Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат



Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбие саласында мол тәжірибе жинақтады. Оның негізінде белгілі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасты. Әдет-ғұрыптар, философ Н.С.Сарсенбаевтың сөзімен толықтыра айтқанда, "адамдардың қоғамдық мінез-құлқының, олардың өмір және тұрмыс салтының тарихи қалыптасқан, азды-көпті тұрақты нормалары, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің арқасында сақталады. Әдет-ғұрыптар - адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары. Дәстүрлер - адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейілінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез-құлықтың арқасында сақталады". Яғни халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер адамдардың өндірістік қызметі процесінде өмір қажеттерінен пайда болады. Оларда сол халықтың тек өзіне ғана төн үлттық «нері мен әдебиетінің жасампаз, шығармашылық тәжірибесі, тәрбие саласындағы орнықты қағидалары, принциптері, мінез-құлық нормалары, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары топтастырылып бейнеленген. Осы орайда Сарсенбаевтың "Ұлттық өнер мен әдебиетке психикалық құрылым мен ұлттық сипат ұлттық мәдениетінің өзіндік сипаттары, белгілері мен ерекшеліктері түрінде көрінеді, олар көбіне ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер түрлерінде тұлғаланып көрінеді... "Қыз Жібек" немесе "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" революцияға дейінгі қазақ халқының бүкіл тарихын, тұрмысын және салт-санасын бейнелейді; оларды сол кездегі қазақ өмірінің энциклопедиясы деуге болады. Бұл шығармалардан қазақтар эпикалық, эстетикалық және танымдық тұрғыда орасан зор ләззат пен қанағат алады.
Әрбір ұрпақ өз көзі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны ата-бабалар дәстүрінде өмірде жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, оларды мүмкіндігінше терең игере түсуі керек.
Тарихи этнографиялық кездерді және ауызекі халық шығармашылығын зерттеу, осы проблема жөніндегі зерттеулермен танысу, халықтың салт: дәстүрлеріне талдау жасау, қазақ халқы тәрбие процесінде балаларға ізгі көзқарас, балалар мен қыздар тәрбиесіне саралап қарау, жас ерекшеліктерін ескеріп отыру, ойын-сауық, еңбек процесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ұлттық мәдениетке, ана тіліне, туған жерге аялап қарау, балаларды еңбекке, өнерге, қолөнерге, әдеп мәдениетіне ерте баулу секілді мәселелерге аса кеңіл бөліп отырған деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар

Тексерген: Серикова Н.У.

Орындаған: Бақтыбекова А
Группа:Т-441

Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар

Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбие саласында
мол тәжірибе жинақтады. Оның негізінде белгілі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер
қалыптасты. Әдет-ғұрыптар, философ Н.С.Сарсенбаевтың сөзімен толықтыра
айтқанда, "адамдардың қоғамдық мінез-құлқының, олардың өмір және тұрмыс
салтының тарихи қалыптасқан, азды-көпті тұрақты нормалары, олар ұрпақтан
ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің арқасында сақталады. Әдет-ғұрыптар -
адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты
нормалары. Дәстүрлер - адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи
қалыптасқан тұрақты және мейілінше қорытылған нормалары мен принциптері,
олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез-құлықтың
арқасында сақталады". Яғни халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер адамдардың
өндірістік қызметі процесінде өмір қажеттерінен пайда болады. Оларда сол
халықтың тек өзіне ғана төн үлттық нері мен әдебиетінің жасампаз,
шығармашылық тәжірибесі, тәрбие саласындағы орнықты қағидалары,
принциптері, мінез-құлық нормалары, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары
топтастырылып бейнеленген. Осы орайда Сарсенбаевтың "Ұлттық өнер мен
әдебиетке психикалық құрылым мен ұлттық сипат ұлттық мәдениетінің өзіндік
сипаттары, белгілері мен ерекшеліктері түрінде көрінеді, олар көбіне ұлттық
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер түрлерінде тұлғаланып көрінеді... "Қыз Жібек"
немесе "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" революцияға дейінгі қазақ халқының бүкіл
тарихын, тұрмысын және салт-санасын бейнелейді; оларды сол кездегі қазақ
өмірінің энциклопедиясы деуге болады. Бұл шығармалардан қазақтар эпикалық,
эстетикалық және танымдық тұрғыда орасан зор ләззат пен қанағат алады.
Әрбір ұрпақ өз көзі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде
жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны ата-бабалар дәстүрінде өмірде
жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, оларды мүмкіндігінше терең
игере түсуі керек.
Тарихи этнографиялық кездерді және ауызекі халық шығармашылығын зерттеу,
осы проблема жөніндегі зерттеулермен танысу, халықтың салт: дәстүрлеріне
талдау жасау, қазақ халқы тәрбие процесінде балаларға ізгі көзқарас,
балалар мен қыздар тәрбиесіне саралап қарау, жас ерекшеліктерін ескеріп
отыру, ойын-сауық, еңбек процесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану,
ұлттық мәдениетке, ана тіліне, туған жерге аялап қарау, балаларды еңбекке,
өнерге, қолөнерге, әдеп мәдениетіне ерте баулу секілді мәселелерге аса
кеңіл бөліп отырған деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақ жерінің орасан зор көлеміне, рулық тайпалық бөлінуіне, сондай-ақ
бауырлас халықтардың ықпалына қарамастан, түрлі аймақтардағы педагогикалық
көзқарастардағы айырмашылық шамалы. Мұның өзі қазақ халқында жеткіншек
ұрпаққа тәрбие берудің біртұтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым
жасауға негіз болады. Тәрбиенің біртұтас өзіндік жүйесінің қалыптасуына
ықпал етуші басты себеп қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше
махаббаты, ілтипаты болса керек. Халықтың осындай ерен қасиетіне кезінде
тамсанып, таңданбаған этнограф, фольклорист, зерттеушілер кемде-кем екені
белгілі. Егер Шиле: "Қазақтың өз әйеліне немесе балаларына қол жұмсағанын
біреу-міреу көрді ме екен. Олар әсіресе балаларға мейірімді" - десе,
А.Диваев "Қазақтардың арасындағы тіпті аз уақыт болғандардың өзі олардың
балажан екенін байқатады" - деп көрсетеді. Зерттеуші ғалымдардың сөздерінде
үлкен шындық жатыр. Ежелден "Бала - адамның бауыр еті, көз нұры", "Алты
жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығып атын ұстар" деп қазақтар
өз өмірлерінде баланың алатын орны ерекше екенін атап көрсеткен. "Бір
баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі ру елде малы бар.
Үш баласы бардың үш ру елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған
жолы бар. Бес баласы бардын дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардың
алладан басқа несі бар", деп баласы бар адамдарды "бақытты", "төрт құбыласы
сай", "армансыз жандар" санаған.

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі –
болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті
мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы
бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі,
жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол
мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен парасаттылықты
тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір
ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида
болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық
педагогика деп аталады.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ,
тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің
түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп,
тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ
тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне
негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық
педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп
зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты –
халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін,
Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу.
Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп
ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де
қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен
қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер
туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық
ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда
бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу,
яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық
педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын
дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге
Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды
өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы
екендігін дұрыс болжайды.
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш
балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір
бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын
тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің
кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды,
ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық
педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық
материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық
тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы
адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының
негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б.
жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне
негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық
педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін,
зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың
көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар
тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол
өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік
мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі
қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: Ақ серек-
көк серек, Айгөлек, Жаяу жарыс, Соқыр теке, Ақ боран, Төбетей,
Бәйге, Орамал тастау т.б.
Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған
ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы
нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған.
Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең
өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-
мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны
көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін
дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді.
Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз деген мәлім.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында да Қазақ
халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау
бірінші кезектегі міндеттердің бірі деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие,
ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи
жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне
байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс.
Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара
алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-
жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс
көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға
қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.

Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы
жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, өлсек бірге
өлеміз, опасызды ант атсын деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің
асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау
қанына малғызып, қаны бір бауырмыз деп ант ішкізіп, құшақтастырып
сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты
қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты
орын алды. Халық: Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар, Әдет-
әдет емес, жөн әдет деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-
тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.

Мысалы, қөп жылдар бойы діни мейрам деген жаңсақ көзқараспен Наурыз
мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол
қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады.
Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау,
балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу
тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін
түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-
ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту,
көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б.
ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп
атайды.
Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің,
бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті
көрініс беріп отырады.

Ислам діні бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Ол жайлы қасиетті Құран
аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде келтірілген. Бұл аяттар
мен хадистердің басты ұстанымдарында адам баласының осы жарық дүние есігін
ашқаннан ақыретке дейінгі қағидаттары қамтылған. Бала ұрпақ жалғастығы ғана
емес адамзат баласының өмір жалғастығы ретінде танылады. Сол себепті мұндай
мәселелер өзекті. Алдымен басты ұстаным ретінде мыналарды келтіруге болады:
Біріншіден, бала тәрбиесін о баста, яғни ана құрсағына түспей тұрып
тәрбиелеуіміз қажет. Дәлірек айтқанда, ата-ана балаға ниеттенген кезден-ақ
бісміллә-мен бастауы керек. Осыған байланысты, кейбір мұсылман елдерінде
бұзық, нашақор, тәрбиесіз туған балалардың дүниеге келуін бісміллә-сіз
болған жағдайдың куәсі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар, нақыл сөздер,адамгершілік
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар жайлы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар: бала тәрбиесінде нақыл, қанатты, шешендік сөздер қолдану, бесікке бөлеу тәрибиесі
Отбасы тәрбиесінің негізі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Этнопедагогика пәнінің даму жолдары
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Пәндер