Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу


Жоспар:
- Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу
- Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу механизмдері
- Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Аймақтарды дамыту және де мәселелерді шешу үшін келесідей факторларды атап өткен жөн. Олар келесідей:
- табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикасын жақсарту;
- аймақтарды инновациялық технологиялармен жабдықтау;
- аймақтардағы экологиялық мәселелерге жіті назар аудару [1] .
Аталған факторларды жүзеге асыру барысында әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да ат салысулары талап етіледі. Осымен байланысты аумақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
- біріншісі - макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
- екіншісі - мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
- үшіншісі - жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің бір жолы әкімшілік- құқықтық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функционалдық өкілеттіліктерді бөлуді, әділетті бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін заңдарды шығару мен жүзеге асыру қажет. Осындай жүйе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандырады және аймақтарда қалыптасқан жағдай үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады. Қазіргі таңда аймақтардың дамуы бір деңгейде болмай тұр. Сол себепті экономикасы артта қалған аймақтарға экономикасы дамыған аймақтардан көмек көрсетілуде. Сол себепті барлық аймақтардың экономикасын теңестіру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп және жекелеген артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру үшін қосымша экономикалық механизмдер қолдану қажет. Артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру механизмінде негізгі орын инвестицияларға беріледі. Сол себептен мемлекеттің инвестицияны реттеу жүйесі 3 кезеңмен жүргізіледі:
- кезеңде - ең алдымен жобалардың басымдылығын анықтау және қажеті инвестициялық жиынтыққа бөлу, яғни инвестиция бөлетін аймақтардың басты мәселелерін анықтап, аймақтарды инновациялық технологиямен, өнірістермен және логистикалық инфраструктура мен дамыту қажеттілігін анықтау;
- кезеңде - мемлекеттің инвестициямен көмек көрсету жобасының басты мақсаты жобаларға құрылымдық-функционалдық талдау жасау, яғни аймақтарды дамытудағы табиғи және экономикалық, экологиялық жағдайларына байланысты өнеркәсіп, инновация үрдісімен дамыту барысынталдау;
- кезеңде - ақырғы этап бұнда зертелген аймақтарды инвестициямен қамтамасыз етіп және бөлін қаражатты мемлекет тарапынан реттеліп, бақылап отыру [2] .
Инвестициялық қолдау, сонымен қатар, туризм саласын қамтып отыр. Өйткені, бұл сала аймақтардың табысын және жұмысбастылықты өсірудің маңызды көзі. Инвестициялық жобаларды дайындау барысында барлық қаржы көздерінің ішінде басымдық жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, еңбекті көп қажет ететін жобаларға беріледі. Экологиялық және экономикалық жағдайы төмен аймақтарға қолдау инвестицияларынан негізгі көздері мемлекеттік бюджет қаражаттары мен заңға қайшы келмейтін басқа да көздер бола алады. Жоғарыда ұсынылған механизмдер әрбір аумақтағы проблемаларға қатысты қолданылады. Сонымен қатар, атап өтетін жайт, бұл шаралар проблемалы аумақтардың жергілікті атқарушы органдарымен, шағын және орта бизнес субъектілерімен қолданатын болса ғана оң нәтиже береді. Жергілікті атқарушы органдар өз тарапынан мыналар бойынша саясат жүргізуі қажет:
- аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, инвестициялар еркін құйылуға жағдай жасау;
- шағын және орта кәсіпорындарды күшейту шараларын жүргізу;
- аймақтарда бизнес-инкубаторлар мен ақпараттық орталықтарды құру арқылы зерттеулерді, инновацияларды, ҒЗТКЖ-ын және технологиялар трансфертін инвестициялық қолдау.
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағытының бірі - мемлекеттің әлеуметтік саясатын ұтымды жүргізу. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайтуға бағытталып отыр. Аймақтарда экономиканың өсуі және бісекеге қабілетті болудағы негізгі міндет халықтың әл-ауқатын көтеру, бірақ әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет: табыстарды көтеру және елдің әл ауқатын арттыру [3] . Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен тұрмыстың ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тіршілік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.
- салааралық және салаішілік деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру және т. б. ) ;
- республикада орта таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т. б. жөніндегі шаралар қажет;
- ауылдағы еңбекпен қамтылу құрылымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т. б. ) [4] .
Аталған мәселелерді шешу барысында мемлекет тарапынан елімізде үшжылдық бюджетпен жұмыс жасайды. Мұның бір артықшылығы - үшжылдық кезеңге арналған экономиканы және әлеуметтік салаларды дамытудың басым бағыттарын заңнамалық айқындау жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларға өздерінің бизнестерін барынша ауқымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуын ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау сүрлеуден адастырмайды. Халықтың тұрмысын көтеру барысында, яғни дағдарыстан шығу мақсатында мемлек басшысы экономиканы сауықтыру үшін қазіргі таңда атқарылатын жұмыстарды саралай келіп, бес бағытты нақтылап берді. Оның біріншісі - банк секторын тұрақтандыру, екнішісі -құрылыс саласын және үлескерлер мәселесін шешу, үшіншіден -дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнестің зардап шекпеу керектігін, төртінші ауылшаруашылығын ойдағыдай дамыту, бесінші - индустриялық-инновацияны дамыту [5] . Аймақтарды дамату барысында осы аталған жеңілдіктермен қоса кәсіпорындарды салықтық жеңілдіктер мен қатар олардың өнімдерін нарыққа шығару үшін жағдайлар жасау, яғни бағаны бір қалыпты ұстап тұру, неғұрлым өнеркәсіп және кәсіпорындар көбейген сайын аймақтарда жұмыссыздық саны солғұрлым төмендей береді. Сол себепті, ең алдымен мемлекетте өндіріс орындарын мен кедейшілікті жою басты міндет. Кедей халықтың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады. Еліміздегі барлық селолық елді мекендердің (пункттердің) 780-дейі, яғни 10 пайыздан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде екенін ескерсек, онда мынадай экономикалық тетіктерді қолданудың маңызы арта түседі:
- алдын ала мақсаттық жоспарлау;
- салықтық және несиелік жеңілдіктердің түрлерін қолдану;
- инвестициялық белсенділік көрсетіп отырған шаруашылық субъектілеріне жерді арзан бағамен немесе жалға ұзақ мерзімге беру.
Сонымен ҚР аймақтарыдың мәселелері, экономикалық көрсеткіштері, экономиканың әлеуеті мен дамуына байланысты келесідей ұсыныстар ұсынуға болады:
- Астана және Алматы қалаларының дамыту бағдарламалары айқын белгіленген. Елбасының қаулысымен Астана қаласында өңдеуші өнеркәсіпті, инфрақұрылымды, ғылыми, мәдени, т. б, орталықтарын интенсивті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Ал, Алматы қаласында ҚР Үкіметі аймақтық қаржы орталығын құру концепциясы мен жоспарын бекітті. Сонымен қатар, бұл құжат аймақтық жұмсақ климаты мен әсем табиғатын ескере отырып, осы жерде туризм мен демалыс орындарына мықты инфрақұрылымын құруды қарастырады. Осының есебінен шағын және орта бизнесті кеңінен дамытуы, өңдеуші өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындарын әртараптандыру және жаңартылуы қажет.
- Атырау және Маңғыстау облыстарында әртараптандыруды жүзеге асыру мұнай өңдеуші, мұнай-химия кәсіпорындарын құрумен, ауылшаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын және орта кәсіпорындарды құрумен, сонымен қатар, көлік және байланыс инфрақұрылымдарын дамытумен байланысты. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында негізгі міндеті өңдеуші салалардағы өнеркәсіпті әртараптандыру. Бұл кәсіпорындар негізінен ғылымды көп қажет ететін, бәсекеге қабілетті түпкі өнімдерді шығаруға тиіс. Сонымен қатар, бұл өнімдерді өндіру басқа аймақтарда жүзеге асырылу керек. Бұдан басқа, экологияныда қорғауға да көңіл бөлінуі керек.
- Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауыл шаруашылығына қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарды дамыту және бірқатар ірі кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану бойынша шаралар жүзеге асырылуы керек.
- Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын дамытудағы негізгі стратегиялық мақсат - бірінші кезекте әскери машина жасау кәсіпорындарын модернизациялау мен жаңарту.
- Алматы, Қызылорда және Ақмола облыстарында негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға көңіл бөлінуі керек. Бұл аймақтартарда өмір сүру деңгейі ең төмен болғандықтан, бұл жерлерде өнеркәсіп орындарын құрудың жеке жобаларын дайындап, іске асыру қажет.
- Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
- Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеушісі әсері инититутционалды құрылымдарды жүргізу, сыртқы экономикалық саясат, жалпы мекроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, акшалай-несиелік), әлеуметтік, экономикалық, кұрылымдық-инвестициалық саясаттарды жүзеге асыру және шаруашылық субьектілері арқылы жүзеге асырылуы қажет. Оларды шығаруда және тәжірибелік түрде орындалуы кезінде жүзеге асырылатын шараларды интеграционды аймақтық тиімділікті ескере отырып, олардың аумақтық кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүдделеріне сәйкес ескерілуі қажет.
Аймақтық саясатты шешу үшін келесідей мүмкіншіліктерді пайдалану қажет:
- Аймақтарғы әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық, өндірісі мен экспорттық әлеуетін тиімді пайдалану және күшейту жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделермен келісім және өзара байланысын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді болашақтағы жетістіктерге мемлекетіміздің өндіргіш күштерін орналастыру мен аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамытуда кешенді болжамдар жасау.
- Ірі аймақаралық мәселелерді шешу жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен жүзеге асыру.
- Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттары мен кезеңдерін кешенді болжауда көрсетілген жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі орта мерзімді жоспарын құру.
- Айта келе, аймақтардың дамуын басқарудың маңызды міндеттерінің қатарына біздің көзқарасымыз бойынша, келесілерді жатқызуға болады:
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды «теңестіру», халықтың салауатты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету;
- меншіктің түрлі нысандарын тең негізде дамыта отырып, көпсалалы экономика, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру арқылы біртұтас ұлттық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етуге бейімді әлеуметтік-экономикалық механизмді құру.
- Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу механизмдері
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеудің маңызды механизмдері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz