Әйтеке би (1683 - 1722)



Әйтеке би (1683 - 1722)
Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен – биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын, одан сарыбас, Пұсырман, Шіңгір, Төртқара шығады. Төртқарадан Қарашы, одан Сейітқұл. Сейітқұлдан сегіз бала болған. Соның бірі кезінде Самарқанды билеген Жалаңтөс батыр еді. Әйтеке сол жалаңтөстің немересі. Ақшаның үшінші баласы Бәйбектен туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі бөлек туысы екен. Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер бала кезінен дарыса керек. Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады:

- Ассалаумағалейкүм, ағалар?
- Әликімүссалам. Кімнің баласысың?
- Бәйбек баласымын.
- Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы?
- Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?
- Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамының аты теуіп өлтіріп, соған құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
- Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар, жолдарыңыз болсын,- депті әлгі бала.

Үш жолаушы Қосуақ бидің үйіне түседі. Әңгіме, билік сөз басталады. Би айыпкерді алдырады. Бүтін құн алмақ болған баланың әкесі:
- Баламды ат босағада тепті,- десе, екінші даукес:
- Жабықта тепті,- депті. Би айыпкерге «сөйле» дейді. Сонда айыпкер:
- Атым босағада да, жабықта да тұрған жоқ. Анадай жердегі кермеде байлаулы тұр еді. Біз үйде шай ішіп отырсақ, апыл-тапыл басып жүрген

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әйтеке би (1683 - 1722)

Әйтеке би (1683 - 1722)

Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы кіші жүзден шыққан қазақтың атақты
шешен – биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын, одан
сарыбас, Пұсырман, Шіңгір, Төртқара шығады. Төртқарадан Қарашы, одан
Сейітқұл. Сейітқұлдан сегіз бала болған. Соның бірі кезінде Самарқанды
билеген Жалаңтөс батыр еді. Әйтеке сол жалаңтөстің немересі. Ақшаның үшінші
баласы Бәйбектен туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі бөлек
туысы екен. Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер бала кезінен дарыса керек.
Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады:

- Ассалаумағалейкүм, ағалар?
- Әликімүссалам. Кімнің баласысың?
- Бәйбек баласымын.
- Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы?
- Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?
- Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамының аты теуіп өлтіріп, соған
құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
- Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе
бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар.
Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар, жолдарыңыз болсын,-
депті әлгі бала.

Үш жолаушы Қосуақ бидің үйіне түседі. Әңгіме, билік сөз басталады. Би
айыпкерді алдырады. Бүтін құн алмақ болған баланың әкесі:
- Баламды ат босағада тепті,- десе, екінші даукес:
- Жабықта тепті,- депті. Би айыпкерге сөйле дейді. Сонда айыпкер:
- Атым босағада да, жабықта да тұрған жоқ. Анадай жердегі кермеде байлаулы
тұр еді. Біз үйде шай ішіп отырсақ, апыл-тапыл басып жүрген жас бала, аттың
артына барып, құйрығынан ұстай бергенде, ат теуіп өлтіріпті. Бұған мен
кінәлі емеспін. Баланың шешесі кінәлі.

Сонда Қосуақ би:

- Баланы ат босағада да, жабықта да емес, түзде тепкені анықталды. Айыпкер
құнның төрттен бірін төлесін,- деп билік айтыпты. Сонда өлген баланың
әкесі:
- Япырым-ай, осы билікті бізге жолда кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала
айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қаратқан би болар,- деген екен.

Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр да ділмәр
шешендігімен, әділ және түзу бидігімен белгілі болған қоғам қайраткері.
Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару
алып алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы. Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің
құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен деп шегелейді шежіреші
қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйтеке ( Айтық) би
Төле Әлібекұлы
Қазақтың билерімен батырлары
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Қазақ жыраулары мен билері
Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай
Тәуке хан - Жәңгір ханның баласы
Әйтеке (шын аты Айтық) Байбекұлы
Ордабасы кездесу және оның маңызы
Қазақ халқының тарихында (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Пәндер