Сұлтанмахмұт Торайғыров


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28. 10. 1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында дүниеге келген-24. 5. 1920 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында қайтыс болған) - ақын, ағартушы.

С. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр көліне таяу жерге қоныстанған. С. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасында Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің С. Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянаулдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. С. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912-13ж. аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге», «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Жарлау», «Досыма хат», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», «Түсімде», «Қымыз» т. б. өлендерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913ж. күзінде Троицкіге қайтқан С. Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайына», «Қазақ тіліндегі оқу, оқыту жолы қалай», т. б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін Шоң серіктігі деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп, Семейге барған С. Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазған. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Жан қалқам», «Өмірімнің уәдесі», «Гүл», т. б. өлеңдерін, «Кім жазықты» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге алып келді. 1915 жылы Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол, 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қажау көрген ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі, «Шәкірт ойы өлеңінде «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам», «мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетін классикалық үлгілерімен, саяси кітаптарымен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» т. б. өлеңдерін жазды. Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысымен өлең түрімен сурет салуға бағыттаған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластик сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұғымын өмірі арқылы көрсетуге тырысқанмен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. С. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығарманың жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмыста жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирик кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұратын өжет мінез танылады. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен керітартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеуметпен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа әкеледі. Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» атты екі роман, төрт поэмасын: «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» жариялады. С. Торайғыров «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, «Кім жазықты?» романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымаған, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. С. Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, ой түйіндерін бүкпестен өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовторды таныстырып, бірі-күн, бірі-шолпан, бірі-ай екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғадағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ аулы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - С. Торайғыров шығармаларының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңдамалы шығармалары
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
С. Торайғыров шығармалары
С. Торайғыровтың лирикасы
Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz