Ағаш қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі, желім түрлері, желімдеу технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Геодезия және құрылыс » кафедрасы
БАӨЖ
Тақырыбы: Ағаш қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі,
желім түрлері, желімдеу технологиясы .
Орындаған: Жекей Н.
Тексерген: Дюсембаев А. М
Топ: ст-309
Семей-2015
Жоспар:
Кіріспе
1. Негізгі бөлім:
1. 1 Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі.
1. 2 Желім түрлері, желімдеу технологиясы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе:
Ағаш (ор. дерево) - қатты бағаны бар және ол бағаннан ұшар басын қалыптастыратын бұтақтары бар көп жылдық өсімдік.
Ағаш көмірі
(op. древесный уголь) - ағашты 623 . . . 873° К пештерде көміртегін күйдіру арқылы жасалатын кеуекті зат.
Ағаш қоспасы (ор. древесная масса) - сумен араластырылған жаңқаларын диірменде ұнтақтау арқылы жасалған талшықты масса. Бұл зат қағаздарды, картондарды және ағаш талшықты тақталарды өңдіргенде жартылай өнім ретінде қолданылады.
Ағаш құрылымдары (ор. деревянные конструкции) - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т. б. ) . Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т. б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т. б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.
Ағаш ұнтағы (op. древесная мука) - ағаш жаңқаларын және үгінділерін құрғақ күйде диірмендерде үгу арқылы жасалатын ұнтақ сусымалы зат.
Ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдары
(ор. столярно-строительные изделия) - бұған терезелер, есіктер, паркеттер және құрылыста сүректер мен сүрек материалдардан жасалған пішінді тетіктер, еденді жабуға арналған тақтайлар мен сырықтар, терезенің алдын жабатын тақтайлар, ірге бастырғылары, маңдайшалар, тұтқалар және қаптамалар жатады.
Ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдары
(ор. столярно-строительные изделия) - бұған терезелер, есіктер, паркеттер және құрылыста сүректер мен сүрек материалдардан жасалған пішінді тетіктер, еденді жабуға арналған тақтайлар мен сырықтар, терезенің алдын жабатын тақтайлар, ірге бастырғылары, маңдайшалар, тұтқалар және қаптамалар жатады.
Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі .
1. Сынамен қосылу.
2. Шеге жұмысының ерекшелігі.
3. Металлды тісті пластиналар арқылы қосу.
4. Желімдеу арқылы қосу.
5. Кертіктер арқылы қосу
Құрылыста қолданылатын ағаш материалдары бөрене немесе кесілген түрде максималды өлшемдері келесідей болуы керек, көлденең қимасы 25-28см, және шектік ұзындығы 6, 5м. Үлкен аралықты немесе биік конструкцияларды элементтерді жалғаусыз елестету қиын.
Мақсаты бойынша:
- Ұзарту- элемент ұзындығын көбейту (сурет 15, 1 а, б) ;
- Қосу- қима өлшемдерін үлкейту (сурет 15, 1 в, г) ;
- Түйінді қосылыстар
Сурет 15, 1. Қосылыс түрлері.
а- қисық шабу; б- желімделген тісті қосылыспен; в- болтпен; г- желім көмегімен.
Жұмыс түріне байланысты қосылыс түрлері:
- Желім көмегімен, қозғалуға жұмыс істейді;
- Сына көмегімен, иілуге жұмыс істейді;
- Шабылған жерлерде, күш бір элементтен екіншісіне ешқандай қосылыссыз беріледі;
- Созылатын қосылыстарда- болт, қамыт, тұтқа арқылы, созылу жұмысы жүреді.
Қосылыстар зауытта немесе құрылыс алаңында жасалады. Барлық қосылыстар, желімделгеннен басқасы, икемді болып келеді. Есептік жүктемелердің өзінде қосылатын элементтер арасында қозғалу пайда болады. Желімделген қосылыс қатты болып келеді, қозғалыс байқалмайды.
Қосатын элементтердің қаттылығы бірдей болу керек, желім шегелі немесе желім нагельді қосылыстар кездеспейді.
Ағаш конструкцияларының элементтерінің қосылысы келесі талаптарға сай болуы керек:
- Конструкцияны жасауда еңбек шығыны аз болуы керек;
- Қосылатын элементтердің қималары қатты әлсізденбеу керек;
- Қосылыстар тығыз байланысу керек (саңылаусыз), деформацияны болдырмау үшін;
- Эксплуатация және дайындау кезінде сапаны бақылау жеңіл болуы керек;
- Жұмыс кезінде сенімді болу керек және ұзақ мерзімді жүктеуден кейін орнынан ауыспау қажет.
Серпімді қосылыстарды болдырмау қажет, олардың бұзылуы күрт болады және аз деформация кезінде. Көзге көрінетін ақаулықтардың жоқтығынан алдын ала шараларын қолдану мүмкіндігі жоқ болады. Морт сыну шабылған қосылыстарда көп кездеседі.
Тұтқырлы қосылыстарда ұзақ жүктеудің әсерінен деформация баяу өседі. Тұтқырлы қосылыстарға сына және шегелер жатады, ағаш бұл жерде мыжылуға жұмыс істейді.
Қосылыстарға тұтқырлық қасиетін беру үшін бөлшектеу ережесін қолданады, ол өз кезегінде, жарылатын аймақтың көлемін көбейту арқылы жарылуды тоқтатады. Бір шоғырланған қосылыстың орнына әр жерде шоғырланған тұтқырлы қосылыстарды орнату көтергіш қасиетін әлдеқайда көтереді, болат шығыны бірдей болғанымен (сурет 15, 2) .
Сурет 15, 2. Бөлшектеу әдісінің көрінісі.
2 . Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.
Сыналар цилиндрлік және пластиналы болып бөлінеді (сурет 15, 3) . Цилиндрлік сыналар - олар тұтас немесе бос қималы сырықтар (болттар, шегелер, бұранда және т. б. ) . Оларды болаттан, пластмассадан және қатты ағаш түрінен жасайды (қайың, емен) . Сыналы қосылыстар қозғалуға жұмыс істейді (сыналар майысады, ал қатынасатын ағаш мыжылады) .
Сурет 15, 3. Сына арқылы қосу.
а- сынанның жұмыс істеу сұлбасы; б- сына түрлері; в- сына қосылыстары.
Цилиндрлік сыналарды алдын ала тесілген ұяларына орнатады. Ұя диаметрі сына диаметріне тең немесе кішірек етіп алады. Екі немесе үш брусты қосу үшін пластиналы сыналарды қолданады, оларды арнайы дайындалған ұяларға орнатады (сурет 15, 4) . Сыналардың және ұяларының өлшемдерін, орнату араларын нормалар бойынша қабылдау қажет. Пластиналардағы талшықтар бағыты қосылатын жазықтыққа перпендикуляр бағытта болу керек. Сына орнату түзу немесе шахмат бағытта болуы мүмкін.
Сурет15, 4. Пластиналы сына арқылы қосу.
3. Шегелер де сына сияқты қозғалуға қарсылық ету үшін жұмыс істейді. Шеге диаметрі 6мм-ден аспайды, сондықтан олардың көтергіштігі күш бағытына және талшықтардың бағытына байланысты болмайды.
Шеге өстері араларының минималды шамасы 15d гв болу керек. Орналасу бағыты түзу, қисық немесе шахматты түрде болуы мүмкін.
Шегелер сыналарға қарағанда тығыз байланыс береді. Ең басты кемшілік- ұзақ жүктеме салдарынан орнына ауысады.
Сурет 15, 5. Шеге жұмысы ерекшелігі.
d гв -шеге диаметрі;
l гв -ұзындығы.
4. Металлды темір пластинкалар (МЗП), 1-2мм цинктелген болаттан жасалған жазық бетті, бір жағында әртүрлі ұзындықты тістері бар пластиналарды айтады. Оларды элементтің екі жағынан қояды (сурет 15, 6) . Орнату арнайы пресстеу құрылғысымен жүргізіледі.
Сурет 15, 6. МЗП арқылы қосу.
МЗП-мен қосылған конструкциялардың көтергіштігін ұялардағы ағаштың мыжылуы немесе тістердің майысу дәрежесіне қарап сынайды. Керегелі конструкцияларда қолданыс тапқан.
5 . Желімдеу арқылы қосу қосылыстың ең тиімді және ең прогрессивті түрі болып табылады (сурет 15, 7) . Оның арқасында әртүрлі формалы желімделген конструкцияларды алуға болады (арқалық, аркалар, рамалар) . Конструкцияларды жұқа ағаш материалдарды және фанераны желімдеу арқылы алады. Суға төзімді синтетикалық желімдерді қолданады (фенолды, фенол-резоцинді) . Желімделген ағаш конструкцияларды зауыттарда дайындап құрылыс алаңына полиэтиленді қаптарға оралған күйде әкеледі.
Желім түрлері
Шел желімі суды өз көлемінен(6-10 есе) артық сіңіреді.
Қарағайдан, шыршадан, қайыңнан жасалған заттарды желімдеуге арналған желім.
(Казеин желімі)
Ылғал тимейтін бөлшектерге ғана қолданылатын желім түрлері
(Казеин және шел желімі)
Сүт белоктарының негізінде майы алынған сүзбеден жасалған желім.
(Казеин желімі)
Нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштердегі ерітіндісінен жасалатын желім.
(Нитрожелім)
Желімдеу технологиясы
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, пресске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ пресстен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады.
Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз - желім қабатының қалыңдығы шамаммен 0, 1 мм болуы тиіс.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады.
Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz