Ч.Дарвиннің эмоцияның көрінуі туралы түсінігі


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КОНСПЕКТ

Тақырыбы: Ч. Дарвиннің эмоцияның көрінуі туралы түсінігі.

Орындаған: Сыдықанова А.

Тексерген: Едігенова А. Ж.

Семей 2015

Біз күнделікті қарым-қатынаста бір-бірімізді ұғамыз, көңіл-күйімізді білеміз, өзара бірлескен қарым-қатынасқа түсеміз, бір-біріміздің қуанышы-мызды, ыза, уайым, қорқыныш, таңдану, жиіркену секілді сезімдерімізді ақпаратты қалыппен де, эмоциямен де ұғынысамыз. Ч. Дарвин, бұған қоса, адамдардағы сыртқы эмоционалдық көріністердің, анатомия тәрізді, бірте-бірте өмірге бейімделе, өзгеріске ұшырай отырып дамып, биологиялық функция атқаратынын дәлелдейді.

Психологиялық және психолингвистикалық ғылымдар, ең алдымен, адам әрекетіндегі эмоция функцияларын зерттейді. Алайда, ғылыми позиция осылай нақты бола тұра, эмоция психологиясының зерттелуі әзірге жеткіліксіз, әлі күнге эмоцияның біртұтас психологиялық теориясын жасау мәселесі шешілмеген.

Ч. Дарвин осы күнгi адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстардың бiразы бiздiң ерте кездегi ата-бабаларымыздың тiршiлiгiнде елеулi орын алған әрекеттiң қалдығы екендiгiн айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйiп тiстенедi, қабағын түйiп булығады, демiн әзер алып, танауы делдиiп кетедi, жүрегi тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлi қозғалыстардың әрқайсысының өзiнше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтiрiлген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейiн деп тұрған адамның келбетiн, даярлық белгiсiн байқауга болады. Ертедегi адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердiң алдында денесiн соған бейiмдеп алып, сонан кейiн айқасатын болған. Қазiргi адамдар үшiн мұндай көрiнiстер дөрекi, ебдейсiз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсiз қимылдар мәдениеттi адамның қылығына ешбiр сыйымсыз сипат. Бұған көбiнесе сотқар, ызақор, кекшiл адамдар бiр табан жақын тұрады. Адамдардың сана-сезiмi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседi. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерiстер түсiретiнiн, бет әлпетi мен (мимика) бүкiл дене қимылдарына (пантомимика), сөздiң интонациясы мен тембрiне, дикциясы мен паузасына да өзгерiстер енгiзетiндiгiн дәлелдейтiн мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезiнде адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кебiрсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денесi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тiптi орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездерi болады. Қорқыныштың жеңiл түрi тынышсыздану, ауыры - үрейi ұшу т. б.

Күрделi эмоциялардың бiрi - көңiл . Кейпiне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүздi, ақжарқын, не көңiлге кiрбiң кiру, ызалы, түсi суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңiлiне айналасын қоршаған дүние әсер етiп отырады. Егер оның қызметi жақсы жүрiп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңiлi де көтерiңкi болады. Көңiлге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерiнiң ерекшелiктерi де әсер етедi. Өмiр-тiршiлiгi үшiн елеулi маңызы бар оқиға да адамның көңiлiне үлкен iз қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген iсi оңға басса, немесе бiр нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бiтiру, диссертация қорғау т. б. ), шат-шадыман күйге түседi. Керiсiнше, ол ылғи да сәтсiздiкке ұшырай берсе, көздсген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренiштi күйде жүредi. Сондықтан да “Көнiлсiзден күлкi шықпас”, “Адам көңiлден азады” деген мақалдар тегiннен-тегiн айтылмаған. Ерiк-жiгерi күштi, рухани өмiрiнiң мазмұны бай адамдар, тiптi ауыр жағдайларда да көңiлдi жүредi. Оптимистiк, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерiк-жiгерi күштi, қажырлы адамдардың басты қасиетi. Адам өз көңiлiнiң қожасы болу керек екендiгiн олар iс жүзiнде көрсете бiлуi тиiс. Осы айтылғандардан өмiр сүруге қолайсыз кездердс де көңiлдi ырқына жiбермеуге болатындығы, көңiлдiң тұрақты болуы жұмыс қабiлетiн арттыруға, адамның жеке қасиетiнiң жақсы сапаларына байланысты екенi жақсы аңғарылады. Өз көңiлiн меңгере бiлу - мұғалiм үшiн аса қажеттi сипат. Төменгi сынып оқушыларының мұғалiмiнiң қасы мен қабағына қарап отыратыны белгiлi. Егер мұғалiм көңiлсiз, кiрбiң болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулерiне қолайсыз әсер етедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ч. Дарвиннің эмоциялардың көрінуі туралы түсінігі
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Сезім және эмоция
Сезім және эмоция жайлы
Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы
Джемс-Ланге теориясы және оның позитивтік психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындағы рөлі
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz