Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер



Көркем шығарма тілі- проблемалық мәселе. Көркем шығарманы жасайтын -жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселесін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының шеберлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оның, тілінен бастаған жөн.
Шеберлік дегеніміздің өзі -тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ.
Образды ой дегеніміз -суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.Көркем әдебиет -“сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін искусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі -әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы -тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқтандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.
Жазушының стилі - көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жазушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырармасының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушылардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшеліктері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі.Жазушынын, стиль ерекшелігі -жалпы халықтық тілдің жалғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі.
Жазушынын, тілі, өзіндік (индивидуальды) стилі - ол сол дәуірдегі көркем әдебиетке тән тілдік тәсілдерді өзінің эстетикалық талғамына сай өзінше пайдаланып дамыту жүйесі. Жазушының өзіндік стиль проблемасы -ең алдымен әдеби шеберлік.
1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011жыл
2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.: Ғылым, 1973. – 310 б
3. Google.kz

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен
тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер

Орындаған: Қажыбекова Н.Ә

Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

2015жыл

Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.

Көркем шығарма тілі- проблемалық мәселе. Көркем шығарманы жасайтын -жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселесін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының шеберлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оның, тілінен бастаған жөн.
Шеберлік дегеніміздің өзі -тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ.
Образды ой дегеніміз -суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.Көркем әдебиет -"сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін искусство". Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі -әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы -тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқтандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.
Жазушының стилі - көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жазушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырармасының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушылардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшеліктері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі.Жазушынын, стиль ерекшелігі -жалпы халықтық тілдің жалғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі.
Жазушынын, тілі, өзіндік (индивидуальды) стилі - ол сол дәуірдегі көркем әдебиетке тән тілдік тәсілдерді өзінің эстетикалық талғамына сай өзінше пайдаланып дамыту жүйесі. Жазушының өзіндік стиль проблемасы -ең алдымен әдеби шеберлік.
Көркем шығарма тілінін, осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы академик В. В. Виноградовтың "О языке художественной литературы" деген кітабынан толық мағлұмат алуымызға болады. Автор бұл еңбегінде совет дәуіріндегі көркем шығарма тілінің зерттелуіне арналған ғылыми еңбектер мен мақалаларға талдау жасап, ондағы жетістік пен кемшіліктерді көрсетіп, көркем шығарма тілінің зерттелуі жайында құнды пікірлер айтқан. Ака-демик В. В. Виноградовтың аталран еңбегінің құндылығы - жазушының өзіндік стилі орыс әдебиетінін, даму заңдылықтарымен байланысты қаралуында. Бұл тәсіл -жазушының тіл ерекшелігін зерттеушілердің бұдан былайғы жерде айрықша көңіл бөлетін мәселесі.Қазіргі стилистикаға байланысты жазылып жүрген зерттеу ең-бектері мен мақалаларда, көбінесе оның зерттеу -объектісіне, шы-ғарманың тілін зерттеу тәсіліне баса көңіл бөлініп жүр. Бұлар көркем сөз стилистикасы саласындағы бүгінгі таңдағы маңызды мәселе екені даусыз. Бірақ көркем сөз стилистикасының басыашылмаған басқа да мәселелері аз емес.
Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық -- оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі жанрлардың әрқайсысынын, өзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері жөнінде белгілі бір нүсқау беру қиын. Шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай, тіл өзгешелігі болатындығы әдебиет теориясыньщ оқулықтарында және кейбір лингвистикалық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жа-зылған еңбек әзір жоқтың қасы.
Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен арақатынас.та болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.
Өлең сөздің теориясы
Өлең теориясы - әдебиет салаларының ішінде ең дамыған түрі. Әдебиеттану ғылымында да оның зерттелуі оның өзге салаларынан озық тұрды. Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық- идеялық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан аса мұқият зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес. Сондықтан қазақтың ақындары өлеңнің техникасына екі түрлі көзқараста. Бірқатары мазмұн мен көркемдігі күшті өлеңге техниканың қажеті шамалы деп, өлең архитектоникасының мәнін бағаламағанмен, бірқатары өлеңінің өзгеше өрісін өрнектерді түрлендіру арқылы тауып жүрді. Өлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесін мазмұнға сай түрлендіру Абай шығармашылығында ерекше мәнге ие болып, мақсатты түрде жасалған үрдіс еді.Қазір өлеңнің құрылымдық жүйесі өз деңгейінде бағаланып, ақындардың шығармашылығын зерттеуде көңіл бөлініп, ден қойылып жүр. Өлеңнің құрылымдық саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылды, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында талданды. С.Елікбаев 60-80 жылдардағы өлең құрылысы атты кандидаттық диссертациясында осы кезеңдердегі ақындардың шығармаларына тән ерекшеліктерді іздейді. Зерттеушінің өлең құрылымын талдаудағы ізденістерін айта отырып, өлең теориясының ұғымдарына қатысты мәселерді айқындап алған дұрыс. Ізденуші өз жұмысында өлеңдегі ұғымдарды атауда еркіндікке жол берген. Зерттеу жұмысында құлдима тармақты шумақ бағанды тармақ, 60-80 жылдар арасындағы ақындарда бағанды тармақ қана емес, сырғалы тармақтар да жасалды, Мағына үшін бөлген сынған тармақтар пайда болды, үстеме жамылған сырғалы тармақтар, сүйретпе тармақтар, сөйлем немесе сөз тіркестері қосылған, аралары нүктемен бөлінген құрама тармақтар, қайталанып келіп отыратын балдақты тармақтар шықты. Шумақ басында басқамен ұйқаспайтын буыны бөлек ерке тармақтар, ортасынан ажыратылған топтама тармақтар дүниеге келді. Тек бас әріптерден тұратын ерекше тармақтар, ортасынан бөлінген буындалған тармақтар жасалады. деген ұғымдар қазақ өлең теориясында бұрын кездеспеген. Қазақ өлеңі бойынша келелі ойлар айтқан зерттеушілер С.Мұқанов, Е.Ысмаилов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, С.Негимовтардың еңбектерінде жоғарыдағы ұғымдар ұшыраспайды. Олар зерттеуші сияқты тармақтарды түрлерге де жіктемейді. Себебі қазақ өлеңінде әр ақында түрліше көрінетін тармақтардың түрінің барлығына ат беру мүмкін де емес, және ол өлеңтанушылардың өзін де жаңылыстырары сөзсіз. Бұл тармақтардың сыртқы кескіндері оның ырғақтық жүйесіне ықпал етпейтіндіктен оларды жіктеп, термин жасау артықтық етеді. Бұрынғы салттық ұйқастар сақталып қалды Қазақ өлеңінің құрылысы бойынша жазылған жұмыстарда салттық сөзінің орнына ұғым ретінде қалыптасқан дәстүрлі ұйқастар деген нақты атау бола тұра, зерттеушінің осындай сөз қолданысын түсіну қиын. Біз де өз тарапымыздан тіліміздің мағыналық реңктерді жіктеп, бейнелеуге икемділігін пайдаланып, толымсыз ұйқастың жоғарыда сөз болған соңғы түрін бұрынғы толымсыз ұйқас түрінен айырмалауды, сөйтіп Т.Шапаевтың бейнелі түрде айтқан сөзін нақтылы терминдік атауға айналдырып, шартты түрде кетік ұйқас деп атауды ұсынамыз. Өйткені, соңғы ұйқас үлгілері - тек қана Темірхан Медетбековтің жеке ұйқас ерекшелігі емес, қазақ поэзиясына 1960-70 жылдары келген Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов сияқты ақындардың шығармашылықтарында жеке элемент - нышандардың бой көрсетуімен басталып, қазіргі поэзиямызда орнығып келе жатқан тұтас бір тенденция деуге тұрарлық белгі. Қабош Батыр болаттың қазіргі қазақ өлеңінің бейнелілік және түрлік мәселелерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұсынылып отырған кетік ұйқас ұғымына қатысты пікіріміз де жоғарыда айтқан ұғымдарды ұсынуда сөз талғамына ерекше қарау қажеттігі байқалады. Кетік, ақсақ, балдақты деген ұғымдарға телінген поэзияда сымбат бола ма? Екі зерттеушінің жаңа ұғымдары өлең құрылысының жаңа ізденіс нәтижелерінен туындап отырғаны анық. Қазіргі қазақ өлеңінде ақын дәуірлеріндегі құрылымдық жаңа үрдістердің пайда болуымен жаңа ұғымдар еніп жатады. Мұндай мәселелерді зерттеушілер өздігінше шешуге тырысатындықтан ондағы тұрақты ұғымдарға әртүрлі атау беріліп, кей жұмыстарда еркіндікке жол беріліп жатады. С.Елікбаев атаған тармақтар олардың ырғақтық-интонациялық жүйесіне қатысты емес, сыртқы графикалық суретіне қатысты болғандықтан, зерттеуші еркіндігін түсінуге болады дегенмен қазақ өлең құрылысының соңғы, яғни, 70-жылдардан кейінгі қазақ өлең құрылысының теориясында шешілмеген мәселелердің барлығы анықталады.
Бірқатар зертеушілердің жұмыстарында көрінетін цезура деген терминнің қазақ өлеңінің құрылымына тән еместігін академик З.Ахметов көп айтқан-ды. Мысалы бiрталай халықтардың поэзиясында оның iшiнде орыс поэзиясында, кейбiр өлшемдерде қолданылатын цензура да-тұрақты сөз жiгi. Кейбiр ғалымдардың (Радловтан бастап) қазақ өлеңiне де цензура терминiн қолданып келгенi сондықтан. Бiрақ мұны дұрыс тауып қолданған деуге болмайды. Өйткенi цензура деп өлең теориясында екi қысқа тармақтан (полустишие) құралған ұзын тармақтың арасын белгiлейтiн кiдiрiстi (паузаны) айтады. Ал қазақ поэзиясында тұрақты сөз жiгi бунақтың шегiн белгiлейдi, сол себептi оның сипаты, атқаратын қызметi өзiнше бөлек. Барлық стилдегі мәтіндердің барлығында тұрақты позицияны иеленетін сөз жігі цезура деп аталады; әдетте ол тармақтың орта тұсына орналасады және тармақты екі жартылай тармаққа бөледі. З.Ахметовтің Поэзия шыңы - даналық атты кітабындағы цензура мен М.Гаспаровтың еңбегіндегі цезура бір термин. Академиктің өзі өзге еңбектерінде цезура деп берілетін термин аталмыш кітапта цензура болып берілуі кімнің тарпынан кеткен қателік? Цензура ұғымының мәнімүлдем өзгеше екендігі белгілі. Бұл кітапты пайдаланған ғылыми еңбектерде осы терминнің кітаптағыдай қате берілуін қалай түсінуге болады? Егер осылай қате түзелмей кете барса, ертең цензура ұғымы жаппай еніп, өзге мәнге ие болып кетпей ме? Сондықтан зерттеушілер жаңа терминдер пайдаланғанда мұқият болуы қажет. Қазақ өлеңiндегi тұрақты сөз жiгi, яғни бунақаралық үзілістер түрлерге жiктелмейдi. Қазақ өлеңінің ең алғашқы теоретигі Ахмет Байтұрсынұлы бунақаралық жіктер туралы құнды ойлар айтады: Жоғарыда бунақтардың арасындағы дауыс толќынының жiктерi кезек деп аталады. Кезек екi түрлi болады: 1. Ұлы кезек. 2. Кiшi кезек . Тармақ соңында ғана қолданылатын терең жік немесе үлкен тыныс қазіргі қазақ поэзиясында кең жайылып, үлкен орын алған. Өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесін түрлендіру үшін қазіргі ақындар көбінесе үзіліске жүгінеді. Ол үзіліс тармақ басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Поэзиядағы үзілістің психологиялық, эмоционалдық мәні үлкен. Маяковскийдің үзіліс жүйесі - ақынның енгізген жаңалығы. Оның көркемдік-мәнерлілік мәні үлкен. Шынында қазір үзіліссіз өлең жазатын ақын кемде-кем. Және үзіліс өлеңнің көркемдік сапасын арттырып, эмоционалдық мазмұнын байыта түседі. Үлкен тыныс, Ахметше айтқанда, ұлы кезек тармақтың, ырғақтық өрнектің кез-келген тұсына, орын талғамай, ақын логикалық немесе эмоционалдық екпін қойған қажетті тұсқа қойылады. Қазiргi қазақ поэзиясында өлеңнің ырғақтық-интонациялық құрылымын түрлендiру үшiн ақындар бiр тармақ iшiнде, бiр дәстүрлi өлшем iшiнде тыныс белгiлер, сөздердiң өзгеше орын тәртiбi т.б. көптеген құбылыстарды қолданады. Ол өлең ырғағында айқын сезiлгенмен, ерекше толқын мен серпiлiс туатын тұстарда бунақаралық кідірістен терең үзілісті қажет етеді. Сағынамын. Жабығамын. Бағынамын жүрекке. Не қыламын. Бәрі мәлім: сезім осы - дір етпе! Сүйеп қалдым. Тұйықталдым. Ұйып - қандым сырына Биік таудың шығып та алдым барса келмес шыңына. Қазіргі қазақ өлеңінде эмоционалдық-экспрессивтік тұрғыдан пісіп жетілген мұндай өлеңдерде осы терминге қажеттілік байқалады. Ақын бунақтардың арасын әдеттегі үтірлермен ажыратпай нүктемен бөліп, айқындауының эмоционалдық мәні бар. Ақын өлеңіне арқау еткен сезімдердің тереңдігін сездіру үшін бунақаралық кідірістен көрі нүкте арқылы көрінетін эмоционалдық, психолгиялық ұзақтау үзілісті дұрыс көрген. Қазіргі поэзияда бунақаралық үзілістен көрі ұзақтау кідірісті талап етіп, жай ырғақтық тұрғыдан бағалау жетіспейтін эмоционалдық мәні бар үзілістер жиі көрінеді. Сондықтан қазiргi өлең құрылысына қатысты бунақаралық кідіріс пен логикалық, эмоционалдық кідірістің арасын айқындап, белгілі бір ұғыммен атаған жөн. Бунақаралық жік қысқа болғандықтан кідіріс деп аталып жүр, ол дұрыс та. Ал енді тыныс белгісі мен синтаксистік біртұтас құрылым ішіндегі сөздердің инверсиялануы, тармақтардың тасымал арқылы бөлшектену нәтижесінде пайда болған тармақішілік жіктерге үзіліс деген ұғымды бекіткен дұрыс. З.Ахметов бұл терминнің жалпы өлең құрылысында осы түсінікке сай келмейтіндігін келтіреді аталмыш мақалада.
Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең- жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б. 2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі. 3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді. 4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауғанегізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.
Өлең өлшемі - біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдеби үдеріс сипаты
Өлең сөздің теориясы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Пәндер