ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері.

Тексерген: Еспенбетов А. С.

Орындаған: Искакова А. К.

Тобы: КЯ - 313.

Семей қаласы

2015 жыл.

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
  3. Қорытынды.
  4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстанның Ресей отаршылдығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайы. Ресейдегі түрлі демократиялық қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, олардың қазақ даласында көрініс табуы. Европадағы, Ресейдегі ілгершіл ой-идеялардың қазақ зиялылары арасында өріс алуы. ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың (Ш. Уәлиханов, Абай, Ы. Алтынсарин) ХХ ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.

Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар. Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі, оған қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары. Қазақ зиялыларының қазан төңкерісіне дейінгі идеялық-саяси көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен маңыздылығы.

ХХ ғ. б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. Орыс-қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Бұрынғы «қадымша» оқудан «жадидше» оқуға бетбұрыстың белең алуы. «Жадид» әдісінің жетістіктері. Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А. Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте оқу» жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері.

ХХғ. б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартысы. ХХғ. б. қазақ әдебиетінің дамуына орыс, европа классиктерінің (Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Байрон, Гете т. б. ) шығармаларының қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері. Қиссашыл ақындардың (Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шәді Жәңгіров, т. б. ) әдебиетке қосқан үлесі. 1909 жылы Петербургта, Уфада басылып шыққан Абай, Ахмет, Міржақып жинақтарының қазақ әдебиетіне өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.

Қазақ ақын-жазушыларының Орынбор, Ташкент сияқты орталық қалаларға топтасуы. Олардың арасындағы саяси-әлеуметтік көзқарастарының қайшылықтары. «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан» т. б. басылымдардағы әдеби ой-пікірлер көрінісі. Ұлт азаттығын жырлау жолының күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің қиындығы. С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев шығармаларындағы дәуір шындығын суреттеудегі ізденістер.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуының екі айрық жолға түсуі. Жалпы поэзияда саяси лириканың басым болуы. Тарихи поэмалар, олардың түрлері, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Көркем прозаның дамуы. Драматургия жанрының қалыптасып, дамуы. Трагедия, комедия үлгілері. Қазақстандағы саяси-идеологиялық күрестердің әдебиетке шешуші ықпал жасауы. Әдебиет сынының өріс ала бастауы. Қазақ әдебиетін таптық-идеялық тұрғыдан нығайту жолындағы саяси насихаттың күшеюі. ВКП(б) -ның 1925 жылғы «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» қаулысының ұлт әдебиеті мен мәдениетінің дамуына тигізген кесірі. Жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың аяғындағы саяси репрессияның ұлттық әдебиеттің өркендеуіне тигізген кері әсері. Социалистік реализм әдістерінің қазақ әдебиетіндегі алғашқы көріністері. Жиырмасыншы жылдардың басындағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Шолпан Иманбаева, Асқар Тоқмағанбетов, Иса Байзақов, Жақан Сыздықов, Ғалым Малдыбаев, Самат Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы.

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.

Ағартушылық-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарасының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әр түрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі.

Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесін, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсаса тақырыптарға қалам тербеуі.

Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.

Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі - мемлекетті әділ басқару; екіншісі - бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі - Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі - қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз - ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» /1. 209/. Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:

Бәрін таптым, тек кісілік таппадым,

Кездессе егер, жүзін көру, баққаным.

Опа құрып, жапа толды ғаламға,

Аз-маз опа қалды қандай адамда? /2. 584/ - деп, өмірден түңіліп, адамдар ортасынан безініп, «киік тобымен лағайын» дейді. Шыдамының шегіне жеткені сонша, мұндай қорлықты көргенше, тағылықпен өмір сүріп, «елден жырақ өмір сүрейін», жаһан кезіп кетейін немесе «иірім кешіп, өзен болып ағайын» және сол үшін де:

Жапа шектім, ием, мұңлы сияғым,

Опалы кім, шыбын жанды қиямын /2. 585/, - деп, оны түсінер ешкім қалмағандықтан, жалғыздықтан жапа шегіп, торығады. Оның түңілетіні - жан-жағындағы бауыр-туыс, ағайын, дос-жаранның қатігездігі. Адамның жанын ұқтыратын көңіл айнасы - жан мен тіл, ал:

Тіл, жан ала болды, сенсін қайтіп діл! /2. 585/ - деп, тілдің де алдамшы екендігін, жүректің де таза емес, яғни адам пейілінің де тарылғанын сөз етеді. Дүниеде жалғыз қалып, өзін түсінер ешкім таппай, содан жапа шегіп:

Кімді сүйеу, кімді жақын санайын,

Кімге сеніп, кімді досқа балайын?! /2. 585/ - деген жолдарда Жүсіп не үшін, неліктен жабырқауының себебін дәл, нақты көрсетпегенімен, Абайдың «көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» дегені сияқты күңіреніс байқатады :

Көңіл қалды туыстан да, жаттан да,

Бауырың - жат, құлқы жаман қастан да! /2. 585/

Ақын түңілетін орта - Абай айтатын «заманға күйлеген» адам мінезі, олардың тар дүниетанымы, тоғышарлығы.

Сауда қуып, бұзылды ма маңайым,

Елес пе әлде, көзімді кең ашайын.

Заң, ізгілік кетті - ниет қарайып,

Сұмдар қалды, қайдан шындық табайын /2. 586/, - деген ақын мұңы қай ғасырда да халық мұңы болып қала берді. Өйткені өмір бар жерде әлеуметтік қайшылықтар бар, әлеумет бойындағы міндер бар. Бұндай келеңсіздіктен халық үлкен өркениетке жеткенде ғана құтыла алады, оған дейін әр заман ойшылы, әр кезең ақыны сол кемшіліктерді айтуы, кесапатты қылықтардың қандай екендігіне халықтың көзін жеткізуді заңды құбылыс, сондықтан да бұл тақырып кейінгі қазақ поэзиясында өз дәстүрлі жалғасын тапқан тақырып. Мұндай замана келеңсіздіктері Ж. Баласағұн мен ХІХ-ХХ ғасыр ақындары шығармашылығында бірдей көрініс беріп отыратындығынан да себебі осыдан.

Қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ және ХХ ғасыр - халық басынан өткен қайғылы оқиғалардың өрбіп, олардың бет-бейнесі әдебиетте көрініс тауып, тарихи кезеңнің шындықпен бейнеленуі. Х. Сүйіншәлиев ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері турасында: «Ақын атаулы халық қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай бейнелеп, ерлік күрес шежірелерін жазды» /3. 3/, - деп көрсетеді. Сондықтан осы дәуірде азаттық рухты аңсап, ерлікке үндеген күресшіл поэзия өмірге келді. ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүрген «зар заман ақындары» елде отаршылдық саясат орнап, әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың, моральдық-этикалық нормалардың бұзылып, елдің күйзеліске ұшырағанына көкірегі қарс айырылып, сол заманға көңілі толмады. М. Әуезовше айтсақ: « . . . Қалың елге жаңа өріс, жаңа жайылыс табамыз деген ниеттер туған соң, бұл елдің әдебиетінде ең алғашқы бағыт, мақсат деген нәрселер туды. Жақсылыққа бастасын, қайда тартса да, әйтеуір өз халқының халіне қанағаттанбай, жаңалықты іздеп, «бастаймын», «түзеймін», «қазіргі күйге қанағаттанбаймын» деген күй беріліп, алғашқы рет тұтасқан ой құралып, әдебиет жүзінде елдің әлеуметтік тіршілігі сөз бола бастаған соң, жазба әдебиет дәуірі туа бастады деп есептеу керек» /6. 192/. Ғасыр басындағы ақындардың бірі - Жанақ Сағындықұлы Рүстем төреге өзінің ащы да улы жырларымен шындықты жасырмай, төренің отаршыл патшаның әбден басынып, орданы өртеп, орнына дуан салып жатқанын бетіне шоқтай басып, «мықты болсаң қанекей бермеші ырық» /3. 11/ деп тіке айтады:

Ұрлап, тартып қазақтың алдың малын,

Хан емессің әкімді жерге көмген /3. 10/.

. . . Аш қасқырдай нашарды жейсің жығып,

Сырт жау келсе, кіресің шиге бұғып.

http://qasym.kz/images/stories/zzzzzzz/alash.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz