Карта номенклатурасы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы.

СӨЖ.

Тақырыбы: Карта номенклатурасы.

Орындаған: Тұрғазы Жәнібек.

Топ: ГК-407.

Тексерген: Аубакирова С. М.

Семей 2015

Жоспар.

  1. Карта:
  • Жалпы тусінік.
  • Даму тарихы.
  • Карта масштабы.
  • Түрлері.
  1. Карта номенклатурасы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Карта - Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. [1]
Бұлайша көрсетілген Географиялық Карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеум. -экон. құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық Карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүз., құрлықтық, жеке елдер, т. б. ), мазмұнына (жалпы геогр. және тақырыптық, т. б. ), масштабына (ірі масштабты - 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты - 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты - 1:1000 000-нан кіші), т. б. белгілеріне қарай бөледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картогр. проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы - олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.

  • Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді. [2]
  • Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:

а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;

ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;

б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т. б. ) көрсету оңайға түседі;

в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т. б. ) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;

г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

  • Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол - жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін - географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т. б. - географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол - құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.

Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының (тиопографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілікшекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т. б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т. б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.

Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны - жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т. б. ) көрсетеді.

Карталардың номенклатурасы.

Көп парақты географиялық карталардың әр парағы-ның орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. К. н. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. К. н. кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картаның әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парақтың ортаңғы нүктесінің - координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.

Масштаб
Беттің өлшемі
Номенклатура үлгілері
Ендікте
Бойлықта
Масштаб: 1 : 1
Беттің өлшемі: 4
Номенклатура үлгілері: 6
М-41
Масштаб: 1 : 5
Беттің өлшемі: 2
Номенклатура үлгілері: 3
М-41-А
Масштаб: 1 : 2
Беттің өлшемі: 40
Номенклатура үлгілері: 1
М-41-ХХХ
Масштаб: 1 : 1
Беттің өлшемі: 20
Номенклатура үлгілері: 30
М-41-60
Масштаб: 1 : 5000
Беттің өлшемі: 10
Номенклатура үлгілері: 15
М-41-60-Б
Масштаб: 1 : 25000
Беттің өлшемі: 5
Номенклатура үлгілері: 7 30”
М-41-60-Б-г
Масштаб: 1 :1
Беттің өлшемі: 2”30
Номенклатура үлгілері: 3”45”
М-41-60-А-а-1
Масштаб: 1 : 5000
Беттің өлшемі: 1”15”
Номенклатура үлгілері: 1”52”, 5
М-41-60(256)
Масштаб: 1 : 2000
Беттің өлшемі: 25”
Номенклатура үлгілері: 37”, 5
М-41-60(256-и)

C:\Users\Администратор\Searches\Desktop\5_3.gif

Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картаның номенклатурасы жайлы мәлімет
Картаның номенклатурасы жайлы ақпарат
Картаның номенклатурасы
Картографиялық проекция түрлері
Географиялык карта туралы жалпы мәліметтер
Тахеометр.Электронды тахеометрлер
Топографиялық карталардың жол-жол сызығы және номенклатурасы
Топографиялық карталардың торлануы мен еркін меңгеру және номенклатураны оқып үйрену
Географиялық карта және оның қасиеттері
Топографиялық карта бойынша есептерді шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz