Қазақстан Республикасының жекешелендіру, кезеңдері және оны жүргізу әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Орындаған: Мұхаметқалиева Г. А.

Тобы: ВС - 403

Тексерген: Қуантхан Б

Семей қаласы, 2015 ж

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жекешелендіру мәні

2. 2. ҚР жекешелендіру

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 - 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызметкөрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді.

Жекешелендіру - меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды - бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

  1. Кіші жекешелендіру - еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай жекешелендіру - орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру - ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді.

І кезең - 1991-1992 жж. ; ІІ кезең - 1193-1995 жж. ; ІІІ кезең - 1996-1998 жж.

Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:

  • Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;
  • Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру. Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.

Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

1. Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.

  • Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:
  • Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;
  • Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
  • Акцияларды ашық сату.

2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.

Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:

  • Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК) ;
  • ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

3. Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.

ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын, барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.

Үшінші кезең Мемлекеттік меншікті қайта құрлымдау мен жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты - экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын. Кейбір кәсіпорындар жекешелендіру алдында қайта құрылымдалуы тиісті еді. Яғни бұл олардың белгілі бір құрлымдық өзгерістерден өтуі тиістігін білдіреді: мысалы, залалды кәсіпорынды алдын ала қалпына келтіру немесе оның ішінде өз бетімен жұмыс істей алатын құрлымды бөлу. 1996 жылдан бастап Қазақстанда, мемлекеттік меншіктегі кез келген жекешелендіру тек ақшалай қаражаттармен жүзеге асырлады. Бірақ қолданыстағы заң жекешелендірудің екі түрін қарастырады:

1. Саудада сату (аукциондар, тендер) .

2. Тікелей атаулы сату ( заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген) .

Үкімет жекешелендіруді секторлық бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-қатынастық кешендерде, ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спортта жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы белгіленеді. Онда мемлекеттік меншіктің мена ерекше объектілері жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген: жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық сақтандыру мен резервтік қорлар.

Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Тек сол ғана ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді, өзінде монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, құрлымдық қайта құрудың шынайы факторына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Кәсіпкерлікті мемлекттік реттеу жүйесінің қалыптасуы көптеген бағыттар бойынша жүреді. Солардың кейбірін қарастырайық.

1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен дамуын құқықтық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Осы кезеңде заң актілерінің жоғарғы сапасын - олардың арасындағы қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру, кәсіпкерлердің құқығына кепілдік беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету маңызды.

2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау мен қаржылықты қамтамасыз етуді маңызды. Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т. б. туралы саясатты сапалы жетілдіруді талап етеді.

3. Кәсіпкерлікті, кадрларды даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру. Кәсіпкерлік барлық өнеркәсібі дамығын елдерде үкіметтік қолдауға ие. Оның мәні үш бағытта нақты шараларды әзірлеуге әкеледі:

  1. Кеңес беру (әсіресе, алғашқы кезеңде ) . АҚШ-та, мысалы Шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.
  2. Қаржылық қолдау көрсету.
  3. Қаржылық қатнастарда күші аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.

Кейбір экономистер осы уақытта кәсіпкерлер кездесетін негізгі қиыншылықтарды мыналар деп есептейді:

  • кәсіпкерлік құрлымының қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;
  • қатал салық прессингі (салмағы) және салық салудың күрделенген жүйесі;
  • алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;
  • банк кредиттерін алудағы қиындық;
  • криминалдық құрылымдардың қысымы;
  • ғимараттың және оны жалға алу бағасының жоғарылығы;
  • лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.

Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі бүгінгі күні пайдасын әлеуметтік жобаларға инвестициялау және қайырымдылық жасаумен шектелмейді. Одан туған өлкесінің келешек жоспары мен проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын түсінуді және өз аймағын дамытуға қомақты үлес қосқанын күтеді.

Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революция­лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер­де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді. Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады. Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономи­ка­лық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап­кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады. Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал­дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек. Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жеке­шелен­діру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио­нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т. б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын­ыш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылу­шы­лық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі. Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіп­орындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр­ма­ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп­орын­дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо­ми­калық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел­дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді. Реформаны өт­кі­зу­дің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынас­тарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:

  1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.
  2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы.
  3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.
  4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

«Жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Жекешелендіру мақсаты :

  • өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру.
  • мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
  • құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
  • Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
  • «қатаң» вариантты жекешелендіру қарқынды жүргізу;
  • «жұмсақ» вариантты жекешелендіру ақырындап жүргізу.
  • Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге ұқсастығын жүзеге асырылады.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан болды.

Жеке меншіктің дамуы ХIX-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
ҚР-да жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz