Жануарларды есепке алу түрлері мен әдістері



Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша жүргізеді. Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі. Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Жануарларды есепке алу түрлері мен әдістері
Тексерген: Туманбаев В.М
Орындаған: Қанапьянова А

2015 жыл
Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша жүргізеді. Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі. Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).
Жануарлар түрлерін есепке алу мынадай түрлерге бөлінеді:
1) белгілі бір аумақтағы жануарлардың сол немесе басқа түрінің саны туралы сенімді мәліметтер (дарақтарда) алуға мүмкіндік беретін абсолюттік санын есепке алу;
2) есепке алу мәліметтерін өткен жылдағы ұқсас табиғи жағдайында және сол бір уақытта алынған сол аумақтағы ұқсас мәліметтермен салыстыру арқылы белгілі бір аумақтағы жануарлардың сол немесе басқа түрі санының динамикасының үрдісін анықтауға мүмкіндік беретін (саны өседі, азаяды, тұрақты) салыстырмалы санын есепке алу;
3) белгілі бір аумақтағы жануарлардың сол немесе басқа түрінің (көп, аз, жеткілікті) санының жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін санын сараптамалық бағалау.
6. Есепке алудың барлық түрі мына тәсілдермен жүргізіледі:
1) маршруттық есепке алу - жануарлардың барлық түрін есепке алу үшін пайдаланылады;
2) сынақ алаңдарында есепке алу - жануарлардың барлық түрін есепке алу үшін қолданылады;
3) есепке алудың қоршау әдісі - бұл әдіс тұяқтыларды, жыртқыштар мен кеміргіштерді есепке алу үшін қолданылады;
4) айдау арқылы есепке алу - тұяқтылар, жыртқыштар, кеміргіштер және тауық тектестер есепке алынады;
5) қыста жиналу орындарында есепке алу - тұяқтылар мен тауық тектестерді есепке алу үшін пайдаланылады;
6) күйлеу мерзімдерінде және қырмандарда аталықтарының дауысы бойынша есепке алу - тұяқтылар, тауық тектестер, жыртқыштар есепке алынады;
7) тауларда көзбен шолып есепке алу - тұяқтыларды, жыртқыштарды, кеміргіштерді, тауық тектестерді есепке алу үшін қолданылады;
8) жануарлардың көп мөлшері жиналатын орындарда (сортаңдар, суаттар) есепке алу - бұл тәсіл тұяқтыларды, бұлдырықтарды, қылқұйрықты есепке алу үшін қолданылады;
9) қи үйінділері бойынша есепке алу - ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар үшін қолданылады;
10) тұрғын орындар мен ұялар бойынша есепке алу - жыртқыштарды, кеміргіштерді, суда жүзетіндерді және тауық тектестерді есепке алу үшін қолданылады;
11) балапандар бойынша есепке алу - суда жүзетіндер мен тауық тектестерді есепке алу үшін пайдаланылады;
12) ұшу қарқыны бойынша есепке алу - суда жүзетіндер есепке алынады;
13) түлеген құстардың жиналу орындары бойынша есепке алу - бұл тәсіл суда жүзетіндерді есепке алу үшін қолданылады;
14) ұя учаскелері бойынша есепке алу - жыртқыштар, тауық тектестер санын анықтауға қызмет етеді;
15) таралымның жас құрамын есепке алу - тұяқтылар мен тауық тектестерді есепке алу үшін пайдаланылады;
16) таңбалау мен сақина тағу арқылы есепке алу - жануарлардың іс жүзінде барлық түрі үшін қолданылады;
17) авиаесеп - тұяқтыларды, жыртқыштарды, суда жүзетіндерді есепке алу үшін пайдаланылады;
18) автомашинадан (мотоциклден) есепке алу - тұяқтыларды, кеміргіштерді, жыртқыштарды есепке алу үшін қолданылады.
7. Санына сараптамалық баға беру үшін не жоғарыда аталған тәсілдерге қосымша ретінде мына әдістер қолданылуы мүмкін:
1) сауалнамалық (сұрау) есепке алу;
2) кәсіпшілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҢШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Ұшатын жәндіктерді жинау әдістері
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Жануар түрі
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
БУРАБАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЕУРОПА БҰҒЫСЫ
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Жануарлар биотехнологиясы пәнінен тіректік дәрістер жинағы
Пәндер