Мониторинг аныктамасы жайлы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
CРО
Тақырыбы: Мониторинг аныктамасы
.
Дайындаған: Е-219 топ студенті
Бақытжан Кәрімов
Мамандық: 5В011600-География
Семей 2015 жыл
Жоспар
Негізгі бөлім
1. Мониторинг туралы түсінік
2. Мониторинг түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
... жалғасыМониторинг (ағылш. monіtor - қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру ) - қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “ бақылау ” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т. б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т. б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг - жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг - Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг - экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг - экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаның Мониторингі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ, Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды. Мониторинг үш деңгейге ажыратылады:
1. Санитарлық-токсикологиялық мониторинг -қоршаған ортаның күйін, табиғат нысандарының зиянды заттармен ластану деңгейін, осы ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін зерттейді.
2. Экологиялық мониторинг -экожүйелердегі, табиғи кешендердегі өзгерістерді, олардың өнімділігін бақылау.
3. Биосфералық бақылау -табиғаттағы ғаламдық-фондық өзгерістерді: радиация деңгейін, атмосферадағы зиянды заттар, шаңның мөлшерін, жылудың тасымалдануын, планетадағы ауа райы мен климаттың т. б. өзгерістерді бақылау.
Мониторинг - латын тілінен алдын алатын, бақылайтын, алға қарайтын деп аударылады. Ал ағылшын тілінде «мониторинг» бақылау жүргізу, қадағалау деген түсінікті береді. «Мониторинг» деген терминді алдын ала дайындаған бағдарлама бойынша қоршаған орта бір немесе бірнеше элементтерін кеңістікте және уақыт бойынша қайта бақылау жүйесі.
Сонымен, мемлекеттік жер мониторингі - жер күйінің өзгеруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестердін алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қорщаған орта оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы.
2. Территорияны қамтуы бойынша мониторинг келесі түрлерге бөлінеді:
1. глобальды;
2. ұлттық;
3. аймақтық;
4. локальды.
Глобальды мониторинг - планетамыздағы барлық жердің күйін бағалауға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізіледі.
Ұлттық мониторинг - республика деңгейінде арнайы органдармен жүргізілетін мониторинг.
Аймақтық мониторинг - белгілі бір физикалық-географиялық, экологиялық немесе басқа да шекаралармен шектелген ірі аймақтар мен территория шегіндегі процестер мен құбылыстарды бағалауға мүмкіндік береді.
Локальдық мониторинг - аймақтық деңгейден төмен орналасқан объектілерде, тіпті жеке жер учаскелерінде және қарапайым ландшафты-экологиялық кешендерде жүргізіледі.
Өзгеру сипаты бойынша фондық және импактты мониторингтің түрлері қарастырылады.
Фондық жер мониторингі адамның ешбір әсері тимейтін жерлердің күйін бақылау жүйесі болып табылады және ол биосфералық қорықтарда жүргізіледі.
Импактты жер мониторингі антропогендік факторлар әсер ететін жерлерде жүргізіледі.
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы) . Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т. б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т. б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг
- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг
- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі
- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz