Лирикалық проза жайлы ақпарат
1. Проза жайлы
2. Лирикалық проза
3. Қазақ лирикалық прозасының даму арналары
4. Қазіргі қазақ прозасының даму арналары

Проза (лат. prōsa) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).[1]
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Лирикалық проза — автордың нәзік көңіл-күйімен, сезім әсерімен жазылған прозалық шығармалар.
Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырылады. Мұндай шығарманың композициялық құрылысы лирикалық кейіпкердің тебіреніс-толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл-күй әсерлерінен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады.
Кейіпкердің ой-сезімі, басқа адамдармен әр түрлі қарым-қатысы, қайшылығы жағдай, оқиғаға айналып, бір-бірімен қалайда жалғасып, астасып жатады. Лирикалық прозаның қаһармандары ойламаған жерден күтпеген жағдайларды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады.[1] Орыс әдебиетінде Лирикалық прозаны жоғары сатыға көтерген Тургенев болды. Қазақ әдебиетінде Лирикалық прозаның белгілері Ж.Аймауытов шығармаларынан айқын танылады.

1. Мағауин М. «Мен» ғұмырбаяндық хамса. – Алматы: Гаухар, 1998. –
590 б.
2. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 3. Нұршайықов Ә. Мен және менің замандастарым. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 9 т. – 344 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Өздік жұмыс
Тақырыбы: 1. Лирикалық проза
2. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні
3. ізденіс Мемуарлық шығармалар
Орындаған: Молдахметова Б.Д.
Топ: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Семей 2015
Жоспары:
1. Проза жайлы
2. Лирикалық проза
3. Қазақ лирикалық прозасының даму арналары
4. Қазіргі қазақ прозасының даму арналары
Проза (лат. prōsa) -- әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).[[1]]
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің Жер қазғандар, Айша повестері, Тар жол, тайғақ кешу романы; Б. Майлиннің Раушан - коммунист повесі, Қадыр түнгі керемет, Шариғат бұйрығы, Жол үстінде және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің Қорғансыздың күні, Жетім, Қаралы сұлу, т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Лирикалық проза -- автордың нәзік көңіл-күйімен, сезім әсерімен жазылған прозалық шығармалар.
Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырылады. Мұндай шығарманың композициялық құрылысы лирикалық кейіпкердің тебіреніс-толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл-күй әсерлерінен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады.
Кейіпкердің ой-сезімі, басқа адамдармен әр түрлі қарым-қатысы, қайшылығы жағдай, оқиғаға айналып, бір-бірімен қалайда жалғасып, астасып жатады. Лирикалық прозаның қаһармандары ойламаған жерден күтпеген жағдайларды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады.[[1]] Орыс әдебиетінде Лирикалық прозаны жоғары сатыға көтерген Тургенев болды. Қазақ әдебиетінде Лирикалық прозаның белгілері Ж.Аймауытов шығармаларынан айқын танылады.
Қазақ лирикалық прозасының даму арналары
Қазақ әдебиетінің өзіндік даму тарихы бар. Сонау ауыз әдебиетінен нәр алып сусындаған әдебиетіміз уақыт өткен сайын өзіндік жаңалықтарымен, ізденістерімен дараланып тұратын қаламгерлер шығармаларымен толығып отырды. Соның нәтижесінде әр кезеңдегі қазақ қаламгерлері қалыптасқан дәстүрлі арнаны жаңашылдық сипатта жан-жақты дамыта отырып, қазақ әдебиетіне мол жаңалық әкелді. Қазақ әдебиетінің төріне жаңа кейіпкерлер келді, олардың мінез-құлқы күрделенді, әр түрлі жанрда жазылған жаңа мазмұнды шығармалар қатары кеңейді. Кейіпкер бейнесін сомдауда, өмір шындығын көркем өрнектеуде соны көркем бейнелеу құралдары жасалды. Яғни әдебиеттегі дәстүрлі арна жаңа сипат алды. Әдебиеттегі жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Көркем творчество үнемі қозғалыс, даму үстіндегі күрделі әрі жанды процесс. Бұл процесте әр шынайы жаңашылдық өзінің сонылық қасиетін берік сақтай отырып, кейінгі дамуға да үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте белгілі творчестволық озық жетістіктердің жаңашылдық өмірі мен дәстүрлік қызметі қатар басталады деуге болады. Нағыз дәстүрлік сипат алған көркемдік құбылыс әдеби дамуда бүтіндей жаңа серпіліс, жаңа белес дайындайды [1, 35].
ХХ ғасыр әлем әдебиеті адамның ішкі субъективтік әлеміне терең үңіле отырып, өмірді жаңа қырынан таныды. Әлем әдебиетінде туындап жатқан жаңаша көзқарастардың әсері қазақ прозасына да өз ықпалын тигізіп, қазақ көркем сөз өнері өсіп, дами түсті. Әдебиет - өмір айнасы ғана емес, өз тарапынан жаңа әлемнің жасаушысы да [2, 55]. Әдебиеттегі осындай ерекшеліктердің бірі лирикалық прозаның дамуына қатысты болды. Кез келген нәрсенің жоқтан пайда болмайтындығы сияқты бұл құбылыс та әдебиетімізгі өзіне дейінгі дәстүрді жалғастыра отырып келді.
Орыс әдебиетіндегі лиризмнің кең өрістеу кезеңі 50-жылдардың екінші жартысынан басталды. Көркемдік-эстетикалық қуаты жағынан ғажайып шығармалар жазған орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері И.С.Тургеневтің "Алғашқы махаббат", "Көктемгі тасқын", Ф.М.Достоевскийдің "Бейшаралар", Н.Г.Короленконың "Соқыр музыкант" сияқты шығармалары сезімді сан толқытатын лиризм өрнектеріне толы дүниелер екені даусыз. Бұл туралы Б.Майтанов: Нағыз реалистік лиризм И.С.Тургенев, Н.Г.Кореленко, И.А.Буниндер шығармашылығында өзгеше стильдік бедер танытқаны мәлім. И.Паустовский табиғи және адам сұлулығын ерекше нәзіктікпен мөлдірлете суреттеуде романтикалық лиризм оңтайлылығын дәлелдейді деп жазады [3, 189].
Орыс әдебиетінде лиризм құбылысын ерекше әрі жетік меңгерген А.П.Чехов болып табылады. Расында, Чехов лирикалық проза мүмкіндіктерін танытушы ұлы қаламгерлердің бірі саналумен қатар, жалпы, әдетте бірауыздан мақұлданатын қатал реалистік өнерінің тұла бойына лиризм шуағын жарасымды жинақтай білгені - тартымды факт. Чехов өз шығармаларында адамзат өмірінің мәні, оның құндылығы мен қайталанбас қасиетін ашуға тырысады. Оның әңгімелері күнделікті өмірдегі күйбең тіршілік бола тұрса да, сол өмірдің бақыты, еркін сәттері болатынына сенімділікпен қарайды. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай пафосқа толы Чехов әңгімелеріндегі лиризм кейіпкерлердің мінезін айқындап, әңгіме жарқын мұң және ғажайып армандар жайлы ой қосады.
Көп жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта тіршілігін суреттеумен беріледі. Бұл ыңғаймен келгенде, негізінен ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы қалған аяулы мекен жайды жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар реті жоқ еді. Жоғарыдағы дәуірде жарияланған туындылардың көбіне жалпыодақтық әдебиеттегі бағдарға сай адамгершілік, ар-ождан мәселелері әрдайым көне салт, дәстүрге мән бермей, ес-түссіз құлшынатындығы үшін сыналуға бейім қала мен ата-бабалар, халықтың асыл мирасын, әдебін әлі де шын жүректен әлпештейтін ел адамдарының ара-қатынасы көзқарастар шарпысуы арқылы пайымдалды. Бір есептен лиризмнің мазмұндық-идеялық төркіні осынау сағыныш, аңсау, адалдық, тазалық, жақсы мұрттарды алыс естеліктерден іздеп, өткенді бағалау сарындарымен тамырлас шыққан сияқты.
Белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтің: Шеберлік біздің алдымызда тұрған бірінші мәселе. Классикалық әдебиеттен, ең алдымен классиктердің сөздерінен үйренуіміз керек. Олардың еңбектеріндегі үлкен шеберлікті меңгермейінше, үлкен әдебиет жасалмайды, тілек орындалмайды. Біз қазақ жазушылары, Толстойдың, Тургеневтің, Гогольдің, Чеховтың, Горькийдің мұрагерлеріміз, ең алдымен осы аталарымыздың шеберлігін меңгере білейік, - деуі де әдебиеттер арасындағы байланысты, дәстүр алмасуын жоққа шығармасы анық [4, 347].
Жалпы қазақ әдебиетіндегі лиризм үлгілері қай кезеңнен басталады деген сұраққа жауапты ертерек кезден бастаған дұрыс деп ойлаймыз. Кейбір орыс зерттеушілері орыс лирикалық прозасының бастау арналары сонау ауыз әдебиетінде жатқандығын да сөз қылып кетеді. Біз де лиризм үлгілері әлдеқайда ертерек кезеңнен бастау алған деген ойды айтқымыз келеді. Себебі лиризм элементтері кездеспейтін шығарма болмайды десек те болады. Өйткені кез келген шығармада белгілі бір дәрежеде баяндаушының, әңгімелеушінің өзіндік мені, яғни көзқарасы, тебіренісі, толғанысы қандай дәрежеде болса да көрініс беріп отырады. Сондықтан біздің әдебиетіміздегі лиризмнің алғашқы көріністері сонау ауыз әдебиетінен бастау алады десек, қателеспейміз. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе ертегілерде, соның ішінде қиял-ғажайып ертегілерінде лиризм өрнектерінің молынан кездесіп отыратынын жоққа шығара алмаймыз. Сол сияқты, М.Әуезов өзінің Әдебиет тарихы еңбегінде Асан қайғы туралы аңыздарда лиризмнің үлгілері кездесетінін айтқан болатын. Ал С.Мақпыров лирикалық прозадан басқа лиро-эпикалық жырларды (немесе лиро-эпос), лиро-эпикалық поэмаларды, поэмаларды, дастандарды, балладаны, өлеңмен жазылған романды, роман-диалогты, публицистикалық романды, роман-очеркті, роман-эссені, сондай-ақ тарихи-көркем жанр үлгісіндегі өмірбаяндық (мемуар) шығармаларды, эпистолярлық (хат) үлгідегі туындыларды аралас жанрларға жатқызуға болатындығын айта отырып, олардың неліктен осы жанрға жатқызуға болады деген сұраққа жауап береді. Оның айтуы бойынша лиро-эпикалық жырлардың аралас жанрға жату себебі: Жанр атауының (лиро-эпос) өзі-ақ аңғартып тұрғандай мұндай туындыларды кейіпкердің сезімі, толғаныстарымен (бұл лирикаға тән сипаттар) қатар олардың іс-әрекеттері де, халық тұрмысының көріністері (салт-дәстүр, көші-қон, кәсіп т.б.) де (бұл енді эпосқа тән ерекшеліктер) кеңінен суреттеледі. Біз аталған және басқа жырларды оқып отырып, Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің бір-біріне деген шынайы сезім толқыныстарын, шын ғашықтық жайларының суреттелуіне (өйткені лиро-эпоста ғашықтық-сүйіспеншілік басты мәселе) де, сондай-ақ, олар өмір сүрген қоғам, ортаның, көшпенді ел тіршілігінің, тұрмыс-салтының да молынан бейнеленіп, жан-жақты көрініс тапқанына куә боламыз. Бұл, әрине эпикалық суреттеулер [5, 159], - деп атап көрсетеді.
Демек, бұл пікірлерге сүйенсек, кейіпкердің ғашықтық, сүйіспеншілік сезімдерін, толғаныстары мен тебіреністерін беру сияқты лиризм үлгілері сонау ерте кезеңдегі әдебиетімізде қалыптасқан лиро-эпикалық жырлардан бастау алатындығына көз жеткізгендей боламыз.
Оның бергі жағындағы Шоқанның еңбектерінде, Ыбырайдың прозалық шығармаларында, бұларды айтпағанда Абайдың қара сөздерінде лиризм элементтері жоқ, мүлдем кездеспейді деп айта алмаймыз. Сондықтан қазақ әдебиетіндегі шығармаларға тән сыршылдықтың біздің ауыз әдебиетімізден бастап негізі қаланған деген ойға тоқтасақ қателеспейміз деген ой келеді. Ол кезеңдегі туындылардың мұндай ерекшелігі туралы сөз болмауы көркем шығармадағы лиризм мәселесіне кейінгі кезеңде ғана, яғни ХХ ғасырдың орта шенінде ғана көңіл бөліне бастауы себеп болса керек.
Қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың басындағы прозалық шығармалардан лиризм айшықтары анық көрінетінін байқауға болады. Мұндай шығармалардың қатарына Қалың мал, Ақбілек, Бақытсыз Жамал т.б. көптеген туындыларды атай аламыз.
Мәселен, Бейімбет Майлиннің шығармасындағы Шұғаның "Отаудың сықырлауығынан" қарап тұруының өзі лиризм көрінісі ретінде қызмет ететін деталь деуге болады. Мұның өзі кейіпкердің жан әлемі, қуаныш сезімі, қайғы-қасіреті - жан дүние иірімдерін тәптіштеп суреттеп кетер нақты поэтикалық көрініс. Бұл жерде Қасымжан әңгімесінен лиризм бедері айқын білініп қана қоймай, лирикалық пафос, сыршыл толғаныс арқылы лирикалық прозаның өміршеңдігі де айқын танылады.
Прозадағы жанды тербетер лиризм және әңгіменің бірінші жақтан баяндалуының өзі сезім иірімдерін сан құбылтып, өне бойына татымды сыршыл әуен қосқан. Т.Нұртазиннің айтуы бойынша, әңгімедегі лирикалық саз жазушының стильдік ерекшелігіне де айналып отыр.
Б.Майлиннің бұған дейінгі жазылған лирикалық шығармалары бізге таныс. Оның прозалық шығармасындағы лирикалық сипаттың басым болуы оның ақындығынан шығар деген де ой келеді. Қарап отырсақ, орыс әдебетінде де ақындардың жазған прозалық шығармаларында көбіне лирикалық прозаға тән сипаттар жиі кездеседі екен.
Шын мәнінде эпикалық жанрға бет бұрған ақынның прозалық шығармасына лирикалық туынды жазудағы тәжірибесі ықпалын тигізбей қоймайтын сияқты. Сол себепті де олардың шығармалары таза эпиктердің шығармасынан сәл де болса өзгешеленіп тұрады. Әрине, біз мұны айтқанда, лирикалық прозаны тек ақындар ғана жазады, немесе жазушының өлең жазуы шарт деген мақсатта айтып отырған жоқпыз. Әйтпесе, прозадағы лирикалық стильді тек поэтикалық мектептен өткен жазушылармен ғана байланысты десек ағаттық болар. Мәселен, Ғ.Мүсірепов, Ә.Әлімжанов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, Т.Нұрмағамбетов сияқты өзіміз зерттеу нысаны етіп алып отырған жазушылар ақын емес, бірақ олардың прозасы лирикалық болып есептеледі. Олардың әрқайсысының шығармасы өзінше ерекше, бірін-бірі қайталамайды.
Мәселен, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты белгілі жазушылардың шығармашылығында лирикалық сипаттың ерекше үлгілерін көре аламыз. Олардың лиризмді беруде өзіндік ерекшеліктері бар. М.Әуезов көбіне кейіпкердің жан дүниесін табиғат суреттерімен астастыра отырып жеткізе біледі. Жалпы жазушы шығармаларында пейзажды құбылта, әртүрлі мақсатта қолданудың шебері екені сөзсіз.
Ал Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы лиризм өрнектері мүлде бөлек. Оның лирикалық кейіпкерлері, образдары көбіне астарлы, меңзеу түрінде болып келеді. Жазушы әрбір детальді ойната, құбылта қолдана отырып, оны символдық образ дәрежесіне дейін жеткізе біледі.
Жазушының Кездеспей кеткен бір бейне туындысы нағыз лирикалық прозаның үлгісі болып табылады. Шығарманың кезінде поэма деп аталуы да осы сипатына қатысты айтылса керек. Ал Қыран жыры, Өмір жорығы, Жапон балладалары сияқты шығармалары қазақ әдебиетіндегі символдық туындылардың ішіндегі шоқтығы деуге болады.
Әсіресе 60-жылдардан бастап қазақ прозасы лиризм өрнектеріне бай, идеялық бағыты айқын шығармалармен толыға түсті. Олардың қатарына С.Мұратбеков, Қ.Ысқақов, Ж.Молдағалиев, Т.Жармағамбетов, Ә.Кекілбаев, Ж.Түменбаев, Т.Нұрмағамбетов, О.Бөкей т.б. көптеген жазушыларды жатқызуға болады. Олардың ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер енгізуге, байыта түсуге алып келді және ежелгі озық әдеби үрдістерді шебер пайдалана білуге жетеледі.
Қаламгерлердің қай-қайсысы да бұл ерекшеліктерді өзіндік табиғатын, стилін сақтай отырып, дамыта түскен. Мұның өзі олардың шеберліктерін көрсетіп, стилін айқындай түседі.
Жазушы бойына дарып, дамыған әдеби дәстүр әдебиетке жаңа заман рухын таныған жаңалық үлгісін әкелсе ғана жаңашыл стиль болып табылады. Бұл жазушыларды да дәстүрді дамыта отырып, жаңа заманның, яғни өз заманының рухына үн қосарлық өзіндік стильдерімен ерекшеленген талантты қаламгерлер деп атауға болады.
Өміршең шығармалары арқылы ұлттық әдебиетіміздің зор мақтанышына айналған Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты өзіндік стилімен, шеберлігімен дараланған жазушыларымыздан үйреніп, ізін жалғастырып қана қоймай, өзіндік тұрғыдан дамыта да білген Ә.Кекілбаев, С.Мұратбеков, Ә.Әлімжанов, О.Бөкей, Қ.Ысқақ, Д.Исабеков, Т.Ахметжан, Н.Ораз сияқты қаламгерлер туындыларынан лирикалық прозаға тән ерекшеліктерді әр қырынан көруге болады. Олардың әрқайсысы осы жолда тынбай еңбектеніп, ең алдымен туындысының идеясы мен көркемдік сапасын өз биігіне шығарды.
Көркем әдебиеттің міндеті тек өмір шындығын тізбектеп айтып беріп қана қоймайды, адамның жанын да зерттейді деуге болады. Ол адамның ішкі жан дүниесіне бойлап, болмысын танытып, жанындағы дерттің сырын, себебін ұғуға ұмтылса, көркем шығарма осылардың себебін анықтап, оны емдеудің жолдарын қарастырады. Жазушылар алдарына қойған осындай мақсатқа жетуде адамның жан дүниесін, сезім сырын, көңіл-күйін оқырманға жеткізу үшін авторлық баяндау, суреттеу, әңгімелеу, пікір айту сияқты тәсілдерді алмастырып қолданады.
Зерттеуші Б.А.Ахундов: XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы шұғыл әлеуметтік қадамдар шындықтың тек эпикалық кең картинасын ғана емес, өзгермелі дәуірдің эмоционалдық атмосферасын бере алатын лирикалық баяндауларды да қажетсінеді. Лирикалық романда идеялық салмақ эпикалық емес, лирикалық бөлімге; кейіпкер істері мен әрекеттерін сипаттауға емес, оның толғаныс, әсерлену, сыр ашу сәттеріне түседі,- деп жазады [6, 278].
Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын табу үшін ол шығармада көңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік сипаттары басым болуы қажет. Себебі лиризм оқушының интеллектуалды-эмоционалдық сергектігіне сенімнен қуат алады. Сондықтан да ғалымдар лирикалық прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің өз өмірбаяны мен уақыттың күрделі тарихи, қоғамдық, рухани құбылыстарын терең байланыстырып, өмір шындығын қызғылықты беруі деп ұғады.
Жазушылардың шартарап ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер енгізуге итермеледі және ол қадамдар ежелгі озық әдеби үрдістерді өнерпаздықпен пайдалана білуге жетеледі. Мысалы, Прибалтика әдебиетінде шағын новеллалар құрылымына ассоциативтілік пен метафоралық сипаттар дендеп енді.
Мұндай құбылыс қазақ әдебиетінен де мол байқалады. Фольклорлық сарындар, тарих пен бүгінгі таң оқиғаларын салыстыра бейнелеу, көне аңыз, әңгімелерде түйінделген өмір ақиқаттарына қазіргі шындықтан үндестік іздеу арқылы психологиялық толымдылыққа қол арту - прозаның барлық жанрында бел алған стильдік тенденция. Тынымбай Нұрмағамбетов, Сайын Мұратбеков, Әбіш Кекілбаев, Тобық Жармағанбетов, Өтебай Қанахин, Нығмет Ғабдуллин, Қалихан Ысқақ, Дулат Исабеков, Талаптан Ахметжан сияқты көптеген қазақ жазушыларының шығармалары осы бір адам жан сырын ізгі мұраттар жолындағы өрлеу сұлулығымен суреттейтін нәзік күйлі арнаның өрістей түскенін айғақтайды. Бұл қаламгерлердің әрқайсысы қазақ лирикалық прозасының дамуына елеулі үлес қосты дей аламыз. Әрине, лиризм - ең басты шеберлік өлшемі емес және оны негізгі стильдік бағдарына табиғи түрде айналдырған жазушы эпикалық қарымдағы әріптестерінен бір сүйем де қалыс тұрмайтынын ұмытпаған жөн. Мәселенің екі жағы да шығармашылық тәсіл мен дарын қуатының заңды жарасымымен шешілетіні күмән туғызбаса керек.
Көркемдік дегеніміз толып жатқан элементтер мен олардың компоненттерінің, яғни сюжет пен композицияның, тіл мен стильдің қарым-қатынасы бірлігінен құралады. Демек, автордың баяндау мәнерінен жасалады. Баяндаудың сәтті шығуында автордың дүниетаным мен жеке шығармашылық бағыты, композиция мен сюжет, кеңістік пен уақыт ұғымдары арасындағы байланысты түсіне білу қабілеті, көркем деталь-штрихтарды қолдану машығы үлкен рөл атқарады. Демек, лиризм табиғаты жазушының мол ізденісін, суреткерлік парызын байқататын құбылыс.
Қазіргі қазақ прозасының даму арналары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы

Конец формы
Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатыр. Басқа елдер, басқа жұрттар баяғыда жүріп өткен жолға енді түскен қазақ жұртьг егемендік алғаннан бергі он екі жылдың ішінде басынан қаншама замана кешті. Әрине, қоғамдағы болып жатқан құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын жаңа: бір үрдістің нобайы шалынды. Осы орайда өткен жеті-сегіз жыл бедерінде түрлі басылым беттерінде жарық көрген бірқатар прозалық шығармаларды зерделей отырып әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Талғат Кеңесбай өзінің Лениннің бәтеңкесі (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда -- үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз -- жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді.
Нұрғали Ораздың Ешкім мекен етпейтін арал атты әңгімесін кейінгі жылдары жарық көрген тамаша әңгімелердің бірі дер едім. Шығарма Нұрғалидың өз прозасынан андағайлап бөлек түр. Кафеде болған отырыстан кейін оңаша қалған орта жастардағы еркек пен жасамыс әйел арасындағы бір кештің әңгімесі өрістей келе үлкен пайымдауларға жеткізеді. Күнделікті күйкі тіршіліктен қажыған еркек сырлы түн, жанындағы көрікті әйелдің сиқырына елтіп, шым-шымдап іштегі шерін айтады. Жаңа танысқан екі адам, ақылсыз да емес, бір басына жететін кісілігі де бар екі адамның арасында жақсы ықылас-пейіл, жарасымды көңілдестік орнайтын сияқты. Алайда әңгіменің ортасына келгенде оқиға жалт бұрылады. Еркек жүрек жарды сырын айтқан еді. Осы жерде, біз, Нұрғалидың кейіпкер таңдаудағы шеберлігін айта кеткіміз келеді. Хикаяның бір жерінде еркек өзінің математик екенін айтады. Яғни, сөзге емес, логикаға бейім психологиялық тип. Ал оның әйелге ықыласын сездіргендегі сөзі -- кей ақынның аузына түсе бермейтін сөз. Әрине, өзінің табиғатына сай, білгенінше теріп айтқан сөзі. Міне, бүл, еркектің бойындағы сезімнің шынайылығын арттыра түсетін қосымша психологиялық мотивировка. Бірақ, әркімге күнде-күнде айтыла бермейтін етене сыр әйелге мүлдем кері әсер етеді. Әңгіменің аяғына қарай еркекті салқын ғана шығарып салады. Көрікті махаббат драмасының табалдырығында түрған екі адам неге бір-бірімен табыса алмады, енді осыған жауап беруге тырысайық. Шынтуайтына келетін болсақ, сезімнен тартынған адам -- әйел. Сөзіміздің басында оны жасамыс әйел дедік. Нұрғали өзінің әңгімесінде оны талдырмаштау сымбатты келіншек дейді. Және әңгіме барысында оның қылықты жас келіншек екенін, оның мөлдіреген көркін баса айтып қайталап отырады. Біз жасамыс дегенде келіншектің мінез дағдысын айтқан едік. Әйел психологиялық кәрі типке жатады. Еркекті шығарып салғаннан кейінгі ой толғаныстарына назар аударыңызшы. Өткен өмірді шарлаған көңіл көзі тиянақ тұтар, медет етер ештеңе таппайды. Жаңа танысқан еркектің жасқана отырып айтқан аралы, күйбеңнен шаршаған адамның барын пана табатын жерұйығы іспеттес бір мекен еді. Ал әйел бүл көрікті бейнені, тонын теріс айналдырып енді өз бойына басқаша етіп өлшейді. Өзін әркім бір соғып, бір түнеп кететін арал деп елестетеді. Солай деп түйсінеді. Әйел мінезінде өмірдің тауқыметінен қалыптасқан цинизм басым. Өзін әйел еткен, ләззат сыйлаған еркектерді елестетеді -- бірақ бойында кекті сезімнен басқа ештеңе жоқ. Өзінің бақытты болғанын ұмытқан -- бірақ кек қалған. Шынына келетін болса, кектен басқа ештеңе де қалмаған. Әйел толғанысы -- аты аталмаған кек. Ақыл-ойын алған, бүкіл санасын жайлаған осы кекті сезім бүгінгі қызығынан айырып отырғанын, бүкіл тіршілігін сүреңсіз етіп отырғанын... әрине білмейді. Әңгімеде және бір тамаша деталь бар. Үйіне қайтып бара жатқан еркек қайырылып келіп келіншектің есігін қағады. Келіншек шошып кетеді. Еркектің қайтып келгеніне көзі жеткеннен кейін, тіпті есікті аша жаздап барып қолын тартып алады. Бүл эпизод, әңгіменің басындағы басқа бір эпизодтан өрістеп отыр. Оқырманның есінде болар, кафеден шыққан екі адам қараңғы парктен өтеді. Байырғы әдебиетте парк, қараңғы аллея, психологиялық параллелизмнің
белгілі көркемдік құралы болған, адам жанының қалтарыс-бұлтарысына меңзейтін тәсілі болған. Нұрғали осы тәсілді тағы бір рет пайдаланған. Бұл жердегі парк -- символ. Қанша күйзелістен өтсе де өлмейтін сезімнің, көңілдің символы. Сол себепті әңгіменің аяғына қарай, келіншектің қайтып келген еркекке есікті ашып жібере жаздауы нанымды. Қанша қасірет шексе де кұлкінің қар таймағанын, сезім суыса да қоламтасы өшпегенін көрсететін, тіпті десеңіз бүкіл әңгімені ұстап тұрған көркемдік түйін.
Мәдина Омарованың шығармаларын қазақ әдебиетіндегі готикалық прозаның басы десем қателеспес едім. Сол себепті оның әр кезде жазылған, әр тақырыпты қамтыған шығармаларының ішінен осы готикалық сарындағы екі әңгімесін таңдап алып отырмын.
Жас қаламгердің бір әңгімесі Жұмбақ деп аталады. Оқиғаның ұзынырғасы: түнгі сағат он екінің шамасында өз үйінде телевизор көріп отырған әлдебір адамға сырттан достары телефон шалып, өздерінің жол апатына ұшырағандарын айтады. Достарын құтқармақ болған кейіпкер жедел жәрдемді шақыртып, апат болған жерге өзі де таксимен жетеді. Жеткенде көргені, достары таңертең, яғни жарты күн бұрын қайтыс болып кеткен екен. Кейіпкерге телефон шалған тірі адам емес, досының аруағы екеніне көзіңіз жеткеннен кейін әңгімені басынан түсіп қайтадан оқисыз. Оқисыз да түршігесіз. Әрине, бәрі де адамның қабылдауына байланысты. Мысалға, бүгінгі оқырман немесе көрермен триллерді көргенде психологиялық депрессияға ұшырауы мүмкін, себебі, қазіргі психология триллердің сананы езгіге салатынын дәлелдеп отыр. Алайда, триллер аспаннан түскен жоқ қой. Әлем халықтарының демонологиясы тұтастай алғанда -- триллер. Бүгінгі үрейлі фильмдер, романдар сол демонологияның жетілген түрі ғана. Дәстүрлі мәдениеттерде триллер катарсистік жанрға жатқан. Яғни, триллерді көрген, мистерияға қатысқан адам, сол көргендеріне көзі үйренеді, рухани сауығып шығады. Басқаны қайдам, маған осы әңгіменің түйіні Э.Хэмингуэйдің Вайоминг шарабы (Вино Вайоминга) әңгімесінің концепциясын есіме салды.
М.Омарованың екінші әңгімесі Жол үстінде деп аталады. Әңгімені бірінші жақтан баяндап отырған кейіпкер түнде, әлдебір адаммен жол жүріп серіктес болады. Ол жолаушы кейіпкермен бір ауылдан, ит асырап аты шыққан Алмабек деген кісінің баласы болып шығады. Ауылдағы үйіне жетіп апасымен әңгімелескен қыз, озінің он жыл бұрын өлген адаммен жолсерік болғанына көзі жетеді. Әңгіменің Уақытында келіп жетпіс жыл кешіккен ажал туралы деп аталатын, заманында қазақ ішіне кең тараған аңыз-әңгіменің оқиғасын елестетеді. Мәдинаның жазу мәнерінде мынадай белгілер бар: ол өмір шындығына матасу. Ойымша жас қаламгер өзінің қиялын жетілдіру керек. Әрине, аталмыш әңгімелердегі жайыттар жазушының өз басында болған деуден аулақпын. Бәрі де ойдан шығарылған, көркемдік заңдылықтарға сәйкес өмірде болғандай етіп қиыстырылған. Алайда әңгімедегі сөйлемдердің арасы ауыр қиысады. Осыған қарап отырып жазушының өзі ойлап шығарған сюжеттің әсерінен, магиясынан арыла алмайтынын сезесіз.
Мәдинаның осы әңгімелерін оқығанда Жак Казот, Шарль Нодье, Петрус Борель сияқты готикалық жанрда жазған жазушылардың шығармалары елестейді. Бүгінде көршілес Ресейде бүл жанрда Лариса Петрушевская қалам тартып жүргені белгілі.
Революция, бүлғақ, соғыс кезінде халықтық төмен демонология етек алады. Мысалға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz