Бруцеллез ауруы туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Бруцеллез

Орындаған : Есенова Т. А

Тобы : ВС - 403.

Тексерген : Нуркенова М.

Семей 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім: Бруцеллез ауруы жайында

Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиет

Сарып , бруцеллез (Brucellosіs), медицинада - адам мен малдың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғышы бруцелл - суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Мұны 1886 ж. ағылшын дәрігері Д. Брюс (1855 - 1931) тапқан. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Сүтті қайнатқанда және пастерлегенде бруцеллдер бірден, арнайы дезинфекц. заттардан бірнеше мин-тта, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше мин-тан 3 - 4 сағ. аралығында өледі; топырақта 3, суда және тоңазытылған етте 5 айдай, сиыр сүтінде 45 күн, тұздалған қой терісінде 2 ай, мал жүнінде 4 айдан артық тіршілігін сақтай алады. Сарыппен көптеген үй жануарлары (қой, ешкі, сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Індет малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың қағанағы, лас төсеніш, құрал-жабдық, т. б. арқылы тарайды. Адамға дейін көтеріліп, қалтырап, әлсіздік пайда болады. Науқасты қалың тер басып, басы ауырады, буыны мен бұлшық еттері сырқырап, жүйке және қантамырлар жүйесі зақымданып, кейде адамның психикасы да өзгеруі мүмкін. Ауруды дұрыс емдемесе еңбекке жарамсыздыққа әкеледі, ал жүкті әйелдер Сарыппен ауырса, түсік тастайды. Ауруға шалдыққан адам ауруханада емделеді. Сарып ауруы байқалған шаруашылықтардан шетке мал шығарылмайды, шеттен келген мал тексеруден өтеді. Ауру мал жайылған өріске сау малды жаюға тыйым салынады. Сарыптан сақтану үшін сау малға вакцинация жасалады. Ауру мал тұрған қора, алаң, аула көңнен тазартылып, концентрациясы жоғары ерітінділермен дезинфекцияланады; іш тастаған малдың қағанағын, жалқаяғын, оның жатқан төсенішін, ластанған көңін өртейді. Өлген малдың терісін 2 айдай тұзға салып қояды, жүнін бромды метилмен зарарсыздандырады. Ауру малды күтуші адам үнемі дәрігердің бақылауында болады. °Сарып көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен жұғады. Жүн жуатын, ет комб-тарының жұмысшылары және ауру малды күтуші адамдар Сарыппен жиі ауырады. Аурудың белгісі 1 - 3 аптада білінеді. Ауырған адамның температурасы 39 - 40.

Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т. б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.

Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br. melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі Br. abertus Br. suis Br. cauris Br. neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді

Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары:

-қатынас арқылы (зақымдалған тері)

  • -алиментарлық
  • -шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.

Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

  1. лимфогенді фаза
  2. гематогенді фаза
  3. көп ошақты себу жайылу фазасы
  4. экзоошақты себу фазасы
  5. метомффоз фазасы

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты

Клиникасы

Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың, асқазанның, бауырдың ауыруы формасында өрбиді.

Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін.

Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:

  1. Ағымы бойынша:
  2. Ұзақтығы бойынша:жедел (3 айға дейін) жеделдеу (6 айға дейін) созылмалы (6 айдан кейін) ирезидуальды

Жедел бруцеллездегі симптомдар:

  • Әр түрлі сипаттағы қызба (толқын тәріздес, ремиттирлеуші, субфебрильді) 1-2 аптадан 2-3 айға дейін.
  • - Қалтырау және тершеңдік
  • -Жалпы интоксикациялық синдром (бас ауру, әлсіздік)
  • -Микрополиаденит
  • -Гепатомиенальдық синдром
  • -Қысқа мерзімдік әлсіз немесе айқын түрдегі артралгия, миалгиялар.

Жеделдеу бруцеллезге тән симптомдар:

  1. айқын интоксикация
  2. ағзалар мен жүйелер зақымдану симптомдары:
  • полиартрит, бруссит, спондилоартриттер, спондиметтер
  • менингит, менингоэнцефалит, миелит, энцефалит
  • эндокардит, миокардит, перикардит
  • нефриттер, нефрозда
  • түсіктер, бедеулік, жатыр түтікшелерінің қабынуы, менистризация циклінің бұзылуы
  • орхит

Созылмалы бруцеллезге тән симптомдар:

  • Висцеральды түрі:жүрек-қантамыр жүйесітыныс алу жүйесігепателиенальды синдромдармен жүреді
  • Сүйек буын түрі:буындарсүйектержұмсақ тіндераралас түрде зақымдану
  • Нервтік түрі:орталық жүйке жүйесіперифериялық жүйке жүйесінің

Емдеу жолдары

Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Жұқпалы аурулардың емі
Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру
Маңқа ауруы
Бруцеллез жайлы мәліметтер
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Құтырық ауруы
Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары
Бруцеллез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz