Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы ақпарат



Кіріспе:
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар.
Негізгі бөлім:
І.Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.
ІІ.Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
ІІІ.Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар.
Қорытынды:
Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.
Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әртүрлі.
Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтарды аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі.

Организмдердің экологиялық қуысы оның қай жерде тұратынына ғана емес, оның не істеуіне (энергияны ол қалай өзгертеді, оның мінез-құлқы қалай, ол ортаның физикалық және биотикалық жағдайларға қалай жауап береді және өзгертеді) және басқа түрлермен қалай қарым-қатынас жасауына байланысты.
Егер адам қоғамында біз біреумен танысқымыз келсе, бізге міндетті түрде ол адамның адресін білуіміз қажет, яғни оны қайдан табатынын, мекен орнын білуіміз керек, бірақ адамды жақсы білу үшін, бізге оның қайда тұратыны жөніндегі мәлімет жеткіліксіз, сондықтан онымен жете танысу үшін ол адамның қоғамдағы атқаратын ролі және таныстарымен қарым – қатынасы жеке оның өміріндегі іс-әрекетін білуіміз қажет. Осы сияқты басқа организмдер зерттенгенде де осындай мәліметтер қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік униврситеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.

Орындаған:Науырызбек С.
Топ: ХН-501
Тексерген: Жексенаева А.Б.

Семей қаласы, 2015 ж

Жоспар:
Кіріспе:
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар.
Негізгі бөлім:
І.Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.
ІІ.Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
ІІІ.Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар.
Қорытынды:
Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.

* Экологиялық қуыс
Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әртүрлі.

Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтарды аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі.

Организмдердің экологиялық қуысы оның қай жерде тұратынына ғана емес, оның не істеуіне (энергияны ол қалай өзгертеді, оның мінез-құлқы қалай, ол ортаның физикалық және биотикалық жағдайларға қалай жауап береді және өзгертеді) және басқа түрлермен қалай қарым-қатынас жасауына байланысты.
Шымшықтардың әртүрлі түрлерінің қоректік аймақтары
Егер адам қоғамында біз біреумен танысқымыз келсе, бізге міндетті түрде ол адамның адресін білуіміз қажет, яғни оны қайдан табатынын, мекен орнын білуіміз керек, бірақ адамды жақсы білу үшін, бізге оның қайда тұратыны жөніндегі мәлімет жеткіліксіз, сондықтан онымен жете танысу үшін ол адамның қоғамдағы атқаратын ролі және таныстарымен қарым - қатынасы жеке оның өміріндегі іс-әрекетін білуіміз қажет. Осы сияқты басқа организмдер зерттенгенде де осындай мәліметтер қажет.
Тіршілік орнын білу - қуысты зерттеудің басы ғана. Табиғи ортада организмдердің жағдайын анықтау үшін, біз олардың белсенділігі туралы, қорегі мен энергия көздері туралы, өсу мен метаболизм жылдамдығы туралы, қарым - қатынасқа түсетін басқа организмдерге оның әсері туралы, экожүйедегі маңызды процестерге оның тигізетін әсерлерін анықтауымыз қажет.
Түр аралық бәсекелекстік нәтижесінде экологиялық қуыстың бөлінуі құбылысы экологиялық диверсификация деп аталады.
Бірге тіршілік етіп жүретін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр: кеңістіктік орналасу, азықтық мамандану, белсенділік мезгілі бойынша жүзеге асады.
Кеңістіктік орналасудағы айырмашылықтың мәні- түрлердің әртүрлі стацияларды таңдап алуында. Үлкен ала тоқылдақ азығын ағаштардың діңінен, орташа тоқылдақ - ірі бұтақтардан, ал кіші тоқылдақ - бөрік басынан ұсақ бұтақтарынан іздейді.
Азықтық мамандану бойынша -экологиялық диверсификация кең таралған құбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінен қоректік мұқтаждықтары әртүрлі болатындығы көптеген мысалдардан дәлелденген. Мысалы, бірнеше симпатриялық түрлерге жататын шөл кесірткелерінің біреулерінің азықтық рационы- құмырсқадан, екінші біреулерінікі- термиттерден, үшіншілерінің - кесірткенің өзге түрлерінен немесе өсімдіктерден ғана құрылады.
Қуыстың бөлінуі көп жағдайда түрлер белсенділігінің уақыт бойынша сәйкес келмеуімен сабақтасады. Тәуліктің немесе маусымдық белсенділіктің әртүрлі типтері осыған мысал болады. Мысалы, қоңыржай белдеулерде бау шымшығы мен қарабас шымшықтың жұмыртқалау мерзімдерінде екі аптадай айырмашылық бар. Тропиктерде бұл түрлер жыл он екі ай балапандар басады, себебі олардың қоректенуі үшін қажет жәндіктердің үнемі мол болуы бәсекелестікті бәсеңдетеді.
Бірге тіршілік ететін түрлердің экологиялық қуыстардың бір параметрлері бойынша сәйкес келсе де, ешуақытта толығымен сәйкес келмейді, өйткені бұл жағдайда бәсекелестікті жою заңы әсер етеді және осы биоценоздан бір түрді екіншісі ығыстырып шығарады. 1910 жылы экологиялық қуыс түсінігін Ф.Джонсон ұсынған. Американ зоологы Одумның анықтамасы бойынша: тіршілік ортасы - организмнің адресі болса, экологиялық қуыс -- оның жалпы іс-әрекеттерінің түрі.
Экологиялық қуыс түсінігін пайдаланып, Гаузе принципін былай нақтылауға болады: екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды.
Сонымен, организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы - экологиялық қуыс деп аталады.

:: Гаузе принципі бойынша экологиялық қажеттіліктері бірдей екі түр бір территорияда ұзақ уақыт бәсекелеспей тура алмайды, яғни олар бір экологиялық қуысты иемденеді.
Түр аралық бәсекелестік кеңістік, қорек, биогендік заттар және т.б үшін болуы мүмкін. Түр аралық бәсекелестік нәтижесінде бір популяция екінші популяцияны ығыстырып орнын басады. Егер түрлер әр түрлі жерде тіршілік етсе олардың экологиялық қуыстары әр түрлі, ар бір жерде тіршілік етіп, қорегі әр түрлі болатын болса олардың экологиялық қуыстарында бір шама айырмашылық болады. Табиғатта бәсекеге түсетін түрлердің бірлесіп тіршілік етуі (экологиялық қажеттіліктерінде айырмашылық болса) мүмкін. Популяциялардың кеңістік пен ресурстарды бөлісу процесі экологиялық қуыстардың дифференциясы деп аталады. Экологиялық қуыстар дифференциясының басты нәтижесі - бәсекелестіктің азаюы. Көптеген жағдайларга байланысты антагонистік түрлер бірлесіп тіршілік етеді, алайда бұл кері әсерін тигізеді, себебі түрлердің бір - біріне әсері қалып, оларға өз қасиеттері мен мүмкіншіліктерін толық ашуға мүмкіндік бермейді.
І. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы.

Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады -- бүкіл халықтың игілігі.
Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы, 1981 ж Қазақстан республикасының заңы, республикалардың табиғатты қорғау туралы заңдары, аң аулау және аңшылық шаруашылық туралы республикалық ережелері, балық қорғау және еліміздің суларындағы балық шаруашылығын реттеу туралы ережелері, аң аулаудың және балық аулаудың жергілікті ережелері.
Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның Табиғатты қорғау туралы заңы аңшылық шаруашылықтың қоры -- жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда тұз жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді).
Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау, кәсіптік маңызы бар жануарлардың қорын пайдалану
үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу көрсетілген. Жергілікті жерге аңдардың жаңа түрін әкеліп жібергенде, сол жерден жануарға зияны тимейтіндей жағдайлар көрсетілген. Заңының ережелері негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар. 1991 жылғы 18 маусымда Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар.
Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде аулауға болатындығы жөнінде де шек койылады.
Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған.
Кімде-кім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды браконьерлер деп, оларға қарсы күрес жүргізеді, тіпті оларды саптап, дүние мүлкін мемлекет есебіне алады.
ІІ.Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.
Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір - бірінен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс - әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.
Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді.
1. Бөліктерінің өзара бірі - бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір - бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағынының 70 - 80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағынының бар болғаны 1-2% үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетті. Бір - бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады.
Түрлердің өзара бір - бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасаушылар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасудың негізінде жатыр.
2. Түрлердің бір - бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады. Мысалы, қылқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық, жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар туралы ақпарат
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Дара организмдер экологиясы
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлар- жарық, температура .Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Жер қойнауының температурасы
Тараз қаласы
Пәндер