).
Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Дидактика сөзінің мәні - гректің didasko - үйретемін, оқытамын деген ұғымынан бастау алған.
Дидактика нені оқыту, қалай оқыту мәселелерімен шұғылданатындықтан мұны оқыту теориясы тұрғысынан ұғынып оқыту процесіне қатысты оқушыға білім беру, оқыту заңдылықтарына байланысты ақыл-ой тәрбиесінің негіздері жүйесінен қарастырылады.
Оқыту технологиясы негiздерi - бiлiмнiң мазмұнын айқындайтын оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық пен оқу құралдарымен оның әдiстеме саласындағы бiлiм, тәрбие беру жүйесiндегi заңдылықтарды бiр-бiрiмен бөлмей бiрлiкте қарайды.
Дидактика оқу орындарында оқытылатын барлық пәндерге қатынасты, ортақ заңдылықтар мен ережелерді талқылайды. Сондай-ақ оқытудың негізгі мазмұнына байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Былайша айтқанда, дидактика оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен қатар дидактика жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріне ерекше зейін қояды. Жеке пәндерді оқыту, білім беру, тәрбиелеуді пәндік дидактика, немесе сол пәннің әдістемесі деп те атаймыз. Дәлірек айтқанда, жеке пән әдістемесі жалпы дидактикаға сүйенсе, жалпы дидактика тиісті деректерді жеке пән әдістемесінен алып пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары - білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.
Оқыту - танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқыту - ұстаздар мен шәкірттің бірлескен әрекеті. Оқыту үрдісінің логикасын оның құрылымы анықтайды. Ал құрылымды танымдық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша сипаттасақ, ол көбінесе мына жүйеде болады:
oo танымдық міндеттерді жете түсіну;
oo жаңа деректер мен түсініктерді қабылдау;
oo ұғыну - жаңа деректер мен түсініктерді көңілге қондырып, ойлану;
oo білімдік мағлұмат атқарылған іс-әрекетке байланысты дағдыны қалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;
oo меңгерген материалдарын өмір практикасында жүзеге асырып, іс жүзінде нақты қолдана білу;
oo оқушының ұғым-түсінігі мен атқарған іс-әрекетінің қандайлық дәрежеде екендігін талдап, меңгерген дағдысын тексеру, бағалау.
Танымдық ұғым түсінікті болса және онда қойылған міндет айқын болса, оқушының өздігінен ізденіп, тиісті сауалдың шешімін табуға ынталы кіріседі де оқыту процесіндегі заңдылықтар тиісті ретімен жүзеге асады. Сабақ барысында жаңа деректермен танысып түйсінуі, қабылдауы оны ұғынуға жол ашады. Өйткені қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттар, немесе құбылыстың санада бейнелену процесі болса, ал түйсіну сананың сыртқы әлеммен байланысы тұрғысынан түсінеміз, былайша айтқанда түйсік сезім мүшелеріне әсер еткен құбылыстардың шартты бейнеленуі.
Оқушыны жаңа материалдармен таныстыру, олардың тікелей қабылдауына мүмкіндік туғызатын болса, бұл процесс таныстыру, бақылау, практикалық жұмыстар арқылы, немесе оқытушының жанама түсіндіруі, эвристикалық тұрғыда ізденту, оқулықтар бойынша атқарылатын жаттығу, тапсырманы орындау бойынша жүзеге асады.
Меңгеру - білімдік мағлұматты түсініп, ондағы заңдылықтар мен деректерді жинақтап тиісті қорытындыға келу. Меңгеру процесінде оқылған материалдар туралы ойластырып, келтірілген деректер мен дәлелдерді көңіліне бекітеді. Зейін қойып, есіне берік сақтайды. Дәлірек айтар болсақ, бекіту - оқушының алған білімін берік ұғынуына мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Осыны ескергендіктен тәжірибелі мұғалімдер жаңа сабақтағы жаңа материалдарды оқушының тиянақты меңгертуі кезінде де, өткен сабақты пысықтау, қайталау кезеңдерінде де бекіту тәсілін түрлендіре отырып пайдаланады. Білімді бекіту саласындағы істер белгілі деректер мен дәлелдерді еске сақтаумен ғана шектелмейді, тиісті бағдарлама бойынша өтілген материалдарды белгілі бір жүйеге келтіру үшін де, шашыранды емес, жинақты болу үшін де бір жүйеге келтіру үшін де қолданылады.
Оқыту процесіндегі танымдық қағида - нақты аңғарудан абстракты (дерексіз) ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың диалектикалық реалды жолы екендігі ежелден айтылып келе жатқан шындық. Бұған оқыту жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ: нақты аңғару - түйсіну мен қабылдау екені, абстракты (дерексіз) ойлау - мәнін түсініп, мәселенің болмысын ұғыну, ал практикаға көшу - білімді іс-әрекетте қолдану арқылы процесті тексеріп, бағалау болып шығады.
Оқыту теориясы мен тәжірбиесі дамуында жалпы заңдылықтарының бірі дидактикалық жүйелерінің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірбиесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:
1.Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту ( дәстүрлі).
2.Проблемалы оқыту.
3.Бағдарламалы ( компьютерлік) оқыту.
1.Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту дәстүрлі оқыту деп аталады. Бұл тарихта ұзақ уақыт бойы өз қолданысын тапты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекілікткерді өзіне жатқызып отырады. Мұнда оқушылардың негізгі іс-әрекеті берілген білімнің мазмұнын таңдау, қабылдау, есте сақтау.
Түсіндірмелі- иллюстрациялы оқытудың артықшылықтары:
oo ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясы
Психологиялық оқыту
Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер
Балаларды сөйлеуге үйрету
Басшылық жасау және көшбасшылық
АБАЙ ЖӘНЕ МҰХТАР: ҮНДЕСТІК ПЕН БАЙЛАНЫС
Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтау
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Пәндер