Қазіргі замануый технологияны, соның ішінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдану



Зерттеудің көкейкестілігі
1.бөлім. Жаңа технологияларды қолдану . сапалы білім негізі
1.1 Бастауыш оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
2.бөлім. Сабақта сын тұрғысынан ойлау (әдісін) технологиясын қолданудың жолдары
2.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының сабақ құрылымын, онда қолданылатын стратегияларды тәрбие сағатында және сыныптан тыс сағатттарында жүзеге асыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер:
Зерттеудің көкейкестілігі: Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үдерістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Осы орайда білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға ретінде қалыптасуы қажет. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуге талап етеді. Осыған орай, жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып тұр.
1. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті,2011.
2. Абсатова М.А. Қазіргі педагогикалық технологиялар=Современные педагогические технологии: учеб.пособие/ М.А.Абсатова. – Алматы: Дарын.2006.
3. Ахметжанова Ч. Жаңа педагогикалық технология-оқу үрдісінде//Бастауыш мектеп.-2010.-№11.
4. Бөрібекова Ф.Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: оқулық/ Ф.Б. Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова.-Алматы,2014.
5. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру-міндет.//Қазақстан мектебі 2009,№9.
6. Буланова Ф.З., Избасарова Ф.Д., Тарасенко Е.М.Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясы = Инновационные технологии обучения и воспитания: Әдістемелік құрал./Семипалатинский гост.университет им. Шакарима; Семей: Тенгри, 2003.-123бет
7. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялар. Ұжымдық оқу әдістемелік құрал, Семей 2014.
8. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004 – 448 бет.
9. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1994.
10. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. - // Қазақстан мектебі, №4, 2008.
11. Ж.А.Қараев. Педагогикалық технологияларды оқыту. – Алматы,1999ж.
12. Дүйсенбаев А.Қ. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі». – Алматы, 2014ж.
13. Наурызбаева Г.А. «Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан оқыту технологиясының маңызы». Google.kz.
14. Тұрдалиев Г.Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құрал: 2-басылым. – Астана: Фолиант,2012.
15. Құрманәлиев М.Қ. Педагогикалық технологиялар. – Алматы,2010.
16. Қадырова К. Оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту. Қазақстан мектебі, №8 тамыз,2015ж.
17. Құлдыбаева С.Б. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технология// Білім.2009-№6.
18. Селевко Г.К. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы, 2009.
19. Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру: п.ғ.к. дисс., авторефераты.2008.
20. Ш.Дүйсембекова. Педагогика. Дәрістер курсы. Семей Мемлекеттік педагогикалық институты/Семей, 2011. - 248бет
21. Ф.З.Жақсыбаева.,А.А.Айтқазина.,Г.А.Құнафина.,Ф.К.Чингаева. «Педагоги-калық баспалдақ» - әдістемелік құрал. Семей-2009.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі замануый технологияны, соның ішінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

Зерттеудің көкейкестілігі: Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үдерістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Осы орайда білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға ретінде қалыптасуы қажет. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуге талап етеді. Осыған орай, жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып тұр.
Оқытуды технологияландыру мәселесін XVII ғасырда Ян Амос Коменский қозғаған. XX ғасырдың 60-жылдары Дж.Кэррол, Б.Блум, Д.Брунер, Дж.Дьюи және басқа американдық ғалымдар жүзеге асырған.[1]
Бұрынғы Кеңес Одағында оқыту процесін технологияландыру мәселелері П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, В.П.Беспалько, М.В. Кларин, В.М.Монахов және басқаларының еңбектерінде қарастырылған.[1]
Окытудың инновациялык технологиялары негізінде білім беруді жүзеге асыру арқылы оқушының кабілетін, өзіндік дамуын, біліктілігін қалыптастыру мәселесіне қазақстандық ғалым педагогтер М.Құдайкұлов, Б.Тұрғынбаева, М.Жадрина, Yen.Жексенбаева, Т.Қаражігітова, Н.Иванова, Х.Рақымбекова, М.Жампейісова, К.Құдайбергенова, Б.Әлмүхамбетов, А.Орақова, Н.Сәрсенова, М.Ғалымжановалар назар аударған [6].
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс - тәсілдерін, шарттарын, дидактикалық - әдістемелік негіздерін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, В.П. Беспалько, Г.К. Селевко, М. Жанпейісова Ж.А. Қараев, Ш.Т Таубаева, М.В.Кларин, Қ.Ө Қариева, Ж. Пиаже, Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.[4]
Педагогикалық технология ұғымының мәнін әр автор әрқалай анықтаған:
Педагогикалық технология - тәрбие құралдарының, оқыту әдістерінің, психологиялық-педагогикалық тәсілдерінің жиынтығы. Ол - педагогиканың ұйымдық-әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық технология - білім беру формаларын оптимизациялауды өз міндеті етіп қоятын, технологиялық және адами қорларды және олардың өзара әрекеттестігін ескере отырып білімді игеру және оқытудың бүкіл процесін құру, қолдану және анықтаудың жүйелі әдісі (ЮНЕСКО).
Педагогикалық технология - оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету процесінің сипаты (И.П.Волков).
Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько) т.б.[1]
Тәжірибені жүйеге келтірген американдық ғалымдар Ч.Темпл, Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғы шарты бастауыш мектепте жасалынады.
ХХІ ғ мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Қазақстан білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі, оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыруына әсерін тигізеді.
Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Ол өз бетінше сұрқтар қойып, оған үнемі жауап іздеу, басқалар пікірімен санасу, дәлелдеу, дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз - шешімдер ішінен өздері үшін ненің тиімді, пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды жинақтап, жаңа білімді ажырата алуға көмектеседі. Әрбір ғылымның негізгі тұғыры - әдіснама екенін ескере отырып, тәрбие сағаттарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы құралдарын қолдана отырып білім берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында ғалымдардың берген ғылыми ой-тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды.
Осы жоғарыдағы негіздерге сүйене отырып, тиімді технологиялардың бірі - Сын тұрғысынан ойлау технологиясы деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз педагогтің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Бұл технологияның мақсаты сынауға емес шыңдалған ойлауға үйрету болғандықтан, мен таңдап отырған жобамның тақырыбын көкейкесті деп есептеймін. Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқшыларда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да,тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да , қанша сүйресең алға баспайтыны да болады. Бірақ ұстаз барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуы тиіс.
Біз осы зерттеу жұмысымызда жоғарыда көрсетілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында бастауыш білім беру үрдісінде қолданылып жүрген жаңа сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін негіздеп, практикалық қолданысын тәрбиелік іс-шарада көрсеттік.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудағы өзіндік маңызының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, анықтау және оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу.
Зерттеудің нысаны: бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім беру.
Зерттеудің пәні: бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің дамуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы білім берудің қалыптасуы және дамуы жүйеленсе, онда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, сонда, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім берудің болашағы болжанады, білімді, өз ойын еркін жеткізе алатын, ойы шыңдалған жеке тұлға қалыптастыруға өзіндік ықпалын тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім беру теориясы дамуын ашып көрсету.
2. Бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім берудің дамуы көрсетілді.
2. бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын, қолдана отырып білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің ғылыми және практикалық мәнділігі: Зерттеуден алынған нәтижелерді педагогикалық тәжірибеде қолдану, сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдануда өз үлесін қосады. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынды, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары қолданған тәрбие сағатының сабақ жоспарларының, математика пәнінен сыныптан тыс сабақ үлгісі көрсетілді.

1-бөлім. Жаңа технологияларды қолдану - сапалы білім негізі
1.1 Бастауыш оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Жобамның тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау технологиясына қатысты болғандықтан, ең алдымен Технология ұғымының мән-мағынасын ашып алғанды жөн деп ойлаймын.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: техне - өнер, логос - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді.[1]
Технология - қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы (түсіндірме сөздік).
Педагогикалық технологиялар - оқыту мен тәрбие беру құралдарының арнаулы жиыны мен формасы, әдіс-тәсілдерін үйлестіруді анықтайтын психология-педагогикалық үрдістердің ұйымдастырушы әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың маңызды техникасы (В.П.Беспалько).
Педагогикалық технология - оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үрдісін суреттеу (И.П.Волков). ).[15]
Технология - бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).
Оқыту технологиясы - бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі (М.Чошанов).
Педагогикалық технология - бұл оқушылар мен мұғалімдерді қолайлы жағдайлар туғыза отырып, оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі біріккен іс-әрекет моделі (В.М.Монахов).[7]
Педагогикалық технология - ол техникалық және адамзат ресурстары мен олардың өзара әрекетін есепке ала отырып, білімді меңгеру және оқыту үрдісін құрудың, қолдану мен анықтаудың білім беру формасының тиімділігін өз міндетіне санайтын жүйелі әдіс (ЮНЕСКО).
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын барлық жеке, инструменталдық және методологиялық құралдардың жүйелі жиынтығы мен функционалдау ретін білдіреді (В.М.Кларин).[14]
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.[10]
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).[19]
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім алушылардың бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Швейцария психологі Жан Пиаже (1896-1980 ) және көрнекті психолог ғалым Лев Семенович Выготский (1896-1934) теорияларын басшылыққа алады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты- оқушыларға кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдау сабақтарға үйрету.[2] Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға , ойларын еркін айтуға , тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінеде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі мен стратегиялары бар.[4] .
СТО технологиясының сабақ кезеңдері:
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі ,ынта - жігері артады.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегіген өткізеді,білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады.Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды.Өздерін бағалайды . Оқып, білгендерін таразылайды.

СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты.
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен , орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.[5]

Сабақ кезеңдері

Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар

Қызығушылығын ояту кезең

Мағынаны тану кезеңі

Ой толғаныс кезеңі

Тірек сөздер , Венн диограммасы, Т кестесі, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру т.б.

Т кестесі, Пікір - талас, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Жұпта талқылау,Бағытталған оқу т.б

Эссе, Топтастыру, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, т.б.

Сыни тұрғыдан ойлау -- бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерінөз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:

Ескілер
Жаңалар
Оқушы
- Білім мен дағдыны игереді;
- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;
- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;
- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдау;
- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.
- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;
- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;
- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.
Оқу үрдісі
- тәжірибе мен білімді беру;
- тұрақты білім негізінде оқыту;
- еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;
- білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы.
- оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;
- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;
- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;
- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.
Нәтиже
- оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау;
- жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.
- Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы өмірге жағдай жасау;
- өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;
- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.

Сыни - тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сын тұрғысынан ойлау - ой қозғай отырып, оқушының өз ойы мен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты, оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін тағдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасына кірісетін болсақ, оқушылар ақпараттарды дұрыс мағыналы түрде меңгеру үшін олар ақпараттарды мағыналы да, әсерлі де қолдана алу үшін сын тұрғысынан қарап, оны сұрыптай ала білуге тиіс. Бұл - процесс оларды мектеп қабырғасынан бастап ақпараттарды тек түсінуге ғана үйретпей, сонымен қатар кейініректе сын көзбен қарауға өз сынының көрінісін көруге бағыттайтын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы әр түрлі сабақта қолданылатын жүзден астам, екі жүзге жуық сабақты түрлендіріп отыратын әдіс-тәсілдері бар.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
oo айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден сабақ алуға әзірлік;
oo сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
oo өзіңнің пікіріңді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу.[4]
СТО стратегиялары (оқытуды үйретуге байланысты):
oo INSERT(түртіп алу)
Бұл әдіс мәтінді талдауға, түсінуге пайдаланылады.
V - білемін
+ - жаңалық
- - келіспеймін
? - білгім келеді

oo Джиксо
Бұл - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талдау.
oo Автор орындығы
Бұл - жариялау әрекетінің ең ортадағы әшекейі. Бір оқушыны ортадағы орындыққа отырғызыңыз. Оқушылар кез-келген тақырыпқа жазған шығармаларын автор орындығына отырып оқып, тыңдаушылар қойған сұрақтарға жауап береді.
oo Болжау
Бұл әдіс мәтінді, ертегіні оқытуға пайдаланылады. Толық әңгіменің 3-4 бөлікке бөліп үзілісте тоқтап, қалай жалғасатынын оқушыларға сұрақ қою арқылы болжайды.
oo Рафт
Р - роль
А - аудитория
Ф - форма
Т - тақырып
oo Галереяға саяхат
Оқушыларға берілген тақырыпқа, ойға өз ойларын бір парақ қағазға жазып, бөлме қабырғаларына жабыстырылады. Сонан соң барлық оқушылар бір-бірінің жазған ойларымен танысады.
oo Куббизм
Бұл әдіс кез-келген тақырыпты жан-жақты талдауға пайдаланылады. Оқушылардың әр түрлі әдіс арқылы кіші топтарға бөліп, сол топтарға тапсырмалар беріледі.
1-топ - Салыстырыңыз.
2-топ - Суреттеңіз.
3-топ - Хат жазыңыз.
4-топ - Зерттеңіз.
5-топ - Өз ойыңызбен байланыстырыңыз.
6-топ - Өлең шығарыңыз.
oo Т кестесі
oo Автор туралы
oo Әңгімелер тақырыбы
oo Әңгіме кейіпкерлері
oo Оқиға мазмұны

Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Түртіп алу", "Ойлану", "Жұпта талқылау", "Болжау", Миға шабуыл т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Іске асыру (Мағынаны ашу немесе тану)
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Рефлексия (ой-толғаныс)
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.[5]
Сын тұрғысынан ойлаудың құралдары:
oo Блум таксономиясы; [1]
oo Ақылдың алты қалпағы Эдвард де Боно;
oo Дананың кілттері Тони Райан;
oo Сананың әдеттері Арт Коста.

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ
oo Белгілі бір тақырып бойынша сыни ойлау тұрғысынан қарастырады.
oo Қарапайымнан күрделіге қарай 6 кезеңді қамтиды:

Төменгі үш деңгей парадигмасы
Деңгей
Қолданылуы
Білу
Өткен материалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы
Қазіргі кезде оқыту технологиясы
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Пәндер