Қазақстан Республикасында және тағы басқа ТМД елдерінде сәйкестік таңбасын қолдану ережесі жайлы мәлімет



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Негізгі түсініктер
2.2.Тауар таңбаларына арналған өтінімді құрастыру және ресімдеу
2.3. Тауар таңбасын тіркеу
2.4. Куәліктің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болған жағдай
2.5. Куәлікке және Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу
2.6.Сараптау (сәйкестендіру), сынау және таңбалау
ІІІ. Қорытынды
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған өтінімді құрастыру тәртібін, оны ресімдеу және қарау тәртібін, сондай-ақ тауар таңбасына, қызмет көрсету белгісіне арналған куәлікті беру тәртібін айқындайды.

Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі - тауар таңбасы) - заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне тіркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызмет көрсетулерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (қызмет көрсетулерінен) айыру үшін қызмет ететін белгілер;
2) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;
3) жалпыға танымал тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыретті органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бірдей танылған тауар таңбасы;
4) тауар шығарылған жердiң атауы - өндірістегі негізгі қасиеттері оны шығаратын жерімен, соның ішінде ерекше табиғи жағдайларымен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшiн пайдаланылатын географиялық көрсеткiш;
5) өтініш беруші - тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;
6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кіретін (тауар таңбаларын қорғау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жердің атауы) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
7) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және тауар таңбаларын қорғау, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жердің атауы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі - ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданып, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жіктеме;
9) Мадрид келісімі - өзгерістер мен толықтырулар енгізілген таңбаларды халықаралық тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында және тағы басқа ТМД елдерінде сәйкестік таңбасын қолдану ережесі.




Орындаған: Тукенов А.Е.
Тобы : СМ-405
Тексерген: Толеубекова С.С.

Семей-2015

ЖОСПАР:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Негізгі түсініктер
2.2. Тауар таңбаларына арналған өтінімді құрастыру және ресімдеу
2.3. Тауар таңбасын тіркеу
2.4. Куәліктің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болған жағдай
2.5. Куәлікке және Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу
2.6. Сараптау (сәйкестендіру), сынау және таңбалау
ІІІ. Қорытынды

Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған өтінімді құрастыру тәртібін, оны ресімдеу және қарау тәртібін, сондай-ақ тауар таңбасына, қызмет көрсету белгісіне арналған куәлікті беру тәртібін айқындайды.

Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі - тауар таңбасы) - заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне тіркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызмет көрсетулерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (қызмет көрсетулерінен) айыру үшін қызмет ететін белгілер;
2) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;
3) жалпыға танымал тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыретті органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бірдей танылған тауар таңбасы;
4) тауар шығарылған жердiң атауы - өндірістегі негізгі қасиеттері оны шығаратын жерімен, соның ішінде ерекше табиғи жағдайларымен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшiн пайдаланылатын географиялық көрсеткiш;
5) өтініш беруші - тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;
6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кіретін (тауар таңбаларын қорғау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жердің атауы) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
7) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және тауар таңбаларын қорғау, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жердің атауы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі - ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданып, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жіктеме;
9) Мадрид келісімі - өзгерістер мен толықтырулар енгізілген таңбаларды халықаралық тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі.

Тауар таңбаларына арналған өтінімді
құрастыру және ресімдеу
3. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасы ретiнде сөзді бейнелеуді, әрiпті, цифрлі, көлемді және өзге де белгiлері немесе осы тектес амалдар бiр тұлғаның тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.
Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.
1) Сөзді белгілерге сөздер; сөздік сипатқа ие дыбыс тіркестері; сөз тіркестері; сөйлемдер; тілдің басқа да бірліктері, сондай-ақ олардың тіркестері жатады.
2) Бейнелеулі белгілеріне жазықтықтағы графикалық бейнелер, соның ішінде әр түрлі тіршіліктің, заттардың, өзге де объектілердің, фигуралардың бейнелері, көркем орындалған шрифтік элементтер, сондай-ақ жоғарыда аталған элементтердің әр түрлі композициялары жатады.
3) Көлемді белгілеріне нысаны бірегей және ерекше тауар функциясымен байланыспайтын үш өлшемді объектілер жатады.
4) Аралас түрлер белгілеріне сөзді, бейнелеулі, көлем элементтерінің әр түрлі амалдары жатады.
5) Заңның 5-бабында көзделген өзге белгілерге дыбыстық белгілер жатады.

4. Өтінім сараптама жасау ұйымына беріледі немесе пошта не факсимильді байланыс арқылы жіберіледі. Егер өтінім факсимильді байланыс арқылы берілсе, ол факс арқылы келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз жеткізгішімен расталуы қажет. Егер өтінім құжаттары сараптама жасау ұйымына көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы ұсынылғандардан ерекшеленетін мәліметтерді қамтыса, онда олардың түпнұсқалары келіп түскен күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептелінеді.
Өтінім сараптама ұйымына үш данадан беріледі.

5. Өтінім осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес ТЗ-1 нысанындағы бланкіде ұсынылады және ол бір тауар таңбасына тиісті болып, онда мыналар:
1) егер өтінім ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге берілсе, онда ұжымдық тауар таңбасын қорғауын сұратылуын көрсетеді;
2) заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ пошта индексі және елдің атауы, телефон нөмірі, сондай-ақ факс нөмірі мен электрондық пошта адресі (егер олар бар болса) көрсетілген мекен-жайы немесе тұрғылықты жері;
3) заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсетілуі;
4) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі туралы (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін) мәліметті;
5) егер өкіл немесе патенттік сенімді өкіл тағайындалған болса, оның аты, тегі, әкесінің аты (егер олар бар болса) немесе атауы, сондай-ақ пошта индексін қоса алғандағы хат алмасуға арналған мекен-жайы, телефон нөмірі, факс нөмірі мен электрондық поштаның мекен-жайын (егер ол бар болса);
6) Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының (ДСМҰ) ST.3 стандарты бойынша өтінімді беру күні, елдің коды және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтінім нөмірін;
7) егер Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес көрмелік басымдық сұратылса, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар объектіні ресми танымал халықаралық көрмеге қойып ашық көрсетудің басталған күнін;
8) бланкіде төртбұрышпен белгіленген жерде орналастырылатын мәлімделген белгіні;
9) егер қалыпты шрифтпен орындалған белгі мәлімделсе, тауар таңбасын қорғаудың стандартты шрифтік орындалуын сұратылуының көрсетуін;
10) егер белгі басқа тілде ұсынылған болса, онда сөз белгісінің аудармасы, яғни транслитерацияны;
11) егер көлемді белгі мәлімделсе, көлемді тауар таңбасын қорғаудың сұратылуына көрсету;
12) егер түстегі белгі мәлімделсе, түрлі-түсті орындаудағы қорғаудың сұратылуын көрсетуін;
13) тауарларды (қызмет көрсетулерді) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін дәл терминдермен белгіленген ТҚХС-тың сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбасына тіркеу сұратылған тауарлардың және (немесе) қызмет көрсетулердің тізімін;
14) жүргізілген төлемдер туралы мәліметтерін;
15) Қазақстан Республикасындағы бұрын тіркелгенін (қажет болғанда) көрсетуін;
16) мәлімделген белгіні тіркеу үшінші тұлғаның авторлық құқықтарын бұзбайтындығын көрсетуін;
17) өтінім берушінің немесе оның патенттік сенімді өкілінің қолын қамтуы керек.
Егер өтінім заңды тұлғаның атынан берілсе, лауазымы және қол қойған адамның аты-жөні көрсетілген уәкілетті лауазымды тұлға;
егер өтінімді жеке кәсіпкер берсе, өтінім беруші;
егер өтінім патенттік сенімді өкіл арқылы берілсе, патенттік сенімді өкіл өтінімге қол қояды.
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Мадрид келісімінде көрсетілген нысан бойынша өтініш ұсынылуы мүмкін.
Тіркелген өтінімді қайтаруға болмайды.

6. Өтінішке мыналар:
1) тауар таңбасы (қызмет көрсету) ретінде белгіні тіркеу және сараптама жүргізу туралы өтініші;
2) мәлімделетін белгінің он бес репродукциясы. Мәлімделетін белгі 8х8 см форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері егер 20х20 см мөлшерден аспаса, олар толық көлемде ұсыныла алады. Көрсетілген мөлшерлер асқан жағдайда бейнелеу кішірейтілген түрде ұсынылуы керек.
Бейнелеу анық, қарама-қарсы болып тұруы, репродукциялау үшін жарамды болуы керек.
Тіркеуге мәлімделетін белгінің бейнесі тауар таңбасына тіркеу сұратылған түсте немесе түс үйлесімінде ұсынылады. Өтінімде түстер немесе түс үйлесімі көрсетілу тиіс, түсті кескіндемелер қосымша беріледі, бірақ оны ұсыну мерзімі өтінім берген күннен бір айдан аспау керек.
Егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракустардағы көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылуы мүмкін.
Егер дыбыстық тауар белгісінің қорғалуы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер тіркеуге музыкалық шығарманың бөлігі мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;
3) мәлімделетін белгінің сипаттамасын қамтитын белгіні суреттеу (егер өтінім беруші оның мағыналық маңызын түсіндіруді қажет деп санаған жағдайда) және құрамдас элементтерді көрсету, белгінің мағыналық маңызы жалпы алғанда жәненемесе оның элементтері.
Суреттеу-мәлімделетін белгінің мәнін идентификациясын түсіндіру үшін қызмет етеді;
4) өтінім беру төлемін растайтын құжат. Төлем өтінім беру кезінде немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде төленуі мүмкін. Төлем туралы құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде өтінім берілмеген болып танылады;
5) егер ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім берілсе, Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес ассоциацияға немесе өзге де бірлестікке қатысушылардың ұжымдық тауар таңбасын пайдалануы туралы келісім. Келісімде осы бірлестіктің атауы, тауар таңбасын пайдалану құқығы бар кәсіп орындардың орналасқан мекен-жайы көрсетілген, олардың тізімі, ұжымдық тауар таңбасын тіркеудің мақсаты, ұжымдық тауар таңбасын тіркелетін тауарлардың (қызмет көрсетулердің) тізімі мен бірыңғай сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны пайдалану шарттары мен оны пайдаланудың бақылау тәртібі;
6) тауар таңбасын тіркеу бойынша уәкілетті органмен немесе сараптама жасау ұйымымен өкіл арқылы іс жүргізу жағдайындағы қажет сенімхат. Сенімхат өтініммен бірге немесе іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімнің құжаттарына тігіледі.
Өтінім берілгенге дейін өкіл тағайындалған болса, сараптама ұйымына өтінім түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей оған сенімхат ұсынылады;
7) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында және тағы басқа ТМД елдерінде сәйкестік таңбасын қолдану ережесі
ҚР-да стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мақсаты, міндеті. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері
АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Сәйкестік сертификаты
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Материалдық емес активтер туралы түсінік
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Пәндер