Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары



Кіріспе
Негізгі
1.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық сбептері.
2.Қазақстан Республикасының жұмыссыздықтың формалары мен түрлері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс.
1.Я.Ә.Әубакіров.Б.Б. Байжұмаев.Ф.Н.Жақыпова,Т.П. Табеев «Экономикалық теория» Алматы «Қазақ университеті» 1999жыл 177-185 беттер.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары

Орындаған: Егізханов Қ.Н.

Тексерген: Қуантқан Б.Қ.
Тобы:
ВМ – 401

Семей, 2015-2016 жыл
Жоспар:
Кіріспе

Негізгі

1.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық сбептері.

2.Қазақстан Республикасының жұмыссыздықтың формалары мен түрлері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне
пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-
экономикалық құбылыс.Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы
жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық,
құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық
жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және
жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір
жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы)
құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның
құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан
пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне
(мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті
біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.Кез келген қоғамдағы
экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және
өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз
кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай
өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал
басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі
жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның
құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады.
Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі
ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына
болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚
қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін
ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа
мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді
сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып
табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін
қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы
себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те
атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және
әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық
дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі
бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай
олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚
әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық
қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚
мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы
жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық
жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың
жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын
білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи
деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары
теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының
санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы
оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс
орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да
біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен
басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс
орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші
жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі”
сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып
түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз
кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып,
жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына
байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі
жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке)
төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында
жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен,
бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды
қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі
де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.

Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген,
бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері.
Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне
пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ÷ Жұмыс күшінің мөлшері.

Жұмыссыздық проблемасы тіпті дамыған елдердің өзінде өткір, зәру тұрады,
мысалы мына елдерде 1985 жылдан 1990жылға дейінгі аралықта жұмыссыздық
деңгейі былайша түзілген: АҚШ-та 5,3-тен 7,2%-ға дейін Канадада 7,5-тен
10,5%-ға дейін Жапонияда 2,1-ден 2,9%-ға дейін Францияда 9,4-тен 10,7%-ға
дейін Ұлыбританияда 6,4-тен 11,2%-ға дейін.

1 Жұмыссыздықпен күрес жолдары

тапсырма биржаларында және жұмыспен қамту қызметтерінің
басқа да түрлері құру
жаңа жұмыс орындарын құру
оқыту мен жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау
қылмысқа қарсы күрес
мінез-құлық тұрақтандыру саясаты
мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру
мұндай журналистер, экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа
сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру.

2 Жұмыссыздық салдары

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті:

• Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін
айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес,
сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен
қызметтің орыны өтелмейді.

• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс
көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына
алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет
көрсеткені үшін берілген сыйақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық түсінігі, себептері мен формалары
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Пәндер