Эссе-шығарма «Саяси идеология»


Қазакстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Эссе-шығарма «Саяси идеология»
Орындаған: Шаймарданова Н. Ә
Тобы: ТК-421
Тексерген: Мамырбеков А. М
Семей 2015
Кіріспе
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология болып табылады. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтамыз.
Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Осы тұста қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты. Белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы идеологияның қалыптасуына негіз болады. Яғни, олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды.
Негізінен саяси идеологияны қарастырғанда мынадай мәселерге назар аударған жөн. Оның бірі - түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай, мәселен кешегі коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос кеңістік пайда болды, қоғам бір кезең идеологиясыз қалды деген қағида. Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туады. Мәліметтерге сүйенсек, қарсы пікіршілеріміз сол идеологиялық қуыстың дәлелі ретінде - империялық идеологияның «қазасын», оның өзімен бірге ала кеткен идеологиялық мекемелерін сөз етеді. Идеологияны тек оны ұйымдастырушы, жүргізуші аппараттың қызметінде бағыныштылық жағдайда қоюға бола ма деген сұрақ та қалыптасады. Жаңа құрылып жатқан идеологиялық бөлім қызметкерлері де әлсін-әлсін сездіріп қалады: міне, енді Президент те түсінді, әкімшіліктерде мойындай бастады, сондықтан ішкі саясат бөлімдері құрылды - идеологияның негізгі нұсқасы салынды, идеологиялық жұмысқа жағдай туа бастады. Осы дәлелдеме де қаншалықты өзін ақтап жатыр?
Бір мысал келтіруге болады, коммунистік партияның бір орталықтан өзі пішіп, өзі шешіп тұрғанда да жергілікті идеологияны басқарған төрайымдар мен төрағалар арнайы мәжілістер мен жиналыстар, насихатшылар, лекторламен кездесулер төрінің тұрақты «құрметті қонақтары» болғанымен, басым көпшілігі аузын бір ашпастан, идеологиялық иісін де ажыратпастан, қоғамнан өткені ақиқат емес пе? Бүгін де кейбір мәдени-рухани құбылыстар сол өткен кезеңдер ұқсастығын сездіреді. Осындайда «кешегі идеялық басыбайлылық пен идеократиялық үстемділікті қайта тірілтіп аламаймыз ба деген қауіп басым түсіп жатады». Демек бұл саяси идеологияның ауқымы кең, қалыптасуы күрделі жағдайларға себеп болатындығын көрсетеді.
Негізгі бөлім
1993 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:
1. Идеология-әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.
2. Идеология-мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.
3. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.
Еңбектің маңызы мынада еді : Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.
Енді саяси идеологияны қалыптастыратын жағдайларға келетін болсақ, ең алдымен қоғамда көшелерде банерлер мен плакаттардың ілініп тұруын жатқызуға болады. Яғни онда әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрған суреті болу мүмкін. Бұл қандай мақсатпен жасалған десек, еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, біз бауырмал халықпыз, сондықтан бәріне дос ретінде, туысқан ретінде қараймыз. Ал жәнегі плакаттар сол арадағы достықты тереңдетіп айқындап көрсетеді. Келешек жастарда өзге ұлт өкілдерін сыйлау, салт-дәстүрлерін құрметтеу деген идеологияның қалыптасуына негіз болады деген сөз. Я болмаса, мысалы Семей қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп !» жазылған банері ілініп тұр. Ол сөздердің мағынасы тереңде жатыр. Дұрыстап, төркініне үңілсек, өте керемет айтылған. Бұл адамдардың бәрі бірдей, сондықтан бәрі туыс-бауырдай, бір-бірін жақсы көруі керек дегенді сипаттайды. Яғни адамдарды бауырмашылдыққа негіздейдін идеологияны қалыптастырады. Бұдан басқа елбасымыздың халыққа жариялаған жолдаулары, сондай-ақ халықтың рухын көтеретін ұран іспеттес мәтіндерді де жатқыза аламыз. Ол өз кезегінде азаматтардың патриоттық сезімінің күшеюіне жағдай жасайды. Және айта кететін тағы бір жағдай, саяси идеологияны қалыптастыратын факторлар жақсы болсын, я жаман болсын, халық оны тез қабылдайды. Мәселен, елде орыс ұлтын мақтаған бір плакаттар ілінді делік. Осы кезде халықтарда түсініспеушілік туындайды. Яғни наразылықтар орын алып, ұлтшылдық сипатта саяси идеология қалыптасады. Ал бұл өз кезегінде қазақ-орыс ара қатынасының бұзылуына әкеледі деген сөз. Сонымен қоса қазір дүние жүзінде дағдарыс болып жатыр. Бұл елімізге де әсерін тигізбей қоймайды. Мәселен күнделікті тұтынатын тауарлардың, азық-түліктің бағасы өсіп кетті. Ол халықтын наразылығын туындатуда. Яки киім-кешек, азық-түлік бағасы сағат сайын өседі, ал күнделікті ай сайынғы табыстары оны алуға жетпейді. Ал отбасында көп бала, бірақ бір адам ғана жұмыс істейтін жанұяның жағдайы мүлдем қиын деген сөз. Әрине бұндай жағдайдын қалыптаспауы үшін мемлекет өз тарапынан жұмыстар жүргізуде. Президенттің дағдарыс кезіңде нарықтағы бағаны ұстап тұру керек деген биліктегі адамдарға тапсырыс беруін жатқыза аламыз. Дегенменде, дағдарыстың қарқыны тез болғандықтан, бар жағдайды қадағалап тұру мүмкін емес. Ал осы сәтте кей кәсіпкерлер жеке табыс табу мақсатында, заңсыз тұрғыда халықтың жағдайын ойламай, әрекет етуде. Ал бұл халықта билік басындағылар не қарап отыр, халықтың жағдайы неге ескерілмейді деген саяси сананы қалыптастырады. Бұл бір жағынан халықтың сауатсыздығын көрсетеді. Себебі осындай жағдай қалыптасты деп, үкімет түк істеп жатқан жоқ деп кінә тартуы негізсіз. Өз басына түспеген соң оны талдап, сын айту әрине оңай. Бұл бір күнде сап ете қалған жағдай емес. Яғни жүре келе орнықты. Сондықтан осындайда халқымыз жанжалдаспай, сабыр етіп, барға қанағат қылып бірлікте әрекет етуі қажет деп ойлаймын. Себебі сонда ғана бұл дағдарыстан да аман шығамыз. Яғни көптеген, осындай халыққа зиян тиізетін жағдайлар туындағанда мемлекет кінәлі деген жансақ пікір, сана қалыптасқан.
Бұдан басқа алдында Семейде осы дағдарысқа байланысты автобустың билет бағасын көтеріп жіберді. Яғни бензин қымбаттады, 60 тг автобустың шығының ақтамайды деген сұрақ көлемінде пікірлер, талқылаулар орын алды. Нақты қала әкімінің 75 тг болады деген үкімі шықпады. Осының қарсаңында автобустар мен маршруткаларда билет бағасы өседі деген қағаздар ілініп тұрды. Нәтижесінде сол айтқан күні осы билет бағасы 75 тг -ге көтерілді. Бұл жағдай 2 күн орын алды. Кей автобустарда, қателеспесем «автопарк» автобустары бағаны көтермеген екен. Мен жеке өзім оқуға 75 тг-мен барып келдім. Соның барысында байқағаным мынау еді: әуелде бір-екі адам наразылықтарын білдіріп, заңсыз екендігін айтып жатты. Бірақ шопыр мен көмекшісі қарсы сипатта сөйлеп, шығарып тастаймыз төлемеген жағдайда деп, айтысып жатты. Осындайда көп жағдайларда момын қазақпыз дегеннен бе, қазақтар үндемей ғана 75 тг төлеп жатты. Яғни жанжал шығарып, өз құқықтарын талап еткен орыстар еді. Олардыкі арине дұрыс. Бірақ менің жүрегіме қаяу салғаны, неге қазақтар өз құқықтарын қорғамайды, Үндемейтіндей жағдай емес гоо. Жайда үкіметті кінәләп, құқықтарын айтқанда сондай, осындайда қарапайым жағдайда неге құқықтарын қорғамайды деген сұрақ туындады. Кейбірінің 75 тг-мен баруға қалталары көтерет шығар. Бірақ жағдайлары көтермейтіндер де бар ғой. Қандай жағдайда болсын «мен үндемейін, анау сөйлесін, жаман болса, сол болсын» деп бір-біріне қарап отыратын қазақтарды көргендеймін Кезінде ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақтың қаншама ұлдары мен қыздары халықтың құқығын таптатпаймыз деп жанталасты емеспе. Сонда елдің қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаевтар есімді ағаларымыз халық жауы атанып, атылып жатқанда өз халқы қорғамады, араша түспеген еді . Сол кездегі қазақтың бойындағы немқұрайлылық әлі де сақталыпты. Демек бұл халықтың саяси санасының жансақ бағытта қалыптасқаның көрсетеді. Сонымен қоса осы билетке байланысты қазақтар өз пікірлерін білдірсе де, жәнегі шопыр мен көмекшісіне айғалып жатты. Олардың бұл жерде кінәсі қанша? Бастықтары не дейт, соны орындайды, бағынбаған жағдайда жұмыстан қуады, бар болғаны осы. Ал халық оны неге түсінбейді, соны да ұқпадым. Соңы әйтеуір жақсы аяқталды, 60 тг орына келді. Халықтың қуанышында шек болмады. Бірақ 60 тг-ні қалдырып, ҰОС қатысқандардың, зейнеткерлердін жеңілдіктерін алып тастағандары дұрыс болмады. Себебі, келешек біздер тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз өмір сүрсін деп, соғысқан аталарымыздың ерлігіне осылай жауап қайтаруға боладыма. Сондай-ақ зейнеткерлеріміз де саусақпен санарлықтай. Сонда осы жеңілдіктерді алып тастаудан басқа амал жоқпа деген сұрақ туындайды. Бәлкім бұлай ойлауым дұрыс емес те шығар. Билікте болмаған соң, осыны түсінбейт шығармын, бірақ ең әуелі халықтың жағдайын ойлау керек ғой, соның ішінде ҰОС ардагерлерінің орын ерекеше екені сөзсіз. Яғни менің саяси санамда бұл заңды шығарған адамға деген наразылық сипатта пікір қалыптасты деп айта аламын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz