Қан алу және физикалық қасиеттерін анықтау туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Кафедра: Ветеринариялық медицина
БӨЖ
Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау
Тобы: ВС - 303
Орындаған :Мырзабекова Назерке
Тексерген: Муратбаев Даулетбек
ЖОСПАР:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Қан
2) Қан физиологиясы
3) Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері
4) Иттен қан алу
5 ) Қояннан қан алу
6) Құстан қан алу
7) Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу
8) Бақадан қан алу
9) Теңіз доңызынан қан алу
10) Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ)
III. Қортынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе
Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып немесе қырып теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады.
Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Қан физиологиясы
Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық - химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1, 7 - 2, 2 ал қан тұтқырлығы 5, 1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1, 050 - 1, 060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады. Плазма мен пішінді элементтердің көлемдік арақатынасы гематокрит деп аталады. Қан плазмасы оның құрамы. Плазма судан ( 90 - 92%) және құрғақ ( 8 - 10 % органикалық және бейорганикалық ) заттардан тұрады.
Органикалық заттары:
- Нәруыздар - альбуминдер ( 4 - 5 %), глобуминдер ( 2 - 3, 5 %), фибриноген ( 0, 2 - 0, 4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 - 8 %;
- Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак ) 11 - 15 ммоль/л ( 30 - 10 мг%) . Бүйрек қызметі бұзылғанда қанда осы қалдықтық азот мөлшері кілт көтеріледі;
- Құрамында азоты жоқ органикалық заттар: глюкоза 4, 4 - 6, 65 ммоль/л ( 80 - 120 мг %), бейтарап майлар, липидтер;
- Ферменттер мен проферменттер: олар қан ұю үрдісіне және фибринолизге қатысады.
Бейорганикалық заттар ( 1% дай) :
- Na+, Ca+, K+, Mg+ катиондары;
- Cl-, HPO-, HCO- аниондары.
Плазма құрамы әр кезде тұрақты. Қанның пішінді элементтері:
- Эритроциттер - ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4, 0х1012 - 5. 0х10 12 /л. Әйелдерде 3, 7х10 12 - 4, 7 - 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі - эритроцитоз, азаюы - эритропения деп аталады.
- Лейкоциттер - қанның ақ денешіктері. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда тыныштық жағдайда лейкоциттердің мөлшері 4, 0-9, 0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз, азаюы - лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулациттері ( түйіршіксіз) . Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.
- Тромбоциттер - немесе қан пластинкалары.
Олардың мөлшері 180 - 320 109/л. Оның көбеюі - тромбоцитоз, азаюы - тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір - бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.
Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылды, оны сорып алу оңайлайды. Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45º бұрышпен қадалу керек) . Қан аға бастаған инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап -автоматтар пайдаланады. Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін қатетерлеу әдісі қолданады.
Иттен қан алу. Иттен (мысықтан) қанды аз мөлшерде құлағының ұштарынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тірсектен төмен орналасқан сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқызып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса ұстап, тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырғасын тесіп, қанды шрицпен сорып алады.
Қояннан қан алу . Қояннан қанды аз мөлшерде құлағының ұшын тіліп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұратынарнаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақты ала жылы суға салып, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн. Қанды көп мөлшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операцияылық алаңды ( шынтақ төмпешігінің үшінші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны саусақпен басып тұрып, инені қан ағысына қарсы бағытқа көлбеу енгізеді. Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қаннан 15-20 мл-ге дейін қан алуға болады.
Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, қанаттарының астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы тұсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені көлбей енгізеді. Құстың қаны өте тез ұйитын болғандықтан, қан алатын жерді алдын ала қан ұйытпайтын сұйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан қанды пипеткамен ішіндегі антикоагулянты бар приборкаға құяды. Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10-15 мл, көгершіннен - 1-1, 5 мл қан алуға болады.
Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқүйрық пен тышқаннан қанды құлағының ұшын тіліп, немесе құйрығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды кұйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін кұйрықты алдын ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содан соң құйрық түбін саусақпен кыса ұстап, венаға жіңішке ине кіргізеді де, қанды шприцпен сорады.
Бақадан қан алу. Бақаның бірнеше тамшы қанын саусақтарының ұшын қайшымен кесіп тастап, алуға болады. Қанды кейде қурсағының ортасында орналасқан тері венасын тесіп алады (алдын ала теріні кеседі) . Көп жағдайда қанды бақаның кеудесін ашып, тікелей жүрегінен алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz